Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 94-V "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 25-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау құрылымдық бөлімшелердің, комитеттердің және ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшыларына жүктелсін.
3. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2013 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген |
Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 31.07.2019 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/с | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің атауы |
1. | Тегі |
2. | Аты |
3. | Әкесінің аты (бар болған жағдайда) |
4. | Тегін, атын, әкесінің атын ауыстырғаны туралы мәліметтер |
5. | Тегі мен атының транскрипциясы |
6. |
Туу туралы мәліметтер: |
7. | Нәсілдік және ұлттық тиістілігі |
8. | Діні |
9. | Жынысы |
10. |
Жанұялық жағдайы туралы мәлімет: |
11. | Баланы асырап алу туралы куәлік деректері |
12. | Әкелікті анықтау туралы куәлік деректері |
13. |
Азаматтығы туралы деректер: |
14. | Еңбек кітапшасының нөмірі, сериясы және берілген күні туралы мәліметтер |
15. |
Ағымдағы уақыттағы еңбек қызметі туралы деректер: |
16. |
Білімі, біліктілігі және арнайы атақтарының немесе арнайы даярлығының бар-жоғы туралы мәлімет: |
17. |
Біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтер: |
18. | Тұратын жерінің мекенжайы, тұрғылықты жері немесе келген жері бойынша тіркелу күні |
19. | Байланыс телефондарының нөмірлері |
20. | Мінездеме |
21. | Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) |
22. | Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) |
23. | Портреттік суреті (цифрланған суреті) |
24. | Қолы |
25. |
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері: |
26. | Жеке басты куәландыратын құжаттардың жарамсыздық, жоғалту, жою себептері туралы мәліметтер |
27. | Ауруының болуы (болмауы) |
28. | Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы мәліметтер |
29. | Соттылығының болуы (болмауы) |
30. | Мүлікті сенімгерлікпен басқару беру жөнінде деректер |
31. |
Әскери міндетті адамдарды және әскери қызметке шақыруға жататын адамдарды әскери есепке алу туралы мәліметтер: |
32. |
Мемлекеттік және ведомстволық наградалар, грамоталар, алғыс хаттар туралы мәліметтер; |
33. |
Еңбекақысы туралы мәлімет: |
34. | Шетелдегі мекенжайы |
35. | Заңды тұлғаның атауы (соның ішінде өзгерту, қайта құру және таратуға дейінгі) |
36. | Заңды мекенжайы, заңды мекенжайы тіркелген (тіркеуден шығарылған) күні, қызмет түрі |
37. | Әлеуметтік жеңілдіктер және әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтер (жеңілдіктер мен мәртебені беруге негіз болып табылатын құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні, құжатты берген органның атауы) |
38. | Электрондық мекенжайы, интернет-ресурстарындағы сайты |
39. | Зейнетақы қорынан және жеке шотына түсімдерден мәліметтер |
40. |
Мүлкі (мүліктік жағдайы) туралы мәліметтер: |
41. | Аттестаттау, қызметтік тексерістер материалдары |
42. | Жеке құрам бойынша өкімдердің түпнұсқаларында және көшірмелерінде және олардың материалдарында көрсетілген мәліметтер |
43. | Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер |
44. | Қайтыс болу күні және себебі жөнінде деректер |
45. | Жылжымайтын мүлік объектісі туралы мәлімет: Сәйкестендіру сипаттамалары (жылжымайтын мүліктің мекенжайын, мекенжайдың тіркеу кодын, түрін, кадастрлық нөмірін, меншік нысанын, құрамдастарының санын, жерлерінің, санаттарын, бөлінуін, нысаналы мақсатын, қабатын, ауданын (жалпы, тұрғын, пайдалы)); Техникалық сипаттамалары |
46. |
Мiндеттi мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік |
47. | Алып тасталды – ҚР Әділет министрінің 31.07.2019 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) |
48. | Мiндеттi мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепіл тіркеудің түрі болып табылатын жылжымалы мүліктің мәліметтері |
49. | Сенімхат |
50. | Төлемдік тапсырыстар |
51. | Мемлекеттік баж төлеу жөніндегі құжат (мемлекеттік баж төлеу жөніндегі құжаттың нөмірі мен күні) |
52. | Виза |
53. | Құрылтайшы – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттік заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесі немесе басқа да заңдастырылған құжат |
54. | Заңды тұлғаны құру туралы шешім |
55. | Заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелері көрсетілген тапсыру актісі және заңды тұлға уәкілетті органының тапсыру актісін бекіту туралы шешімі |
56. | Заңды тұлға мүлкі меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi, заңды тұлғаның мөрімен бекітілген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкілеттік берілген органның қайта ұйымдастыру туралы шешiмi |
57. | Заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелері көрсетіле отырып – бөліну балансы |
58. | Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкiлдiк) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделетін, мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының заңды тұлға мөрімен бекемделген шешiмi не шешiмiнен үзiндi көшірмесі; |
59. | Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне және құрылтай құжаттарына сәйкес шаруашылық серiктестiгiнiң шығатын қатысушысының серiктестiк мүлкiндегi (жарғылық капиталындағы) үлесiне немесе оның бiр бөлiгiне құқығының иелiктен шығарылғанын (біреуге беру) растайтын құжат ұсынылады; |
60. | Кедендік баждар, салықтар және кедендік алымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы анықтама |
61. | Акция шығарылымдарының күшiн жою туралы куәлiк (акционерлiк қоғамдар үшiн) |
62. | Заңды тұлғаның мөрiн жою туралы құжат |
63. | Заңды тұлға мүлкi меншiк иесiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның не құрылтай құжаттарымен уәкiлеттiк берiлген заңды тұлға органының заңды тұлға мөрiмен бекітілген шешiмi |
64. | Жарғының (ереженiң) телнұсқасын алу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының заңды тұлға мөрiмен бекемделген шешiмi не шешiмiнен үзiндi |
65. | Заңды тұлғаның (филиал мен өкілдіктің), заңды тұлғаның (филиал мен өкілдіктің) басшысының және құрылтайшылардың телефон нөмірлері |
66. | Шетелдік жеке және заңды тұлғаның салық тіркеу нөмірінің аналогы |
67. | Заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмдерi туралы ақпараттың Әділет министрлiгiнiң ресми баспасөз басылымдарында жарияланғанын растайтын құжат |
68. | Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылғаны туралы кредиторлардың жазбаша хабардар етілгенін растайтын құжат |
69. | Эксперттік мамандық, сот сараптаманың белгіленген түрін жасауға құқық беретін біліктілік куәлігінің берілген күні мен нөмірі |