«Темір жол көлiгі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшін темір жол станцияларын ашу және жабу ережелерiн бекіту туралы» Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі № 283-І бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 27 шілдеде № 2969 тіркелді, «Заң газеті» 2005 жылғы 16 тамыз, № 85 (709)) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың атауын келесі мазмұнда жазылсын:
«Барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшін темір жол станцияларын, разъездерін ашу және жабу ережелерiн бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы келесі мазмұнда жазылсын:
«1. Қоса берiлiп отырған барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшiн темiр жол станцияларын, разъездерін ашу және жабу ережелерi бекiтiлсiн.»;
Барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшін темір жол станцияларын, разъездерін ашу және жабу ережесiн осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Р.Қ. Мағзұмов) осы бұйрықтың:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдарының интранет-порталында (МОИП) орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы Р. Скляр
Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникациялар
министрінің м.а.
2013 жылғы 6 тамыздағы
№ 607 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар
министрінің
2004 жылғы 23 шілдедегі
№ 283-І бұйрығымен
бекітілген
Барлық немесе кейбір операцияларды орындау үшiн
темір жол станцияларды ашу және жабу ережелерi
1. Барлық немесе кейбір операцияларды орындау үшiн темір жол станцияларды, разъездерді ашу және жабу ережелерi «Темір жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 17-бабы 2-тармағына сәйкес әзiрленген.
Ереже Ұлттық инфрақұрылым операторы (магистральдық темір жол желісі операторы) (бұдан әрі - Ұлттық инфрақұрылым операторы), тасымалдау процесiнiң қатысушылары және темір жол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкiлеттi органы (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) арасындағы қатынастарды реттейдi.
2. Барлық немесе кейбір операцияларды орындау үшiн темір жол станцияларды, разъездерді ашу мақсатында (бұдан әрi – станцияларды, разъездерді ашу) тасымалдау процесiнiң қатысушысы Ұлттық инфрақұрылым операторына ашылатын темір жол станциясындағы, разъезіндегі тасымалдаудың қажеттiлiгі негiздемесiмен қоса жазбаша өтiнiш жiбередi.
3. Барлық немесе кейбір операцияларды орындау үшiн темір жол станцияларды, разъездерді жабылу кезiнде (бұдан әрi – станцияларды, разъездерді жабу) тасымалдау процесiнiң қатысушысы Ұлттық инфрақұрылым операторына осы темір жол станциядағы, разъезіндегі тасымалдауға арналған ұсыныстың және жүк, багаж, жүк-багаждың, мөлшерi, жолаушылар ағымының мөлшерi, сондай-ақ болжанып отырған станцияның, разъездің жабылуы әсер етуге мүмкiндiк жасайтын жергiлiктi мағынадағы фактор төмендегіні растайтын құжаттармен қоса жазбаша өтiнiш жiбередi.
4. Ұлттық инфрақұрылым операторы тасымалдау процесiнiң қатысушының станцияларды, разъездерді ашу немесе жабу жөніндегі өтiнiшiн алған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күндер iшiнде қарайды.
5. Станцияларды, разъездерді ашуға немесе жабуға келiсуден бас тартылу кезiнде Ұлттық инфрақұрылым операторы он күн iшiндe тасымалдау процестiң қатысушы адресiне негiзделген жауабын жiбередi.
6. Темір жол станцияларын, разъездерін ашу немесе жабу туралы лайықты шешімін қабылданған кезде, Ұлттық инфрақұрылым операторы белгiленген мерзiмде тасымалдау процесi қатысушының өтiнiшiн қарағаннан кейiн оны қарастыру және шешiм қабылдау үшiн барлық қосылатын құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.
7. Уәкiлеттi орган он күнтiзбелiк күндер iшiнде Ұлттық инфрақұрылым оператормен келісілген станцияларды, разъездерді ашуға немесе жабуға арналған өтiнiштi қарайды. Темір жол станцияларды, разъездерді ашу және жабу туралы лайықты шешiм қабылданғаннан кейiн уәкiлеттi орган үш жұмыстық күндер iшiнде темір жол станцияларды, разъездерді ашу және жабу туралы бұйрықты Ұлттық инфрақұрылым операторына жiбередi.
8. Мемлекеттік, әлеуметтiк немесе қорғаныс маңызы бар станцияларды, разъездерді жабуға мүмкiндiгi болмаса уәкiлеттi орган бұл туралы Ұлттық инфрақұрылым операторына хабарлайды. Ұлттық инфрақұрылым операторы уәкiлеттi органнан станцияларды, разъездерді жабуға мүмкiнсiздiгi туралы хабар алғаннан кейiн, тасымалдау процестiң қатысушыларына үш күн iшiнде бұл туралы хабарлайды.
9. Ұлттық инфрақұрылым операторды мемлекеттік, әлеуметтiк немесе қорғаныс маңызы бар станцияларды, разъездерді жабуға мүмкiнсiздiгi туралы хабарлаған күннен бастап, уәкiлеттi орган үш ай мерзiмде осы станцияны қаржыландыру көзiн анықтауға мiндеттi. Егер уәкiлеттi орган белгiленген мерзiмде мемлекеттік, әлеуметтiк немесе қорғаныс маңызы бар станцияларды, разъездерді қаржыландыру көзi анықталмаса, тасымалдау процестiң қатысушылары осы темір жол станцияны, разъезді жабуды немесе осы темір жол станцияда, разъезде жеке операцияларды орындауды тоқтату сот бойынша талап етуге құқылы.
10. Ұлттық инфрақұрылым операторы барлық немесе кейбір операцияларды орындау үшiн станцияларды, разъездерді ашуға және жабуға уәкiлеттi органның бұйрығын алғаннан кейiн Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымын, мемлекеттер-қатысушылар Достығының темір жол көлiгi бойынша Кеңес Дирекциясын, сондай-ақ Тәуелсiз мемлекеттер достығы және Балтия елдердiң темір жол әкiмшiлiктердi белгiленген тәртiпте хабарлайды.
Барлық немесе кейбір операцияларды орындау үшiн темір жол станцияларды, разъездерді ашу және жабу туралы шешiмi № 4 - тарифтiк басшылықта жарияланады.