Шетелде емделуге үміткер пациентті отандық медициналық ұйымдардың жағдайында емдеу шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2013 жылғы 17 тамыздағы № 474 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 қыркүйекте № 8695 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 627 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 28.07.2015 № 627 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысымен бекітілген шығындарды бюджет қаражатының есебінен өтеу қағидалары 14-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Шетелде емделуге үміткер пациентті отандық медициналық ұйымдар жағдайында емдеу шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева):
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Интернет-ресурсында орналасуын;
      3) осы бұйрықты облыстардың және Астана, Алматы қалаларының медициналық ұйымдарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы                   Е. Байжүнісов

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы      
2013 жылғы 17 тамыздағы   
№ 474 бұйрығымен бекітілген 

Шетелде емделуге үміткер пациентті отандық медициналық
ұйымдардың жағдайында емдеу шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу Қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы шетелде емделуге үміткер пациентті отандық медициналық ұйымдардың жағдайында емдеу шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеудің қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсанда № 2030 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережелерінің 14-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Қағида денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) шетелде емделуге үміткер пациентті емдеу үшін көрсетілген медициналық қызмет шығындарын отандық медициналық ұйымдарға өтеу тәртібін анықтайды.
      3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
      1) бір емделген жағдай үшін тариф (бұдан әрі – тариф) – пациент түскен сәттен шыққанға дейін көрсетілген медициналық қызмет кешенінің құны. Бұл ретте сырқаты бойынша бір емделген жағдай үшін тарифтің мөлшері Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мәселелері бойынша Жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс орган) ұсынған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджеттік қаржы есебінен шетелге емделуге жіберу ережелеріне (бұдан әрі – Шетелге жіберу ережелері) сәйкес аталған сырқат бойынша соңғы қаражаттық есеп беру жылында шетелдік медициналық ұйымдарға жолдау жағдайларын талдауды ескере отырып анықталатын құнына сәйкес келеді.
      Аталған нозология бойынша шетелдік медициналық ұйымдарға жіберілген науқастар болмаған жағдайда тариф жұмыс органы ұсынатын кемінде екі шетелдік медициналық ұйымның баға ұсыныстарын талдау негізінде және емдеу бағдарламасы бойынша анықталады;
      2) Жұмыс органы – консультация беретін орган;
      3) Комиссия – уәкілетті органның жанындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелдік медициналық ұйымдарға емдеуге жіберу жөніндегі консультациялық кеңесші орган;
      4) пациентті отандық медициналық ұйымда емдеу шарты (бұдан әрі – Шарт) – уәкілетті орган мен отандық медициналық ұйымның арасындағы шетелде емделуге үміткер пациентке медициналық көмек көрсетуге арналған шарт.
      4. Шетелде емделуге үміткер пациентті отандық медициналық ұйымдарға жолдау туралы қорытындыны Комиссия шетелге жіберу ережелеріне сәйкес уәкілетті органға ұсынылған құжаттардың, аурулардың және шетелге жіберу ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтары бюджет қаражатының есебінен шетелге емделуге жіберілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттары тізбесінің, Жұмыс органы шетелде емделуге үміткер пациентке ұқсас отандық медициналық ұйымда емдеуді жүргізу мүмкіндігі туралы қорытындысы негізінде қабылдайды.
      5. Отандық медициналық ұйымдар шетелде емделуге үміткер пациентті емдеуді өздігінен және Комиссия шешімі бойынша шетелдік мамандарды шақырумен, оның ішінде мастер-класс нысанында жүргізеді.

2. Шетелде емделуге үміткер пациентті отандық медициналық
ұйымдардың жағдайында емдеу шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу тәртібі

      6. Шетелде емделуге үміткер пациентті отандық медициналық ұйымдардың жағдайында емдеу шығындарын өтеу бюджет қаражатының есебінен өтеу Комиссия Жұмыс органының баға ұсыныстарының талдауы негізінде айқындаған бір емделіп шыққан жағдай тарифіне сәйкес әрбір емделіп шыққан жағдайларда жүзеге асырылады.
      7. Комиссия Жұмыс органының баға ұсынысы талдауының негізінде айқындалған тарифі аталған Комиссияның хаттамасымен рәсімделеді.
      8. Шетелде емделуге үміткер пациентті емдеуі үшін медициналық ұйымдардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу үшін уәкілетті орган мен отандық медицина ұйымының арасында шарт жасасады.
      9. Шығындарды өтеу отандық медициналық ұйымдар осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес медициналық қызметтер көрсету бойынша орындалған жұмыстардың актісін (бұдан әрі - Акт) ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.
      10. Отандық медициналық ұйымдар акті уәкілетті органға пациентті емдеп болғаннан кейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей ұсынады.
      11. Орындалған қызметтердің ресімделген актілері бойынша пациентті емдеу шығындарын өтеу Шартта көзделген бұрын төленген авансты ұстауды ескере отырып, бюджеттік қаражатын аудару жолымен, актті ұсынғаннан кейін 15 күнтізбелік күннің ішінде жүргізіледі.
      12. Тариф мөлшері өтеуге тиісті пациентті емдеуге байланысты барлық шығыстар жатады, оның ішінде шетелде емделуге үміткер пациентті емдеуге қатысқан отандық медициналық ұйымның мамандарының еңбек ақысы, шетелде емделуге үміткер пациентті емдеу үшін тартылған шетелдік мамандарға кететін шығындар (іс-сапар шығындары және жүргізілген операция құны), олардың мөлшері отандық медициналық ұйымдар мен тартылған шетелдік мамандар арасындағы шартпен анықталады.
      13. Ағзалар мен тіндердің трансплантациясы кезінде Шарт ұзақ мерзімді сипатта болады және тариф емдеу үшін кезеңімен өтеуді көздейді.
      Ағзалар мен тіндердің трансплантациясы кезінде емдеудің әрбір кезеңінде уәкілетті орган отандық медициналық ұйыммен шарт жасасады, оны іске асыру барысында:
      - емдеудің бірінші кезеңінде – донорды таңдау мен халықаралық донорлар базасында донорды іздеу үшін пациентке қажетті зерттеулер жүргізуді;
      - емдеудің екінші кезеңінде – ағзалар мен тіндерді транспланттауды көздейді.
      14. Емдеудің әрбір кезеңінде ағзалар мен тіндерді транспланттау кезінде уәкілетті орган мен отандық медициналық ұйымның арасында жеке шарт жасалады.
      15. Пациентті ұзақ мерзімде емдеу кезінде (1 (бір) айдан аса мерзімде) отандық медициналық ұйым уәкілетті органға ай сайынғы аралық актісі желтоқсан айын есепке алмағанда, есепті кезеңінен кейінгі айдың 5-ші күніне дейін ұсынады. Желтоқсан айындағы актісі ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін ұсынады.
      16. Уәкілетті орган отандық медициналық ұйымға шетелде емделуге үміткер пациенттің емделуі бойынша шарттың жалпы сомасынан 30%-ға дейінгі мөлшерде аванс төлейді, одан басқа бұрын төленген авансты ұстап қалу жағдайында актісі бойынша отандық медициналық ұйымдарға ай сайынғы төлеуді жүргізеді.
      Шығындарды толығымен өтеу отандық медициналық ұйымның орындалған жұмыстардың актісін ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.
      17. Осы Қағидалардың шеңберінде отандық медициналық ұйымдарға шығындарды өтеу Комиссияның оң шешімі қабылданған шетелде емделуге үміткер пациентті емдеу үшін жүзеге асырылады.
      18. Емдеудің бірінші және екінші кезеңіне пациенттің отандық медициналық ұйымдарға жетуінің жол ақысын төлеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      19. Шетелде емделуге үміткер пациенттің жағдайы отандық  медициналық ұйымдарға азаматтық көлікпен жеткізуге келмеген жағдайда, санитарлық авиация көмегімен жүзеге асырылады.

Шетелде емделуге үміткер    
пациентті отандық медициналық
ұйымдардың жағдайында емдеу 
шығындарын бюджет қаражатының
есебінен өтеу Қағидасына    
қосымша                     
Нысана                      

Орындаушы:                                   Тапсырыс беруші:
                                          Қазақстан Республикасы
                                       Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық қызметтер көрсету бойынша орындалған жұмыстардың
АКТІСІ

      2013 жылғы «__» ____ № ____ шартқа сәйкес 036 «Жергілікті деңгейде қаржыландырылатын бағыттарды қоспағандағы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету» республикалық бюджеттік бағдарламасының 101 «республикалық бюджет қаражаттары есебінен жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету» кіші бағдарламасының 159 «Өзге қызметтерге және жұмыстарға ақы төлеу» спецификасы бойынша
      Біз, төменде қол қойғандар,____________тұлғасындағы Орындаушының өкілі, бірінші тараптан және
__________________________________________________тұлғасындағы
Тапсырыс беруші, екінші тараптан 2013 ж. «__»_______бастап 2013 ж. «__»__________дейін ...... емдеуде жатқан...... жылы туған пациентке мынадай жұмыс көлемі көрсетілгендігі жөніндегі осы Актіні жасастық

Қызметтердің атауы

бағасы

саны

сомасы

1





2





3





4






Жиынтығы:




      Қызметтер толық көлемде көрсетілді. Көрсетілген қызметтер бойынша тараптардың бір-біріне наразылығы жоқ.

      Орындаушы                                      Тапсырыс беруші
                                              Қазақстан Республикасы
                                     Денсаулық сақтау министрлігі ММ
                                              Астана қ., Сол жағалау,
                                      Министрліктер үйі, 5 кіреберіс
                                        Тел/факс + 7 (7172) 74-34-25
                                                Тел: +7 (7172)743180
                                                  Банк реквизиттері:
                                                    СТН 620300023637
                                            ЖСК KZ92070101KSN0000000
                                                        БСК ККMFKZ2A
                                              Қазақстан Республикасы
                                                Қаржы министрлігінің
                                             Қазынашылық комитеті ММ
                                                         Код 2260001
                                                              КБЕ 11

      _____________________ Т.А.Ә.         _________________________
      М.О.                                                      М.О. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады