Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 28 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақыны өндіріп алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 23 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Г. Марченко |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 185 қаулысымен бекітілген |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақыны өндіріп алуы қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақыны өндіріп алуы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – БЖЗҚ) комиссиялық сыйақыны өндіріп алуы тәртібін айқындайды.
2-тарау. БЖЗҚ-ның комиссиялық сыйақыны өндіріп алуы тәртібі
2. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақысын өндіріп алуы мақсатында комиссиялық сыйақыны есептеу және есепке жазу Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9274 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 24 қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін есепке алуы мен бағалауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес айқындалатын БЗЖҚ зейнетақы активтерінің ағымдағы құнынан комиссиялық сыйақы есептеу мен есепке жазу жүргізілетін айдың бірінші күнгі күн басындағы жағдай бойынша жүзеге асырылады.
3. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақысын есепке жазу есептеу жүргізілетін айдағы күнтізбелік күндердің санына теңбе-тең жүргізіледі.
4. Зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақыны өндіріп алу комиссиялық сыйақыны БЖЗҚ-ның инвестициялық шотынан БЖЗҚ-ның ағымдағы шотына кастодиан банктің, инвестициялық портфельді басқарушының және БЖЗҚ-ның уәкілетті өкілдері қол қойған салыстырып тексеру актісінің негізінде аудару арқылы жүргізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2021 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақыны есептеу және есепке жазу үшін БЗЖҚ зейнетақы активтерінен күнделікті инвестициялық кіріс пайдаланылады. Инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақы күн сайын есептеледі және есепке жазылады.
Теріс инвестициялық кіріс кезінде теріс комиссиялық сыйақы Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 53-бабына сәйкес зейнетақы активтерін басқарушы бекіткен комиссиялық сыйақы шамасын қолдану арқылы есептеледі.
Есепті ай үшін инвестициялық кірістен жинақталған комиссиялық сыйақы теріс комиссиялық сыйақы сомасына азайтылады.
Теріс комиссиялық сыйақы есепті айда жинақталған комиссиялық сыйақыдан асып кеткен жағдайда, асып кету сомасы зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірістен есептелген теріс комиссиялық сыйақы бойынша дебиторлық берешек ретінде танылады.
6. Қағидалардың 5-тармағына сәйкес есептелген инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақы есепті айдың соңындағы жағдай бойынша жинақталған теріс комиссиялық сыйақы бойынша дебиторлық берешек болмаған жағдайда БЖЗҚ-ның инвестициялық шотынан аударылады.
Инвестициялық портфельді басқарушымен шарт бұзылған жағдайда зейнетақы активтері инвестициялық портфельді басқарушыдан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне басқаруға беріледі және инвестициялық портфельді басқарушы есептелген теріс комиссиялық сыйақы бойынша дебиторлық берешекті (ол бар болса) БЖЗҚ-ның инвестициялық шотына аудару арқылы меншікті капиталы есебінен өтейді.