Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 360 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 16 қыркүйекте № 8710 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 874 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 29.10.2015 № 874 бұйрығымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңының 25-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған,Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.
      2. Кадрлық қамтамасыз ету департаменті (Е.Б. Құлтаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және мерзімдік баспа басылымдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Комитет төрағалары, Министрліктің орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің, облыстар, Астана және Алматы қалалары департаменттерінің және Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес деректерді қорғау бойынша қажетті шаралар қолдануды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы С.Қ. Оқасовқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық 2013 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Министр                                    В. Божко

Қазақстан Республикасы    
Төтенше жағдайлар министрінің
2013 жылғы 15 тамыздағы   
№ 360 бұйрығымен бекітілген  

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
жүзеге асыратын міндеттерді орындауға қажетті және
жеткілікті дербес деректер тізбесі

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда).
      2. Тегін, атын, әкесінің атын ауыстырғандығы туралы мәліметтер.
      3. Қолы.
      4. Туған күні, айы, жылы.
      5. Туған жері.
      6. Ұлтына қатысты мәліметтер.
      7. Жеке басын куәландыратын құжат деректері: құжаттың атауы, құжаттың нөмірі, құжаттың берілген күні, құжаттың қолданылу мерзімі, құжат берген орган.
      8. Азаматтығы (бұрынғы азаматтығы), Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күні, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған күні.
      9. Тұрғылықты мекенжайы, тұрғылықты жері немесе мекендеген жері бойынша тіркелген күні.
      10. Электрондық пошта мекенжайы.
      11. Байланыс телефондарының нөмірі.
      12. Мінездеме.
      13. Жеке сәйкестендіру нөмірі.
      14. Еңбек кітапшасының нөмірі, сериясы және берілген күні, ондағы жазбалар туралы мәліметтер.
      15. Қызметтік келісімшарттың, азаматтық-құқықтық шарттың мазмұны және деректемелері.
      16. Мүлкі (мүлік жағдайы) туралы мәліметтер: автокөлік (маркасы, тіркелген орны), орналасқан мекенжайы.
      17. Банк шоттарының болуы, нөмірлері туралы мәліметтер.
      18. Жеке құрам бойынша өкімдердің және олардың материалдарының түпнұсқалары мен көшірмелерінде көрсетілген мәліметтер.
      19. Мемлекеттік және ведомстволық наградалар, құрмет және арнайы атақтар, көтермелеу (оның ішінде награданың, атақтың немесе көтермелеудің атауы немесе аты, марапаттау туралы нормативтік актінің күні мен түрі немесе көтермелеу күні) туралы мәліметтер.
      20. Аттестаттау материалдары.
      21. Ішкі қызметтік тергеу материалдары.
      22. Денсаулығына қатысты мәліметтер, белгіленген нысандағы медициналық қорытындылар.
      23. Уақытша жұмысқа жарамсыздығы туралы мәліметтер.
      24. Әлеуметтік жеңілдіктер мен әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтер (жеңілдік пен мәртебе беру үшін негіз болатын құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні, құжатты берген органның атауы).
      25. Қызметі туралы мәліметтер (лауазымын, құрылымдық бөлімшені, ұйым мен оның атауын толық көрсетіп, ағымдағы уақытқа еңбек қызметі туралы деректер, жалпы және үздіксіз жұмыс өтілі, мекенжайы мен телефоны, және де бұрынғы жұмыс істеген ұйымдардағы жұмыс уақыты және атқарған лауазымы толық жазылған, басқа ұйымдардың деректемелері).
      26. Білімі, біліктілігі және арнайы атақтары немесе арнайы дайындығы туралы мәліметтер (дипломның, куәліктің, аттестаттың немесе білім беру мекемесін бітіргені туралы басқа құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні, оның ішінде білім беру мекемесінің атауы және орналасқан жері, факультет немесе бөлімше, білім беру мекемесін бітіргеннен кейінгі біліктілігі мен мамандығы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, шет тілдерін білуі).
      27. Біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтер (біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні, білім беру мекемесінің атауы және орналасқан жері, білім беру мекемесін бітіргеннен кейінгі біліктілігі мен мамандығы).
      28. Еңбекақы туралы мәліметтер (оның ішінде жалақы, үстемеақы, салық бойынша деректер).
      29. Әскери міндетті адамдарды және әскери қызметке шақырылатын адамдарды әскери есепке алу туралы мәліметтер (әскери билеттің сериясы, нөмірі, берілген күні, әскери билетті берген органның атауы, әскери-есепке алу мамандығы, әскери атағы, есепке алу/есептен шығару туралы деректер).
      30. Отбасы жағдайы туралы мәліметтер (некеде болуы, некеге тұру туралы куәліктің деректері, зайыбының (жұбайының) тегі, аты, әкесінің аты, зайыбының (жұбайының) жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, отбасының басқа мүшелерінің, асыраудағы жандардың туыстық дәрежесі, тегі, аты, әкесінің аты және туған күндері, балаларының болуы және олардың жасы).
      31. Сотталғандығы (сотталмағандығы) туралы мәліметтер.
      32. Биометрлік дербес деректер: субъектінің физиологиялық және биологиялық ерекшеліктерін, жеке басын анықтауға негіз болатын дербес деректерді сипаттайтын мәліметтер (жеке ісіндегі, жеке басын куәландыратын құжат көшірмелеріндегі фотосурет және қан топтары, бойы, салмағы).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады