Тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда жеке кәсiпкерлiк саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерін бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің м.а. 2013 жылғы 08 тамыздағы № 240 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 196/НҚ Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 18 қыркүйекте № 8722 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 78 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.11.2014 № 78 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса берiлiп отырған Тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда жеке кәсiпкерлiк саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдері бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгiнiң Сауда комитетi (Қ. Ертуғанов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелгеннен оның кейiн ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi Т.М. Жақсылықовқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң бiрiншi
орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Өңiрлiк даму министрi

___________ Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
міндетін атқарушы

____________ М. Құсайынов

      Қазақстан Республикасы   
      Премьер-Министрiнiң    
      бiрiншi орынбасары – Қазақстан
      Республикасының Өңiрлiк  
      даму министрінің     
      2013 жылғы 19 тамыздағы  
      № 196/НҚ,         
      Қазақстан Республикасы  
      Экономика және бюджеттік 
      жоспарлау министрінің  
      міндетін атқарушының  
      2013 жылғы 08 тамыздағы 
      № 240 бірлескен бұйрығымен
      бекітілген        

Тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы
заңнамасын сақтауда жеке кәсiпкерлiк саласындағы
тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдері

      1. Осы Тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда жеке кәсiпкерлiк саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдері (бұдан әрi - Өлшемдер) «Тауар биржалары туралы» және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес және тауар биржаларын түрлi тәуекел дәрежелеріне жатқызу мақсатында әзiрленген.
      2. Осы Өлшемдерде тәуекел деп тауар биржалары қызметiнiң нәтижесiнде биржалық саудаға қатысушыларға мүлiктiк залал келтiру ықтималдылығы түсiндiрiледi.
      3. Тауар биржасын тәуекел дәрежесi бойынша топқа жатқызу бастапқы және кейiнгi бөлу жолымен жүзеге асырылады.
      4. Бастапқы кезеңде жаңадан құрылған тауар биржалары жоғары тәуекел тобына жатқызылады.
      5. Бұдан әрi жүргiзiлген тексерулердiң нәтижесi бойынша тауар биржалары осы Өлшемдердiң қосымшасына сәйкес алған балдар сомасына байланысты тәуекелдер дәрежелерi бойынша бөлiнедi:
      61 балл және одан жоғары – тәуекелдiң жоғары дәрежесiне жатады;
      31-ден - 60 баллға дейiн – тәуекелдiң орташа дәрежесiне жатады;
      0-ден - 30 баллға дейiн – тәуекелдiң елеусiз дәрежесiне жатады.
      6. Жоспарлы тексеру нәтижесi бойынша бұзушылық болмаған жағдайда тауар биржасы тәуекел дәрежесi аз топка ауыстырылады.

Тауар биржалары туралы    
      Қазақстан Республикасы заңнамасын
      сақтауда жеке кәсiпкерлiк   
      саласындағы тәуекел дәрежесiн 
      бағалау өлшемдеріне қосымша  

нысан

Тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдері

р/с
Өлшемдер атаулары Балдар

1.

Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын жалпы талаптарына жауап беретiн тауар биржасының электрондық сауда жүйесiнің болмауы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiнің 1-тармағына сәйкес)

30

2.

Құпиялылық (жасырын) режимiн, сондай-ақ тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын, оның iшiнде электрондық жеткiзгiштердегi мәлiметтердiң сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажеттi құралдармен жарақтандырылған құрылымдық бөлiмшенің болмауы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiнің 2-тармағына сәйкес)

30

3.

Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен биржа саудасының үлгi ережесi негiзiнде әзiрленген биржа саудасы ережесiнің болмауы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiнің 3-тармағына сәйкес)

10

4.

Тауар биржасы қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуi (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiнің 4-тармағына сәйкес)

20

5.

Сауданы ұйымдастыру жөнiндегi және клиенттермен жұмыс жүргiзу жөнiндегi құрылымдық бөлiмшелердің болмауы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiнің 5-тармағына сәйкес)

20

6.

Клирингтiк орталықтың не клирингтiк орталық қызметтерiн пайдалану туралы шарттың болмауы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiнің 6-тармағына сәйкес)

30

7.

Тауар биржасының кемiнде жеті мүшесінiң болмауы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2-тармағына сәйкес)

10

8.

Тауар биржасы туралы және оның сауда-саттықтар өткiзу тәртiбi туралы ақпаратты, сондай-ақ биржалық сауда-саттық нәтижелерiн орналастыру үшiн арнайы бөлiмдi қамтитын мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi өз интернет-ресурсының болмауы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiнің 8-тармағына сәйкес)

20

9.

Мына: тауар биржасы мүшелерiнiң бастапқы және жыл сайынғы, биржа мүлкiн пайдаланғаны, сондай-ақ биржалық мәмiлелердi, заңнамада тыйым салынбаған басқа түсiмдердi тiркегенi және ресiмдегенi үшiн бекiтiлген төлемдер мөлшерiнің болмауы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiнің 9-тармағына сәйкес)

10

10.

Тауар биржасында биржалық төрелiктiң болмауы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес)

30

11.

Кепiлдiк беру және сақтандыру қорының болмауы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабының сәйкес)

60

12.

Тауар биржасының биржалық сауданы ұйымдастырумен байланысты емес сауда және өзге де қызметтi жүзеге асыруы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес)

60

13.

Тауар биржасы қызметкерлерiнiң биржалық мәмiлелерге қатысуы немесе коммерциялық ақпаратты өз мүдделерiне пайдалануы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес)

60

14.

Биржалық мәмiлелердi тауар биржасының атынан және есебiнен жасау («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес)

60

15.

Тауар биржасының биржалық тауарларға күн сайынғы белгiлеулердi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау туралы міндетті орындамауы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 2-тармағына сәйкес)

20

16.

Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмдi қаржыландыруды болдырмау мақсатында әзірленген iшкi бақылау қағидалары мен оны жүзеге асыру бағдарламасының болмауы («Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес)

20

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады