БҰЙЫРАМЫН:
1. «Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 642 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5534 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2009 ж., № 5) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер концессия шартында өзгеше көзделмесе, концессия шартының талаптарын орындау нәтижесінде пайда болған концессия объектілері құрылғаннан кейін мемлекеттік меншікке беріледі.»;
2-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«концессия - концессия объектілерін құруға (реконструкциялауға) және пайдалануға бағытталған, концессионердiң қаражаты есебiнен немесе концеденттiң қоса қаржыландыруы шарттарымен жүзеге асырылатын қызмет;»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында (аясында) республикалық меншiк объектiлерiн басқару, меншiктi жекешелендiру және оның мемлекеттiк мониторингi саласында өз құзыретi шегiнде арнайы атқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;»;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«концессионер - концессия шартын жасасқан, оның ішінде өз қызметін бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарт негізінде жүзеге асыратын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға (мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда);»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тиісті сала уәкілетті мемлекеттік органының хабарламасында мемлекеттік меншікке қабылдауға жататын концессияның көрсетілген объектісін бекітіп беру көзделетін мемлекеттік заңды тұлға көрсетіледі және көрсетілген концессия объектісін бекіту туралы мемлекеттік заңды тұлғаның жазбаша келісімі қоса беріледі.»;
Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау ережесіне қосымшада:
Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдауды жүзеге асыру үшін концессионер ұсынатын құжаттардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын:
«
4. |
Мемлекеттік меншікке қабылдауға жататын концессия объектісінің құнын растайтын құжат |
».
2. Республикалық мемлекеттік мүлікті иелік ету және оңалту мен банкроттық рәсімдері әдіснамасы департаменті (Б.Х. Тәшенов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев