"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарына алғаш жұмысқа кіретін адамдардың арнайы кәсіптік даярлықтан өту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 287 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 қыркүйекте № 8727 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 342 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 31.03.2017 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңы 12-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарына алғаш жұмысқа кіретін адамдардың арнайы кәсіптік даярлықтан өту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6211 тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арнайы кәсіптік даярлау ережесін бекіту туралы";

      кіріспесі және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңы 12-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Арнайы кәсіптік даярлау ережесі бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарына алғаш жұмысқа кіретін адамдардың арнайы кәсіптік даярлықтан өту ережесінде:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арнайы кәсіптік даярлау ережесі";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Арнайы кәсіптік даярлау ережесі сот әділдігінің міндеттерін шешу мүддесімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарының қызметін жетілдіру үшін жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарына алғаш жұмысқа кіретін адамдарды (бұдан әрі - қызметкер) даярлауды ұйымдастырудың бірыңғай тәртібін анықтайды.

      Қызметкерлерді даярлау "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 12-бабының 7-тармағына сәйкес жүргізіледі.".

      2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Әділет министрі

Б. Имашев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады