"Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 23 тамыздағы № 653 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 26 қыркүйекте № 8740 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 4-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6463 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 5 қазандағы № 262 (26323) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесінде және беруден бас тарту негіздерінде:
      18-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      «2-1) егер шетелдік пайдаланушының азаматтық әуе кемесінің чартерлі рейсі Қазақстан Республикасы аумағында құралатын жолаушылар тобын коммерциялық тасымалдаумен байланысты жоспарланатын болса, мыналарды қоспағанда:
      Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының күзетілудегі және басқа да лауазымдық тұлғаларды тасымалдауды;
      көмек көрсетуге арналған тасымалдауларды;
      жеке мақсаттардағы немесе қызметтік сапардағы чартерлі рейстерді;
      Қазақстан Республикасы авиациялық билік органдары мен шет мемлекеттің авиациялық билік органдары арасындағы жазба уағдаластықтар шеңберінде орындалатын ұшуларды;
      қазақстандық авиакомпаниялардың чартерлік ұшуларды орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда;
      шетелдік авиакомпания Қазақстан Республикасы авиакомпанияларына шектеулер бар мемлекеттерге чартерлік рейсті орындау өтінімін берген жағдайда.».
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов) белгіленген тәртіппен:
      1) аталған бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың Интранет-порталында орналастыруын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін 5 жұмыс күн мерзімде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Заң департаментіне мемлекеттік тіркелу туралы мен бұқаралық ақпараттар құралдарына жариялауға жіберілгені туралы мәлімет берілуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         А. Жұмағалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады