Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 38 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 01 қазанда № 8748 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 333 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.10.2015 № 333 бұйрығымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 2013 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (А.Т. Жуанышпаева) Агенттіктің Кадрлық қамтамасыз ету басқармасымен (Ж.А. Нукушева) бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде  мемлекеттік тіркеуін және оның ресми жариялануы мен Агенттіктің ресми сайтында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Агенттіктің Кадрлық қамтамасыз ету басқармасы (Ж.А. Нукушева) осы бұйрықты Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомствоаралық мекемелеріне жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің жауапты хатшысы Т.Т. Исмаиловқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық 2013 жылдың 25 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Төраға                                          Қ.Лама Шариф

Қазақстан Республикасы    
Дін істері агенттігі Төрағасының
2013 жылғы 28 тамыздағы   
№ 38 бұйрығымен       
бекітілген         

Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі


р/с

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің атауы

1.

Нәсілдік және ұлттық тиесілігі

2.

Жеке істегі дербес деректер субъектісінің суреті

3.

Жеке іс иесінің суреті және жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі

4.

Тегі, аты, әкесінің аты

5.

Тегі, аты, әкесінің атын ауыстыру туралы мәліметтер

6.

Қолтаңба

7.

Туған күнi, айы, жылы

8.

Туған жері

9.

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері: құжаттың атауы, құжаттың нөмірі, құжаттың берілген күні, құжаттың қолдану мерзімі, құжатты берген орган

10.

Азаматтылығы

11.

Тұрғылықты мекен-жайы

12.

Электронды поштаның мекен-жайы

13.

Байланыс телефонының нөмірі

14.

Отбасылық жағдайы

15.

Мінездеме

16.

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

17.

Еңбек кітапшаларының нөмірі, сериясы, күні және ондағы жазбалар

18.

Жеке құрам және ондағы материалдарға байланысты жарлықтардың түпнұсқасы мен көшірмесінде көрсетілген мәліметтер

19.

Мемлекеттік және ведомстволық наградалар, құрмет және әлеуметтік атақтар, көтермелеу (награданың атауы немесе аталуы, атақ немесе көтермелеу, наградтау туралы нормативті актінің түрі және күні, немесе көтермелеу күні) туралы мәліметтер

20.

Аттестацияға байланысты материалдар

21.

Ішкі қызметтік тексеру бойынша материалдар

22.

Ауыруының жоқтығы жөнінде бекітілген формадағы медициналық қорытынды

23.

Уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы мәлімет

24.

Еңбек қызметі туралы мәліметтер (ағымдағы уақытқа мекеме және оның атауы, құрылымдық бөлімі, лауазымы толық көрсетілген еңбек қызметі туралы деректер, жалпы және үздіксіз еңбек өтілі, мекен-жайы мен телефондары, сонымен қатар бұрын атқарған лауазымының толық атауы көрсетілген басқа мекемелердің деректемелері және осы мекемелердегі жұмыс уақыты)

25.

Білімі, біліктілігі және арнайы білімінің бар болуы немесе арнайы дайындықтары туралы мәліметтер (білім беретін мекемелерді бітіргені туралы дипломның, куәліктің, аттестаттың немесе басқа құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні, сонымен қатар білім беретін мекеменің атауы және орналасқан жері, факультеті немесе бөлімшесі, білім беретін мекемені бітіргеннен кейінгі біліктілігі және мамандығы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы шет тілдерін білуі)

26.

Біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтер (білім беретін мекеменің атауы және орналасқан жері, біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттың берілген күні, нөмірі, сериясы, білім беретін мекемені бітіргеннен кейінгі біліктілігі және мамандығы)

27.

Жалақысы туралы мәліметтер

28.

Әскери қызметке шақыруға жататын, әскери міндетті тұлғаларды әскери есепке алу туралы мәліметтер (әскери билетті берген органның атауы, берілген күні, нөмірі, сериясы, әскери-есепке алу мамандығы, әскери атағы, есепке алу/шығару туралы деректер)

29.

Отбасы жағдайы туралы мәліметтер (некеде тұруы, неке қию туралы куәліктің деректері, ерлі-зайыптының тегі, аты, әкесінің аты, ерлі-зайыптының жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері, асыранды, отбасының басқа мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты, туыстық дәрежесі, балалардың бар болуы және олардың жасы)

30.

Соттылығының болуы (болмауы)

31.

Әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәліметтер

32.

Банктің карточкалық базасындағы ағымдағы шот туралы мәліметтер

33.

Заңды мекен-жайы, заңды мекен-жайды тіркеу күні (тіркеуден алу), қызмет түрі

34.

Азаматты-құқықтық шарттардың, қызметтік келісім-шарттардың мазмұны және деректемелері

35.

Әлеуметтік жеңілдіктер және әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтер (жеңілдіктер мен мәртебе беру үшін негіз болатын құжатты берген органның атауы, берілген күні, нөмірі, сериясы).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады