Халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің тізімдерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 06 қыркүйектегі № 273-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 02 қазанда № 8763 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 18-03/369 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.04.2015 № 18-03/369 (алғаш ол ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес қоса беріліп отырған Халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің тізімдері бекітілсін.
      2. «Халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің тізімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 292 бұйрығы күшін жойды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6249 болып тіркелген, 2010 жылғы 25 қарашадағы № 15 «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында» жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           Н. Қаппаров

Қазақстан Республикасы   
Қоршаған ортаны қорғау   
министрінің        
2013 жылғы 6 қыркүйектегі 
№ 273-ө бұйрығына    
1-қосымша        

Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің тізімі

Сулы-батпақты жерлердің атауы

Орналасуы

Көлемі, га

1.

Теңіз-Қорғалжын көлдері жүйесі

Ақмола облысы

353 341

2.

Алакөл-Сасықкөл көлдері жүйесі

Алматы облысы

914 663

3.

Іле өзенінің атырауы және Балқаш көлінің оңтүстік бөлігі

Алматы облысы

976 630

4.

Торғай және Ырғыз өзендерінің төменгі сағаларындағы көлдер

Ақтөбе облысы

348 000

5.

Каспий теңізінің жағалауына іргелес Жайық өзенінің атырауы

Атырау облысы

111 500

6.

Жарсор-Ұрқаш көлдері жүйесі

Қостанай облысы

41 250

7.

Қойбағар-Тымтәуір көлдері жүйесі

Қостанай облысы

58 000

8.

Қулыкөл-Талдыкөл көлдері жүйесі

Қостанай облысы

8 300

9.

Наурызым көлдері жүйесі

Қостанай облысы

139 714

10.

Кіші Арал теңізі және Сырдария өзенінің атырауы

Қызылорда облысы

330 000

Қазақстан Республикасы   
Қоршаған ортаны қорғау   
министрінің        
2013 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 273-ө бұйрығына     
2-қосымша         

Республикалық маңызы бар сулы-батпақты жерлердің тізімі

Сулы-батпақты жерлердің атауы

Орналасуы

Көлемі, га

1.

Жаркөл көлдер тобы

Ақмола, Қостанай облыстары

8 818

2.

Жұмай-Майшұқыр көлдер тобы

Ақмола облысы

12 490

3.

Құмдыкөл-Жарлыкөл көлдер тобы

Ақмола облысы

20 350

4.

Тұзащы және Қарасор көлдері

Ақмола облысы

8 582

5.

Ұялышалқар көлдер тобы

Ақмола облысы

20 360

6.

Қаратал өзенінің төменгі сағасы

Алматы облысы

102 195

7.

Сорбұлақ көлі

Алматы облысы

18 540

8.

Топар көлдер жүйесі

Алматы облысы

32 530

9.

Еділ атырауының қазақстандық бөлігі. Жамбай

Атырау облысы

289 075

10.

Ембі өзенінің төменгі сағасы

Атырау облысы

208 990

11.

Зайсан көлінің көршілес акваторийімен Қара Ертіс өзенінің атырауы

Шығыс Қазақстан облысы

104 200

12.

Марқакөл көлі

Шығыс Қазақстан облысы

75 048

13.

Ақжар алабы

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары

25 714

14.

Көшім көлдері

Батыс Қазақстан облысы

175 315

15.

Шалқар көлі

Батыс Қазақстан облысы

27 350

16.

Балықтыкөл көлі

Қарағанды облысы

10 430

17.

Қарасор көлі

Қарағанды облысы

37 286

18.

Сасыққөл көлі

Қарағанды облысы

3 200

19.

Қамыс-Жаманкөл көлдері тобы

Қостанай облысы

3 940

20.

Ақжан көлі

Қостанай облысы

3 026

21.

Батпақкөл көлі

Қостанай облысы

2 690

22.

Бозшакөл көлі

Қостанай облысы

3 520

23.

Құсмұрын көлі

Қостанай облысы

92 510

24.

Орыс Жаркөлі көлі

Қостанай облысы

12 774

25.

Сұлукөл көлі

Қостанай облысы

3 091

26.

Мамыркөл көлі

Қостанай облысы

1 875

27.

Санкебай көлдері

Қостанай облысы

4 675

28.

Сарықопа көлдер жүйесі

Қостанай облысы

51 200

29.

Шошқалы көлдер жүйесі

Қостанай облысы

13 580

30.

Қаракөл көлі

Маңғыстау облысы

5 270

31.

Қорғанкөл көлі

Павлодар облысы

1 097

32.

Ақсуат көлі

Солтүстік Қазақстан облысы

4 589

33.

Балықты көлі

Солтүстік Қазақстан облысы

4 138

34.

Үлкен Қақ көлі

Солтүстік Қазақстан облысы

11 500

35.

Жалтыр көлі

Солтүстік Қазақстан облысы

2 594

36.

Жыланды көлі

Солтүстік Қазақстан облысы

3 410

37.

Кіші Қақ көлі

Солтүстік Қазақстан облысы

9 721

38.

Тереңкөл көлі

Солтүстік Қазақстан облысы

835

39.

Сорбалық-Майбалық көлдер тобы

Солтүстік Қазақстан облысы

3400

40.

Шағлытеңіз көлі

Солтүстік Қазақстан облысы

34 750

41.

Шу өзенінің төменгі сағасы

Оңтүстік Қазақстан облысы

147 950

42.

Қызылкөл көлі

Оңтүстік Қазақстан облысы

1 500

43.

Шардара су қоймасы

Оңтүстік Қазақстан облысы

113 000

44.

Шошқалы көлдері

Оңтүстік Қазақстан облысы

53 460

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады