"Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 04 қыркүйектегі № 683 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 04 қазанда № 8776 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі № 132-V Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6472 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 19 қазандағы № 429-432 (26275) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесiнде: 
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ереже Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң (бұдан әрi – Комитет) аумақтық органдарының көлiктiк бақылау посттарында Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары, қалалар немесе өзге де елдi мекендер шегiндегi автомобиль жолдары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген оның құзыреті шегінде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы арқылы жүрiп өтуiн бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Комитеттiң аумақтық органдарының көлiктiк бақылау посты қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiн мемлекеттiк бақылауды жүргiзуге байланысты қызметi автомобиль тасымалдары саласындағы халықаралық шарттармен, Қазақстан Республикасының көлiктiк және салықтық заңнамаларымен, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 наурыздағы № 1567 Жарлығымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiмен», Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi «Мемлекеттiк қызмет туралы», 1998 жылғы 2 шiлдедегi «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарымен, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң нормативтiк-құқықтық актiлерiмен, сондай-ақ осы Ережемен регламенттеледi.»;
      6-тармақта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) көлiктiк бақылау постының ауысымы – аумақтық көлiктiк бақылау органдарының екi немесе үш қызметкерiнен тұратын, бекiтiлген кестеге сәйкес стационарлық және жылжымалы көлiктiк бақылау посттарында қызмет атқару үшiн белгiленген ауысым;»;
      мынадай мазмұндағы 6)тармақшамен толықтырылсын:
      «6) Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы – метрологиялық тексерістен өткен, фото, бейне түсіруді жүзеге асыратын, автоматты режимде жұмыс істейтін, автокөлік құралдарының маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмақтық және (немесе) көлемдік параметрлерін және қозғалыс жылдамдығын тіркейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық жабдық.»;
      8-тармақта:
      1-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Комитеттiң өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясында (бұдан әрi - Инспекция) - Инспекция басшысы;»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Стационарлық және жылжымалы КБП-ның штат саны мен жұмыс ауысымдығын Инспекция басшысы автомобиль көлiгiндегi бақылау бөлiмi бөлген қаражат пен штат санына сәйкес белгiлейдi.»;
      1717-1 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Автомобиль жолдарында бақылауды жүзеге асыру бойынша негiзгi iс-қимылдар мыналарды тексеру болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне рұқсат беру құжаттарының болуы;
      2) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша жүктi тасымалдайтын iрi көлемдi және ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүруiне арнайы рұқсаттардың болуы;
      3) жол жүру маршрутының халықаралық қатынас үшiн белгiленгенге сәйкестiгi;
      4) 1, 6 және 7 класты қауіпті жүк тасымалдайтын арнайы рұқсаттардың болуы.
      17-1 Көлiктiк бақылау жүргiзген кезде КБП лауазымды адамдары жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мыналардың сақтауын қамтамасыз етедi:
      1) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгiнiң қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасының талаптарын, оның iшiнде:
      Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 826 Қаулысы;
      Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 Бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7204 тiркелген);
      «Автомобиль көлiгiмен қауіптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидалары;
      Бөлінбейтін ірi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 51 қаулысы;
      Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 19 қаңтардағы № 62 қаулысы;
      Тез бүлiнетiн тамақ өнiмдерiн халықаралық тасымалдау туралы және осы тасымалдарға арналған арнайы көлiк құралдары туралы 1976 жылғы 21 қарашадағы келiсiмге сәйкес Халықаралық қатынаста тез бұзылатын жүктердi тасымалдауды орындайтын жылжымалы құрамға қойылатын талаптарды (Женева 1 қыркүйек 1970 жыл);
      Автокөлiк құралдары жабдығының автокөлiк құралында тахографтың болуы және оның ақаусыздығы бөлiгiнде халықаралық шарттар талаптарына сәйкестiгiн, сондай-ақ орнатылған отын бактарының жасаушы зауыттың талаптарына сәйкестiгi, Халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыратын көлiк құралдары экипаждарының жұмысына қатысты Еуропа келiсiмiне сәйкес (Женева 1 шiлде 1970 жыл);
      Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 Қаулысы;
      2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалын ұйымдастыру кезiнде рұқсат беру жүйесi талаптарын сақтауы тұрғысында тексерудi жүзеге асырады;
      3) Автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының аумағымен жүргенi үшiн алым бөлiгiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарын.
      18. Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының жүрiп өтуiн көлiк құралдарының нақты салмақ және көлем параметрлерiн тексеру және олардың Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген рұқсат етiлген параметрлерден асуы шамасын айқындау арқылы көлiктiк бақылау өлшеу құралы мен көлем рамкаларын, сондай-ақ мiндеттi метрологиялық тексерiстен өткен және келесi тексерiс күнi көрсетiлген сертификаты бар стационарлық үлгiдегi салмақ өлшеу жабдығын немесе көшпелi ұтқыр таразыны және арнайы автоматтандырылған өлшеу құралын қолдана отырып жүргiзiледi.
      Метрологиялық тексеру мерзiмi өтiп кеткен салмақ өлшеу жабдығын пайдалануға жол берiлмейдi.»;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Бақылаудан өту туралы мөртабан:
      1) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес көлiк құралдарының иелерi (пайдаланушылары) үшiн рұқсат қағазының екiншi жағына;
      2) Қазақстан Республикасының резиденттерi болатын көлiк құралдарының иелерi (пайдаланушылары) үшiн жол парағына немесе өзге iлеспе құжатына қойылады.»;
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. КБП қызметкерi жүктi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралына көлiктiк бақылау жүргiзудi мынадай тәртiппен қамтамасыз етедi:
      1) автокөлiк құралын (жүк автомобильдерi, мамандандырылған және арнайы автомобильдер) тоқтатады;
      2) жүргiзушiге жақындап келедi, өз аты-жөнiн, лауазымын және мемлекеттiк органның атауын атап, таныстырады, жүргiзушiнiң немесе бiрге жүрген адамдардың талабы бойынша қызметтiк куәлiгiн көрсетедi;
      3) тоқтатқан себебiн хабарлайды;
      4) жүргiзушi куәлiгiн (жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген уақытша куәлiк және жүргiзушiнiң жеке басын куәландыратын құжат), көлiк құралын тiркеу туралы куәлiгiн, iлеспе және рұқсат құжаттарын сұратады;
      5) көлiк құралының габариттiк және салмақтық параметрлерiн жол жабынында немесе автокөліктің барлық осьнің біркелкілігін қамтамасыз ететін басқа алаңда, нақнұсқаларды қолдана отырып, өлшеудi жүргiзедi.
      Арнайы рұқсатсыз келе жатқан автокөлік құралында көлемді және (немесе) салмақты белгіленген параметрлері асып кеткен жағдайда Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің талаптарына сәйкес әкімшілік тәртіппен іс қозғау бойынша шара қолданылады;
      6) арнайы рұқсатсыз келе жатқан автокөліктік құралдардың салмақты көлемдік өлшемдердің арттырғаны туралы ақпаратты алғаннан кейін көлік құралының нақты ауыр салмағын және ірі көлемін Ситуациялық орталықтан жіберілген ақпаратпен салыстыра отырып, Қазақстан Республикасы аумағында бекітілген мүмкін рұқсат етілген өлшемдерден олардың асатын көлемін анықтау.
      Арнайы рұқсатсыз келе жатқан автокөлік құралында көлемді және (немесе) салмақты белгіленген параметрлері асып кеткен жағдайда Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің талаптарына сәйкес әкімшілік тәртіппен іс қозғау бойынша шара қолданылады.»;
      24-тармақта:
      1-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жүк тасымалдарын автомобиль көлiгiмен жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттардың болуын және олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн тексередi;»;
      28-тармақ алынып тасталсын;
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. «Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 633 бұйрығымен бекiтiлген қатаң есептiлiктегi бланкiлер нысанының негiзiнде алым сомасы қолма-қол ақшалай КБП қызметкерлерi қабылдайды (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5463 тiркелген).»;
      Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесiне 3-қосымша, алынып тасталсын;
      Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесiне 4-қосымшада:
      Стационарлық көлiктiк бақылау посттарының жабдығы мен мүлкi тiзбесiнде:
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бейнетіркегіш
      3. GPS навигатор»;
      7-тармақ алынып тасталсын;
      Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесiне 5-қосымшада:
      Жылжымалы көлiктiк бақылау посттарының жабдығы мен мүлкi тiзбесiнде:
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бейнетіркегіш
      3. GPS навигатор»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Ұтқыр байланыс құралы»;
      7-тармақ алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.Б. Әбсаттаров) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың заңда көрсетілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында ресми жариялануын және оның мемлекеттік органдар интранет порталында (МОИП) орналастырылуын;
      3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           А. Жұмағалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады