Сақтандыру ұйымы не тәуелсіз сарапшы зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша жүзеге асыратын сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге жұмсалатын сақтандыру ұйымы шығыстарының жол берілетін деңгейін, зейнетақы аннуитеті үлгі шартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 242 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 12 қазанда № 8814 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 194 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 № 194 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Мыналар:
      1. Сақтандыру ұйымы не тәуелсіз сарапшы зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша жүзеге асыратын сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесі, осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
      1) жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге жұмсалатын сақтандыру ұйымы шығыстарының жол берілетін деңгейі, осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;
      2) Зейнетақы аннуитеті үлгі шарты, осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                         Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 тамыздағы 
№ 242 қаулысына      
1-қосымша         

Сақтандыру ұйымы не тәуелсіз сарапшы зейнетақы аннуитеті
шарттары бойынша жүзеге асыратын сақтандыру сыйлықақысын және
сақтандыру төлемін есептеу әдістемесі

      1. Сақтандыру ұйымы не тәуелсіз сарапшы зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша жүзеге асыратын сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 2013 жылғы 21 маусымдағы және «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және сақтандыру ұйымы не тәуелсіз сарапшы зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша жүзеге асыратын сақтандыру сыйлықақысының және сақтандыру төлемінің есебіне қойылатын талаптарды белгілейді.
      2. Әдістеменің мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) біржолғы сақтандыру төлемі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 63-бабында белгіленген мөлшерде бірінші мерзімдік сақтандыру төлемімен бірге бірыңғай төлем ретінде жүзеге асырылатын төлем;
      2) зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі – талап етілетін, айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасаған күнінде қолданыстағы ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін талап етілетін, шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі кезеңге жеткілікті зейнетақы жинақтарының сомасы.
      Айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасаған күні қолданыста болған тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерiнен кем емес алынады;
      3) кепілдік берілген сақтандыру төлемдері – сақтанушыға не оның мирасқорларына шартта белгіленген уақыт кезеңі ішінде сақтанушының өмір сүруіне қарамастан жасалатын мерзімдік сақтандыру төлемдері;
      4) қор (қорлар) – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры);
      5) сақтандыру сыйлықақысы – сақтанушы зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін өзінің таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымына жіберген зейнетақы жинақтары және (немесе) ақша;
      6) сақтандыру ұйымы – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның «өмірді сақтандыру» саласында «аннуитеттік сақтандыру» сыныбы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлға;
      7) сақтанушы – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 59-бабына сәйкес зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жеке тұлға.
      3. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 59-бабының 12 және 4-тармақтарында көрсетілген адамдар, олардың зейнетақы жинақтары жеткілікті болу шартымен зейнетақы аннуитеті шартын жасайды.
      4. Қор (қорлар) зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын сақтанушының таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарының біріне жібереді.
      5. Зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысының және сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін істі жүргізуге арналған шығыстары ескерілген ағымдағы құн факторы пайдаланылады.
      6. Ағымдағы құн факторы Әдістемеге 1-қосымшаның 1-тармағына сәйкес шарттың қолданылу кезеңіне айқындалады.
      7. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 59-бабының 1, 2, және 4-тармақтарында көрсетілген адамдар үшін зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі айлық сақтандыру төлемінің, іс жүргізуге арналған шығыстар ескерілген ағымдағы құн факторы және 12-нің туындысынан кем емес соманы білдіреді.
      Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі Әдістемеге 1-қосымшаның 2-тармағына сәйкес есептеледі.
      Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі және біржолғы төлемі ескерілген сақтандыру сыйлықақысы Әдістемеге 1-қосымшаның 3-тармағына сәйкес есептеледі.
      Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 59-бабының 3-тармағында көрсетілген адамдар үшін зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі есептелмейді.
      Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 59-бабының 3-тармағында көрсетілген адамдар үшін зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы Әдістемеге 1-қосымшаның 4-тармағына сәйкес есептеледі.
      8. Егер тараптардың келісімі бойынша зейнетақы аннуитеті шартында кепілдік берілген төлемдер көзделсе, сақтандыру сыйлықақысын және зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігін есептеу Әдістемеге 1-қосымшаның 5-тармағына сәйкес есептеледі.
      9. Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігін сақтандыру ұйымының штатындағы актуарий есептейді.
      10. Сақтандыру ұйымдары зейнетақы аннуитеті шарты бойынша болашақ сақтандыру төлемдерінің ағымдағы құн факторын есептеген кезде Әдістемеге 2-қосымшада көрсетілген осындай көрсеткіштерден аспайтын өлім-жітім көрсеткіштерін пайдаланады.
      11. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеген кезде ұлттық валютадағы жылдық 6 (алты) пайыздан аспайтын мөлшердегі кірістіліктің тиімді жылдық пайыздық мөлшерлемесі пайдаланылады.
      12. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша мерзімдік сақтандыру төлемінің мөлшері осы Әдістемеге 1-қосымшаның 6-тармағына сәйкес айқындалады.
      13. Бірінші мерзімдік сақтандыру төлемі жинақтаушы қор (қорлар) сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтары сомасын аударған сәттен бастап он жұмыс күннен кешіктірмей жүргізіледі.
      Мерзімдік сақтандыру төлемдерінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шарты қолданыста болған кезең ішінде азаймайды.
      Мерзімдік сақтандыру төлемдері ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жарты жылдық және жылдық негізде жүзеге асырылады.
      Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 59-бабының 12 және  4-тармақтарында көрсетілген адамдар үшін тоқсан сайынғы, немесе жарты жылдық, немесе жылдық негізде жүзеге асырылатын мерзімдік сақтандыру төлемдерінің сомасы жыл бойы ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын мерзімдік сақтандыру төлемдерінің сомасы мәнінен кем болмайды.
      14. Сақтандыру төлемдерінің мөлшері жыл сайын зейнетақы аннуитеті шартының қолданыста болу кезеңі ішінде индекстеу мөлшерлемесі мөлшеріне өсіп отырады.
      Индекстеу мөлшерлемесі зейнетақы аннуитеті шартында көрсетіледі және 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      Индекстеу ескерілген сақтандыру төлемдері мөлшерінің өзгерістері зейнетақы аннуитеті шартының қосымшасында сақтандыру төлемдері кестесі түрінде көрсетіледі. Бастапқыда зейнетақы аннуитеті шартын жасаған кезде Тараптармен келісілген және қол қойылған сақтандыру төлемдерінің кестесі шарттың қолданылу кезеңі ішінде сақтандыру төлемдері ұлғайған жағдайда өзгереді.
      15. Сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеген кезде ағымдағы факторы, аннуитеттік фактордың барлық өлшемдері жылдық көрсетуде пайдаланылады.
      16. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша мирасқорлардың зейнетақы аннуитеті шартында көзделген, белгіленген сақтандыру төлемдері кестесіне сәйкес сақтандыру ұйымы төлемеген кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін, сақтанушы оларды тірі кезінде толық көлемде алмаған не алмаған жағдайда, алуға құқығы бар.
      Сақтанушы қайтыс болған жағдайда, сақтандыру ұйымы отбасына не жерлеген адамға төленетін жерлеуге арналған жәрдемақы түрінде зейнетақы аннуитеті шартында белгіленген мөлшерде, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген он бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде сақтандыру төлемін жүзеге асырады.
      17. Сақтандыру ұйымы мен сақтанушының арасындағы зейнетақы аннуитеті шарты Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 60-бабында көзделген тәртіппен, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, сондай-ақ сақтанушының ақшасы есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып жасалады.
      18. Сақтанушы зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күннен кейінгі күнтізбелік он күн ішінде қорды (қорларды) зейнетақы аннуитеті шартының бір түпнұсқалық данасын ұсына отырып хабардар етеді. Хабарлама еркін нысанда ресімделеді.
      Зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда, сақтанушы зейнетақы аннуитеті шартының бір түпнұсқалық данасын ұсына отырып, қорды (қорларды) сақтандыру ұйымына сақтандыру сыйлықақысының жетіспейтін бөлігін меншікті ақшасы есебінен төлегеннен кейін, бірақ осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнен кешіктірмей хабардар етеді. Хабарлама еркін нысанда ресімделеді.
      Сақтанушының сақтандыру ұйымына сақтандыру сыйлықақысының жетіспейтін бөлігін төлеу зейнетақы аннуитеті шартын жасаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
      19. Қор (қорлар) зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасын алған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмейтін мерзімде алушының зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударады.
      20. Сақтандыру ұйымы жазбаша немесе зейнетақы аннуитеті шарты тараптарының келісімімен белгіленген тәсілімен сақтанушыны зейнетақы жинақтарының келіп түскені туралы оларды сақтандыру ұйымының шотына есепке алынған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде хабардар етеді. Сақтандыру ұйымының хабарламасында келіп түскен зейнетақы жинақтарының сомасы көрсетіледі.

Сақтандыру ұйымы не тәуелсіз  
сарапшы зейнетақы аннуитеті шарттары
бойынша жүзеге асыратын сақтандыру
сыйлықақысын және сақтандыру  
төлемін есептеу әдістемесіне  
1-қосымша             

Ағымдағы құн факторының, зейнетақы жинақтары жеткіліктілігінің,
сақтандыру сыйлықақысының және сақтандыру төлемінің есебі

      1. Ағымдағы құн факторы алушының зейнетақы аннуитеті шартын жасау күніндегі жасынан жыл ішіндегі сақтандыру төлемін алу жасына дейінгі өмір сүру көрсеткіші (көрсеткіштері) туындыларының және тиісті дәрежедегі дисконттаушы фактордың және индекстеу мөлшерлемесі сомасы ретінде анықталады.

,

      мұнда:
        - ағымдағы құн факторы;
      - дисконттаушы фактор;
      i- кірістіліктің тиімді пайыздық мөлшерлемесі;
      j – индекстеу мөлшерлемесі;
       - аннуитенттің х жасынан x+ t жасына дейін өмір сүру ықтималы;
      x - аннуитет төлемдерін алуды бастау күніндегі аннуитенттің жасы;
      t– аннуитет төлемдерін алуды бастау күнінен кейінгі жылдар саны;
      n – аннуитет төлемдерін алған жылдардың саны.
      Сақтандыру ұйымының шығыстары ескерілген ағымдағы құн факторы:

      

      мұнда:
       - ағымдағы құн факторы;
      c - сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен);
      d - сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен).
      2. Егер мына талап орындалса, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 59-бабының 12 және 4-тармақтарына сәйкес жасалған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы жеткілікті болып табылады:

      

      мұнда:
      ЗА – зейнетақы жинақтары сомасы;
      СТ - зейнетақы аннуитеті шартын жасау күні қолданыста болған тиісті қаржы жылында арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес сақтандыру төлемінің мөлшері;
      - ағымдағы құн факторы;
      c - сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен);
      d - сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен).
      3. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша біржолғы төлем ескерілген зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі және сақтандыру сыйлықақысы мынадай формула бойынша есептеледі:

      ,

      мұнда:
      СС – сақтандыру сыйлықақысы;
      ЗА – зейнетақы жинақтары сомасы;
      БТ – біржолғы сақтандыру төлемі;
      СТ - зейнетақы аннуитеті шартын жасау күні қолданыста болған тиісті қаржы жылында арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес сақтандыру төлемінің мөлшері;
      - ағымдағы құн факторы;
      c - сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен);
      d - сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен).
      4. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 59-бабының 3-тармағында көрсетілген адамдар үшін зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы мынадай формула бойынша есептеледі:

      

      мұнда:
      СС – сақтандыру сыйлықақысы;
      БТ – біржолғы сақтандыру төлемі;
       m – жыл ішінде төлемдерді алу мерзімділігі (m=1,2,4 не 12):
      m=12, егер сақтандыру төлемдері ай сайын жүзеге асырылса;
      m=4, егер сақтандыру төлемдері тоқсан сайын жүзеге асырылса;
      m=2, егер сақтандыру төлемдері жарты жылда бір рет жүзеге асырылса;
      m=1, егер сақтандыру төлемдері жыл сайын жүзеге асырылса;
      СТ – сақтандыру төлемінің мөлшері;
       - ағымдағы құн факторы;
      c - сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен);
      d - сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен).
      5. Кепілдік берілген сақтандыру төлемдері көзделген зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы және зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі мынадай формула бойынша есептеледі:

       мұнда:

      
     - зейнетақы аннуитеті шартын жасау күнінен бастап кепілдік берілген сақтандыру төлемдерінің мерзімі аяқталғанға дейінгі тиісті дәрежедегі дисконттаушы фактор сомасын білдіретін аннуитеттік фактор;
     - к жылға кейін қалдырылған аннуитеттік фактор;
      x+k - аннуитет төлемдерін алуды бастау күніндегі аннуитенттің жасы;
      n – аннуитет төлемдерін алған жылдардың саны;
      к – кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін алған жылдардың саны;
      СС – сақтандыру сыйлықақысы;
      ЗА – зейнетақы жинақтары сомасы;
      БТ – біржолғы сақтандыру төлемі;
      СТ - зейнетақы аннуитеті шартын жасау күні қолданыста болған тиісті қаржы жылында арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес сақтандыру төлемінің мөлшері.
      6. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша мерзімдік сақтандыру төлемінің мөлшері төмендегідей айқындалады:

      мұнда:
      СТ – сақтандыру төлемінің мөлшері;
      СС – сақтандыру сыйлықақысы;
      БТ – біржолғы сақтандыру төлемі;
      m – жыл ішінде төлемдерді алу мерзімділігі (m=1,2,4 не 12):
      m=12, егер сақтандыру төлемдері ай сайын жүзеге асырылса;
      m=4, егер сақтандыру төлемдері тоқсан сайын жүзеге асырылса;
      m=2, егер сақтандыру төлемдері жарты жылда бір рет жүзеге асырылса;
      m=1, егер сақтандыру төлемдері жыл сайын жүзеге асырылса;
       – ағымдағы құн факторы;
      c - сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен);
      d - сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен).

Сақтандыру ұйымы не тәуелсіз  
сарапшы зейнетақы аннуитеті шарттары
бойынша жүзеге асыратын сақтандыру
сыйлықақысын және сақтандыру  
төлемін есептеу әдістемесіне  
2-қосымша             

Зейнетақы аннуитеттері бойынша сақтандыру төлемдерін есептеуге
арналған өлім-жітім көрсеткіштері

Жасы

Ерлер

Әйелдер

25

0,0024481809

0,0006274238

26

0,0025943697

0,0006676971

27

0,0027233502

0,0007056074

28

0,0028425047

0,0007412992

29

0,0029577995

0,0007767228

30

0,0030798642

0,0008119244

31

0,0032114459

0,0008505828

32

0,0033612022

0,0008924813

33

0,0035291163

0,0009385639

34

0,0037197668

0,0009906002

35

0,0039348729

0,0010483273

36

0,0041784741

0,0011163161

37

0,0044493232

0,0011944894

38

0,0047483920

0,0012837138

39

0,0050708321

0,0013820340

40

0,0054208771

0,0014874267

41

0,0057993651

0,0016000204

42

0,0062130588

0,0017212900

43

0,0066625747

0,0018544187

44

0,0071474184

0,0020023703

45

0,0076680100

0,0021676861

46

0,0082244930

0,0023516809

47

0,0088216652

0,0025538640

48

0,0094584171

0,0027714017

49

0,0101280734

0,0030039882

50

0,0108212272

0,0032509632

51

0,0115228363

0,0035141552

52

0,0122233730

0,0037896536

53

0,0129133803

0,0040738105

54

0,0135955053

0,0043618174

55

0,0142859526

0,0046536866

56

0,0150084234

0,0049548709

57

0,0157948684

0,0052740418

58

0,0166676936

0,0056276768

59

0,0176400368

0,0060313270

60

0,0187181346

0,0065036410

61

0,0199037048

0,0070585173

62

0,0212196935

0,0077140411

63

0,0226839310

0,0084825984

64

0,0243147043

0,0093742669

65

0,0261183219

0,0103971349

66

0,0280940488

0,0115659366

67

0,0302425933

0,0129055099

68

0,0325700636

0,0144510322


Жасы

Ерлер

Әйелдер

69

0,0350858599

0,0162382933

70

0,0378016624

0,0182951136

71

0,0407143335

0,0206292088

72

0,0438107362

0,0232341066

73

0,0470696180

0,0260982484

74

0,0504811467

0,0292280131

75

0,0540616273

0,0326530238

76

0,0578665497

0,0364307871

77

0,0619843680

0,0406359180

78

0,0664916973

0,0453425305

79

0,0714740982

0,0506171641

80

0,0769774599

0,0565051459

81

0,0830319346

0,0630317637

82

0,0896147271

0,0702018558

83

0,0966845108

0,0779949274

84

0,1042579696

0,0864008004

85

0,1122879396

0,0954219949

86

0,1207280202

0,1050267964

87

0,1295129290

0,1151705866

88

0,1385844507

0,1258039246

89

0,1481204333

0,1369032122

90

0,1582202894

0,1485338001

91

0,1691737115

0,1610224830

92

0,1809266576

0,1738000217

93

0,1934419461

0,1871487399

94

0,2065024009

0,2007375293

95

0,2203274393

0,2150498902

96

0,2350011690

0,2300562069

97

0,2507578103

0,2455860090

98

0,2673864944

0,2613597427

99

0,2847965003

0,2771617489

100

0,3046228561

0,2955023955

101

0,3275264532

0,3170455227

102

0,3549860330

0,3437003847

103

0,3868036658

0,3745180950

104

0,4235753219

0,4101464523

105

0,4660173959

0,4516534218

106

0,5147843396

0,5000418052

107

0,5634808009

0,5490524338

108

0,6239580347

0,6110982356

109

0,7883509815

0,7810056771

110

1,0000000000

1,0000000000

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 242 қаулысына   
2-қосымша       

Жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге
жұмсалатын сақтандыру ұйымы шығыстарының жол берілетін деңгейі

      Жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру төлемдерінің мөлшерін анықтаған кезде сақтандыру ұйымының іс жүргізуге жұмсалатын комиссиялық сыйақыны қоса алғандағы шығыстары біржолғы төлемі шегерілген сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің 3 (үш) пайызынан және әрбір сақтандыру төлемінің 3 (үш) пайызынан аспайды.
      Нақты төленген комиссиялық сыйақының мөлшері зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін анықтаған кезде есептелген комиссиялық сыйақының мөлшерінен артық болмайды.
      Зейнетақы аннуитеті шарты мерзімнен бұрын тоқтатылған жағдайда сақтандыру ұйымының іс жүргізуге жұмсалатын комиссиялық сыйақыны қоса алғандағы шығыстары біржолғы төлемі шегерілген сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің 3 (үш) пайызынан және жүзеге асырылған сақтандыру төлемінің 3 (үш) пайызынан аспайды.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 242 қаулысына    
3-қосымша        

1-нысан

Зейнетақы аннуитеті үлгі шарты

(«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
59-бабының 12 және 4-тармақтарында аталған тұлғалар үшін)

      20___ж. «__»________                        №______________

Сақтандыру ұйымы _________________________________________________,
            (сақтандыру ұйымының толық атауы және орналасқан жері)
бұдан әрі – «Сақтандырушы» деп аталады, Жарғы және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) «өмірді сақтандыру» саласы бойынша «аннуитеттік сақтандыру» сыныбы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берген 200__ жылғы «____» ___________ №______ Лицензия, Сақтандырушы бекіткен «аннуитеттік сақтандыру» сыныбы бойынша сақтандыру қағидалары негізінде іс-әрекет жасайтын
_____________________________________________________________________
        (лауазымы, тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)
арқылы бір жағынан, және азамат _____________________________________
                 (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, туылған күні,
____________________________________________________________________,
    Жеке куәлігі (паспорт) сериясы __№__, берілген күні, кім берді),
бұдан әрі – «Сақтанушы» деп аталады, екінші жағынан, бірлесіп «Тараптар» деп аталады, осымен Зейнетақы аннуитеті шартын (бұдан әрі – Шарт) мына төмендегілер жайында жасады:

1. Шарттың мәні

      1.1. Сақтанушы Шартқа сәйкес сақтандыру сыйлықақысы сомасын Сақтандырушыға беруге міндеттенеді, ал Сақтандырушы сақтандыру төлемдерін Сақтанушының пайдасына өмір бойы жүзеге асыруға міндеттенеді.

2. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу және сақтандыру
төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен талаптары

      2.1. Сақтанушының сақтандыру сыйлықақысының мөлшері _______________ теңгені құрайды, оның ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы _____ теңге, зейнетақы жинақтарының ___% құрайды.
      2.2. Сақтандырушыға сақтандыру сыйлықақысын төлеу біржолғы төлеммен және толық көлемде жүзеге асырылады.
      2.3. Сақтандыру төлемі «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5963-баптарына сәйкес _______________________________________________ мерзімділікпен
            (ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жарты жылдық, жылдық)
айдың _____________________ _____ күніне дейін жүзеге асырылады.
      Бірінші сақтандыру төлемі Сақтандырушыға зейнетақы жинақтарын аударған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады.
      2.4. Шарттың 2.3-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын мерзімдік сақтандыру төлемінің мөлшері _____________ теңгені құрайды.
      2.5. Бір жолғы сақтандыру төлемінің мөлшері (бар болса) ____________ Сақтандырушыға аударылатын зейнетақы жинақтарының сомасына байланысты мынадай:
      2.5.1. егер аударылатын зейнетақы жинақтарының сомасы Шарт жасалған күні қолданыста болған тиісті қаржы жылында арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 7 000 еселенген мөлшерінен аспаса, сақтандыру сыйлықақысы сомасының он пайызынан астам емес;
      2.5.2. егер аударылатын зейнетақы жинақтарының сомасы Шарт жасалған күні қолданыста болған тиісті қаржы жылында арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 7 000 еселенген мөлшерінен асса, бірақ айлық есептік көрсеткіштің 15 000 еселенген мөлшерінен артық болмаса, сақтандыру сыйлықақысы сомасының 20 пайызынан астам емес;
      2.5.3. егер аударылатын зейнетақы жинақтарының сомасы Шарт жасалған күні қолданыста болған тиісті қаржы жылында арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15 000 еселенген мөлшерінен асса, сақтандыру сыйлықақысы сомасының отыз пайызынан астам емес мөлшерде белгіленеді.
      Салымшы Шартты жасағаннан кейін қалған не жаңадан қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын жинақтаушы зейнетақы қорынан ішінара немесе толық аударған кезде Сақтандырушыға бір жолғы сақтандыру төлемін жүзеге асыруға жол берілмейді.
      2.6. Индекстеу мөлшерлемесінің мөлшері _____% құрайды. Зейнетақы аннуитеті бойынша төлемдер индекстеу мөлшерлемесінің мөлшеріне жыл сайын өсіріледі. Индекстеу ескерілген сақтандыру төлемдері мөлшерінің өзгерістері «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының 12 және 4-тармақтарында көрсетілген Зейнетақы аннуитеті үлгі шартының 1-қосымшасына сәйкес Шарттың қосымшасында Сақтандыру төлемдерінің кестесі түрінде көрсетіледі.
      2.7. Кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін (бар болса) жүзеге асыру кезеңі _____ жыл құрайды, 20__ жылғы «___»______ бастап 20__ жылғы «___»______ дейін.
      2.8. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру кезінде Сақтандырушы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіпте төлем көзінен салық салынатын Сақтанушының кірісінен есептелген салық сомасын ұстап қалады.
      2.9. Сақтандырушы сақтандыру төлемін Сақтанушының Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде ашылған банк шотына аударады. Сақтандыру төлемдері сомаларын аударумен, есепке алумен және төлеумен байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу Сақтандырушының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      2.10. Сақтанушы қайтыс болған жағдайда, Сақтандырушы отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға ________ теңге мөлшерінде, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15 еселенген мөлшерінен кем емес жерлеуге арналған жәрдемақы түріндегі сақтандыру төлемін жүзеге асырады.
      2.11. Сақтанушы қайтыс болған жағдайда оның мирасқорларының Шартта көзделген, Сақтандырушы төлемеген кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін, сақтанушы оларды тірі кезінде толық көлемде алмаған не алмаған жағдайда, алуға құқығы бар.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      3.1. Сақтанушы:
      3.1.1. Сақтандырушы жүргізген сақтандыру төлемдерінің есебімен танысуға;
      3.1.2. Сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері мөлшерінің есебін жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды тартуға;
      3.1.3. Шартты жоғалтқан жағдайда оның көшірмесін алуға;
      3.1.4. Шартты жасау үшін және Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары сомасы жеткіліксіз болса, ерікті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ ақшаны пайдалануға құқылы.
      3.2. Сақтанушы:
      3.2.1. Шарт жасалған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын Шарттың түпнұсқасын бере отырып, хабардар етуге;
      3.2.2. Шарт мерзімнен бұрын тоқтатылған кезде, басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Сақтандырушыға жаңа зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасын бере отырып, Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан бір жақты тәртіппен бас тартуға міндетті.
      3.3. Сақтандырушы:
      3.3.1. Сақтанушыны сақтандыру төлемдері мөлшерінің есебімен таныстыруға;
      3.3.2. Шартты үш данада ресімдеуге, оның екеуі Сақтанушыға беріледі;
      3.3.3. басқа сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасын алған сәттен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде сатып алу сомасын осы зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген сақтандыру ұйымына аударуға;
      3.3.4. Шартта көзделген сақтандыру төлемдерін уақтылы жүзеге асырмаған кезде Сақтанушыға әрбір кешіктірілген күнге төленбеген соманың 1,5 пайызы мөлшерінде өсімпұл төлеуге;
      3.3.5. Сақтанушы қайтыс болған жағдайда, отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға Шартта белгіленген мөлшерде, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15 еселенген мөлшерінен кем емес жерлеуге арналған жәрдемақы түріндегі сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.

4. Міндеттемелерін орындамаған жағдайдағы Тараптардың
жауапкершілігі

      4.1. Егер Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамау не тиісінше орындамау еңсерілмейтін күш жағдайларының: су тасқыны, жер сілкінісі, табиғат апаты, қоршау, ереуіл, әскери іс-қимылдары, террорлық актілер және өзге де Тараптар алдын ала болжай алмаған және Шарттың орындалуына тікелей әсер еткен басқа жағдайлар басталуының салдары болып табылғанда, Тараптар ол үшін жауапкершіктен босатылады.
      4.2. Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндігі болмаған Тарап, дереу, бірақ күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей, басқа Тарапқа Шарттың 4.1-тармағында көрсетілген жағдайлардың басталғаны туралы хабарлайды.

5. Басқа да талаптар

      5.1. Шарт Сақтанушының жазбаша өтініші негізінде жасалады.
      5.2. Шарт Сақтандырушыға зейнетақы жинақтары сомасын аударған сәттен бастап күшіне енеді және Тараптар үшін міндетті болып табылады.
      5.3. Шартты жасау үшін зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда:
      5.3.1. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысының жетіспейтін бөлігін Шарт жасалған күнінен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей Сақтандырушыға төлейді;
      5.3.2. Сақтанушы Сақтандырушыға сақтандыру сыйлықақысының жетіспейтін бөлігін меншікті ақшасы есебінен төлегеннен кейін Сақтанушы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын Шарттың бір түпнұсқалық данасын ұсына отырып, Шарт жасалған күннен кейінгі күнтізбелік он күн ішінде хабардар етеді. Хабарлама еркін нысанда ресімделеді.
      5.4. Сақтанушы, зейнетақы жинақтары сомасының жеткіліктілігі туралы ақпаратты қамтитын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша қорытынды Зейнетақы аннуитеті үлгі шартына («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының 12 және 4-тармақтарында аталған тұлғалар үшін) 2-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
      5.5. Шарт _______________ қолданыста болады.
      5.6. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісіммен ресімделеді және оған Тараптар қол қояды.
      5.7. Шарт заңды күші бірдей __ данада, __ данасы мемлекеттік тілде және __ данасы орыс тілінде жасалды.
      5.8. Шарт жасаған адам ол жасалған күнінен бастап оны екі жыл бойы бұзуға құқылы емес.
      Шартты басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жас ау талабымен мерзімнен бұрын тоқтатуға болады. Шартты мерзімнен бұрын тоқтатқан кезде онда көзделген сатып алу сомасы төленген сақтандыру сыйлықақысының жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері сомасы мен Сақтандырушының іс жүргізуге жұмсалған шығыстары шегерілген сомасынан кем болмауы тиіс.
      Жаңадан жасалған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасау күні қолданыстағы зейнетақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауы тиіс.
      5.9. Шарт мерзімнен бұрын тоқтатылған кезде комиссиялық сыйақыны қоса алғанда Сақтандырушының іс жүргізуге арналған шығыстары біржолғы төлемі шегерілген сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің 3 (үш) пайызынан және жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерінің 3 (үш) пайызынан аспайды.

6. Дауларды шешу тәртібі

      6.1. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау барысында келіспеушіліктер туындаған кезде Тараптар оларды соттан тыс тәртібімен реттеу үшін барлық қажетті шаралар қабылдауға міндетті.
      6.2. Егер Тараптар келісімге келмесе даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта қаралады.

7. Тараптардың деректемелері және қолдары

САҚТАНДЫРУШЫ

_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________

САҚТАНУШЫ

_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________

(Сақтандырушының, филиалдың
атауы, мекенжайы, телефон, банк
деректемелері (банктің атауы,
ағымдағы шоттың №)
_______________________________
(Сақтандырушы өкілінің қолы)
Күні_________________________
Мөр орны

(Тегі, аты, бар болса -
әкесінің аты, мекенжайы,
телефондары)
ЖСН___________________
банк деректемелері
(банктің атауы, шоттың №)
_______________________________
(Сақтанушының қолы)
Күні __________________________

Зейнетақы аннуитеті үлгі шартына  
(«Қазақстан Республикасында зейнетақымен
қамсыздандыру туралы» Қазақстан  
Республикасы Заңының       
59-бабының 1, 2 және 4-тармақтарында
аталған тұлғалар үшін)      
1-қосымша              

Сақтандыру төлемдері кестесі

Төлеу күні

Мерзімдік сақтандыру төлемінің мөлшері (теңге)

















Актуарийдің қолы _____________

Зейнетақы аннуитеті үлгі шартына  
(«Қазақстан Республикасында зейнетақымен
қамсыздандыру туралы» Қазақстан  
Республикасы Заңының       
59-бабының 1, 2 және 4-тармақтарында
аталған тұлғалар үшін)      
2-қосымша              

20 __ ж. «___» ________ № __________ зейнетақы аннуитеті
шартына қорытынды

Сақтанушы (аннуитент) туралы ақпарат

Тегі, аты, бар болса - әкесінің аты


Туылған күні/жасы


Жынысы


Зейнетақы аннуитеті шартын жасау негіздемесі


Сақтандыру сыйлықақысының сомасы


Біржолғы төлемнің мөлшері

(бар болса)


Аннуитет төлемдерін жүзеге асыру мерзімі


Кепілдік берілген аннуитеттік төлемдердің жүзеге асыру мерзімі (бар болған жағдайда)

20 __ ж. «__» ________ бастап
20 __ ж. «__» ________ дейін

Кірістіліктің тиімді жылдық пайыздық мөлшерлемесі


Ағымдағы құн факторы


Кепілдік берілген сақтандыру төлемдері ескерілген ағымдағы құн факторы (бар болса)


Индекстеу мөлшерлемесінің мөлшері


Бірінші мерзімдік сақтандыру төлемінің мөлшері


Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін зейнетақы жинақтарының жеткілікті сомасы


      «Зейнетақы аннуитеті шартын жасау негіздемесі» бағанында зейнетақы аннуитеті шартын жасауға негіз болған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормасын (нормаларын) көрсету қажет

Күні ___________________

Актуарий, қолы ______________________

Заң бөлімшесі, қолы ______________________

Бөлімше басшысы, қолы ______________________

                                                              2-нысан

Зейнетақы аннуитеті үлгі шарты
(«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының
59-бабының 3-тармағында аталған тұлғалар үшін)

20___ж. «__»________                                  №______________

Сақтандыру ұйымы ___________________________________________________,
            (сақтандыру ұйымының толық атауы және орналасқан жері)
бұдан әрі – «Сақтандырушы» деп аталады, Жарғы және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) «өмірді сақтандыру» саласы бойынша «аннуитеттік сақтандыру» сыныбы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берген 200__ жылғы «____» ___________ №______ Лицензия, Сақтандырушы бекіткен «аннуитеттік сақтандыру» сыныбы бойынша сақтандыру қағидалары негізінде іс-әрекет жасайтын
_____________________________________________________________________
      (лауазымы, тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)
арқылы бір жағынан, және азамат _____________________________________
                  (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, туылған күні, ____________________________________________________________________,
  Жеке куәлігі (паспорт) сериясы __ № __, берілген күні, кім берді),

бұдан әрі – «Сақтанушы» деп аталады, екінші жағынан, бірлесіп «Тараптар» деп аталады, осымен Зейнетақы аннуитеті шартын (бұдан әрі – Шарт) мына төмендегілер жайында жасады:

1. Шарттың мәні

       1.1. Сақтанушы Шартқа сәйкес өзінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының елу пайызынан артық емес мөлшердегі соманы Сақтандырушыға беруге міндеттенеді, ал Сақтандырушы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көрсетілген жасқа жеткенге дейінгі мерзімге Сақтанушының пайдасына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенеді.

2. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу және сақтандыру
төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен талаптары

      2.1. Сақтанушының сақтандыру сыйлықақысының (зейнетақы жинақтарының) мөлшері ____ теңге, зейнетақы жинақтарының ___% құрайды.
      2.2. Сақтандырушыға сақтандыру сыйлықақысын төлеу біржолғы төлеммен және толық көлемде төлеуді жүзеге асырылады
      2.3. Сақтандыру төлемі «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5963-баптарына сәйкес _______________________________________________ мерзімділікпен
      (ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жарты жылдық, жылдық)
айдың _____________________ _____ күніне дейін жүзеге асырылады.
      Бірінші сақтандыру төлемі Сақтандырушыға зейнетақы жинақтарын аударған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады.
      2.4. Шарттың 2.3-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын мерзімдік сақтандыру төлемінің мөлшері _____________ теңгені құрайды.
      2.5. Бір жолғы сақтандыру төлемінің мөлшері (бар болса) ____________ Сақтандырушыға аударылатын зейнетақы жинақтарының сомасына байланысты мынадай:
      2.5.1. егер аударылатын зейнетақы жинақтарының сомасы Шарт жасалған күні қолданыста болған тиісті қаржы жылында арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 7 000 еселенген мөлшерінен аспаса, сақтандыру сыйлықақысы сомасының 10 пайызынан астам емес;
      2.5.2. егер аударылатын зейнетақы жинақтарының сомасы Шарт жасалған күні қолданыста болған тиісті қаржы жылында арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 7 000 еселенген мөлшерінен асса, бірақ айлық есептік көрсеткіштің 15 000 еселенген мөлшерінен артық болмаса, сақтандыру сыйлықақысы сомасының 20 пайызынан астам емес;
      2.5.3. егер аударылатын зейнетақы жинақтарының сомасы Шарт жасалған күні қолданыста болған тиісті қаржы жылында арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15 000 еселенген мөлшерінен асса, сақтандыру сыйлықақысы сомасының 30 пайызынан астам емес мөлшерде белгіленеді.
      Салымшы Шартты жасағаннан кейін қалған не жаңадан қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын жинақтаушы зейнетақы қорынан ішінара немесе толық аударған кезде Сақтандырушыға бір жолғы сақтандыру төлемін жүзеге асыруға жол берілмейді.
      2.6. Индекстеу мөлшерлемесінің мөлшері _____% құрайды. Зейнетақы аннуитеті бойынша төлемдер индекстеу мөлшерлемесінің мөлшеріне жыл сайын өсіріледі. Индекстеу ескерілген сақтандыру төлемдері мөлшерінің өзгерістері «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының 3-тармағында көрсетілген Зейнетақы аннуитеті үлгі шартының 1-қосымшасына сәйкес Шарттың қосымшасында Сақтандыру төлемдерінің кестесі түрінде көрсетіледі.
      2.7. Кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін (бар болса) жүзеге асыру кезеңі _____ жыл құрайды, 20 __ жылғы «___»______ бастап 20 ___ жылғы «___»______ дейін.
      2.8. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру кезінде Сақтандырушы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіпте төлем көзінен салық салынатын Сақтанушының кірісінен есептелген салық сомасын ұстап қалады.
      2.9. Сақтандырушы сақтандыру төлемін Сақтанушының Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде ашылған банк шотына аударады. Сақтандыру төлемдері сомаларын аударумен, есепке алумен және төлеумен байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу Сақтандырушының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      2.10. Сақтанушы қайтыс болған жағдайда, Сақтандырушы отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға ________ теңге мөлшерінде, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15 еселенген мөлшерінен кем емес жерлеуге арналған жәрдемақы түріндегі сақтандыру төлемін жүзеге асырады.
      2.11. Сақтанушы қайтыс болған жағдайда оның мирасқорларының Шартта көзделген, Сақтандырушы төлемеген кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін, сақтанушы оларды тірі кезінде толық көлемде алмаған не алмаған жағдайда, алуға құқығы бар.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      3.1. Сақтанушы:
      3.1.1. Сақтандырушы жүргізген сақтандыру төлемдерінің есебімен танысуға;
      3.1.2. Сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері мөлшерінің есебін жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды тартуға;
      3.1.3. Шартты жоғалтқан жағдайда оның көшірмесін алуға құқылы.
      3.2. Сақтанушы:
      3.2.1. Шарт жасалған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын Шарттың түпнұсқасын бере отырып, хабардар етуге;
      3.2.2. Шарт мерзімнен бұрын тоқтатылған кезде, басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Сақтандырушыға жаңа зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасын бере отырып, Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан бір жақты тәртіппен бас тартуға міндетті.
      3.3. Сақтандырушы:
      3.3.1. Сақтанушыны сақтандыру төлемдері мөлшерінің есебімен таныстыруға;
      3.3.2. Шартты үш данада ресімдеуге, оның екеуі Сақтанушыға беріледі;
      3.3.3. басқа сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасын алған сәттен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде сатып алу сомасын осы зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген сақтандыру ұйымына аударуға;
      3.3.4. Шартта көзделген сақтандыру төлемдерін уақтылы жүзеге асырмаған кезде Сақтанушыға әрбір кешіктірілген күнге төленбеген соманың 1,5 пайызы мөлшерінде өсімпұл төлеуге;
      3.3.5. Сақтанушы қайтыс болған жағдайда, отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға Шартта белгіленген мөлшерде, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15 еселенген мөлшерінен кем емес жерлеуге арналған жәрдемақы түріндегі сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.

4. Міндеттемелерін орындамаған жағдайдағы Тараптардың
жауапкершілігі

      4.1. Егер Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамау не тиісінше орындамау еңсерілмейтін күш жағдайларының: су тасқыны, жер сілкінісі, табиғат апаты, қоршау, ереуіл, әскери іс-қимылдары, террорлық актілер және өзге де Тараптар алдын ала болжай алмаған және Шарттың орындалуына тікелей әсер еткен басқа жағдайлар басталуының салдары болып табылғанда, Тараптар ол үшін жауапкершіктен босатылады.
      4.2. Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндігі болмаған Тарап, дереу, бірақ күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей, басқа Тарапқа Шарттың 4.1-тармағында көрсетілген жағдайлардың басталғаны туралы хабарлайды.

5. Басқа да талаптар

      5.1. Шарт Сақтанушының жазбаша өтініші негізінде жасалады.
      5.2. Шарт Сақтандырушыға зейнетақы жинақтары сомасын аударған сәттен бастап күшіне енеді және Тараптар үшін міндетті болып табылады.
      5.3. Сақтанушы, зейнетақы жинақтары сомасының жеткіліктілігі туралы ақпаратты қамтитын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша қорытынды Зейнетақы аннуитеті үлгі шартына («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының 3-тармағына аталған тұлғалар үшін) 2-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
      5.4. Шарт _______________ қолданыста болады.
      5.5. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісіммен ресімделеді және оған Тараптар қол қояды.
      5.6. Шарт заңды күші бірдей __ данада, __ данасы мемлекеттік тілде және __ данасы орыс тілінде жасалды.
      5.7. Шарт жасаған адам ол жасалған күнінен бастап оны екі жыл бойы бұзуға құқылы емес.
      Шартты басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жас ау талабымен мерзімнен бұрын тоқтатуға болады. Шартты мерзімнен бұрын тоқтатқан кезде онда көзделген сатып алу сомасы төленген сақтандыру сыйлықақысының жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері сомасы мен Сақтандырушының іс жүргізуге жұмсалған шығыстары шегерілген сомасынан кем болмауы тиіс.
      5.8. Шарт мерзімнен бұрын тоқтатылған кезде комиссиялық сыйақыны қоса алғанда Сақтандырушының іс жүргізуге арналған шығыстары біржолғы төлемі шегерілген сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің 3 (үш) пайызынан және жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерінің 3 (үш) пайызынан аспайды.

6. Дауларды шешу тәртібі

      6.1. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау барысында келіспеушіліктер туындаған кезде Тараптар оларды соттан тыс тәртібімен реттеу үшін барлық қажетті шаралар қабылдауға міндетті.
      6.2. Егер Тараптар келісімге келмесе даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта қаралады.

7. Тараптардың деректемелері және қолдары

САҚТАНДЫРУШЫ

_______________________________
_______________________________
_______________________________

САҚТАНУШЫ

_______________________________
_______________________________
_______________________________

(Сақтандырушының, филиалдың
атауы, мекенжайы, телефон, банк
деректемелері (банктің атауы,
ағымдағы шоттың №)
_____________________________
(Сақтандырушы өкілінің қолы)
Күні __________________________
Мөр орны

(Тегі, аты, бар болса -
әкесінің аты, мекенжайы,
телефондары) ЖСН
__________________________
банк деректемелері
(банктің атауы, шоттың №)
______________________________
(Сақтанушының қолы)
Күні __________________________

Зейнетақы аннуитеті үлгі шартына  
(«Қазақстан Республикасында зейнетақымен
қамсыздандыру туралы» Қазақстан  
Республикасы Заңының      
59-бабының 3-тармағында    
аталған тұлғалар үшін)    
1-қосымша           

Сақтандыру төлемдері кестесі

Төлеу күні

Мерзімдік сақтандыру төлемінің мөлшері (теңге)

































Актуарийдің қолы _____________

Зейнетақы аннуитеті үлгі шартына  
(«Қазақстан Республикасында зейнетақымен
қамсыздандыру туралы» Қазақстан  
Республикасы Заңының      
59-бабының 3-тармағында    
аталған тұлғалар үшін)    
2-қосымша           

20__ж. «___»________№__________зейнетақы аннуитеті шартына
қорытынды

Сақтанушы (аннуитент) туралы ақпарат

Тегі, аты, бар болса - әкесінің аты



Туылған күні/жасы



Жынысы



Зейнетақы аннуитеті шартын жасау негіздемесі



Сақтандыру сыйлықақысының сомасы



Біржолғы төлемнің мөлшері (бар болса)



Аннуитет төлемдерін жүзеге асыру мерзімі



Кепілдік берілген аннуитеттік төлемдердің жүзеге асыру мерзімі (бар болған жағдайда)

20 __ ж. «__»________бастап
20 __ ж. «__»________дейін

Кірістіліктің тиімді жылдық пайыздық мөлшерлемесі



Ағымдағы құн факторы



Кепілдік берілген сақтандыру төлемдері ескерілген ағымдағы құн факторы (бар болса)



Индекстеу мөлшерлемесінің мөлшері



Бірінші мерзімдік сақтандыру төлемінің мөлшері



Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін зейнетақы жинақтарының жеткілікті сомасы



      «Зейнетақы аннуитеті шартын жасау негіздемесі» бағанында зейнетақы аннуитеті шартын жасауға негіз болған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормасын (нормаларын) көрсету қажет

Күні ___________________

Актуарий, қолы ______________________

Заң бөлімшесі, қолы ______________________

Бөлімше басшысы, қолы ______________________

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 242 қаулысына   
4-қосымша       

Күші жойылған Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамсыздандыру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 25 шілдедегі № 249 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2462 тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамсыздандыру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 25 шілдедегі № 249 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 29 қаңтардағы № 15 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3483 тіркелген).
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 4-тармағы.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымдарының зейнетақымен қамсыздандыру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 25 шілдедегі № 249 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 183 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4826 тіркелген, 2007 жылғы 24 тамызда «Заң газеті» газетінде № 130 (1333) жарияланды).
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымдарының зейнетақымен қамсыздандыру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 25 шілдедегі № 249 қаулысының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын аудару ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 240 қаулысының кейбір тармақтарының қолданылуын тоқтата тұру туралы» 2013 жылғы 25 ақпандағы № 77 Қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8410 тіркелген, 2013 жылғы 1 шілдеде «Егемен Қазақстан» газетінде № 139 (28078) жарияланған) 1-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады