Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 733 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 18 қазанда № 8824 тіркелді.

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса берілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және оны мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Жұмағалиев


  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2013 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 733 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Әуе кемелерiн есептен шығару қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 9 наурыздағы № 123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 6868 болып тіркелді, "Егемен газеті" 2011 жылғы 10 қыркүйектегі № 425-430 (26823) жарияланған) мынадай өзгеріс:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе кемелерiн есептен шығару қағидасында:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Уәкiлеттi орган ұсынылған құжаттардың негiзiнде әуе кемесiн есептен шығаруға құжаттарды қабылдаған сәттен бастап күнтiзбелiк 15 күннiң iшiнде шешiм қабылдайды, әуе кемесiн Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен шығарады. Әуе кемесiн пайдаланушыға (меншiк иесiне) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен шығарылғаны туралы куәлiктi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 613 "Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, сондай-ақ оларға арналған құқықтарды куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы" (мемлекеттiк нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде № 8020 тiркелген) бұйрығымен бекiтiлген нысанда бередi.";

      2. "Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 7006 болып тіркелген, "Заң газеті" 2011 жылғы 26 шілдедегі № 105 (1921), 27 шілдедегі № 106 (1922), 28 шілдедегі № 107 (1923), 29 шілдедегі № 108 (1924) жарияланған) мынадай өзгеріс:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөнiндегi нұсқаулықта:

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. ӘҚҚ органдары нақты және болжамды метеорологиялық жағдайлар, сондай-ақ қолда бар функцияларды олардың, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1768 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес орындауы үшiн қажеттi вулканикалық қызмет туралы соңғы ақпаратпен қамтамасыз етедi.";

      3. "Авиациялық персонал куәлiгi берiлетiн адамдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 7058 болып тіркелген, "Казахстанская правда" 2011 жылғы 10 тамыздағы № 251 (26672) жарияланған) мынадай өзгеріс:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық персонал куәлiгi берiлетiн адамдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарында:

      80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Авиациялық метеорология төмендегіні қамтиды:

      авиациялық метеорологияның негiзгi теориялық мәселелерi;

      авиацияны метеорологиялық қамтамасыз етудi регламенттейтiн құжаттардың негiзгi ережелерi;

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1768 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес әзiрленген әуеайлақта ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету нұсқаулығы;

      метеорологиялық байқаулар мен жиынтықтар;

      әуе кемелерiнiң бортынан байқау және хабарлау;

      ауа райы болжамдары;

      қауiптi метеорологиялық жағдайлар мен ауа-райы құбылыстары туралы ескертулер;

      ауа райының авиациялық карталары;

      әуедегi ӘК экипаждарын метеоақпаратпен қамтамасыз ету.";

      4. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.07.2017 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады