"Кемелерді жөндеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 201 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 766 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 қазанда № 8842 тіркелді

      «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шілдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Кемелерді жөндеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 201 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6938 болып тіркелді, «Заң газеті» 2011 жылғы 21 маусым, № 86 (1902) жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелерді жөндеу қағидасын:
      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «30. Жөндеуге қою алдында кеменi «Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1682 қаулысымен бекiтiлген Өрт қауiпсiздiгi қағидаларының (бұдан әрi – Өрт қауiпсiздiгi қағидалары) талаптарына сәйкес дәнекерлеу және басқа от қауiпi бар жұмыстарды жүргiзудiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жай-күйге келтiредi.».
      2. Су көлігі департаменті (Қ.Н. Тілепов):
      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркелуі туралы және бұқаралық ақпарат құралында жариялануға жіберілуі туралы мәліметтерді Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің вице-министрі А.Ғ.Бектұровға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Жұмағалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады