"Әуе кемелерiнiң халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 27 қазанындағы № 651 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 771 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 29 қазанда № 8859 тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Әуе кемелерiнiң халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 651 (нормативтік құқықтық актілерінің реестрінде № 7313 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2012 жылдың 5 мамырдағы № 128-129(26947-26948) жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе кемелерiнiң халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидасында:
      3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) авиакассалармен, тіркеу тағандарымен, тіркеу, күту, ұшу және ұшып келу залдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, оның ішінде мүгедектер мен халықтың баяу қимылдайтын топтары үшін арнайы жабдықталған үй-жайлар (өтетін және шығатын жолдар қолжетімді болуы тиіс және пандустармен, арнайы бейімделген лифтілермен жабдықталуға тиіс), ана мен бала бөлмесі, ақпараттық қызмет көрсету объектілері, медициналық пункт, жоғалған заттарды табу бюросымен жарақталған аэровокзал болуға тиіс, «Кеден одағының кеден аумағына тауарларды әкелу және осы аумақтан әкету орындарында қос дәлiз жүйесiн жайластыруға қолданылатын талаптар туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 259 шешiмiмен белгiленген талаптарға сәйкес оқшауланған және қос дәлiз жүйесiмен жабдықталған «ұшу», «қону» залдары, сондай-ақ халықаралық қатынастар үшiн ашық әуежайлардағы «қызыл» және «жасыл» дәлiздер басқа дәлiздер бойынша жүретiн адамдарды бақылауды болдырмайтын тәсiлмен бөлiнген болуы және кеден одағына мүше мемлекеттiң мемлекеттiк тiлiнде, орысша және ағылшын тiлдерiнде «Кеден» және «Сustoms» деген жазулармен белгiленуi тиiс, әуежайда орналасқан әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң, кеден, шекара органдарының және санитарлық-карантиндiк бақылау органдарының тiркеу, ресiмдеу және қарап тексеру жүргiзуi үшiн арнайы бөлiнген залы мен бизнес-залы;».
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден соң, бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
      3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Жұмағалиев

      «КЕЛIСIЛГЕН»                     «КЕЛIСIЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының
      Iшкi iстер министрi              Денсаулық сақтау министрi
      _____________ Қ.Н. Қасымов       __________ С.З. Қайырбекова
      2013 жылғы «___» __________      2013 жылғы «___» __________

      «КЕЛIСIЛГЕН»                     «КЕЛIСIЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы           Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі                   Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
      ____________ Б.Б. Жәмішев        Шекара қызметінің директоры
      2013 жылғы «___» __________      __________ Н.А. Жоламанов
                                       2013 жылғы 28 қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады