"Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 12 қазандағы № 481 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 қарашада № 8896 тіркелді

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 116-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2010 жылғы 25 тамызда Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне № 6443 болып тіркелген, 2010 жылғы 14 қыркүйектегі, 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 370-371, 374-375 (26214, 26218) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiнде:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша өз жүйесінің мемлекеттік мекемелерінде олардың қызметінің ерекшелігін ескере отырып және мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізуді және есеп саясатын сақтай отырып, бухгалтерлік есеп жөніндегі жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулар беруі мүмкін.»;
      19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Материалдық жауапты тұлғалар алғашқы құжаттарды екі данада жасалатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7126 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары альбомының (бұдан әрі – Нысандар альбомы) 442-нысанына сәйкес құжаттарды беруді тізілімге алу кезінде (кіріс және шығыс құжаттары бойынша жеке толтырылады) екі данада тауар-материалдық құндылықтардың кірісі және шығысы бойынша алғашқы құжаттарды ұсынады. Материалдық жауапты тұлғаның қатысуында ұсынылған алғашқы құжаттардың рәсімделуінің дұрыстығы өткізілгеннен кейін тізілімнің бір данасы бас бухгалтердің қолымен материалдық жауапты тұлғаға қайтарылады, екінші дана бухгалтерлік қызмет істерінде қалады.»;
      21-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-мемориалды ордер – 381 нысандар альбомында ақылы қызметтердің қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі - ҚБШ), демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ, ақша қаражатын уақытша орналастыру ҚБШ, шетел валютасындағы шоттағы және сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттарындағы ақша қаражатын есепке алу жөніндегі жинақтау ведомості; жергілікті өзін өзі басқару ҚБШ, нысаналы қаржыландыру ҚБШ;»;
      25-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мемориалды ордердегі қатеден туындаған бухгалтерлік балансты ұсыну сәтіне дейін анықталған қате сипатына қарай қосымша мемориалды ордермен немесе «Қызыл сторно» тәсілі бойынша түзетіледі. Қателерді түзету бойынша қосымша бухгалтерлік жазбалар, сондай-ақ «Қызыл сторно» тәсілімен жасалған түзетулер мемориалды ордерлермен рәсімделеді, оларда әдеттегі деректемелерден басқа осы мемориалды ордермен түзетілетін мемориалды ордердің нөміріне және күніне сілтеме жасалады.»;
      32-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қызметтің үздіксіздігі қағидаты мемлекеттік мекеме болашақта жұмыс істеуге ниетті екендігін, қызметті жою қажеттілігі немесе қызмет ауқымын анағұрлым қысқартуға болмайтынын білдіреді.»;
      42-тармақтың үшінші бөлігі алынып тасталсын;
      49-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «49. Кінәлі тұлғалардың есебінен жатқызылған, мемлекеттік мекеменің кассасындағы ақша қаражатының анықталған жетіспеушіліктерінің сомасы 1262 «Қызметкерлердің өзге есеп айырысу түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотының дебеті бойынша және 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 55-1, 55-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «55-1. 1044 қосалқы шотында «жергілікті өзін өзі басқару ҚБШ» қосалқы шотында Жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін өзі басқару туралы заңнамаға сәйкес жергілікті өзін өзі басқару функцияларын іске асыру үшін ақшалардың түсімдері мен шығыстары ескеріледі.
      Ақшалай қаражаттың түсімі жергілікті өзін өзі басқару ҚБШ 1044 «Жергілікті өзін өзі басқару ҚБШ» қосалқы шотының дебеті бойынша және 6080 «Айырбасталмаған операциялардан өзге шығыстар» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
      55-2. 1045 «Нысаналы қаржыландыру ҚБШ» қосалқы шотында бюджет қаражатын есептеу және оларды ерекше шығыстарды өткізуге пайдалану (нысаналы қаржыландыру шоты) ескеріледі.»;
      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «57. Шетел валютасын сатып алу кезінде 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» шоты дебеттеледі және 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» 1040 «Түсімдер мен есеп айырысуларды есепке алу үшін ҚБШ» және 1030 «Есеп айырысу шоты» шоттарының тиісті қосалқы шоттары кредиттеледі. Шотқа шетел валютасының түсуі мынадай жазбалармен көрсетіледі: 1050 «Шетелдік валютадағы шот» шотының дебеті, алынған шетел валютасының сомасына 1030 «Есеп айырысу шоты» және 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» шоты және комиссиялық алым сомасына 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шоты.»;
      62 және 63-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «62. 1072 «Ақша құжаттары» қосалқы шотында банкілік овердрафт және өзге де ақша құжаттары ескеріледі.
      63. 1073 «Жолдағы ақша қаражаты» қосалқы шотында жолда есептелетін ақша қаражаты ескеріледі.
      Осы шотта сондай-ақ шетелдік мекемелердің шығыстарын қаржыландыруға аударған, бірақ шетелдік мекемелерінің есеп шотына түспеген ақша қаражатының қозғалысы ескеріледі.
      Шетелдік мекеменің есеп шотына жолда есептелген сома түскен кезде мынадай жазба жүргізіледі: 1030 «Есеп айырысу шоты» қосалқы шотының дебеті, 1073 «Жолдағы ақша қаражаты» қосалқы шотының кредиті.»;
      74-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер мемлекеттік мекемеде бюджеттік шот бойынша, ақылы қызметтер ҚБШ бойынша, демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ бойынша және ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін өзі басқару ҚБШ бойынша, нысаналы қаржыландыру ҚБШ бойынша ақшалай операциялар болса, мемлекеттік мекемелерде кассалық операцияларды есепке алу кассалық кітапта Нысандар альбомының КО-4 немесе 440 нысаны бойынша жүргізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 78-1-тармақпен толықтырылсын:
      «78-1. 1044 «Жергілікті өзін өзі басқару ҚБШ» қосалқы шоты бойынша ақшалай қаражат қозғалы бойынша операцияларды есепке алу 5-20 «Қолма-қол ақшаның бақылау шотынан көшірме», 5-15 «Мемлекеттік мекеменің жүргізілген төлемдері бойынша күн сайынғы үзінді көшірме» нысандарының негізінде Нысандар альбомы (3 мемориалдық ордер) 381 нысаны бойынша жинақтаушы ведомостінде жүргізіледі. 1044 «Жергілікті өзін өзі басқару ҚБШ» қосалқы шоты бойынша талдамалы есепке алу үшін Нысандар альбомының 434-м/с нысаны пайдаланылады.»;
      82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «82. 1071 «Аккредитивтер» қосалқы шоты бойынша талдама есеп Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында (Нысандар альбомының 292 нысанды кітабында) әрбір ашылған аккредитив бойынша жүргізіледі.
      Ақша құжаттарының талдама есебі олардың түрлері бойынша Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында (292 нысанды кітапта), жүргізіледі.»;
      88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «88. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға немесе жарғылық капиталын толықтыруға бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бөлінген ақша қаражатын аударған кезде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 2120 «Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары» шотының дебеті және 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының тиісті қосалқы шоттарының кредиті бойынша жазба жүргізеді.»;
      мынадай мазмұндағы 88-1-тармақпен толықтырылсын:
      «88-1. Квазимемлекеттік сектор субъектілерін түзуге немесе толықтыруға бюджеттік бағдарламалар әкімшісі берген негізгі қаражатты бухгалтерлік есепте көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік мүлікті иелену бойынша уәкілетті органның шешімдері негізінде жүргізіледі.
      Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баланстық құны бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерін (мемлекеттік кәсіпорындарды) түзуге немесе толықтыруға негізгі қаражатты беру кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мынадай жазба жүргізеді:
      2120 «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» шотының дебеті 2300 «Негізгі құралдар» кіші бөлімі шоттарының кредиті;
      жинақталған амортизация сомасына:
      2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» қосалқы шотының дебеті және 2300 «Негізгі құралдар» шоттарының кредиті;
      бір мезгілде: есептен шығарылған негізгі құралдар бойынша күрделі салымдарды қаржыландырудың сомасын есептен шығару:
      5011 «Күрделі салымдарды қаржыландыру» шотының дебеті және 6020 «Күрделі салымдарды қаржыландырудан түсетін кірістер» шотының кредиті.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы жүргізген берілетін негізгі құралдарды бағалау нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алуға ақы төлеу үшін негізгі құралдарды беру кезінде жазбалар жүргізіледі.
      Негізгі құралдарды қайта бағалау (жете бағалау):
      2300 «Негізгі құралдар» шотының дебеті және 5111 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға резерв» қосалқы шотының кредиті;
      жинақталған амортизацияны түзету сомасына:
      5111 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға резерв» қосалқы шотының дебеті және 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» шотының кредиті.
      Негізгі құралдарды беру:
      2120 «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» шотының дебеті және 2300 «Негізгі құралдардың» кіші бөлімі шоттарының кредиті;
      жинақталған амортизация сомасына:
      2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» қосалқы шотының дебеті және 2300 «Негізгі құралдар» кіші бөлімі шоттарының кредиті;
      бір мезгілде: есептен шығарылған негізгі құралдар бойынша күрделі салымдарды қаржыландырудың сомасын есептен шығару:
      5011 «Күрделі салымдарды қаржыландыру» қосалқы шотының дебеті және 6020 «Күрделі салымдарды қаржыландырудан түсетін кірістер» шотының кредиті;
      негізгі құралдарды қайта бағалау бойынша резервті есептен шығару:
      5111 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға резерв» қосалқы шотының дебеті және 5220 «Алдағы жылдардағы қаржы нәтижесі» шотының кредиті.»;
      119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «119. 1210 «Бюджеттік төлемдер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының қосалқы шоттарында заңды тұлғаларға, оның ішінде шаруа (фермерлік) қожалықтарына трансферттер мен субсидиялар және жеке тұлғаларға трансферттер төлеу бойынша есеп айырысулар, сондай-ақ зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу бойынша есеп айырысулар көрсетіледі.
      Жеке тұлғаларға жоғарыда көрсетілген трансферттерді Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелер жүзеге асырады.
      3111 «Жеке тұлғаларға трансферттер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотында:
      әлеуметтік төлемдер және әлеуметтік көмек бойынша;
      жұмысшылар мен қызметшiлерге еңбек мiндеттерiн атқаруына байланысты мертiгiп қалған жағдайда немесе денсаулығына басқаша зақым келгенде олардың шеккен зиянын Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтеу бойынша;
      қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына біржолғы төлемдер бойынша;
      мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне, әскери (арнайы) оқу орындарының курсанттарына демалысқа кеткен кезде төленетін азық-түлік үлесінің орнына ақшалай өтемақы бойынша;
      әскери қызметшілерге тұрғын үйді ұстау бойынша шығыстарды және коммуналдық қызметтерді төлеуге берілетін ақшалай жәрдемақы;
      жеке тұлғаларға басқа трансферттер бойынша есеп айырысу көрсетіледі.
      Тиiстi жылға арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мөлшерде үй-жайды ұстау жөнiндегi шығыстарды және коммуналдық қызметтердi төлеуге ақшалай жәрдемақы алуға құқығы бар лауазымдар тiзбесiне сәйкес мемлекеттiк мекемелер өтемақы сомасын есептеудi жүргiзедi. Есеп айырысу-төлем ведомосi бойынша есептелген өтемақы сомасына мынадай жазба жүргiзiледi: 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотының дебетi және 3111 «Жеке тұлғаларға трансферттер бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредитi, өтемақы төлеу кезiнде - 3111 «Жеке тұлғаларға трансферттер бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебетi және 1081 «Жеке қаржыландыру жоспары бойынша мiндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» қосалқы шотының кредитi.
      Бюджеттік бағдарлама әкімшісі әлеуметтік төлемдер мен әлеуметтік көмекке жеке тұлғаларға трансферттер бойынша қаржыландыру түсімдері мынаны көрсетеді: 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті, 6030 «Трансферттер бойынша кірістер», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті, және 6030 «Трансферттер бойынша кірістер» шотының кредиті;
      жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдер мен әлеуметтік көмекке трансферттерді есептеу: 7210 «Трансферттер бойынша шығыстар» қосалқы шотының дебеті және 3111 «Жеке тұлғаларға трансферттер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті.
      Жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдер мен әлеуметтік көмекке трансферттерді аудару: 3111 «Жеке тұлғаларға трансферттер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шоттарының кредиті.»;
      мынадай мазмұндағы 121-1 тармақпен толықтырылсын:
      «121-1. Өткен жылдар трансферттерінің пайдаланылмаған сомасын бюджетке қайтару кезінде жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мынадай жазба жүргізеді: 7120 «Бюджетке төленетің төлем бойынша шығыстар» шотының дебеті және 3133 «Бюджет алдында өзге операциялар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешегі» шотының дебеті және бір мезгілде: 3133 «Бюджет алдында өзге операциялар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешегі» шотының дебеті және 1212 «Нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1213 «Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шоттарының кредиті.»;
      123-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Зейнетақы жарналары мен зейнетақы төлемдері бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаға аударлыған қаражат 1216 «Зейнетақы жарналары мен зейнетақы төлемдері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1081 «Қаржыландырудың жеке жоспары бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредиті бойынша есепке алынады. Зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу бойынша жүргізілген шығыстар 7220 «Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу бойынша шығыстар» шотының дебеті және 1216 «Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті бойынша есепке алынады.»;
      мынадай мазмұндағы 124-1 тармақпен толықтырылсын:
      «124-1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ұзақ мерзімді активтерді сатып алу үшін мемлекеттік кәсіпорындарды өтеусіз қаржыландыру бойынша операцияларды және күрделі сипаттағы шығындарды жүзеге асыруды шоттардың мынадай корреспонденцияларымен көрсетеді:
      ақшалай қаражатты аудару кезінде: 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының дебеті және 1081 «Қаржыландырудың жеке жоспары бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1091 «Қаржыландырудың жеке жоспары бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шоттарының кредиті;
      ақшалай қаражатты мақсатты пайдалану үшін мемлекеттік кәсіпорындардан тиісті растайтын құжаттарды алу кезінде: 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотының дебеті және 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының кредиті.»;
      мынадай мазмұндағы 157-1 тармақпен толықтырылсын:
      «157-1. Тұрғын үй қатынастары туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тұрғын үй төлемдерін есептеу 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотының дебеті және 3273 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
      Тұрғын үй төлемдерін қызметкердің арнайы шотына аудару кезінде жазба жүргізіледі: 3273 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының кредиті.
      Қызметкердің жеке шотына қателесіп аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтару 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының дебеті және 3273 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.»;
      161-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «161. Дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша талдама есеп есепке алу тіркелімдерінде (кітаптарда, көп бағанды карточкаларда, жинақтау ведомостерінде және басқа есепке алу тіркелімдерінде) Нысандар альбомының 292-а нысанды көп бағанды карточкаларында жүргізіледі.»;
      166-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «166. Нысандар альбомының 294 нысанды кітабында бағдарламалар мен шығыстардың жүргізіледі.»;
      186-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Есеп беретін тұлғаларының саны көп емес мемлекеттік мекемелерде есеп айырысулардың талдама есебі Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында есептілікке жауапты әр тұлға бойынша жүргізіледі.»;
      192-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «192. Персоналмен есеп айырысудың сараптама есебі Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында жүргізіледі.»;
      201-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «201. Жас төлдің төлдеуі мен қосылуынан басқа, ауылшаруашылық тағайындаудың биологиялық активтеріне жатпайтын қорлар бухгалтерлік есепте және сатып алуға, баға қосуға (үстеме бағаға), сыртқы экономикалық, жабдықтаушы, делдал кәсіпорындарға төленген комиссиялық сыйақыларға, тауар биржалары қызметінің құнына, кедендік баждарға, тасымалдау шығындарына, сақтау мен жеткізуге шығындарды ескере отырып анықталатын олардың нақты құны бойынша қаржылық есептілікте көрсетіледі. Сатып алуға шығындарды анықтау кезінде сауда жеңілдіктері, төлемдердің қайтарулары мен өзге ұқсас баптар алынып тасталады. Өзге шығындар қорлардың өзіндік құнына қорларды олардың қазіргі орналасқан жері мен жағдайына жеткізуге байланысты мөлшерде ғана қосылады.»;
      224-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қоймадан материалдарды беру мемлекеттік мекеме басшысы бекіткен құжаттар арқылы жүргізіледі. Материалдарды беру үшін мынадай құжаттар қолданылады:
      № 434-c нысаны бойынша жүкқұжат запастарды сыртқа беруді ресімдеу үшін жіберіледі. № 434-с-нысаны екі данада жасалады;
      № 434-з бойынша жүк құжат қорды қоймаға немесе қоймадан қабылдау немесе алуды, ішкі көшірілуін ресімдеу үшін қолданылады.
      № 434-з-нысаны екі данада жасалады;
      нысандар альбомының 299 нысанды тізім-талабы қоймадан тамақ өнімдерін беру үшін қолданылады. Тізім-талап күн сайын тамақ өнімдерін тарату нормалары негізінде және қанағаттанғандар саны туралы деректер негізінде жасалады.»;
      225-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «225. Материалдар мен отын алушы жинау картасының өзiндегi данасын көрсеткен кезде белгiленген лимит шегiнде берiледi. Белгiленген лимиттен тыс материалдарды бөлу Нысандар альбомының 434-қ нысанды жүкқұжаты бойынша жүргiзiледi.
      Қоймадан жүкқұжат немесе жинау картасы бойынша отын беру мүмкiн болмаған жағдайда, отын шығындарын есептен шығару қалдықтарды өлшеу актiсi бойынша жүзеге асырылады. Өлшеу актiсi бойынша шығынның белгiленген нормаларын салыстырғанда отын жетiспеген жағдайда мемлекеттiк мекеменiң басшысы артық жұмсау себептерiн анықтауға шаралар мен тиiстi жағдайда өндiрiп алу шараларын қолданады.
      Жол парағы автомобиль жанар және жағар май материалдың шығынға есептен шығару үшін қолданылады. Жанар және жағар май материалдар іс жүзіндегі шығын бойынша, бірақ автомобильдердің жеке түрлері үшін бекітілген нормалардан артық емес мөлшерде есептен шығарылады;
      Нысандар альбомының 1-т нысанды тауар-көлік жүкқұжаты жеке автомобильдерінде мемлекеттік мекеменің өз қажеттіліктері үшін жүктерді тасымалдау үшін қолданылады.
      Жанар және жағар май материалдарына талондар (1315 «Отын, ЖЖМ» қосалқы шоты) жүргізушіге мемлекеттік мекеме басшысының нұсқауы бойынша беріледі. Талондарды қайталап беру бұрын алынғаны үшін есеп тапсырғаннан кейін ғана жүргізілуі мүмкін.
      Әрбір түрі бойынша талондар мен жанар-жағар май материалдарын талдамалы есепке алу Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында, еңбек кітапшаларының бланкілерін есепке алу нысандар альбомының 449-нысанды кітабында жүргізіледі.»;
      236-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «өндірісте қолдану немесе тауарларды немесе қызметтерді жеткізу үшін, басқа тұлғаларға жалға беру үшін немесе әкімшілік үшін ұсталады;»;
      239-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «239. Резервтік жабдықтаудың және негізгі құралдар бір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылатыны күтілетін қосалқы бөлшектері, сондай-ақ тек негiзгi қаражаттардың объектілеріне байланысты қолданыла алатын қосалқы бөлшектер ескеріледі.»;
      244-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «244. Мемлекеттік мекеменің негізгі құралдарын, аяқталмаған құрылысын, негізгі құралдарын қайта бағалауға арналған резервті есепке алу үшін мынадай шоттар/қосалқы шоттар арналған:»;
      258-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын::
      «258. Амортизация төмендегі мынадай негізгі құралдардың объектілеріне есептелмейді:
      жерге;
      мәдени мұра активтеріне;
      жабдыққа, экспонаттарға, үлгілерге, әрекет етуші және әрекет етпейтін модельдерге, макеттерге және кабинеттер мен зертханалардағы және оқыту және ғылыми мақсаттар үшін пайдаланылатын басқа да көрнекі құралдарға;
      жұмысшы малға, буйволдарға, өгіздерге, ауылшаруашылық қызметке байланысты емес, пайдалану жасына жетпеген көп жылдық екпелерге;
      жануарлар әлемінің экспонаттарына (зообақтар және басқа ұқсас мемлекеттік мекемелерде);
      кітапханалық қорларға, киноқорға, сахналық-қойылым құралдарына, мұражайлық және көркем құндылықтарға;
      қару-жарақ пен әскери техникаға;
      арттехқару-жараққа;
      консервациялауға ауыстырылған активтерге.»;
      265-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «265. Амортизацияның белгiленген нормаларын пайдалана отырып негiзгi құралдар объектiлерiнiң амортизация сомасы негiзгi құралдардың бастапқы құнын (қайта есептелгендер үшiн – қайта бағаланған құнын) мемлекеттiк мекемелердiң ұзақ мерзiмдi активтер бойынша тозудың бекiтiлген жылдық нормаларына сүйене отырып анықталған ай сайынғы амортизация нормасына көбейту жолымен анықталады.
      Мемлекеттік мекемелердің ұзақ мерзiмдi активтер бойынша жылдық тозу нормаларында көзделмеген негізгі құралдар бойынша тозуды есептеу осыған ұқсас негізгі құралдарға (активтерге) тозу нормалары бойынша жүргізген жөн.»;
      275-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «275. Негізгі құралдар объектілерінің қалған құны немесе оны қолданудан немесе шығып қалуынан ешқандай болашақ экономикалық пайда немесе қызметтік әлеует күтілмесе баланстан шығып қалу ретінде есептен шығарылады. Негізгі құралдар объектілерінің шығып қалуы түрлі тәсілдермен, (сату, қайтарусыз тапсыру, тарату жолымен) өтуі мүмкін.
      2411 «Аяқталмаған құрылыс» қосалқы шоты бойынша ұзақ мерзімді активтерді қабылдау, беру, істен шығару, есептен шығару бойынша операциялар негізгі құралдар жөніндегі ұқсас операциялармен жүргізіледі.
      Негізгі құралдардың шығып қалуы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік мекеме қаржыландыру жоспары бойынша оларға бөлінген қаражат есебінен сатып алынған, оған бекітілген активтерді өзінше сатуға тиіс емес. Активтерді сату Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      280-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «280. Мемлекеттік мекемеде активтер түскен кезде негізгі құралдар және аяқталмаған құрылыс объектілерінің іске қосылуын, инвестициялық жылжымайтын мүліктің пайдалануға берілуін есепке алу үшін және олар ауыстырылған кезде тұрақты қолданыстағы жұмыс істейтін комиссия әрбір жеке объектіге немесе объекті құрауышына екі данада Нысандар альбомының ОС-1 нысанды актісін жасайды. Материалдық жауапты тұлға бухгалтерлік қызметке бас бухгалтердің қол қоюы және мемлекеттік мекеме басшысының немесе оған уәкілеттік берген тұлғалардың бекітуі үшін қоса берілген техникалық құжаттамасы бар ресімделген актіні береді.»;
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Түгендеу нөмірлері негізгі құралдар объектілеріне олардың түсу шамасына қарай реттік-сериялық жүйе бойынша беріледі. Түгендеу нөмірі он екі белгіден тұрады: бірінші төрт белгі - шотты/қосалқы шотты, бесінші және алтыншы – топты және соңғы алты белгі – заттың топтасы реттік нөмірін білдіреді. Топтар белгіленбеген шоттар/қосалқы шоттар бойынша төртінші белгі нөлмен белгіленеді.»;
      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жауапты тұлға ауысқан кезде, оның сақтауындағы негізгі құралдарды түгендеу жүргізіледі, ол туралы Нысандар альбомының ОС-1 «Негізгі құралдарды және инвестициялық жылжымайтын мүлікті қабылдап алу-тапсыру (ауыстыру) актісі» нысаны бойынша негізгі құралдарды қабылдап алу-тапсыру актісі жасалады, оны мемлекеттік мекеме басшысы бекітеді.»;
      283-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нысандар альбомының ОС-6 нысанды карточкасы ғимараттарды, құрылыстарды, тапсыру құралдарын, машина мен жабдықтарды, өндiрiстiк (тиiстiлiгiн қоса алғанда) және шаруашылық мүкәммалын, көлiк құралдарын, мәдени мұра активтерiн, кiтапхана қорларын және өзге негiзгi құралдарды есепке алуға арналған. Онда жазбалар бастапқы құжаттар: қолданысқа беру туралы қабылдау актiлерi, дайындаушы зауыттардың техникалық төлқұжаттары мен басқа құжаттардың негiзiнде жүргiзiледi. Карточкада объектiлердiң (заттардың) сипаттама белгiлерi көрсетiледi: сызбасы, моделi, үлгiсi, таңбасы, зауыттық нөмiрi, шығарылған (дайындалған) мерзiмi, қолданысқа енгiзу актiсiнiң күнi мен нөмiрi көрсетiледi. Бұдан басқа объектiнiң (заттың) қысқаша жеке сипаты жазылады. Жабдықтың, аспаптардың, есептеу техникасының және басқа жабдықтың құрамында бағалы металдар болған жағдайларда «Объектiнiң қысқа жеке сипаты» бөлiмiнде құрамында бағалы металл бар бөлшектердiң тiзбесi, төлқұжатта көрсетiлген бөлшек атауы мен металл салмағы көрсетiледi. Нысандар альбомының ОС-6 нысанды негiзгi құралдарды және инвестициялық жылжымайтын мүлiктi есепке алудың түгендеу карточкаларында теңгемен амортизацияның жинақталған сомасы, жылдық тозу нормасының шифрi, шығып қалған ұзақ мерзімді активтер бойынша ғана соңғы рет тозу есептелген жыл мен ай жазылады.»;
      286-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «286. Комиссия есептен шығару себептерiн (тозу, реконструкциялау, апат және басқа есептен шығару себептерi), есептен шығарылатын объектiнiң жекелеген материалдарын, бөлшектерiн, материалдарын пайдалану мүмкiндiгiн анықтайды, оларды бағалауды жүргiзедi және негiзгi құралдар объектiлерiн есептен шығару актiсiн жасайды. Жарамсыз негiзгi құралдарды, аяқталмаған құрылысты және инвестициялық жылжымайтын мүлiктi есептен шығару белгiленген нысандардағы актiлермен ресiмделедi: «Негiзгi құралдарды, инвестициялық жылжымайтын мүлiктi есептен шығару актiсi» (Нысандар альбомының ОС-3 нысаны), «Автокөлiк құралдарын есептен шығару актiсi» (Нысандар альбомының ОС-4 нысаны), «Құралдар балансынан, өндiрiстiк және шаруашылық мүкәммалын есептен шығару актiсi» (Нысандар альбомының 443-нысаны), «Мемлекеттiк мекемелерде кiтапханадан әдебиеттi есептен шығару актiсi» (Нысандар альбомының 444-нысаны). Негiзгi құралдарды және инвестициялық жылжымайтын мүлікті есептен шығару актiсiн мемлекеттiк мекеме басшысы бекiтедi. Есептен шығару актiсiн бекiткенге дейiн негiзгi құралдар, аяқталмаған құрылыс және инвестициялық жылжымайтын мүлiк объектiлерiн жинауға және қайта жөндеуге рұқсат етiлмейдi. Мемлекеттiк мекемелердiң мүлкін есептен шығару Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Негізгі құралдардың жекелеген объектілерін жинаудан алынған және мемлекеттік мекеменің шаруашылық қажеттілігі үшін қалдырылған материалдар қорларға қайта сыныпталады және Нысандар альбомының 429-р нысаны бойынша Ұзақ мерзімді активтерді бұзу және бөлшектеу кезінде алынған қорларды кіріске алу туралы актімен ресімделеді.
      Бағалы металдарды қолдана отырып жасалған бөлшектер мен желілер мамандандырылған кәсіпорындарға тапсыруға жатады, ал түсті металлдардан жасалған және басқа жабдықты жөндеу үшін қолданылмайтын бөлшектер мен желілер осындай шикізатты жинау жүктелген ұйымдарға тапсыруға жатады. Бағалы металлдарды қолдана отырып баланстан есептен шығарылған бөлшектер мен желілер белгіленген тәртіпке сәйкес ескеріледі.»;
      мынадай мазмұндағы 360-1-тармақпен толықтырылсын:
      «360-1. 2412 «Материалдық емес активтерге күрделі салымдар» қосалқы шоты бойынша ұзақ мерзімді активтерді қабылдау, беру, істен шығару, есептен шығару бойынша операциялар» материалдық емес активтер бойынша ұқсас операциялармен жүргізіледі.»;
      364-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «364. Материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру актісі» материалдық емес активтерді басқа мемлекеттік мекемеге тапсыру кезінде есептен шығуы туралы белгі жасауға негіз болып табылады.
      Материалдық емес активтерді есептен шығару тәртібі негізгі құралдарға ұқсас жүргізіледі. Материалдық емес активтерді есептен шығаруды ресімдеу үшін «Нысандар альбомының НОС-3 нысанының «Материалдық емес активтерін есептен шығару актісі» қолданылады.»;
      379-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «379. Өнім беруші төлемді мемлекеттік мекеменің немесе орталықтандырылған бухгалтерияның кодына қайтарған жағдайда, «Басты-журнал» кітабына жазбалар осы соманы ескерусіз жүргізіледі. Болашақ кезеңнің кірістері мен шығыстарының талдама есебі Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында және Нысандар альбомының 460 нысанды және 461 нысанды Шығыстардың әртүрі (тобы) бойынша болашақ кезеңдердің шығыстары мен кірістерін есепке алу ведомостерінде жүргізіледі.»;
      431-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «431. Іссапар шығыстарын есепке алу Нысандар альбомының 386-нысанына есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу бойынша жинақтаушы ведомста жүргізіледі (8 мемориалдық ордер).
      Есеп беретін әрбір тұлғаның саны көп емес мемлекеттік мекемелерде есеп айырысулардың талдама есебі Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында есептілікке жауапты тұлғалар бойынша жүргізіледі.»;
      433-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «433. Шығыстардың қалған түрлерді есепке алу Нысандар альбомының 283 нысанды көп бағанды карточкаларында немесе Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкасында жүргізіледі.»;
      440-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «440. Өндірістік шығындардың талдамалы есебі дайындамалар мен қайта өндеулердің әрбір түрі бойынша (ішкі киім тігу, отын дайындау, жеміс-жидектерді қайта өңдеу және дайындамалар мен қайта өңдеулер) Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында жүргізіледі. Бұйым түрлері бойынша, шығындар сыныптамасы бойынша, ауылшаруашылық дақылдарының әр атауына немесе жануарлардың әр тобына Нысандар альбомының 283 нысанды көп бағанды карточкаларында жүргізіледі. Өсімдіктану бойынша егіншілік, бағбаншылық, көкөніс өсірушілік шығындары жеке ескеріледі. Қажет болған жағдайда жеке дақылдар бойынша (бидай, жемістер, картоп, жидектер және басқа дақылдар) жүргізіледі. Мал шаруашылығы бойынша ірі қара мал, қой шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, құс шаруашылығы бойынша шығындар жеке ескеріледі.»;
      476-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «Ағымдағы кезеңде өткен жылдардың қателерін түзету 5220 «Алдыңғы жылдардағы қаржы нәтижесі» шотын қолдана отырып жүзеге асырылады.»;
      477-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «477. 5010 «Күрделі салымдарды қаржыландыру» қосалқы шоттары бойынша есепке алу Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында жүргізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 28-бөліммен толықтырылсын:
      «28. Концессия шарттары бойынша активтер мен міндеттемелерді есепке алу тәртібі.
      517. Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Концессия туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес концедент Қазақстан Республикасы болып табылады, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның атынан, сондай-ақ мемлекеттік органдардың концессия шарттарын жасауға олармен уәкілетті.
      Концессиялық келісім шеңберінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын концессия шартын жасайтын заңды тұлға және/немесе жеке тұлға концессионер болып табылады.
      Бухгалтерлік есепте концессиялық активтің дұрыс құжаттық ресімделуі және түсімі мен есепке шығарылуының тіркелімдерінде уақтылы көрсетілуі, сондай-ақ олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз еткен жөн.
      518. Концессиялық келісім шеңберінде концессионер, концессионердің қолданыстағы не концессионер құратын, әзірлейтін, сатып алатын активі болып табылатын немесе концеденттің қолданыстағы немесе қолданыстағыны жетілдірген активі болып табылатын концессиялық активті береді.
      519. Концедент концессионер берген және концеденттің қолданыстағыны жетілдірген активін, егер:
      концедент активтің көмегімен концессионер қандай көрсетілетін қызметтерді беруге тиіс екенін, оларды ол кімге және қандай бағамен беруге тиіс екенін бақылайтын немесе реттейтін; және
      концедент – меншік иесі құқығында, пайда алу мақсатында немесе өзге де негізде пайдалану құқығында – келісімнің қолданылу мерзімінің аяғында активтегі кез келген елеулі қалдық үлесін бақылайтын болса концессиялық актив ретінде тануы тиіс.
      520. Концессиялық активті есепке алу үшін мемлекеттік мекемелерде қосалқы шоттардың белгіленген төрт мәнінен кейін нүктемен, нөмірлеуін 20-дан бастап, қосымша талдамалы ақпарат үшін екі мәнді қосымша нөмірлеуді пайдалана отырып, 2300 «Негізгі құралдар», 2400 «Аяқталмаған құрылыс және күрделі салымдар», 2700 «Материалдық емес активтер» деген кіші бөлімдердің қосалқы шоттары қолданылады. Мысалы, концессия шарты бойынша берілген құрылысты 2330.20 «Құрылыстар» шотында көрсеткен жөн.
      521. Концедент концессиялық активті бастапқы бағалауды, концеденттің қолданыстағы активі концессиялық актив ретінде қайта сыныпталған жағдайларды қоспағанда, әділ құны бойынша жүргізуі тиіс.
      Концеденттің қолданыстағы активі концессияға берілген жағдайда, концедент қолданыстағы активті концессиялық актив ретінде қайта сыныптауы тиіс.
      522. Бастапқы тану мен қайта сыныптаудан кейін концессиялық активтер осы Ереженің 9 «Негізгі құралдарды есепке алу тәртібі» деген және/немесе 12 «Материалдық емес активтерді есепке алу тәртібі» деген бөлімге сәйкес негізгі құралдар және/немесе материалдық емес активтерге ұқсас есепке алынуы тиіс.
      523. Концедент концессиялық активті таныған кезде міндеттемені таныған жөн. Конценденттің қолданыстағы активі концессиялық актив ретінде қайта сыныптаған жағдайда концедент міндеттемені танымайды.
      524. Міндеттемені бастапқы бағалау концессиялық актив бағаланған, концедент концессионерге немесе концессионер концедентке беретін кез келген өзге сыйақының (мысалы, ақшалай қаражат) сомасына түзетілген сомаға жүргізіледі.
      525. Танылатын міндеттеменің сипаттамасы концедент пен концессионер алмасатын сыйақының сипаттамасына байланысты болады. Концедент концессионерге беретін сыйақының сипаттамасы келісімді міндеттейтін шарттарды және тиісті жағдайларда шарттық құқықты ескере отырып, анықталады.
      526. Концессиялық активтің орнына концедент концессионерге концессиялық актив үшін мынадай:
      концессионерге төлемдерді жүзеге асыру («қаржылық міндеттеме» моделі);
      өтемді концессионерге басқа тәсілдермен («концессионерге құқық беру» моделі), атап айтқанда:
      концессионерге концессиялық активті сырттай пайдаланушылардан пайданы алу құқығын беру; немесе
      концессионерге, оны концессионердің пайдалануы үшін кірісті генерирлейтін басқа активке рұқсат беру тәсілдерімен, олардың кез келген тіркесінде өтем төлеуі мүмкін.
      527. Концессия шарттары бойынша міндеттемелер үшін екі модель қолданылады:
      қаржылық міндеттеме моделі;
      құқық беру моделі.
      528. Қаржылық міндеттеме моделі бойынша: концеденттің құрылыс, концессиялық активті әзірлегені, сатып алғаны немесе жетілдіргені үшін төлемді концессионерге ақшалай қаражатпен немесе өзге қаржы активімен жүзеге асыру туралы сөзсіз міндеттемесі болған жағдайда, концедент міндеттемені қаржылық міндеттеме ретінде есепке алады.
      529. Концедент концессионерге жүргізілетін төлемдерді бөледі және оларды экономикалық мазмұнына сәйкес міндеттеменің азаюы, концессионер берген қарыздар бойынша шығындар және көрсеткен қызметтерге ақы төлеу ретінде есепке алады.
      Концессиялық келісімдер шеңберінде концессионер берген қарыздар бойынша шығындар және көрсеткен қызметтерге ақы төлеу шығыстар ретінде есепке алынуға тиіс.
      530. Негізгі құралдарға амортизацияны есептеу 7110 «Ұзақ мерзімді активтерді амортизациялау бойынша шығыстар» шотының дебеті және 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» шотының кредиті бойынша жүзеге асырылуға тиіс.
      531. Концессия шарттары бойынша қаржылық міндеттеме моделі бойынша, амортизацияны есептеумен бір уақытта күрделі салымдарды қаржыландыруды тұтынудан түскен кірістерге осы актив жатқызылатын топтың амортизациясының нормасы бойынша есептелген сомада ұзақ мерзімді активтер сатып алуға күрделі салымдарды қаржыландыруды есептен шығару жүзеге асырылады. Бұл ретте мынадай жазба: 5011 «Бюджет қаражаты есебінен күрделі салымдарды қаржыландыру» қосалқы шотының дебеті және 6020 «Күрделі салымдарды қаржыландырудан алынатын кірістер» кредиті жүзеге асырылады.
      532. Құқық беру моделі бойынша: концеденттің құрылыс, концессиялық активті әзірлегені, сатып алғаны немесе жетілдіргені үшін төлемді концессионерге ақшалай қаражатпен немесе өзге қаржы активімен жүзеге асыру туралы сөзсіз міндеттемесі болмаған және концессионерге концессиялық активті сырттай пайдаланушылардан пайданы немесе оны концессионердің пайдалануы үшін кірісті генерирлейтін өзге активке құқығын берген жағдайда концедент міндеттемені концедент пен концессионер арасындағы актив алмасу нәтижесінде туындаған кірістің алынбаған бөлігі ретінде есепке алады.
      Концедент қызмет көрсетуге арналған концессиялық келісімнің экономикалық мәніне сәйкес танылған кірісті және міндеттемені тануы тиіс. Бұл ретте мынадай жазба: 4310 «Болашақ кезеңдердің кірістері» және 6220 «Активтерді басқарудан түскен өзге кірістер» шотының кредиті жүргізіледі.
      Егер концедент концессиялық активті әзірлегені, сатып алғаны немесе жақсартқаны үшін ақы төлеуді концессионерге қаржылық міндеттеме алу жолымен және ішінара концессионерге құқық беру жолымен жүзеге асырған болса, мұндай жағдайларда жиынтық міндеттеменің әрбір бөлігін жекелеп есепке алу қажет.
      Концессия шарттары бойынша негізгі құралдардың амортизациясын есептеу құқық беру моделі бойынша 7110 «Ұзақ мерзімді активтерді амортизациялау бойынша шығыстар» шотының дебеті және 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» шотының кредиті бойынша жүзеге асырылады.
      533. Концедент қызмет көрсетуге арналған концессиялық келісімге байланысты туындайтын басқа міндеттемелерді, шартты міндеттемелер мен шартты активтерді осы Ереженің 5 «Қаржылық инвестициялар мен қаржылық міндеттемелерді есепке алу тәртібі» және 18 «Бағалау міндеттемелерін, шартты міндеттемелер мен шартты активтерді анықтау» бөлімдеріне сәйкес есепке алуға тиіс.
      534. 28 «Концессия шарттары бойынша активтер мен міндеттемелерді есепке алу тәртібі» бөлімінің талаптарына ұшырамайтын шарттар жөніндегі операцияларды есепке алу осы Ереженің басқа да бөлімдеріне сәйкес шартты қатынастар талабына сүйене отырып жүзеге асырылады.
      535. Концессионер құрған активті қабылдап алу-беру кезінде мемлекеттік мекеменің тұрақты жұмыс істейтін комиссиясы Нысандар альбомының ОС-1 нысаны бойынша 2 данада «Негізгі құралдарды және инвестициялық жылжымайтын мүлікті қабылдап алу-беру (өткізу) актісін» жасайды.
      Концессия шарттары бойынша концеденттің сатып алған немесе концеденттің қолданыстағы активтерін қабылдап алу-беру кезінде мемлекеттік мекеменің тұрақты жұмыс істейтін комиссиясы Нысандар альбомының ОС-1 нысаны бойынша 2 данада «Негізгі құралдарды және инвестициялық жылжымайтын мүлікті қабылдап алу-беру (өткізу) актісін» жасайды.
      Концессия шарттары бойынша концессионердің қолданыстағы немесе концессионердің сатып алған активтерін қабылдап алу-беру кезінде мемлекеттік мекеменің тұрақты жұмыс істейтін комиссиясы Нысандар альбомының ОС-1 нысаны бойынша 2 данада «Негізгі құралдарды және инвестициялық жылжымайтын мүлікті қабылдап алу-беру (өткізу) актісін» жасайды.
      536. Концессиялық активтердің қозғалысының талдамалы есебі «Мемлекеттік мекемелерде негізгі құралдарды, инвестициялық жылжымайтын мүлікті есепке алатын түгендеу карточкасында» Нысандар альбомының ОС-6 нысаны бойынша жүргізіледі.
      Материалдық емес активтердің қозғалысының талдамалы есебі «Материалдық емес активтерді есепке алатын түгендеу карточкасында» Нысандар альбомының НОС-6 нысаны бойынша жүргізіледі.
      Материалдық емес активтердің объектісін қабылдап алу-беруді ресімдеу үшін «Материалдық емес активтерді қабылдап алу-беру актісі» Нысандар альбомының НОС-1 нысаны бойынша жүргізіледі.
      537. Концессиялық активтерді теңгерімнен есептен шығару Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (З.А. Ерназарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның заңнамада белгіленген тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           Б. Жәмішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады