"Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің кауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 465 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 821 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 25 қарашада № 8925 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 378 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2017 № 378 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 465 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6637 тіркелген, 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 355-356 (26416-26417), 2011 жылғы 7 қаңтардағы № 3 (26424) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары: мынадай мазмұндағы 17-2-тармақпен толықтырылсын:

      "17-2. Қазақстан Республикасында тіркелген авиакомпания басқа мемлекетте тіркелген әуе кемелерін пайдаланған жағдайда шет мемлекеттің азаматтары болып табылатын ұшу экипажының және инженерлік-техникалық құрамының мүшелеріне ЭМК беруді уәкілетті орган осы Қағидаларға сәйкес 1 жыл мерзімге беруді жүргізеді"

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан

      Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде

      мемлекеттік тіркелуінен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді ұсынсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрі

А. Жұмағалиев


      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің төрағасы

      ____________ Н.Ә. Әбіқаев

      2013 жылғы "__" _________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады