Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.12.2021 № 614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.10.2018 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы
Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.10.2018 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті
(Ф.Н. Жақыпова):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова) осы бұйрықты жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Сәрінжіпов |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 420 бұйрығымен бекітілген |
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.10.2018 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 5-баптың 44-5)-тармағына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - ЖОО) қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру келесі ЖОО түрлерінде іске асырылады:
1) ұлттық зерттеу университеті;
2) ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
3) зерттеу университеті;
4) университет;
5) академия;
6) институт;
7) консерватория.
3. Осы Қағидаларда мына ұғымдар пайдаланылады:
1) академия - белгілі бір салада ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын жоғары оқу орны;
3) зерттеу университеті - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасын іске асыратын және білім мен ғылымды интеграциялау, жаңа білімді және технологияларды жинақтау мен трансферттеу үшін өз қызметінің нәтижелерін пайдаланатын университет;
4) институт - ғылыми-педагогикалық қызметті, сондай-ақ кәсіби қызмет үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
5) университет - әртүрлі салалар бойынша ғылыми-педагогикалық қызметті, кадрлар даярлауды, іргелі және (немесе) қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын және жетекші ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
6) ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы - ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
7) ұлттық зерттеу университеті - ерекше мәртебесі бар зерттеу университеті.
2-тарау. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары түрлері қызметінің тәртібі
4. ЖОО қызметіне тікелей басшылықты ЖОО ректоры жүзеге асырады.
5. ЖОО-да жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау ЖОО дербес әзірлейтін білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
6. ЖОО-ның оқу-әдістемелік жұмысы:
1) академиялық күнтізбені, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу, элективті пәндер каталогын, силлабустарды, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуді;
2) оқу пәндерін оқулықтармен, оқу құралдарымен, есептер жинағымен, кешенді тапсырмалармен, зертханалық, бақылау, курстық жұмыстар бойынша құралдармен, пәндерді оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдармен, сондай-ақ ағымдағы, аралық және қорытынды білімді бақылаудың, оқытудың барлық нысандары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың оқу-әдістемелік материалдарымен қамтамасыз етуді;
3) кәсіби практикалардың, тағылымдамалардың барлық түрлерінің бағдарламаларын, сондай-ақ дипломдық жұмыстарды (жобаларды), магистрлік және докторлық диссертацияларды (жобаларды) жазу бойынша әдістемелік құралдарды әзірлеуді;
4) білім алушылардың оқу материалын меңгеруін арттыратын заманауи білім беру технологиялары мен оқыту әдістерін әзірлеуді;
5) іздеу, талдау және қызмет нәтижесін қалыптастыру қабілетін дамытуға бағытталған білім алушылардың өз бетінше жұмыс жасауын оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді;
6) оқытушылар мен мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеуді қамтиды.
7. Академиялық ағынның және топтың толықтырылуын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы дербес айқындайды.
8. Ерекше мәртебесі бар жоғарғы және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының функциялары:
1) тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан төмен емес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мазмұнын дербес айқындау;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 тіркелген) бекітілген Ғылыми дәрежелерді беру қағидаларына сәйкес философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дəрежелерін беру.
9. Ғылыми-зерттеу қызметі білім мен ғылымның ықпалдасуын қамтамасыз етуге, осы негізде ғылыми-білім беру процесін, ұлттық инновациялық жүйенің нәтижелілігі мен тиімділігінің маңызды элементі ретінде бәсекеге қабілетті ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті дамытуға, зияткерлік меншік объектілеріне құқығын іске асыруға бағытталған.
10. Іргелі, іздестіру, қолданбалы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және инновациялық қызметті ұйымдастыру және жүргізу ЖОО-ның құрылымдық бөлімшелерінде жүзеге асырылады.
11. Профессорлық-оқытушылық құрам жеке жұмыс жоспарына сәйкес негізгі жұмыс уақытында өз қызметінің міндетті құрамдас бөлігі ретінде ғылыми-зерттеу жұмысын орындайды.
12. ЖОО мен олардың ғылыми қызметкерлері ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалардың қызметтерін пайдаланады, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар конкурстарына қатысады.
13. ЖОО оқу білім беру процесіне ғылымның алдыңғы қатарлы жетістіктерін енгізумен қатар, қажет болған жағдайда оқу процесіне ғылыми, ғылыми-зерттеу ұйымдарын, оның ішінде шетелдік ұйымдарды тартады.
14. ЖОО ғылыми зертханалар, ғылыми-зерттеу институттарын, тәжірибелік өндірістер, инновациялық инфрақұрылымның мамандандырылған субъектілерін, жобалау-конструкторлық ұйымдар, сондай-ақ ғылыми-білім беру консорциумдарын құрады.
15. ЖОО ғылыми қызметі кадрларды даярлау процесінің міндетті құрамдас бөлігі болып табылады. Оқу және ғылыми және инновациялық процестердің бірлігі төмендегілер есебінен қамтамасыз етіледі:
1) білім алушыларды Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінің, басқа да бюджеттердің және бюджеттен тыс қаржыландыру көздерінің қаражаты есебінен орындалатын ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстарға қатысуға тарту;
2) ғылыми және ғылыми-өндірістік бөлімшелер базасында белсенді оқу жұмысының, дипломдық және курстық жобалаудың, оқу және өндірістік практиканың, білім алушыларды мақсатты даярлаудың әртүрлі нысандарын және мамандарды даярлаудың басқа да нысандарын өткізу;
3) оқу және ғылыми процестерді компьютерлендіру, бірыңғай ақпараттық ортаны қалыптастыру және білім алушылардың информатиканың заманауи әдістері мен құралдарын меңгеруі.