Жоғары оқу орындарын жіктеу критерийлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 25 қазандағы № 434 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 29 қарашада № 8931 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 17.02.2014 № 42 бұйрығымен.

      «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орындарын жіктеу критерийлері бекітілсін.
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;
      3) осы бұйрықты жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                               М. Орынханов

Қазақстан Республикасы    
білім және ғылым министрі м.а
2013 жылғы 25 қазандағы № 434
бұйрығымен бекітілген    

Жоғары оқу орындарын жіктеу критерийлері

1. Жалпы ережелер

      1. Жоғары оқу орындарын жіктеу критериилері (бұдан әрі – Критерии) «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 499 қаулысына сәйкес жасалды.
      2. Критерийлер ЖОО-ның елдің әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуындағы маңыздылығын анықтау, ұлттық және халықаралық деңгейде ЖОО-ның беделін нығайту мақсатында, меншік түріне және қандай мекемеге бағынатынына қарамастан жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беретін ЖОО-на арналған.
      3. Өлшемдер көрсетілген білім беру қызметтерінің сапасына баға беруге, ЖОО-ның білім беру, ғылыми және инновациялық мүмкіндігіне негізделген.
      4. Өлшемдер Карнеги қорының классификациясы, «U-Maр» еуропалық классификациясы секілді және Ломбарди бағдарламасының шеңберіндегі АҚШ зерттеу университеттерінің ("The Lombardi Program on Measuring of University Performance") заманауи әдістемелерін есепке ала отырып жасалды.
      5. Өлшемдер ЖОО-ның төмендегі категорияларына арналып жасалған:
      1) ұлттық зерттеу университеті;
      2) зерттеу университеті;
      3) ұлттық жоғарғы оқу орны;
      4) университет;
      5) академия.
      6. Классификациялау критерийлері мына аталғандарды бағалайды:
      1) жоғары оқу орындарында тағайындалатын біліктілік санын;
      2) мамандар әлеуетін;
      3) білім беру бағдарламаларын тану (аккредитация);
      4) оқу-материалдық активтерін;
      5) зерттеу және инновация;

2. Ұлттық зерттеу университеттерін жіктеу критерийлері

      7. Жоғары оқу орындарында тағайындалатын біліктіліктер саны:
      бакалавриат бағдарламалары жиынтығын ұсынатын жоғары білім беру ұйымдары 3 және одан көп мамандықтар бойынша магистратура мен PhD докторантурада оқыту арқылы зиялы ғылыми кадрларды даярлайды:
      1) білім алушылардың үлесі:
      бакалавриатта - 65%;
      магистратурада - 35%;
      докторантурада - 35% болуы тиіс.
      2) шетелдік студенттердің жалпы контингенттерден үлесі – 5%-дан кем емес;
      3) жалпы контингенттегі ҚР-ның ЖОО-да немесе шетелдік ЖОО-да білім алған, тағылымдамадан өткен және білім алып жатқандар үлесі:
      бакалавриатта - 15%;
      магистратурада –30%;
      PhD докторантурада - 100%;
      4) жұмыс берушінің, әлеуметтік серіктестіктердің бөлген гранттары бойынша білім алушылардың жалпы контигенттегі үлесі - 15%-дан кем емес;
      8. Бакалавр, магистр және (PhD) докторларын дайындайтын мамандар потенциалы:
      1) штаттық оқытушылар санына шаққандағы ғылыми дәрежесі мен атағы бар оқытушылардың үлесі:
      бакалавриатта – 70%-дан кем емес;
      магистратурада –70%-дан кем емес;
      PhD докторантурада – 100%-дан кем емес;
      2) жалпы оқытушылар санына шаққандағы (PhD) философия докторы дәрежесі бар шақырылған шетелдік ғалымдар үлесі - 15%-дан кем емес.
      9. Білім беру бағдарламаларын тану (аккредитация):
      ұлттық/халықаралық агенттіктерде институционалдық/арнайы аккредитациядан өткен білім беру бағдарламалары:
      бакалавриатта – 50 % кем емес;
      магистратурада – 50% кем емес;
      докторантурада (РҺD) – 100% кем емес;
      10. Оқу-материалдық активтер:
      1) білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін, жеке меншік немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе оперативті басқару меншігіндегі материалдық және материалдық емес активтер, аудиториялар, лабороториялар және олардың жабдықталуы заманауи үлгіде және бағдарламалық мақсатқа сай болуы тиіс;
      2) штаттық ғылыми қызметкерлері бар ҒЗИ – 5-тен кем емес;
      3) аккредитациядан өткен ғылыми лабораториялар – 3-тен кем емес;
      4) ұжымдық қолданыстағы ұлттық лаборатория – 1-ден кем емес;
      5) бизнес-орталық және/немесе бизнес инкубатор, технопарк және басқа инновациялық құрылымдар;
      6) индустриалды хай-тек алаңдар – 1-ден кем емес;
      7) үш тілді баспа қызметі (шетелдік жетекші ғалымдар мен мамандарды тарта отырып, мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде)
      11. Зерттеу және инновация:
      1) бір жылда қорғалған диссертациялар саны:
      докторлық (PhD) – 10 адамнан кем емес;
      магистерлік – 1 жылда 200 адамнан кем емес;
      2) әрбір оқытушыға шаққандағы ғылыми жарияланымдар саны жылына Ұлттық/халықаралық рейтигтік журналдарда жарияланған 10 мақала (магистрлік және докторлық диссертациядан басқа және суммарлық импак-фактор – 80-нен кем емес;
      3) алынған патенттер/коммерциялық өнімдер/саны, технологиялар саны, ноу-хау, авторлық құқық/интеллектуалдық құқық/, лицензиялар саны – жылына 20-дан кем емес;
      коммерцияланған жобалар үлесі – 15%-ден кем емес;
      4) студенттер қатысқан НИОКР саны – 40%-дан кем емес;
      5) ұлттық және халықаралық кәсіби ұйымдар берген сыйлықтар/наградалар – 5-тен кем емес.
      6) біріккен халықаралық орталық пен лабораториялар – 2-ден кем емес.

3. Зерттеу университеттерін жүйелеу критерийлері

      12. Жоғары оқу орындарында тағайындалатын біліктіліктер саны:
      бакалавриат бағдарламалары жиынтығын ұсынатын жоғары білім беру ұйымдары 3 және одан көп мамандықтар бойынша магистратура мен PhD докторантурада оқыту арқылы зиялы ғылыми кадрларды даярлайды:
      1) білім алушылардың үлесі:
      бакалавриатта – 65%:
      магистратурада – 35 %;
      докторантурада – 35 % болуы тиіс.
      2) шетелдік студенттердің жалпы контингенттерден үлесі – 5%-дан кем емес;
      3) ҚР және/немесе шетелдік жоғарғы оқу орындарынан білім алып немесе тәжірибе жинап қайтқан білім алушылардың үлесі, білім алушылардың жалпы контингентінен:
      бакалавриатта – 15 %;
      магистратурада – 30 %;
      докторантурада (PhD) – 100 %;
      4) жұмыс берушінің, әлеуметтік серіктестіктердің бөлген гранттары бойынша білім алушылардың жалпы контигенттегі үлесі - 15%-дан кем емес;
      13. Бакалавр, магистр және (PhD) докторларын дайындайтын мамандар потенциалы:
      1) штаттағы оқытушылар ішінен ғылыми дәрежесі мен атағы бар оқытушылардың үлесі:
      бакалавриат үшін - 70 %-дан кем емес;
      магистратура үшін – 70 %-дан кем емес
      PhD докторантура үшін – 100 %-дан кем емес;
      2) PhD философия докторы дәрежесімен шақырылған шетелдік ғалымдардың жалпы сандағы үлесі – 10%-дан кем емес;
      14. Білім беру бағдарламаларын тану (аккредитация):
      ұлттық/ халықаралық агенттіктердегі өткен институциаланған/ мамандандырылған аккредитацияның білім беру бағдарламаларының болуы:
      бакалавриатта - 50 %-дан кем емес;
      магистратурада - 50%-дан кем емес;
      докторантурада (PhD) - 100%-дан кем емес;
      15. Оқу-материалдық активтер:
      1) білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін, жеке меншік немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе оперативті басқару меншігіндегі материалдық және материалдық емес активтер, аудиториялар, лабороториялар және олардың жабдықталуы заманауи үлгіде және бағдарламалық мақсатқа сай болуы тиіс;
      2) ҒЗИ штаттық ғылыми қызметкерлерімен – 5-тен кем емес;
      3) аккредиттелген ғылыми лабораториялары – 3-ден кем емес;
      4) ұжымдық қолданыстағы Ұлттық лабораториялар – 1;
      5) бизнес-орталық және/немесе бизнес-инкубатор, технопарк және басқа да инновациялық құрылымдар;
      6) индустриалды хай-тек алаңдар – 2-ден кем емес;
      7) жетекші шетелдік ғалымдарды тартатын үш тілдегі (мемлекеттік, орыс, ағылшын) басылымдық қызметтер;
      16. Зерттеу және инновация:
      1) 1 жылда қорғалған диссертациялар:
      докторларының (PhD) саны –10 адамнан кем емес;
      магистрлік–200 адамнан кем емес;
      2) әрбір оқытушыға шаққандағы ғылыми жарияланымдар саны - жылына Ұлттық/ халықаралық рейтигтік журналдарда жарияланған 10 мақала (магистрлік және докторлық диссертациядан басқа) және суммарлық импакт-фактор – 80-нен кем емес;
      3) алынған патенттер саны / коммерциялық өнімдер / технологиялар, ноу-хау, лицензиялар саны / интеллектуалды меншікке құқық саны / авторлық құқық – жылына 20-дан кем емес;
      коммерцияланған жобалар үлесі - 10%-дан кем емес;
      4) студенттік инновациялық құрылымдарға қатысқан студенттер саны – 40 %-дан кем емес;
      5) ұлттық және халықаралық кәсіби ұйымдар берген сыйлықтар/наградалар - 5-тен кем емес;
      6) біріккен халықаралық орталық пен лабораториялар – 2-ден кем емес

4. Ұлттық жоғары оқу орындарын жіктеу критерийлері

      17. Жоғары оқу орындарында тағайындалатын біліктіліктер саны:
      бакалавриат бағдарламалары жиынтығын ұсынатын жоғары білім беру ұйымдары 3 және одан көп мамандықтар бойынша магистратура мен PhD докторантурада оқыту арқылы зиялы ғылыми кадрларды даярлайды:
      1) жалпы контингенттегі білім алушылар үлесі:
      бакалавриатта – 70%;
      магистратурада – 30 %;
      докторантурада – 30 %;
      2) шетелдік студенттердің жалпы контингенттерден үлесі – 3%-дан кем емес;
      3) Қазақстан Республикасы және/немесе шетелдік жоғарғы оқу орындарынан білім алып немесе тәжірибе жинап қайтқан білім алушылардың үлесі, білім алушылардың жалпы контингентінен:
      бакалавриатта – 10 %;
      магистратурада – 20 %;
      докторантурада (PhD) – 100 %;
      18. Бакалавр, магистр және докторларын (PhD) дайындайтын мамандар потенциалы:
      1) штаттағы оқытушылар ішінен ғылыми дәрежесі мен атағы бар оқытушылардың үлесі:
      бакалавриат үшін – 55 %-дан кем емес;
      магистратура үшін – 70 %-дан кем емес
      PhD докторантура үшін – 100 %-дан кем емес;
      2) мәдениет және өнер білімін ұйымдастыру үшін штаттағы оқытушылар санындағы ғылыми дәрежесі және атағы бар оқытушылар үлесі, соның ішінде Қазақстан Республикасының құрметті атағы және соған теңестірілген атағы бар оқытушылар:
      бакалавриат үшін – 35 %-дан кем емес;
      магистратура үшін – 60 %-дан кем емес;
      докторантура үшін – 100 %-дан кем емес;
      3) философия докторы (PhD) дәрежесімен шақырылған шетелдік ғалымдардың жалпы сандағы үлесі - 5%-дан кем емес.
      19. Білім беру бағдарламаларын тану (аккредитация):
      ұлттық/ халықаралық агенттіктерде өткен институциаланған/ мамандандырылған аккредитацияның білім беру бағдарламаларының болуы:
      бакалавриатта - 35 %-дан кем емес;
      магистратурада - 30%-дан кем емес;
      докторантурада (PhD) - 70%-дан кем емес.
      20. Оқу-материалдық активтер:
      білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуші материалдық және материалдық емес активтерді жедел басқару және шаруашылықты жүргізудің меншікті немесе тәуелді құқығының болуы;
      1) оқу-әдістемелік, ғылыми-техникалық және экспериментальді базаның болуы:
      2) ҒЗИ штаттық ғылыми қызметкерлерімен – 3-тен кем емес;
      3) аккредиттелген ғылыми лабораториялары – 2-ден кем емес;
      4) инновациялық құрылымдар.
      21. Зерттеу және инновация:
      1) жылына қорғалған диссертацияның саны:
      докторларының (PhD) саны – 8 адамнан кем емес;
      магистрлік–150 адамнан кем емес;
      2) Бір ОПҚ-ның ғылыми басылымының саны ұлттық/халықаралық рефератталған журналдарға 8 мақаладан (магистрлік және докторлық диссертациядан басқа) кем жарияламауы және суммарлық импакт-фактор – 50-нен кем емес;
      3) алынған патенттер саны / коммерциялық өнімдер / технологиялар, ноу-хау, лицензиялар саны / интеллектуалды меншікке құқық саны / авторлық құқық – жылына 20-дан кем емес;
      коммерцияланған жобалар үлесі – 7%-дан кем емес;
      4) студенттік инновациялық құрылымдарға қатысқан студенттер саны – 40 %-дан кем емес;
      5) ұлттық және халықаралық кәсіби ұйымдар берген сыйлықтар/наградалар – 3-тен кем емес.

5. Университеттерді жіктеу критерийлері

      22. Жоғары оқу орындарында тағайындалатын біліктіліктер саны:
      бакалавриат бағдарламалары жиынтығын ұсынтаны жоғары білім беру ұйымдары мамандықтардың 3 тобы бойынша, 12 және одан көп мамандықтар бойынша магистратура мен PhD докторантурада оқыту арқылы зиялы ғылыми кадрларды даярлайды:
      1) жалпы контингенттегі білім алушылар үлесі:
      бакалаврда оқытудың үлесі – 75%;
      магистратурада – 25%;
      докторантурада үлесі – 25%;
      2) шетелдік студенттердің жалпы контингенттерден үлесі – 5%-дан кем емес;
      3) Қазақстан Республикасы және шетел ЖОО-да оқыған не тағылымдамадан өткен білім алушылардың жалпы контингенттегі үлесі:
      бакалавриатта - 10%;
      магистратурада - 20%;
      докторантурада (PhD) – 100;
      23. Бакалавр, магистр және докторларын (PhD) дайындайтын мамандар потенциалы:
      1) штаттағы оқытушылардың есебінен ғылыми атақ-деңгейі бар оқытушылардың үлесі:
      бакалавр үшін-55% кем емес;
      магистратура үшін- 70% кем емес;
      доктарантура (PhD) үшін-100% кем емес;
      2) өнер және мәдениет бойынша білім беру мекемелері үшін Қазақстан Республикасы және оған тең құрметті атағы бар оқытушылар үшін:
      бакалавр үшін-35% кем емес;
      магистратура үшін- 60% кем емес;
      доктарантура (PhD) үшін-100% кем емес;
      3) Философиялық доктор (PhD) деңгейіндегі шетелден шақырылған ғалымдар үлесінің жалпы санына-5% кем емес;
      24. Білім беру бағдарламаларын тану (аккредитация):
      ұлттық /халықаралық агентікте институттың/ мамандандырылған аккредитациядан өткен білім беру бағдарламалары:
      бакалавр – 30% кем емес;
      магистратура – 20 % кем емес;
      доктарантура (PhD) – 100% кем емес;
      25. Оқу-әдістемелік активтер:
      білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуші материалдық және материалдық емес активтерді жедел басқару және шаруашылықты жүргізудің меншікті немесе тәуелді құқығының болуы;
      26. Зерттеу және инновация:
      1) 1 жылда қорғалған диссертациялар саны:
      докторларының (PhD) саны –5 адамнан кем емес;
      магистрлік саны –150 адамнан кем емес;
      2) Бір ОПҚ-ның ғылыми басылымының саны ұлттық/халықаралық рефератталған журналдарға 5 мақаладан (магистрлік және докторлық диссертациядан басқа) кем жарияламауы және суммарлық импакт-фактор – 50-нен кем емес;
      3) алынған патенттер саны /коммерциялық өнімдер/, технологиялар, ноу-хау, лицензиялар саны /интеллектуалды меншікке құқық саны/, авторлық құқық – жылына 10-дан кем емес;
      коммерцияланған жобалар үлесі – 5%-дан кем емес;
      4) студенттік инновациялық құрылымдарға қатысқан студенттер саны – 40 %-дан кем емес;
      5) ұлттық және халықаралық кәсіби ұйымдар берген сыйлықтар/наградалар - 2-тен кем емес.

6. Академияларды жіктеу критерийлері

      27. Жоғары оқу орындарында тағайындалатын біліктілік санын:
      Жоғары білім берудің мамандықтарының 1 тобынан кем дегенде 4 мамандық бойынша бағдарламалары жиынтығын ұсынатын жоғары білім беру ұйымдары бір-екі мамандық бойынша магистратура мен PhD докторантурада оқыту арқылы зиялы ғылыми кадрларды даярлайды:
      1) жалпы контингенттегі білім алушылар үлесі:
      бакалавриатта – 80%;
      магистратурада – 20 %;
      докторантурада – 20 %;
      2) шетелдік студенттердің жалпы контингенттерден үлесі – 5%-дан кем емес;
      3) Қазақстан Республикасы және/немесе шетелдік жоғарғы оқу орындарынан білім алып немесе тәжірибе жинап қайтқан білім алушылардың үлесі, білім алушылардың жалпы контингентінен:
      бакалавриатта – 5 %;
      магистратурада – 10 %;
      докторантурада (PhD) – 100 %;
      4) жұмыс берушілердің, әлеуметтік әріптестердің гранттары бойынша білім алушылардың үлесі, жалпы контингенттен – 2 %-дан кем емес;
      28. Бакалавр, магистр және PhD докторларын дайындайтын мамандар потенциалы:
      1) штаттағы оқытушылар ішінен ғылыми дәрежесі мен атағы бар оқытушылардың үлесі:
      бакалавриат үшін - 50 %-дан кем емес;
      магистратура үшін – 80 %-дан кем емес
      докторантура (PhD) үшін – 100 %-дан кем емес;
      2) мәдениет және өнер білімін ұйымдастыру үшін, соның ішінде Қазақстан Республикасының құрметті атағы және соған теңестірілген атағы бар оқытушылар:
      бакалавриат үшін – 35 %-дан кем емес;
      магистратура үшін – 60 %-дан кем емес;
      докторантура үшін – 100 %-дан кем емес;
      3) философия докторы (PhD) дәрежесімен шақырылған шетелдік ғалымдардың жалпы сандағы үлесі - 2%-дан кем емес;
      29. Білім беру бағдарламаларын тану (аккредитация):
      ұлттық/ халықаралық агенттіктердегі өткен институциаланған/ мамандандырылған аккредитацияның білім беру бағдарламаларының болуы:
      бакалавриатта – 40 %-дан кем емес;
      магистратурада – 30%-дан кем емес;
      докторантурада (PhD) – 40%-дан кем емес.
      7) мамандықтары бойынша алғашқы жылы жұмысқа орналасқан бітірушілердің үлесі - 50%-дан кем емес;
      30. Оқу-материалдық активтер:
      білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуші материалдық және материалдық емес активтерді жедел басқару және шаруашылықты жүргізудің меншікті немесе тәуелді құқығының болуы;
      31. Зерттеу және инновация:
      1) 1 жылда қорғалған диссертациялар саны:
      докторлар (PhD) саны – 3 адамнан кем емес;
      магистрлік саны –100 адамнан кем емес;
      2) бір ОПҚ-ның ғылыми басылымының саны – бір ОПҚ-ға жылына импакт-фактормен ұлттық/халықаралық рейтенгтік журналдарға 1 мақаладан;
      суммарлық импакт-фактор – 10-нен кем емес;
      3) алынған патенттер саны / коммерциялық өнімдер / технологиялар, ноу-хау, лицензиялар саны / интеллектуалды меншікке құқық саны / авторлық құқық – жылына 3-дан кем емес;
      коммерцияланған жобалар үлесі - 2%-дан кем емес;
      4) білім алушылар инновациялық құрылымдарға қатысқан білімгерлердің саны – 10 %-дан кем емес;
      5) ұлттық және халықаралық кәсіби ұйымдар берген сыйлықтар/наградалар - 1-тен кем емес.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады