"Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 4 қарашадағы № 445 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 6 желтоқсанда № 8935 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1307) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің типтік ережесінде:
      мынадай мазмұндағы 147-1, 147-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «147-1. Мемлекеттік үлгідегі дипломды қосымшасымен бірге беру білім беру ұйымы басшысының бітіру туралы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.
      Бітіру туралы бұйрықты студенттерді қорытынды аттестаттау аяқталған күннен бастап он күн мерзімнен кешіктірмей МАК төрағасының ұсынысы негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
      147-2. Білім беру ұйымының басшысы офис-регистратормен келісу бойынша факультет деканының ұсынысы негізінде қорытынды аттестаттаудан өтпеген білім алушыларды оқудан шығару туралы бұйрықты бекітеді.»;
      мынадай мазмұндағы 197-1 тармақпен толықтырылсын:
      «197-1. Магистратураның және докторантураның кешенді емтиханын тапсыру қорытындылары бойынша білім беру ұйымының басшысы факультет деканы мен кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде магистрантты және докторантты қорытынды аттестаттау аяқталғаннан кейін және/немесе академиялық күнтізбеге сәйкес оқу жылы аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде магистрантты және докторантты оқудан шығару туралы бұйрықты бекітеді.
      Бұл ретте магистрантты және докторантты оқудан шығару туралы бұйрықта «магистрлік және докторлық диссертацияны қорғауға ұсыныммен» немесе «магистрлік және докторлық диссертацияны қорғауға ұсынымсыз» деген жазу көрсетіледі.
      215-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «215. Қорытынды аттестаттаудан өткен, магистратураның тиісті кәсіптік оқу бағдарламасын меңгергендігін растаған және МАК-тың шешімімен магистрлік диссертацияны жариялы түрде қорғаған магистрантқа магистрлік диссертациясын қорғаған күннен бастап отыз күндік мерзімде тиісті мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесі беріледі және қосымшасымен бірге мемлекеттік үлгідегі диплом тегін беріледі.
      МАК-тың шешімі осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес нысанда хаттамамен ресімделеді.
      мынадай мазмұндағы 215-1, 215-2, 215-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «215-1. Дипломға қосымша магистранттың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында және оқу жұмыс жоспарында қарастырылған көлемде барлық пәндерден алған бағаларына сәйкес жеке оқу жоспарын орындағаны туралы анықтама негізінде толтырылады.
      Дипломға қосымшада білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі бойынша әрбір оқу пәнінен кредиттер мен академиялық сағаттар көлемі көрсетілген соңғы бағалар жазылады.
      215-2. Мемлекеттік үлгідегі дипломды қосымшасымен беру білім беру ұйымы басшысының бітіру туралы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.
      Бітіру туралы бұйрықты магистранттарды қорытынды аттестаттау аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей МАК төрағасының ұсынысы негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
      215-3. Сонымен қатар білім беру ұйымының басшысы офис-регистратормен келісу бойынша факультет деканының ұсынысы негізінде қорытынды аттестаттаудан өтпеген магистранттарды оқудан шығару туралы бұйрықты бекітеді.»;
      222225226-тармақтар алынып тасталсын.
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          А. Сәрінжіпов

Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 4 қарашадағы 
№ 445 бұйрығына     
1-қосымша       

Нысан

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік емтихан комиссиясы
отырысының
№ __ ХАТТАМАСЫ
(әрбір студентке толтырылады)

20 __ж. «___»______________ сағ. ____ минуттан ___ сағ. ___ минутқа дейін
      Қатысқандар: Мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы
_____________________________________________________________________

(аты-жөні, тегі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ұйым атауы, атқаратын қызметі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Комиссия мүшелері:

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру туралы
1. Емтихан тапсырушы студент
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____
(аты-жөні, тегі, мамандығы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Сұрақтар: (тестілеу нысанында емтихан өткізу кезінде хаттамаға студент орындаған тестілеу тапсырмасы қоса беріледі)
      1
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      2

      3

      3.Студент

(аты-жөні, тегі)
Рұқсат беру рейтингі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(әріптік балдық-рейтингтік жүйе бойынша өту:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      4. Студент
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(аты-жөні, тегі)
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды
_____________________________________________________________________
Бағасымен тапсырды
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(баға әріптік балдық-рейтингтік жүйе бойынша көрсетіледі)
5. Студенттің
_______________________________ (фамилиясы, инициалы)
Қазақстан тарихы пәні бойынша қорытынды бағасы құрайды
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(балдық-рейтингті әріптік жүйе бағасымен көрсетіледі);
6. Мемлекеттік емтихан комиссиясы мүшелерінің ерекше пікірлері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Төраға __________________________ (қолы)
Комиссия мүшелері __________________________ (қолдары)
                  __________________________ (қолдары)
            Хатшы __________________________ (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады