Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.07.2015 № 4-1/676 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.08.2015 № 602 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы»
2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының
13) тармақшасын және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Биоотын өндірісі саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен соң ресми жариялануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. «Биоотын өндірісі саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 776 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 255 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6729 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде, 2011 жылғы 31 наурыздағы № 116-119 (26521), Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2011 жылғы 10 наурыздағы № 2 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Өңірлік даму министрі
___________ А. Мамытбеков ___________Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2013 жылғы 21 қазандағы
№ 5-3/513 және
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші Орынбасары –
Өңірлік даму министрінің
2013 жылғы 31 қазандағы
№ 285/НҚ бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Биоотын өндірісі саласындағы
жеке кәсіпкерлік саласында
тексеру парағы
Органның атауы ________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _______________________________
(№, күні)
Субъектінің атауы _____________________________________________
_____________________________________________________________________
БСН ___________________________________________________________
Субъектінің орналасқан мекен-жайы _____________________________
_____________________________________________________________________
№ |
Талаптардың тізбесі |
Қойылатын талаптарға сәйкестігі* |
Қойылатын талаптарға сәйкес еместігі** |
1 |
Биоотынға кейіннен қайта өңдеу үшін қолданатын тамақ шикізатына арналған квота нормаларын сақтау |
||
2 |
Биоотын өндірісі кезінде қолданатын тамақ шикізаты (бидай сыныбы) |
||
3 |
Биоотын өндірісі бойынша сол бір зауытта биоотын өндірушілердің санының сәйкестігі |
||
4 |
Биоотын өндірісі паспортының болуы |
||
5 |
Есепке алатын бақылау аспаптарының болуы (олардың ақаусыздығы) |
||
6 |
Шикізаттың генетикалық түрлендірілген көзі (объектісі) болып табылмайтындығын немесе генетикалық түрлендірілген көздерді (объектілерді) қамтымайтындығын растайтын, олардың қауіпсіздігін ғылыми негізде расталған және мемлекеттік тіркеуден өткен тамақ шикізатына арналған құжаттардың болуы |
* – қойылатын талаптарға сәйкестігі жағдайында «+» белгісі қойылады;
** – қойылатын талаптарға сәйкес еместігі жағдайында «–» белгісі қойылады
Тексеруді жүргізді __________ __________________ ___________
(лауазымы) (аты-жөн) (қолы)
М.О.
Талаптардың бұзылуы анықталған жағдайда жасалған нұсқаманың нөмірі мен күні көрсетіледi (20___жылғы «__» ________ (№ _____)
Тексерудің қорытындысымен таныстым
(келісемін/келіспеймін) _____________________ _____________
(аты-жөні) (қолы)
«__» ____________ 20____ жыл
Тексерілген объект ________________________________________
(объектінің атауы)
_________________________________ тексеру қорытындысы бойынша келесі объектілер санатына ауыстырылады («+» белгісімен белгілеп қою):
жоғарғы дәрежедегі тәуекел |
орта дәрежедегі тәуекел |
аз дәрежедегі тәуекел |
- |
- |
- |
Органның лауазымды тұлғалары:_______________ _______ ________________
(лауазымы) (қолы) (аты-жөні)
_____________________ ____________ __________________________________
(лауазымы) (қолы) (аты-жөні)
Органның басшысы:
___________________________________________________ _________________
(аты-жөні, лауазымы) (қолы)