Биоотын өндірісі бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-1/676 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 602 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 қыркүйекте № 12046 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 358 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 24 тамыздағы № 381 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.08.2016 № 358 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.08.2016 № 381 бірлескен бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 13-бабы 2) тармағына және 15-бабы 1) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мыналар:
      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес биоотын өндірісі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес биоотын өндірісі бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Мыналар:
      1) «Биоотын өндірісі саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 21 қазандағы № 5-3/512 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 288/НҚ бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8941 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 82 (28306) санында жарияланған);
      2) «Биоотын өндірісі саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында тексеру парағының нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 21 қазандағы № 5-3/513 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 285/НҚ бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8940 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 82 (28306) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының           Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі           Ұлттық экономика министрі
      _____________ А. Мамытбеков         ________________ Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокуратурасының
      Құқықтық статистика және
      арнайы есепке алу жөніндегі
      комитетінің төрағасы
      ___________________ С. Айтпаева
      2015 жылғы 21 шілде

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-1/676
және Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 10 тамыздағы № 602
бірлескен бұйрығына    
1-қосымша         

Биоотын өндірісі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлерін бекіту туралы

      1. Осы Биоотын өндірісі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) биоотын өндірісі саласындағы бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу мақсатында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 13-бабы 2) тармағына және 15-бабы 1) тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) бақылау субъектілері – биоотын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
      2) биоотын өндірісі саласындағы тәуекел – тамақ шикізатын биоотынға пайдалануға байланысты республика аумағында азық-түлік қауіпсіздігі қатерінің туындау ықтималдығы;
      3) объективті критерийлер – биоотын өндірісі саласындағы бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын және жеке тексерілетін субъектіге (объектіге) тікелей байланысты емес тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
      4) субъективті критерийлер – нақты тексерілетін субъекті (объекті) қызметінің нәтижелеріне байланысты, бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері.
      3. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты ішінара, жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың өзге де нысандары қолданылады.
      Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылмаған тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың өзге де нысандары қолданылады.
      4. Бақылау субъектілерін тәуекелдің дәрежелері бойынша бөлу объективті және субъективті критерийлер негізінде жүзеге асырылады.

2. Объективті критерийлер

      5. Бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесін объективті критерийлер бойынша бағалау тамақ шикізатын биоотынға пайдалануға байланысты республика аумағында азық-түлік қауіпсіздігі қатерінің туындау, бақылау субъектісі қызметінің нәтижесінде оның салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы негізінде жүзеге асырылады.
      Объективті критерийлер бойынша жоғары қоғамдық тәуекелдерді ескере отырып, биоотын өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғалар тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылады.

3. Субъективті критерийлер

      6. Субъективті критерийлерді айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады.
      1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;
      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.
      Бақылау субъектілері бойынша ақпаратты талдау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
      1) бақылау субъектілерін алдыңғы тексерулерді талдау нәтижелері. Бұл ретте, бұзушылықтардың дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парақтарында көрсетілген «алдыңғы тексерулердің нәтижесі» (ауыртпалық дәрежесі төменде көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда белгіленеді) ақпарат көзі бойынша заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді;
      2) «бақылау субъектілері жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелеріне ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері» ақпарат көзі бойынша бақылау субъектілері жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелеріне ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;
      7. Субъективті критерийлері бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау мынадай көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады:
      1) бақылау субъектілерін алдыңғы тексерулерді талдау нәтижелері. Бұл ретте, бұзушылықтардың дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парақтарында көрсетілген заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда осы Критерийлерге 1-қосымшаға сәйкес айқындалады;
      2) бақылау субъектілері жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелеріне ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері осы Критерийлерге 2-қосымшаға сәйкес айқындалады;
      8. Реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне сәйкес субъективті критерийлердің тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.
      Бір өрескел дәрежедегі бұзушылық 100 көрсеткішке теңестіріледі.
      Егер өрескел дәрежедегі бұзушылық анықталмаған жағдайда тәуекел дәрежелерінің көрсеткіштерін айқындау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіштері есептеледі, сосын қосылады.
      Елеулі дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіштерін айқындаған кезде 0,7 өлшеу коэффиценті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі.
      Р3 = (К2 х 100/К1) х 0,7
      мұнда:
      Р3 – елеулі дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіші;
      К1 – тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеруге (талдауға) ұсынылған елеулі дәрежедегі бұзушылықтардың жалпы саны;
      К2 – елеулі дәрежедегі бұзушылықтардың анықталған саны.
      Болмашы дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіштерін айқындаған кезде 0,3 өлшеу коэффиценті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
      Рн = (К4 х 100/К3) х 0,3
      мұнда:
      Рн – болмашы дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіші;
      К3 – тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеруге (талдауға) ұсынылған болмашы дәрежедегі бұзушылықтардың жалпы саны;
      К4 – болмашы дәрежедегі бұзушылықтардың анықталған саны.
      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (Р) елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу жолымен мынадай формула бойынша айқындалады:
      Р = Р3 + Рн
      мұнда:
      Р – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;
      Р3 – елеулі дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіші;
      Рн - болмашы дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіші;
      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект (объект) мыналарға жатады:
      1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне – 60-тан 100-ге дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі;
      2) тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатпайтынға – 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілмейді.
      9. Ішінара тексерулердің жиілігі жылына бір реттен жиі болмауы тиіс.
      10. Ішінара тексерулер есепті кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі уәкілетті органға жіберілетін жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша бір жылға қалыптастырылатын ішінара тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі.
      11. Іріктеп тексерулер тізімдері:
      1) субъективті критерийлер бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар бақылау субъектілерінің басымдығын;
      2) мемлекеттік органның тексерулерді жүзеге асыратын лауазымды адамдарына түсетін жүктемені ескере отырып жасалады.

Биоотын өндірісі саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау 
критерийлеріне      
1-қосымша         

«Алдыңғы тексерулердің нәтижесі» ақпарат көзі бойынша
субъективті критерийлер

Критерийлердің атауы

Бұзушылық дәрежесі

«Алдыңғы тексерулердің нәтижесі» (ауыртпалық дәрежесі төменде көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда белгіленеді):

1

Кейіннен биоотынға өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына арналған квота нормаларын сақтау

өрескел

2

Биоотын өндірісіне арналған тамақ шикізаты құрамының сәйкестігі (бидайдың 1-2 сыныбын пайдалануға жол берілмейді)

өрескел

3

Биоотын өндірісі паспортының бар болуы

өрескел

4

Биоотын өндірісі жөніндегі бір және сол зауытта екі және одан көп биоотын өндірушілердің биоотын өндірісін жүзеге асыруы

елеулі

5

Есепке алатын бақылау аспаптарының бар болуы және олардың ақаусыз жай-күйі

елеулі

6

Олардың қауіпсіздігін ғылыми негізде растай отырып, шикізаттың генетикалық түрлендірілген көз (объекті) болып табылмайтындығын немесе генетикалық түрлендірілген көздерді (объектілерді) қамтымайтындығын растайтын және мемлекеттік тіркеуден өткен тамақ шикізатына арналған құжаттардың болуы

елеулі

Биоотын өндірісі саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлеріне     
2-қосымша       

«Бақылау субъектілері жергілікті атқарушы органның
құрылымдық бөлімшелеріне ұсынатын есептілік пен мәліметтерді
мониторингілеу нәтижелері» ақпарат көзі бойынша
субъективті критерийлер

Критерийлердің атауы

Бұзушылық дәрежесі

«Бақылау субъектілері жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелеріне ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері» (ауыртпалық дәрежесі төменде көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда белгіленеді):

1

Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға есептерді ұсынуы

өрескел

2

Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға барлық есеп нысандарын ұсынуы

елеулі

3

Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға есептерді уақтылы ұсынуы

болмашы

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-1/676
және Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 10 тамыздағы № 602
бірлескен бұйрығына    
2-қосымша          

Нысан

Биоотын өндірісі саласындағы мемлекеттік бақылау
саласындағы тексеру парағы

_____________________________________________________________ қатысты
(тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
                                             (№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) ЖСН, БСН ______________________
Орналасқан мекенжайы ________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Қойылатын талаптарға сәйкес келеді

Қойылатын талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1.

Кейіннен биоотынға өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына арналған квота нормаларын сақтау





2

Биоотын өндірісіне арналған тамақ шикізаты құрамының сәйкестігі (бидайдың 1-2 сыныбын пайдалануға жол берілмейді)





3

Биоотын өндірісі паспортының бар болуы





4

Биоотын өндірісі жөніндегі бір және сол зауытта екі және одан көп биоотын өндірушілердің биоотын өндірісін жүзеге асыруы





5

Есепке алатын бақылау аспаптарының бар болуы және олардың ақаусыз жай-күйі





6

Олардың қауіпсіздігін ғылыми негізде растай отырып, шикізаттың генетикалық түрлендірілген көз (объекті) болып табылмайтындығын немесе генетикалық түрлендірілген көздерді (объектілерді) қамтымайтындығын растайтын және мемлекеттік тіркеуден өткен тамақ шикізатына арналған құжаттардың болуы





7

Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға есептерді ұсынуы





Лауазымды адам (дар)
_______________ ___________ _________________________________________
    (лауазымы)     (қолы)     (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
                                            жағдайда))
_______________ ___________ _________________________________________
    (лауазымы)     (қолы)     (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
                                            жағдайда))

Тексерілетін субъектінің басшысы
_______________ ___________ _________________________________________
   (лауазымы)      (қолы)     (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
                                            жағдайда))

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады