Биоотын өндірісі саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 776 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрiнiң 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 255 бiрлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 13 қаңтарда № 6729 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 21 қазандағы № 5-3/513 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 285/НҚ бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.10.2013 № 5-3/513 және ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрінің 31.10.2013 № 285/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңы 6-бабының 13) тармақшасын және «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы 38-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Биоотын өндіру қызметін жүзеге асыратын субъектілер үшін тексеру парағының нысаны бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қайта өңдеу өнеркәсібін және аграрлық азық-түлік нарығын дамыту департаменті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен соң ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Жауапты хатшысы Е.И. Аманға жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы                Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрi             Экономикалық даму және
      ____________ А. Күрiшбаев             сауда министрi
                                            __________ Ж. Айтжанова

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрiнiң
2010 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 776 және        
Қазақстан Республикасы  
Экономикалық даму және  
сауда министрiнiң    
2010 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 255 бiрлескен бұйрығымен
бекітілген        

нысан 

Биоотын өндіру қызметiн жүзеге асыратын субъектiлер үшiн тексеру парағы 

Органның атауы _____________________________________________________
____________________________________________________________________
Тексерудi тағайындау туралы акт ____________________________________
                                            (№, күнi)
Субъект атауы ______________________________________________________
____________________________________________________________________
СТН (БСН, ЖСН) _____________________________________________________

Субъектiнiң орналасқан мекен-жайы __________________________________
____________________________________________________________________
 

Талаптардың тiзiмi

Қойылатын талаптарға сәйкестiгi*

Қойылатын талаптарға сәйкес еместiгi**

1

Биоотынға кейiннен қайта өңдеу үшін қолданатын тамақ шикiзатына арналған квота нормаларын сақтау



2

Биоотын өндірісі кезінде қолданатын тамақ шикізаты (бидай сыныбы)



3

Биоотын өндірісі бойынша сол бір зауытта биоотын өндірушілердің санының сәйкестігі



4

Биоотын өндірісі паспортының болуы



5

Есепке алатын бақылау аспаптарының болуы (оның жөнділігі)



6

Шикізаттың генетикалық түрлендiрiлген көзi (объектiсi) болып табылмайтындығын немесе генетикалық түрлендiрiлген көздердi (объектiлердi) қамтымайтындығын растайтын, олардың қауiпсiздiгiн ғылыми негiзде расталған және мемлекеттiк тiркеуден өткен тамақ шикізатына арналған құжаттардың болуы



* - қойылатын талаптарға сәйкестігі жағдайында «+» белгісі қойылады;
** - қойылатын талаптарға сәйкес еместігі жағдайында «-» белгісі қойылады

Тексерудi жүргiздi _____________ ________________________ ___________
                    (лауазымы)            (аты-жөн)          (қолы)

Талаптардың бұзылуы анықталған жағдайда жасалған нұсқаманың нөмiрi мен күнi көрсетiледi
(20 ____ жылғы «____» ___________ (№ _____)

Тексерудiң қорытындысымен таныстым
(келiсемiн/келiспеймiн) __________________________________ __________
                                   (аты-жөні)                (қолы)

«___» _______________ 20____ жыл

Тексерiлген объект ______________________ тексеру қорытындысы бойынша
                      (объектiнiң атауы)
келесi объектiлер санатына ауыстырылады («+» белгiсiмен белгiлеп қою):

жоғарғы дәрежедегi тәуекел

орта дәрежедегi тәуекел

аз дәрежедегi тәуекел

-

-

-

Органның лауазымды тұлғалары:
_____________________ ____________ ________________________________
      (лауазымы)          (қолы)              (аты-жөні)
_____________________ ____________ ________________________________
      (лауазымы)          (қолы)              (аты-жөні) 

Органның басшысы:
___________________________________________________ _______________
              (аты-жөні, лауазымы)                      (қолы)
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады