Биоотын өндірісі саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында тексеру парағының нысанын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 21 қазандағы № 5-3/513 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 285/НҚ бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 09 желтоқсанда № 8940 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-1/676 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 602 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.07.2015 № 4-1/676 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.08.2015 № 602 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы»
2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының
13) тармақшасын және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Биоотын өндірісі саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен соң ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. «Биоотын өндірісі саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 776 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 255 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6729 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде, 2011 жылғы 31 наурыздағы № 116-119 (26521), Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2011 жылғы 10 наурыздағы № 2 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының     Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі     Премьер-Министрінің
                                    бірінші орынбасары –
                                    Қазақстан Республикасының
                                    Өңірлік даму министрі
      ___________ А. Мамытбеков     ___________Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2013 жылғы 21 қазандағы  
№ 5-3/513 және       
Қазақстан Республикасы   
Премьер-Министрінің    
бірінші Орынбасары –   
Өңірлік даму министрінің  
2013 жылғы 31 қазандағы   
№ 285/НҚ бірлескен бұйрығымен
бекітілген          

Нысан

Биоотын өндірісі саласындағы
жеке кәсіпкерлік саласында
тексеру парағы

      Органның атауы ________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Тексеруді тағайындау туралы акт _______________________________
                                             (№, күні)
      Субъектінің атауы _____________________________________________
_____________________________________________________________________
      БСН ___________________________________________________________
      Субъектінің орналасқан мекен-жайы _____________________________
_____________________________________________________________________

Талаптардың тізбесі

Қойылатын талаптарға сәйкестігі*

Қойылатын талаптарға сәйкес еместігі**

1

Биоотынға кейіннен қайта өңдеу үшін қолданатын тамақ шикізатына арналған квота нормаларын сақтау



2

Биоотын өндірісі кезінде қолданатын тамақ шикізаты (бидай сыныбы)



3

Биоотын өндірісі бойынша сол бір зауытта биоотын өндірушілердің санының сәйкестігі



4

Биоотын өндірісі паспортының болуы



5

Есепке алатын бақылау аспаптарының болуы (олардың ақаусыздығы)



6

Шикізаттың генетикалық түрлендірілген көзі (объектісі) болып табылмайтындығын немесе генетикалық түрлендірілген көздерді (объектілерді) қамтымайтындығын растайтын, олардың қауіпсіздігін ғылыми негізде расталған және мемлекеттік тіркеуден өткен тамақ шикізатына арналған құжаттардың болуы



* – қойылатын талаптарға сәйкестігі жағдайында «+» белгісі қойылады;
** – қойылатын талаптарға сәйкес еместігі жағдайында «–» белгісі қойылады

      Тексеруді жүргізді __________ __________________ ___________
                         (лауазымы)      (аты-жөн)        (қолы)

      М.О.

      Талаптардың бұзылуы анықталған жағдайда жасалған нұсқаманың нөмірі мен күні көрсетіледi (20___жылғы «__» ________ (№ _____)

      Тексерудің қорытындысымен таныстым
      (келісемін/келіспеймін) _____________________ _____________
                                    (аты-жөні)          (қолы)

      «__» ____________ 20____ жыл

      Тексерілген объект ________________________________________
                                     (объектінің атауы)
_________________________________ тексеру қорытындысы бойынша келесі объектілер санатына ауыстырылады («+» белгісімен белгілеп қою):

жоғарғы дәрежедегі тәуекел

орта дәрежедегі тәуекел

аз дәрежедегі тәуекел

-

-

-

Органның лауазымды тұлғалары:_______________ _______ ________________
                                 (лауазымы)   (қолы)   (аты-жөні)
_____________________ ____________ __________________________________
      (лауазымы)          (қолы)                (аты-жөні)

Органның басшысы:
___________________________________________________ _________________
               (аты-жөні, лауазымы)                      (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады