"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 354 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 12 желтоқсанда № 8952 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2014.09.18 № 403 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8397 болып тіркелген, 2013 жылғы 14 маусымдағы № 148 (28087), 21 маусымдағы № 153 (28092) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
      1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобында:
      637 «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      001 «Қазақстан Республикасы Конституцияның республика аумағында жоғары тұруын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «001 Қазақстан Республикасы Конституциясының республика аумағында жоғары тұруын қамтамасыз ету»;
      2 «Қаржылық қызмет» функционалдық кіші тобында:
      217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      001 «Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және оның атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «001 Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету және оның атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер»;
      016 «Жекешелендiру, мемлекеттік мүлiктi басқару, жекешелендiруден кейiнгі қызмет, осымен байланысты дауларды реттеу» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «016 Жекешелендiру, мемлекеттік мүлiктi басқару, жекешелендiруден кейiнгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу»;
      021 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің күрделі шығындары» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «021 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің күрделі шығыстары»;
      070 ««Байқоңыр» кешенінің жалға алынған мүлігін есепке алу» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «070 «Байқоңыр» кешенінің жалға алынған мүлкін есепке алу»;
      072 «Салық әкімшілігін жүргізуді реформалау» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «072 Салық әкімшілігін жүргізу жүйесін реформалау»;
      406 «Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      001 «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «001 Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер»;
      02 «Қорғаныс» функционалдық тобында:
      2 «Төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру» функционалдық кіші тобында:
      202 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      008 «Әскери қызметкерлерге тұрғын үй алу» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «008 Әскери қызметкерлерге тұрғын үй сатып алу»;
      03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында:
      4 «Заңды және құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету жөніндегі қызмет» функционалдық кіші тобында:
      502 «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      009 «Қылмыстық процестерге қатысушы тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «009 Қылмыстық процестерге қатысушы тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз ету»;
      9 «Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласындағы басқа да қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 019 бюджеттік бағдарламасы бар 495 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «495 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
      019 Елдi мекендерде жол қозғалысы қауiпсiздiгін қамтамасыз ету»;
      502 «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      013 «Мемлекеттің алдында міндеттемелері бар адамдардың «Шектеу» бірыңғай деректер банкін» құру» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «013 Мемлекеттің алдында міндеттемелері бар адамдардың «Шектеу» бірыңғай деректер банкі» ақпараттық жүйесін құру»;
      04 «Бiлiм беру» функционалдық тобында:
      2 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру» функционалдық кіші тобында:
      123 «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      005 «Ауылдық (селолық) жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «005 Ауылдық жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру»;
      9 «Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      201 «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      042 «Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне қылмыстық-атқару жүйесі мемлекеттік мекемелерінің жалпы білім беретін мектептерінің педагог қызметкерлерінің штат санының берілуіне байланысты берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «042 Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне қылмыстық-атқару жүйесі мемлекеттік мекемелерінің жалпы білім беретін мектептері педагог қызметкерлерінің штат санының берілуіне байланысты берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
      07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:
      1 «Тұрғын үй шаруашылығы» функционалдық кіші тобында:
      123 «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      007 «Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «007 Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру»;
      214 «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      022 «Әлеуметтік сала және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерінде энергия үнемдеу іс-шараларын жүргізу» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «022 Әлеуметтік саладағы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы объектілерінде энергия үнемдеу бойынша іс-шаралар жүргізу»;
      2 «Коммуналдық шаруашылық» функционалдық кіші тобында:
      214 «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      025 «Қарағанды облысының облыстық бюджетіне Приозерск қаласының инфрақұрылымын ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «025 Қарағанды облысының облыстық бюджетіне Приозерск қаласының инфрақұрылымын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
      мынадай мазмұндағы 024 бюджеттік бағдарламасы бар 373 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      373 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрылыс басқармасы»
      «024 Коммуналдық шаруашылықты дамыту»;
       3 «Елді-мекендерді көркейту» функционалдық кіші тобында:
      214 «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      039 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қалалар мен елді мекендерді көркейтуге берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «039 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қалалар мен елді мекендерді абаттандыруға берілетін нысаналы даму трансферттер»;
      08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк» функционалдық тобында:
      2 «Спорт» функционалдық кіші тобында:
      359 «Астана қаласының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша 016 «Спорт объектілерінің жұмысын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарлама алынып тасталсын;
      09 «Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану» функционалдық тобында:
      9 «Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      231 «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      006 «Мұнай, газ және мұнайхимиясы өнеркәсібінің нормативтік-техникалық базасын жетілдіру» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «006 Мұнай, газ және мұнай-химия өнеркәсібінің нормативтік-техникалық базасын жетілдіру»;
      233 «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      043 «Қарағандышахтатарату» Республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, жабылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген зиянды өтеу» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «043 «Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, жабылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген зиянды өтеу»;
      10 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобында:
      1 «Ауыл шаруашылығы» функционалдық кіші тобында:
      212 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      225 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық өтемақыны субсидиялау» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «225 Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау»;
      5 «Қоршаған ортаны қорғау» функционалдық кіші тобында:
      234 «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      019 «Қазақстан Республикасының «жасыл дамуды» ілгерілету және Астаналық бастаманы іске асыру үшін өңіраралық ынтымақтастықты күшейтуге жәрдемдесуі» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «019 Қазақстан Республикасының «Жасыл дамуды» ілгерілету және Астаналық бастаманы іске асыру үшін өңіраралық ынтымақтастықты күшейтуге жәрдемдесуі»;
      021 «Авиациялық метеорологиялық стансаларды жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру үшін «Қазаэросервис» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «021 Авиациялық метеорологиялық станцияларды жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру үшін «Қазаэросервис» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту»;
      9 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      212 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      001 «Ауыл шаруашылығы және табиғатты пайдалану саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «001 Ауыл шаруашылығы саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару»;
      12 «Көлiк және коммуникация» функционалдық тобында:
      1 «Автомобиль көлiгi» функционалдық кіші тобында:
      123 «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      012 «Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарын инфрақұрылымын дамыту» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «012 Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының инфрақұрылымын дамыту»;
      013 «Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «013 Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету»;
      215 «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      051 «Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «051 Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер»;
      9 «Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 025 бюджеттік бағдарламасы бар 373 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «373 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрылыс басқармасы
      025 Көлік инфрақұрылымын дамыту»;
      13 «Өзгелер» функционалдық тобында:
      9 «Өзгелер» функционалдық кіші тобында:
      214 «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      001 «Өңірлік даму, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жерді тиімді пайдалану мен және қорғауға жағдай жасау, геодезиялық және картографиялық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қызметін үйлестіру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «001 Өңірлік даму, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жерді тиімді пайдалану мен қорғауға жағдай жасау, геодезиялық және картографиялық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қызметін үйлестіру жөніндегі қызметтер»;
      мынадай мазмұндағы 051 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «051 Астана қаласының бюджетіне «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бойынша Астана қаласындағы авариялық тұрғын үйлерді бұзу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру шеңберінде Астана қаласы әкімдігі уәкілетті ұйымының «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ алдында қабылданған міндеттемелерін өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
      217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      038 «Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру)» шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «038 Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру)» шеңберінде сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау»;
      222 «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 023 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «023 «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту»;
      373 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрылыс басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 045 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «045 «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бойынша Астана қаласындағы авариялық тұрғын үйлерді бұзу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру шеңберінде Астана қаласы әкімдігі уәкілетті ұйымының «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ алдында қабылданған міндеттемелерін өтеу
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
      Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
      140 «Қорлар сатып алу» кіші сыныбы бойынша:
      141 «Азық-түлiк өнiмдерiн сатып алу» ерекшелігі бойынша:
      «Шығындардың тiзбесi» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке пайдалану үшiн мемлекеттiк мекемелердiң азық-түлiк өнiмдерiн сатып алуы және сақтауы;
      арнайы тағам;
      жануарлардың тағамы;
      құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргiзу кезеңінде кәсiби және ерiктi апаттан құтқару қызметтерiнiң және құрылымдардың құтқарушылары үшiн тағам сатып алу;
      мерзiмдi әскери қызметшiлердiң, әскери оқу орындары, құқық қорғау органдарының оқу орындары курсанттарының, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 44-бабында көзделген жағдайларда басқа әскери қызметшілердің, сондай-ақ сотталғандардың, қылмыс жасауда күдiктiлер мен айыпталушылардың тамақтануына ақы төлеу;
      казармалық жағдайдағы оқу орындарында арнаулы (әскери) қурсанттарды және «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің жекелеген санаттарын азық-түлікпен қамтамасыз ету;
      мемлекеттік мекеменің штат санында аспаздар көзделген жағдайда мектеп асханаларына тамақ өнімдерін сатып алу. Егер штат санында аспаздар көзделмеген болса, онда оқушылар үшін тамақтануды ұйымдастыру бойынша қызметтерді шарт бойынша басқа заңды тұлға жүзеге асырады және бұл шығындар 159-ерекшелiк бойынша көрсетiледi.».
      2. Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Ж.Т. Тоқабекова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министр                                             Е. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады