"Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеуін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 369 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 13 желтоқсанда № 8958 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 187 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 30.06.2014 жылғы № 187 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 156-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 6395 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелері, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу ережесінде (бұдан әрі -Ережелер):
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Егер қаржы-экономикалық негіздеме шеңберінде жоспарланған іс-шаралардың аналогы немесе үлгілік қолданылуы болмаса, қаржы-экономикалық негіздеме іс-шараларының толық инвестициялық кезеңі ескеріле отырып, соның салдарынан жоспарланған іс-шаралардың негізділік пен нәтижелілік критерийлеріне сәйкестігін растау мүмкін болмаса, онда қаржы-экономикалық негіздемені кезең-кезеңмен әзірлеуге рұқсат етіледі.
      Бұл ретте, ҚЭН-де жоспарланған іс-шаралардың негізділік пен нәтижелілік критерийлеріне сәйкестігі салалық сараптаманың қорытындысы негізінде жасалады.
      Осы тармақтың талаптары қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу болып табылатын заңды тұлғаларға ғана қатысты қолданылады.».
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      11. «Инвестициялар көлемі» тарауында әрбір құрамдауыш бөлінісінде Инвестициялар көлемінің құжатпен және есептермен расталған негіздемесі келтіріледі.
      Бұл ретте, егер қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандырылған көрме ұйымдастыру және өткізу болып табылатын заңды тұлға іске асыруды жоспарлаған іс-шаралар аяқталмаған сипатқа ие болған жағдайда, осы Іс-шаралардың негізділік критерийіне сәйкестігі салалық сараптаманың қорытындысы негізінде жасалады.
      Көрсетілген жағдайда, Инвестициялар көлемінің есепті мен деректі расталуы Салалық сараптаманың қорытындысы болып табылады.
      Осы тармақтың талаптары қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандырылған көрме ұйымдастыру және өткізу болып табылатын заңды тұлғаларға ғана қатысты қолданылады.
      «Инвестициялар көлемі» тарауы келесі параграфтарды қамтиды:
      1) «Өнімдер» параграфы, онда Инвестициялар есебінен сатып алынатын өнімдердің саны мен сапасының негіздемесі, 6-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген ақпаратты есепке алып, келтіріледі;
      2) «Бағалар негіздемесі» параграфы, онда Инвестициялар есебінен сатып алынатын өнімдердің бағаларына талдау келтіріледі. Инвестициялар есебінен сатып алынатын өнімдердің бағасы осы Ережелердің 19-тармағының 3) тармақшасында келтірілген құжаттармен бекітіледі.
      Осы Ереженің 19-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсыну мүмкін болмаған жағдайда Әкімші, ақпарат көзін көрсете отырып, сатып алуға жоспарланып отырған өнімдердің қазіргі нарықтық бағасы туралы ақпаратты қоса береді.
      Бағаларды талдау келесіні қамтиды:
      соңғы екі жылдағы бағалардың серпіні туралы ақпарат және өзгерістерге әкелуі мүмкін ағымдағы бағалар мен оқиғалардың ықтимал өзгеруі;
      бағалардың ықтимал жеңілдігі, жеңілдік беру шарттары (сатып алу көлемі, ақы төлеу шарттары) келтіріледі;
      3) «Айналым қаражатын толтыру» параграфы, онда мыналар үшін ақшаға қажеттілігі ашып көрсетіледі, бірақ төмендегі келтірілген тізбемен шектелмейді:
      қаржылық өнімдер бөлінісінде клиенттердің болжамды саны, қаржылық қызметтер көрсетудің орташа сомасы көрсетілген қаржылық қызметтер көрсету;
      пруденциалдық нормативтерді сақтау;
      Инвестицияларды Алушының ағымдағы шығыстарын қаржыландыру;
      4) «Инвестициялар көлемі» параграфы, онда жоспарланатын
Инвестициялардың мөлшерін дәлелдейтін есептер келтіріледі.
      Есептер әрбір іс-шаралар бөлінісінде келтіріледі.
      Егер Инвестициялар қаржылық қызмет көрсетуге арналған жағдайда «Инвестициялар көлемі» тарауының міндетті құрылымдық элементтері:
      «Айналым қаражаттарын толықтыру» параграфы;
      «Бюджеттік инвестициялар көлемі» параграфы.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Осы Ереженің 3-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, «Нәтиже» бөлімінде есептеулермен расталған тура және соңғы нәтижелерді алу мүмкіндігінің негіздемесі, сондай-ақ Инвестициялардың сапасы мен тиімділігінің көрсеткіші болған жағдайда, сондай-ақ Инвестицияларды Алушының қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарланған нәтижелері беріледі.
      Осы Ереженің 3-1 тармағында көзделген Іс-шараларды жоспарлаған жағдайда, тура және соңғы есептік нәтижелерді алу мүмкіндігінің есептеу негіздемесі және қаржы моделін келтірумен Инвестициялардың қаржылық тиімділігінің есептеуін ұсыну талап етілмейді.
      «Нәтиже» бөлімі мынадай құрылымға сәйкес келеді:
      «Өндіріс және сату» тарауы;
      «Ресурстар» тарауы;
      «Қаржы» тарауы;
      «Тәуекелдер» тарауы;
      «Қорытындылар» тарауы.»;
      19-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) «Негізділік» бөліміне:
      «Сатып алынатын (құрылатын) активтердің құны мен сипаттамасы» осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша;
      осы Ереженің 11-тармағының 2) тармақшасында келтірілген ақпаратты растайтын, кемінде екі баламалы өнім берушіден түскен прайс-парақтардың, баға және коммерциялық ұсыныстардың, бағалау актілері мен басқа да құжаттардың көшірмелері.
      Егер Инвестицияларды Алушы қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу болып табылатын заңды тұлға болып табылатын жағдайларды қоспағанда, жаңа объектілерді құруға (салуға) немесе қазіргі объектілерді қайта жаңғыртуға бағытталған Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сараптамасы, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың қорытындысы, жер құқығын беру туралы жерге орналастыру жобасы (қажет болған жағдайда жер телімдері иелері мен жерді пайдаланушылардың залалдарының, алынатын алқаптардың түрлеріне байланысты ауылшаруашылық және орманшаруашылық өндіріс шығындарының есептеулері қоса беріледі), техникалық шарттар, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздеме немесе жобалау-сметалық құжаттама ұсынылады.
      Ақпараттық жүйені құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған Инвестицияларды жүзеге асырған кезде ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның қорытындысы, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздеме ұсынылады.
      Егер Инвестицияларды Алушы қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандырылған көрме ұйымдастыру және өткізу болып табылатын заңды тұлға болып табылатын жағдайларды қоспағанда, инновациялық және (немесе) ғарыштық қызметті болжайтын іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған Инвестицияларды іске асырған кезде мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы ұсынылады;
      сәйкесті мемлекеттік уәкілетті органның салалық сараптамасы, егер Инвестициялар соның қызмет саласына тисе.
      Салалық сараптаманың қорытындысы келесіні қамтиды:
      салада бар жағдайды талдауды бағалау;
      ҚЭН-да көрсетілген іс-шаралар іске асырылмаған жағдайда саладағы жағдайды талдауды бағалау;
      сандық және сапалық көрсеткіштерді келтіре отырып және төменде тізімделгендерді көрсете отырып ҚЭН іс-шараларын іске асыруының сала дамуына әсерін бағалау:
      ҚЭН іс-шараларының сала экономикасының құрылымындағы рөлі мен орны;
      ҚЭН іс-шараларын іске асыруының орналасатын жерін таңдаудың және ауқымының негіздемесі;
      ҚЭН іс-шараларын іске асыруының мүмкіндігі;
      ҚЭН іс-шаралары бойынша техникалық шешімдер жеткілікті болуы және олардың тиімділігін бағалау;
      ҚЭН іс-шараларының халықаралық стандарттарға сәйкестігін бағалау, оңтайлы жаңа технологияларды қолдану;
      ҚЭН іс-шараларының мақсаттарына қол жеткізудің баламалы нұсқаларын бағалау;
      4) «Нәтиже» бөліміне:
      «Өндіріс бағдарламасы» осы Ережелердің 5-қосымшасына сәйкес нысанда;
      «Өткізу бағдарламасы» осы Ережелердің 6-қосымшасына сәйкес нысанда;
      «Қаржы моделі» осы Ережелердің 7-қосымшасы бойынша;
      «Инвестициялар нәтижелері» осы Ережелердің 8-қосымшасына сәйкес нысанда;
      «ҚЭН іс-шараларының бюджеттік тиімділігі» осы Ережелердің 9-қосымшасына сәйкес нысанда;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2010 жылдың 7 қыркүйегінде № 6452 болып тіркелген) бекітілген нысаналарға сәйкес құрастырылған Инвестицияларды Алушының қаржылық көрсеткіштерінің болжамы, Инвестицияларды есептемегенде:
      «Бухгалтерлік баланс»;
      «Кірістер мен шығындар туралы есеп»;
      «Ақша қаражатының қимылы туралы есеп (тікелей тәсіл)»;
      «Ақша қаражатының қимылы туралы есеп (жанама тәсіл)».
      Осы Ереженің 3-1-тармағында көзделген іс-шараларды жоспарлаған жағдайда, Ереженің 19-тармағының, 8-қосымшаны қоспағанда, осы тармақшасында тізбеленген қосымшаларды ұсыну талап етілмейді.».
      2. Инвестициялық саясат департаменті (Қ.М. Тұмабаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Министр                                       Е. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады