"Мүгедектерге немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушысының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 153 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 15 қарашадағы № 265 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 14 желтоқсанда № 8963 тіркелді

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мүгедектерге немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің мiндетiн атқарушыcының № 153 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4749 болып тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылы, маусымда жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мүгедектерге немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу қағидасын бекіту туралы»;
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Мүгедектерге немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу қағидасы бекітілсін.»;
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Мүгедектерге немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу ережесiнде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мүгедектерге немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу қағидасы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Мүгедектерге немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу қағидалары «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 24-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапханалар қорларына қолжетімділік тәртібін анықтайды. Сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары халыққа қызмет көрсету бойынша кітапханалар қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.».
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитеті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді өткізгеннен кейін белгіленген тәртіпте ресми жариялауға жіберілгені туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                    М. Құл-Мұхаммед

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады