Орман, балық және аң аулау шаруашылығы мемлекеттік мекемелері, қазыналық кәсіпорындары азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайы үшін үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 375-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 26 желтоқсанда № 9028 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2022 жылғы 24 ақпандағы № 58 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 24.02.2022 № 58 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы

      № 172 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж.,

      № 17, 302-құжат) 16-тармағының 155) тармақшасына және "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын

      ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың

      қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысының

      (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат)

      16-қосымшасы 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Орман, балық және аң аулау шаруашылығы мемлекеттік мекемелері, қазыналық кәсіпорындары азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайы үшін үстемеақылар белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті

      (Б.О. Азбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін

      және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын

      қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары Вице-министрінің міндетін атқарушы Е.Н. Нысанбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жаряланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндетін атқарушы

Е. Нысанбаев


  Қазақстан Республикасы
Қоршаған орта және
су ресурстары министрінің
2013 жылғы 09 желтоқсандағы
№ 375-ө бұйрығымен
бекітілген

Орман, балық және аң аулау шаруашылығы мемлекеттік мекемелері,
қазыналық кәсіпорындары азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайы
үшін үстемеақылар белгілеу
қағидалары

      1. Осы Орман, балық және аң аулау шаруашылығы мемлекеттік мекемелері, қазыналық кәсіпорындары азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайы үшін үстемеақылар белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) сәйкес әзірленген.

      2. Қағидалар орман, балық және аңшылық шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің, қазыналық кәсіпорындарының азаматтық қызметшілеріне (бұдан әрі – ұйымдар) үстемеақылар белгілеу кезінде қолданылады.

      3. Қағидалар ұйымдардың азаматтық қызметшілерін әлеуметтік қорғауды күшейту және қызметін ынталандыру мақсатында мемлекеттік мекемелерді, қазыналық кәсіпорындарды дамытуға бағытталған жұмыс үшін, практикада озық әдістерді қолданғаны үшін, жұмыстағы жоғары жетістіктері, аса маңызды немесе шұғыл жұмыстарды орындағаны үшін, еңбектегі күрделілік және қауырттылық үшін үстемеақылар (бұдан әрі – үстемеақы) төлеу тәртібін айқындайды.

      4. Үстемеақы ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен жұмысшыларын тарту және бекіту мақсатында Қаулыға 16-қосымшада белгіленгеннен аспайтын мөлшерде лауазымдық жалақыларға белгіленеді.

      5. Үстемеақылар алуға құқығы бар жұмысшылар санаттарына

      табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру, күзету және пайдалану жұмыстарымен тікелей айналысатын қызметкерлер, сондай-ақ Қаулымен бекітілген Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес ұйымдардың өзге де азаматтық қызметшілері жатады.

      Салалық келісіммен, ұжымдық шартпен және (немесе) жұмыс берушінің ұйым басшысымен жасаған актісімен айқындалған еңбек жағдайлары үшін үстемеақылардың нақты мөлшерлерін ескере отырып үстемеақылар алатын ұйым қызметкерлері лауазымдарының тізбесі белгіленеді.

      6. Ұйым қызметкерінде тәртіптік жаза болған жағдайда үстемеақы төленбейді.

      7. Үстемеақылар белгілеу тиісті қаржы жылына ұйымның бекітілген еңбекақы төлеу қорының есебінен және соның шегінде жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады