Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 356/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 26 желтоқсанда № 9033 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 12-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.01.2016 № 12-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік, жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс басқармасы (Ж.С. Шарабасов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің жауапты хатшысы А.К. Қабыкеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                  Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы  
Өңірлік даму министрінің  
2013 жылғы 4 желтоқсандағы 
№ 356/НҚ бұйрығымен бекітілген

Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті
және жеткілікті дербес деректердің
Тізбесі

№ р/с

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің атауы

1

Жеке іс иесінің суреті бар және жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері

2

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

3

Тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстыру туралы мәліметтер

4

Тегінің, атының транскрипциясы

5

Қолтаңба

6

Тууы туралы деректер: туған күні, айы, жылы, туған жері

7

Нәсілдік және ұлттық тиесілігі

8

Жынысы

9

Отбасылық жағдайы туралы мәліметтер (некеде тұруы, неке қию немесе некені бұзу туралы куәліктің деректері, ерлі-зайыптының тегі, аты, әкесінің аты, ерлі-зайыптының жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері, асыранды, отбасының басқа мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты, туыстық дәрежесі, балалардың бар болуы және олардың жасы)

10

Бала асырап алуы туралы мәліметтер

11

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері: құжаттың атауы, құжаттың нөмірі, құжаттың берілген күні, құжаттың қолдану мерзімі, құжатты берген орган

12

Жеке басын куәландыратын құжаттың жарамсыздығы, жоғалуы, жойылуының себептері туралы мәліметтер

13

Азаматтылығы туралы мәліметтер: азаматтылығы (бұрынғы азаматтылығы), Қазақстан Республикасы азаматтылығын алған күні, Қазақстан Республикасы азаматтылығын жоғалтқан күні, Қазақстан Республикасы азаматтылығын жоғалту себебі, Қазақстан Республикасы азаматтылығын қайта алу күні, Қазақстан Республикасы азаматтылығын қайта алу себебі

14

Ағымдағы уақыттағы еңбек қызметі туралы мәліметтер: (мекеме және оның атауы, құрылымдық бөлімі, лауазымы толық көрсетілген еңбек қызметі туралы деректер, жалпы және үздіксіз еңбек өтілі, мекен-жайы мен телефондары, сонымен қатар бұрын атқарған лауазымының толық атауы көрсетілген басқа мекемелердің деректемелері және осы мекемелердегі жұмыс уақыты)

15

Тұрғылықты мекен-жайы, тұратын жері немесе келген жері бойынша тіркелу күні

16

Электронды поштаның мекен-жайы

17

Байланыс телефонының нөмірі

18

Жұмыс орнының (оқуының) атауы және заңды мекен жайы

19

Мінездеме

20

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

21

Еңбек кітапшаларының нөмірі, сериясы, күні және ондағы жазбалар

22

Портреттік бейнесі (сандық фото)

23

Жеке құрам және ондағы материалдарға байланысты өкімдердің түпнұсқасы мен көшірмесінде көрсетілген мәліметтер

24

Мемлекеттік және ведомстволық наградалар, құрмет және әлеуметтік атақтар, көтермелеу (награданың атауы немесе аталуы, атақ немесе көтермелеу, наградтау туралы нормативті актінің түрі және күні, немесе көтермелеу күні) туралы мәліметтер

25

Аттестациялау жөніндегі материалдар

26

Ішкі қызметтік тексеру бойынша материалдар

27

Ауыруының жоқтығы жөнінде бекітілген формадағы медициналық қорытынды

28

Уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы мәлімет

29

Енімді басқаруға берілген мүлік туралы мәліметтер

30

Білімі, біліктілігі және арнайы білімінің бар болуы немесе арнайы дайындықтары туралы мәліметтер (білім беретін мекемелерді бітіргені туралы дипломның, куәліктің, аттестаттың немесе басқа құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні, сонымен қатар білім беретін мекеменің атауы және орналасқан жері, факультеті немесе бөлімшесі, білім беретін мекемені бітіргеннен кейінгі біліктілігі және мамандығы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы шет тілдерін білуі)

31

Біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтер (білім беретін мекеменің атауы және орналасқан жері, біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттың берілген күні, нөмірі, сериясы, білім беретін мекемені бітіргеннен кейінгі біліктілігі және мамандығы)

32

Жалақысы туралы мәліметтер: жалақы, үстемеақы, салық туралы мәліметтер

33

Әскери қызметке шақыруға жататын, әскери міндетті тұлғаларды әскери есепке алу туралы мәліметтер (әскери билетті берген органның атауы, берілген күні, нөмірі, сериясы, әскери-есепке алу мамандығы, әскери атағы, есепке алу/шығару туралы деректер)

34

Соттылығының болуы (болмауы)

35

Әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәліметтер

36

Банктің карточкалық базасында шотының бар екені туралы мәліметтер

37

Азаматтық-құқықтық шарттардың, қызметтік келісім-шарттардың мазмұны және деректемелері

38

Әлеуметтік жеңілдіктер және әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтер (жеңілдіктер мен мәртебе беру үшін негіз болатын құжатты берген органның атауы, берілген күні, нөмірі, сериясы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады