Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мемлекеттік қызметшілері қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджетік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 353 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылы 27 желтоқсанда № 9035 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 687 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.11.2015 № 687 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мемлекеттік қызметшілері қызмет этикасының қағидалары бекітілсін.
      2. Корпоративтік даму департаменті (Ә.С. Садықова):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелуін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он күнтізбелік күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және ресми бұқаралық ақпарат құралдарына тіркелген бұйрықтың көшірмелерін ресми жариялауға жіберуді;
      4)  Министрліктің мемлекеттік қызметшілерін осы бұйрықпен таныстыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Жауапты хатшысы
Д.М. Шәженоваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оны бірінші рет ресми жариялағаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Е.Досаев

Экономика және бюджеттік
жоспарлау министірінің
2013 жылғы 29 қарашадағы
№ 353 бұйрығымен
бекітілген     

Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
мемлекеттік қызметшілері қызмет этикасының қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мемлекеттік қызметшілері қызмет этикасының қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына және жалпы қабылдаған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.
      2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) мемлекеттік қызметшілердің өздерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында, әріптестерімен және азаматтармен өзара қарым-қатынастардағы негізгі мінез-құлық нормаларын анықтайды.
      3. Министрліктің мемлекеттік қызметшілері өз қызметінде:
      1) мемлекеттік қызмет саласында заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуы;
      2) адалдық, тәртіптілік, жауапкершілік, белсенділік, бастамашылық танытуы және келіссөздер (кездесулер) барысында басқа адамдарға шыдамдылық, сыпайылық, әдептілік және құрмет танытуы;
      3) шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатынасына, сеніміне, тұрғылықты жеріне және өзге де мән-жайларға қарамастан, адамның және азаматтың ар-намысын және қадір-қасиетін сыйлауы;
      4) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуі, мемлекеттік және басқа да тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауы;
      5) адал, әділ, қарапайым болуы, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауы, азаматтармен және әріптестермен қарым-қатынаста сыпайылық және әдептілік танытуы;
      6) ұжымның стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізудегі біртұтастығына ықпал етуі;
      7) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруы;
      8) өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауы, сын үшін қудалауға жол бермеуі, орынды сынды кемшіліктерді жою және өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануы;
      9) өзінің міндеттерін тиісті орындауы, жұмысын нақты қалыптасқан жағдайды ескерумен ұйымдастыруы және жоспарлауы;
      11) жұмыс уақытын тиімді пайдалануы және ұжымдағы басқа мемлекеттік қызметшілердің еңбек міндеттерін орындауына кедергі келтіретін іс-әрекеттерді жасамауы;
      12) қызметтік субординацияны сақтауы;
      13) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуі, автокөлік құралдарын қоса алғанда, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануы;
      14) Қазақстан Республикасының, мемлекеттік биліктің беделін түсіруге ықпал ететін іс-әрекеттерді жасамауы;
      15) мемлекеттік қызметшілердің өздерінің функциялары мен міндеттерін атқару кезіндегі бастамашылығын қолдау және көтермелеу;
      16) мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу бойынша шараларды қабылдауы;
      17) осы Қағидалардың талаптарын бұзу фактілеріне қағидатты түрде ден қоюы, айыптының жауапкершілігімен қатар өзінің жеке жауапкершілігі туралы мәселені қоюға дайын болуы тиіс.
      4. Министрліктің мемлекеттік қызметшілері қарапайымдылық танытуы, көлік, сервистік және өзге де қызметтерді алған кезде Министрліктің мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық жағдайын білдірмеуі және пайдаланбауы, өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға тиіс.
      5. Министрліктің мемлекеттік қызметшілері қызметтік жағдайларын және онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделеріне, оның ішінде өзінің оларға көзқарасысын насихаттау үшін пайдаланбауға тиіс.
      6. Министрліктің мемлекеттік қызметшілері Ар-намыс кодексінде белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты сақтауы тиіс.
      Министрліктің мемлекеттік қызметшісі, егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы анық ақпараты болса, мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолдануға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Министрліктің мемлекеттік қызметшісі өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті.
      7. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызмет мәселелері туралы өзінің пікірін көпшілік алдында білдірмеуі тиіс, егер ол:
      1) мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін болса;
      2) жария етуге рұқсат берілмеген қызметтік құпияны ашатын болса;
      3) мемлекеттің лауазымды тұлғаларының, басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепке сай емес сөздер қамтылатын болса.
      8. Министрлік мемлекеттік қызметшісіне лауазымдық міндеттерін орындаған кезде ресмилілікпен, ұстамдылықпен, дәстүрлікпен, ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылдаған іскерлік қалпына сәйкес келуі тиіс.
      9. Министрлікте кадрлық шешімдерді, сондай-ақ мемлекеттік қызмет және еңбек саласындағы Қазақстан Республикасының Заңдамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, протекционизмнің, жекелеген мемлекеттік қызметшілерге жасалатын артықшылық мен жеңілдіктердің кез келген түрін қабылдау кезінде мемлекеттік қызметшілерді кемсітудің кез келген түріне жол берілмейді.
      10. Қызметтік уақыттан тыс кезде Министрліктің мемлекеттік қызметшілері:
      1) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануы, қоғамқа қарсы мінез-құлыққа жол бермеуі;
      2) қоғамдық жағымсыз резонанс тудыратын іс-әрекеттерге жол бермеуі, өзінің беделіне нұқсан келтіретін мінез-құлықтан қалыс қалуы;
      3) Министрліктің мемлекеттік қызметшілері жоғары атағына кір келтіретін кез келген жеке байланыстардан аулақ болуы тиіс.
      Қызметтен тыс қарым-қатынастарда Министрліктің мемлекеттік қызметшілері осы Қағидалардың талаптарын және мемлекеттік қызмет саласындағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы сақтауы және мемлекеттік қызметшісінің беделін, қадір-қасиетін түсіретін немесе оның адалдығына, әділдігіне, объективтiлiгi мен алаламаушылығына күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болуы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады