Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 25.02.2015 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы «Неке және отбасы (ерлі-зайыптылық) туралы» Кодексінің 180-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 99 «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Әділет министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2012 жылы 9 сәуірде № 7533 тіркелді, «Казахстанская правда» республикалық газетінде 2012 жылдың 30 маусымында № 207-208 (27026-27027) жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру ережесі:
мынадай мазмұндағы 121-1-тармақпен толықтырылсын:
«121-1. Тарихи отанына қайта оралған адамдарға қатысты туу туралы азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру жеткілікті негіздер болған кезде және осы фактіні құжаттық растау (акт жазбасының болмауы (жоғалғаны) туралы анықтама немесе хабарлама) мүмкін болған кезде немесе ішкі істер органдарының осы адамдардың Қазақстан Республикасына заңды түрде келгені туралы растамасы және олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын беру туралы өтініші болған кезде ғана жүргізіледі.
Тарихи отанына қайта оралған Қазақстан Республикасы азаматтарының ата-аналары, сондай-ақ отбасы мүшелері туралы растайтын ақпаратты тіркеу органдарының сұрау салуы бойынша ішкі істер органдары береді.».
2. Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен аталған бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Имашев
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ.Н. Қасымов
2013 жыл 12 желтоқсан