Қазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 431 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 27 қаңтарда № 9099 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 396 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.03.2015 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1455 қаулысымен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру қағидасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ. Нұрабаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін күнтізбелік он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Е. Сауранбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының Индустрия
      және жаңа технологиялар министрінің
      міндетін атқарушы                                   А. Рау

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің Орынбасары-
Индустрия және жаңа    
технологиялар министрінің 
2013 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 431 бұйрығымен     
бекітілген         

Қазақстан Республикасының жер қойнауын
геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу жөніндегі
нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Қазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу жөніндегі нұсқаулық» (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1455 қаулысымен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру қағидасының 4-тармағына сәйкес әзірленген (бұдан әрі – Қағида) және жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бойынша тоқсандық есептер мен жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары туралы соңғы есептерді ұсыну тәртібін нақтылайды.

2. Есептердің құрылымы және ресімделуі

      2. Есептер мәтіндік және графикалық (графикалық қосымшалары болғанда) және ғарыштық суреттен тұрады.
      3. Есептер мынадай құрылымдық элементтерден тұрады:
      1) заттаңба (есеп мәтінінің мұқабасында);
      2) титул парағы;
      3) орындаушылардың тізімі;
      4) реферат;
      5) геологиялық тапсырма (техникалық тапсырма);
      6) мазмұны;
      7) иллюстрациялардың, кестелердің тізімі (олар болған кезде);
      8) мәтіндік қосымшалардың тізімі (олар болған кезде);
      9) графикалық қосымшалардың тізімі (олар болған кезде);
      10) мағыналық бөлігі;
      11) есепте пайдаланылған ақпарат көздерінің тізімі (әдебиет);
      12) мәтіндік қосымшалар (олар болған кезде);
      13) кестелер, иллюстрациялар (олар болған кезде);
      14) графиктік қосымшасы (бар болған кезде);
      15) метрологиялық сараптаманың қорытындысы;
      16) патенттік зерттеулер туралы қорытынды (олар болған кезде);
      17) формуляр;
      18) рецензия (рецензиялар);
      19) есептің қаралу хаттамасы (хаттамалары);
      20) бастапқы геологиялық материалдарды тапсыру актісі;
      21) аумақты қайтару актісі;
      22) атқарылған жұмыс көлемі мен шығындарды есептен шығару туралы анықтама;
      23) есептер сақтауға жіберілетін ұйымдардың тізімі.
      4. Геологиялық есептің мәтіні компьютерде А4 (297 х 210 мм) пішімінде теріледі. А3 пішімі кестелер үшін пайдаланылады. Компьютерлік теру кезінде Word мәтіндік редакторы, № 14 көлемдегі Times Kaz қаріпі, № 14 көлемдегі Times Nеw Roman қаріпі, № 12 көлем кестелерге, бірдей жол аралық қашықтық пайдаланылады.
      5. Есептер мынадай параметрлерді есепке алумен ресімделеді:
      1) сол жақтан – 3,0 см;
      2) оң жақтан – 1,5 см;
      3) колонтитулдар – 2,0 см.
      6. Есептердің беттерін нөмірлеу – өтпелі және әр кітаптың шегінде өздік. Титул парағы нөмірленбейді.
      7. Есептің көлемі 300 беттен артық болғанда, бөлімдерге бөлінеді және 300 беттен аспайтын көлемде жеке кітап түрінде жинақталады. Заттаңбада және титул парағында кітаптың нөмірі қойылады және үлкен әріптермен жазылады.
      8. Түптеу кезінде есеп кітабы тек қана жіппен тігіледі.
      9. Есептердің әр кітабының қатты түптемесі (мұқабасы) болуы керек. Көлемі 30 бетке дейін кітаптар үшін кітап мәтінімен степлермен бекітілген жұмсақ картон мұқаба рұқсат етіледі.
      10. Пайдалы қазбалар кен орындарының паспорты немесе кен орындары мен көрініс-белгілерінің каталогі бар болса, олар жеке кітап ретінде есептерге қоса беріледі.
      11. Заттаңба 140-150х100-110 мм тікбұрыш пішімінде болады, есептің әр кітабы мұқабасының ортасында орналасады және Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
      12. Титул парағы есептің бірінші беті болып табылады және осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
      13. Орындаушылардың тізімі барлық орындаушылардың тегін қамтиды. Екі және одан көп кітаптардан тұратын есептер үшін орындаушылар тізімі бірінші кітапта ғана беріледі.
      14. Реферат қағаздың бір парағында басылады және келесіні қамтиды:
      1) жауапты орындаушының тегі мен аты-жөні (бас әріптермен басылады) көрсетіледі, әрі қарай көзделген  тәртіпте қалған орындаушылардың тегі көрсетіледі, бірақ олардың саны үштен көп болса, «және басқалар» деп, көрсетіп үшеуінің ғана тегі көрсетіледі;
      2) жұмыстың атауы, беттердің саны, иллюстрациялардың жалпы саны, мәтіндегі кестелердің саны, пайдаланылған дереккөздердің саны, мәтіндік қосымшалардың саны (егер есеп бірнеше томнан тұрса, онда әр томдағы мәтіннің, суреттердің, мәтіндік қосымшалардың, кестелердің қанша бет екендігі көрсетіледі), графикалық қосымшалар папкаларының саны және әр папкадағы графика беттерінің саны, ғылыми-техникалық алқада (ҒТА), мемлекеттік қорлар жөніндегі комиссияда (МҚК-да) геологиялық есепті қарау хаттамасы (егер қорларды барлау және есептеу жөніндегі есеп тапсырылатын болса), электрондық тасымалдаушылардағы мәтіні және графикалық қосымшалары бар электрондық дискілердің саны, геологиялық есеп жасалған ұйымның атауы және оның толық мекенжайы, есепті аяқтаудың айы мен жылы, геологиялық есеп жіберілген ұйымдардың тізбегі (жақшада басылады), әкімшілік облыс пен шегінде жүргізілген жұмыстардың аумағы орналасатын 1:1 000 000 масштабтағы халықаралық сызыққа сәйкес парақ номенклатурасы енеді (егер геологиялық есеп бірнеше кітаптан тұратын болса, онда әр кітаптың көлемі жеке көрсетіледі).
      3) Құраушының тегі, аты-жөні, қолы, мөрі.
      15. Геологиялық (техникалық) тапсырмада жұмыстардың бекітілген мерзімі, оның мақсаттары, міндеттері мен кезеңдері туралы нақты мәліметтер болуы тиіс. Келісімшарттық аумақтарда жер қойнауын пайдаланушының қаражаты есебінен жұмыстар жүргізілген жағдайда геологиялық есепке геологиялық тапсырманың орнына Келісімшартқа ең аз жұмыс бағдарламасы немесе одан үзінді енгізіледі.
      16. Геологиялық (техникалық) тапсырма парақтың бір жақ бетінде басылады және тапсырыс беруші ұйымының мөрімен расталады.
      17. Мазмұнында геологиялық есептің барлық тақырыптары, бөлімдері, кіші бөлімдері мен тармақтары және кіріспені, қорытындыны, мәтіндік қосымшалардың тізімін және т.б. қоса алғанда тақырыптар орналасқан беттердің нөмірлері көрсетіледі.
      18. Егер геологиялық есеп екі және одан да көп кітаптардан тұрса, онда бірінші кітапта – әрбір кітап бойынша жеке-жеке барлық геологиялық есептің мазмұны, ал кейінгілерінде тек қана аталған кітаптың мазмұны көрсетіледі.
      19. Иллюстрация тізіміне барлық иллюстрациялардың нөмірлері мен олар орналасқан мәтіндегі беттері көрсетілген атаулар кіреді.
      20. Егер мәтінде иллюстрациялары бар геологиялық есеп екі және одан да көп кітаптардан тұрса, онда кітаптардың нөмірлері көрсетіліп, барлық иллюстрациялардың тізімі бірінші кітапқа енгізіледі, ал кейінгілерінде тек қана аталған кітаптың иллюстрацияларының тізімі келтіріледі.
      21. Мәтіндік қосымшалардың тізімінде қосымшаның реттік нөмірі, оның тақырыбы (мәтіндегі қосымшаның тақырыбына тура сәйкес келетін) және ол орналасқан беттің нөмірі көрсетіледі.
      22. Графикалық қосымшалардың тізімі реттік нөмірін, қосымшаның атауын, қосымшаның нөмірін, парақ нөмірін, қосымша масштабын, құжатқа қол жеткізуге шектеу белгісін көрсете отырып, Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді. Тізімдегі реттік нөмірі графикалық қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышында қызыл түспен көрсетілетін парақ нөміріне сәйкес келеді.
      23. Кестенің төменгі жағында мыналар көрсетіледі: «есепте барлығы – (саны көрсетіледі) сызба – (саны көрсетіледі) парақта, оның ішінде – (саны көрсетіледі) графикалық қосымша – (саны көрсетіледі) парақта – «құпия» немесе «ҚБПҮ» белгісі бар.
      24. Құжатты пайдалануға шектеу белгісі бағанындағы осы белгісі жоқ қосымшалар үшін сызық қойылады және жиыны жеке шығарылады.
      25. Геологиялық есептің негізгі бөлімінің мәтіні кіріспе, негізгі бөлім мен қорытындыдан тұрады.
      26. Кіріспеде:
      1) жұмыс аймағының әкімшілікке қатысы;
      2) ауданның географиялық орны, оның географиялық координаталары мен беттерінің номенклатурасы;
      3) жұмысты ұйымдастыру негіздемесі, ұйымдастырушылық-өндірістік жұмыс;
      4) жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік мерзімі көрсетіледі.
      27. Негізгі бөлім:
      1) қабылданған жұмыстың бағытын негіздеу;
      2) алдағы жұмыс нәтижесін қорытындылау және талдау;
      3) жұмысты жүргізудің жалпы әдістемесі қабылдау негіздемесі;
      4) жұмыстарды метрологиялық қамтамтылуы: өлшеу үрдісіндегі қолданылатын аппаратура және оның метрологиялық сипаттамасы, алынған  ақпарат көзінің тізілімі, қателігін бағалау және басқа да метрология бойынша ақпарат атқарылған жұмыстардың тізілімі;
      5) тәжірибелік, қолданбалы, теориялық мазмұндағы зерттеулердің қойылған міндет шеңберінде жүргізілсе) сипаты
      6) әрбір түр менкезеңдер бойынша атқарылған жұмыс нәтижесінің  сипаты (бар болған жағдайды); жобамен алда қойған міндеттерді бағалай және ұқсас жұмыстармен салыстыру;
      7) Қосымша атқарылған жұмыстардың негіздемесі, теріс нәтижелер;
      8) алынған нәтиже негізінде атқарылған қорытындылар мен негіздемелер;
      9) жүргізілген жұмыс нәтижесі, түрлері мен маңыздылығы туралы ақпарат, қол жеткізілген деңгей мен ұсыныстармен салыстырғандағы артықшылығы бойынша атқарылған жұмыс, қолданылу масштабы мен сала аумағында (орын, өнеркәсіп) және жұмысты орындау мерзімі, күтілетін экономикалық эффективтілігін есептеу және ұсыныстарды енгізгеннен геологиялық тэффективтілігін туралы ақпараттан тұрады.
      28. Негізгі жұмыстың Есептің негізгі бөлігіндегі ілеспе пайдалы қазбаларын іздеу жұмыстарын жүргізу бойынша ақпарат (егер ілеспе іздеу жұмыстары бірнеше пайдалы қазбалардың бірнеше түрлеріне жүргізілсе).
      29. Қорытынды мынадай ақпаратты қамтиды:
      1) жұмыстың негізгі нәтижелері;
      2) атқарылған жұмыстың немесе жұмыс нәтижесінде алынған  бөлек кезеңдерінің нәтижесі бойынша қорытынды;
      3) Алдағы жұмыстың бағыттары бойынша ұсыныстар;
      4) Жұмыс қорытындысын қолдану бойынша ұсыныстар.
      30. Геологиялық есепте пайдаланылған әдеби дереккөздердің тізімі жарияланған жұмыстар үшін және қор жұмыстары үшін жеке әліпби тәртібімен жасалады.
      31. Бір автордың бірнеше жұмыстары болғанда, жұмыстар басылған жылдары бойынша, ал жылдар бірдей болған жағдайда – олардың атауларының әліпби тәртібімен келтіреді. Одан кейін бірлесіп жазылған жұмыстар, бірлескен авторлардың тектері әліпби тәртібімен, ал авторлық ұжымдар толық сәйкес келгенде, басылымдардың мерзімдік тәртібінде келтіріледі.
      32. Геологиялық есептің (дереккөздің) библиографиялық сипаттамасы:
      автордың (авторлардың) тегі мен аты-жөнін; геологиялық есептің тақырыбын қамтуы керек. Тақырыптан кейін «есеп» деген сөзі; геологиялық есепті шығарған ұйымның атауы; шығарылған қала мен жылы; беттердің саны келтіріледі.
      33. Мәтіндік қосымшаларға есептің толықтығына қажетті және қорытындыны түсіндіру үшін немесе олар үшін бастапқы материал (қималар мен ұңғымалардың сипаттамалары) болып табылатын, еркін нысандағы немесе кесте түрінде ресімделген қосымша материалдар, қорларды санау кестесі, зертханалық анықтамалар және олардың математикалық өңдеу нәтижелері және тағы басқалары қосылады. А3 пішіміндегі (қос парақ) бүктелген түрдегі қосымшаларға рұқсат етіледі.
      34. Әр мәтіндік қосымшаның тақырыбы болады, жаңа беттен басылады және аталған мәтіндік қосымшаны құрастырушы автордың қолы қойылады.
      35. Мәтіндік қосымшасы бар парақтың оң жақ жоғарғы бұрышына бас әріптермен «қосымша» деген сөзі басылады. Егер мәтіндік қосымшалар екеу және одан да көп болса, оларды араб цифрларымен «№» деген белгісіз нөмірлейді.
      36. Мәтіндік қосымшалардың тізбесі:
      1. Аумақтық геологиялық бастапқы геологиялық құжаттама қорына  бастапқы материалдарды тапсыру актісі;
      2. жұмысты орындаушы ұйымның есепті қарау хаттамасы;
      3. жер қойнауын пайдаланушы ұйымның есепті қарау хаттамасы;
      4. жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі аумақтық органның есепті қарау хаттамасы;
      5. жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның есепті қарау хаттамасы;
      6. есепке берілген рецензия (рецензиялар);
      7. пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
      8. метрологиялық сараптаманың қорытындысы;
      9. орындалған көлемдер мен геологиялық барлау жұмыстарына арналған шығындарды есептен шығару туралы анықтама;
      10. пайдалы қазбалар кен орындарының паспорты (қорлары есептелетін есептер үшін);
      11. кен орындарының және көрініс-белгілердің каталогы (жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептер үшін).
      37. Цифрлық, мәтіндік және аралас ақбарлары бар кестелер, есепнама мәтіннің ішіндегі беттерде, не болмаса жеке беттерде орналасуы мүмкін және де сызбаға сәйкес дайындалады.
      38. Әр кесте, мазмұнын көрсететін тақырыпшамен қамтамасыз етіледі. Тақырыпша, жолдық әріптермен (алғашқы бас әріптен басқасы) соңында нүкте қойылмай, басылады, асты сызылмайды және кесте үстінің ортасында орналасады.
      39. Кестелер есепнаманың әрбір тарауы бойынша, жеке нөмірленеді. Кестенің нөмірі, тарау нөмірі мен кестенің нүкте арқылы бөлінген, реттік нөмірінен тұрады.
      40. Кестені мәтінде алғашқы рет аталып өтілгеннен кейін,  кітапты бұрмай-ақ, болмаса сағат тілімен бұра отырып оқуға болатындай қылып орналастырады.
      41. Көп жолдары бар кестені, басқа параққа (бетке) тасымалдауға болады. Бұл жағдайда, кестенің сызық жолдары нөмірленеді және олардың нөмірленуін, кестенің келесі бөлшектерінде де қайталанады. Тақырыптама мен реттік нөмір, тек қана кестенің бірінші бөлшегінің үстінде көрсетіледі, ал келесі бөлшектердің үстіне «Жалғасы» деген сөзді жазады және егерде есепнамада кесте саны біреуден көп болса, кестенің нөмірі көрсетіледі.
      42. Мәтінге және кестеге те анықтамалық және түсіндірме деректер жазылады.
      43. Иллюстрациялардың дайындалуы, олардың бөлшектері мен жазулары (масштабы мен анықтылығы), артынан сапалы көбейту, микрофильмдер жасау, сканерлеу мүмкіндігін қамтамасыз ету керек: есепнамада орналасқан барлық иллюстрацияларда сызықшалардың жуандығы ең кем дегенде 2 мм. болып, сызықтардың арасындағы қашықтық 8 мм. ден кем болмауы керек, жазудағы қаріптердің ең кем мөлшері - 2,5 мм, шартты таңбалар ретінде пайдаланылатын геометриялық мүсіндер қабырғаларының (диаметрнің) ең кем мөлшері-2,5 мм, иллюстрациялардың сызықтарын, шартты таңбаларын және басқа да элементтерін, көк және көгілдір түстерден басқа, барлық түспен бейнелеуге болады.
      44. Мәтіндегі барлық иллюстрациялар (фотосуреттер, суреттер, схемалар, сызбалар және т.б.) сурет деп аталынады да» "Сур." деген сөзбен белгіленіп, тараудың ішінде рет-ретімен араб цифрларымен нөмірленеді. Иллюстрацияның нөмірі, тараудың нөмірі мен оның нүкте арқылы бөлінген реттік нөмірінен тұрады.
      45. Егерде есепнамада, небары бір ғана иллюстрация болса, ол нөмірленбейді және "Сур." деген сөз жазылмайды.
      46. Иллюстрациялардың атаулары мен (керек жағдайларда) түсініктеме беру мәліметтері (суретастылық мәтін) болуы керек. Атауды, иллюстрацияның үстіңгі жағына, ал түсініктеме беру мәліметтерді - астыңғы жағына орналастырады. Атаулар үлкен, суретастылық мәтін - жолдық әріптермен (алғашқы бас әріптен басқасы) басылады. Иллюстрацияның нөмірін, түсініктеме беруші мәліметтерден төмен орналастырады, ал егерде олар жоқ болса - тура иллюстрацияның астына. Иллюстрацианың нөмірін, дефис арқылы (ақ жолдың басы), атауымен бір жолда орналастыруға болады.
      47. Есепнамадағы иллюстрациялар, фотосуреттерден басқалары, компьютерлік технология мен қара сия пайдалана отырылып сызықталынған, болмаса ксерокопиялық, фотографиялық және полиграфиялық әдістермен көбейтілген болуы керек.
      48. Жұмыс нәтижесін қамтитын мәтінмен тігілетін иллиюстарциялар мен кестелер жеке беттерде орналасады. Есеп форматынан үлкен кестелер мен иллюстрациялар (A3 форматынан).
      49. Графикалық қосымшалар, жеке парақтарда орындалған (есепнаманың үлгі беттерінен көлемі кең болуы мүмкін), жұмыстардың нәтижесін көрсететін (әртүрлі мазмұны бар карталар, қималар, стратиграфиялық бағаналар, кескіндер мен т.б.) материалдар болып табылады.
      50. Міндетті графикалық қосымшалардың тізбегі, орындалған жұмыстардың түріне байланысты жасалынған есепнамаға тәуелді, және жұмыстардың жобасы (бағдарламасы) мен салалық күші бар техникалық- нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес анықталады.
      51. Геологиялық есептің даналарындағы графикалық қосымшалар картографиялық қағазда сызықша - контур түрінде орындалып ұсынылады. Қажеттігіне карай қосымшалар безендіріліп боялады. Безендіруді тұрақты анилин бояуларымен жасау керек. Түрлі-түсті қарындаштар мен «гуашь» түріндегі бояуларды қолдануға рұқсат етілмейді. Электрондық нұсқадағы есептердің графикалық қосымшалары, геологиялық қорларда пайдаланылатын компьютерлік бағдарламалардың пішімінде көшірмелерін қоса отырып, бағдарламаның түпнұсқа пішімінде ұсынылады.
      52. Есепке әрбір графикалық қосымшаға, соның ішінде көппарақты қосымшаның әрбір парағына осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес полиграфиялық әдіспен немесе қара тушьпен орындалған бұрыштық штамп қойылады.
      53. Қажет болған жағдайда, шартты белгілерде аталған графикалық қосымшаның парақтары орналасқан сызбасын орналастыруға болады.
      54. Құжатқа (болған жағдайда) шектеу әрбір парақтың оң жақ жоғарғы бөлігінде қойылады.
      55. Графикалық қосымшалардың бұрыштық штампы бар, масштабтан басқа картографиялық негізге нұсқаулығы аталған қосымшаны құрастырғандағы карталар болып табылады.
      56. Графикалық қосымшалар 210x300 мм, қалыңдығы 70-80 мм аспайтын нысандағы папкаларда орналасады. Аландық геологиялық түсіру жұмыстары бойынша графикалық қосымшалар парақтың халықаралық стандарттағы 700x700 мөлшердегі папкаларда сақталады.
      57. Графикалық қосымшаның барлық парақтары формат бойынша бұрыштық штампы парақтың беткі жағында тұратындай етіп орналасады.
      58. Папкада орналасқан графикалық қосымшалар тігілмейді, бірнеше бетте жасалған қосымшаның жеке парақтары жабыстырылмайды.
      59. Осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес көрсетілген форма бойынша заттаңба жабыстырылады. Заттаңбада «Графикалық қосымшалар» атауы жазылып, бұл ретте кітап нөмірі көрсетілмейді.
      60. Егер графикалық қосымшалары бар папка біреуден көп болса, олар нөмірленеді және нөмір заттаңбада көрсетіледі.
      61. Графикалық қосымшалар есепте маңыздылығы бойынша орналасады.
      62. Екі немесе одан да көп кітаптардан тұратын есептер үшін метрологиялық сараптама қорытындысы, бірінші кітапта орналасады.
      63. Есептер үшін патенттік зерттеулер туралы қорытындысы осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес әзірленеді.
      64. Есептер үшін патенттік зерттеулер бірнеше кітаптан тұрса, біріншісінде орналасады.
      65. Есепті формуляры осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес рәсімделеді.
      66. Қосымшалары, патенттік зерттеулер туралы қорытындысы, метрологиялық сараптама қорытындысы және жұмыс көлемінің орындалуы туралы анықтамасы бар есептер жұмыстың орындаушысы - белгіленген ұйымның рецензиялау тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
      67. Рецензияның атауында есептің толық атауы (есептің титулдық бетіне сәйкес), оның шифры, жауапты орындаушының тегі жазылады.
      68. Рецензияның авторының қолы оның жұмыс орнының мөрімен бекітіледі. Егер рецензияда мардымды ескертулер болса, автордың қолы қойылып, рецензенттің әрбір ескертуіне есепке өзгеріс енгізу немесе ескертуді теріске шығару туралы жауап анықтама жазылады.
      69. Егер есеп екі немесе және одан да көп кітаптардан тұрса, рецензия бірінші кітапта орналасады.
      70. Егер есеп екі немесе және одан да көп кітаптардан тұрса, қарастыру хаттамасы бірінші кітапта орналасады.
      71. Хаттама есептің мәтініне тігіледі, егер үлкен көлемде (7 парақтан көп болса) жеке қосымша ретінде көрсетіледі.
      72. Алғашқы геологиялық материалдар осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес рәсімделген алғашқы геологиялық құжаттардың тапсыру актісі бойынша өңірлік департаменттердің мұрағатына тапсырылады.
      73. Есеп бірнеше кітаптан тұрса, есепке алғашқы геологиялық материалдардың тапсыру актісі есептің бірінші кітабында орналастырылады.
      74. Осы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес рәсімделген келісімшарттық алаң бөлігін қайтару актісі есепке қосымша болады.
      75. Объектілер бойынша жойылуға жататын геологиялық барлау жұмыстарының және шығындарының, көлемінің орындалуы туралы анықтама (бұдан әрі - анықтама) осы Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес рәсімделеді, онда (жоба бойынша) жоспарланған және нақты орындалған жұмыстардың түрі мен көлемі, геологиялық барлау жұмыстарының сметалық құнын есептеумен бірге жұмыстың сметалық құны және кезең және зерттеудің түрі бойынша бөлінген нақты шығын геологиялық түсіріс жұмыстары үшін, сондай-ақ сметалық және геологиялық түсірістің 1 квадрат километрінің нақты құны көрсетіледі.
      76. Анықтама қаржылық-экономикалық қызметтің басшысы (бас бухгалтермен) және қаржылық жұмысты қамтамасыз ететін ұйымның бірінші басшысымен қол қойылады. Анықтамаға қойылған қол мөрмен расталады.
      77. Есепке арналған анықтама екі немесе одан да көп кітаптардан болса, бірінші кітапқа орналастырылады.
      78. Есептерді сақтауға жіберілетін ұйымдардың тізілімі есептің бірінші томының ақырғы бетінде орналастырылады. Тізілімде ұйымдардың мекен-жайлары, экземпляр нөмірі көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы    
Жер қойнауын геологиялық зерттеу
туралы есептерді ресімдеу жөніндегі
нұсқаулыққа          
1-қосымша          

Заттаңба

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті
_____________________________________________
(жұмысты орындаушы ұйымның толық атауы)

Белгі ___________
____________ дана

Жауапты орындаушы ________________________
Тегі, аты, әкесінің аты

Есеп
________________________________________________________________
есептің толық атауы
_________________________________________________________________
бағдарламаның/кіші бағдарламаның, тақырыптың атауы
және нөмірі, лицензияның/келісімшарттың сериясы және нөмірі
__________________________________________________________________
кітаптардың жалпы саны
__________________________________________________________________
кітаптың реттік нөмірі мен оның атауы
__________________________________________________________________

Есептің шығарылған орны, жылы

Қазақстан Республикасы    
Жер қойнауын геологиялық зерттеу
туралы есептерді ресімдеу жөніндегі
нұсқаулыққа          
2-қосымша           

Мемлекеттік тапсырыс бойынша орындалған және Жер қойнауын
зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органда тіркелген
жұмыстар бойынша есептің титулдық параға

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті
__________________________________________________________________
орындаушы ұйымның атауы

ӘОЖ __________                             Құжаттарға рұқсат беруге
Мемлекеттік                                шектеу белгісі ______
тіркеу №_______                            _______________ дана
Түгендеу №________

БЕКІТЕМІН        
Геология және жер қойнауын
пайдалану комитетінің төрағасы
____________ ________________
қолы      тегі,аты,жөні 

20 ___ жылғы «____» __________

Есеп
__________________________________________________________________
есептің толық атауы
__________________________________________________________________
бағдарламаның/кіші бағдарламаның, тақырыптың атауы  мен нөмірі,
лицензияның/келісімшарттың сериясы мен нөмірі, жұмыстың ауқымы мен парақтардың номенклатурасы, жұмыстың орындалу кезеңі
__________________________________________________________________
кітаптардың жалпы саны
__________________________________________________________________
кітаптың нөмірі мен оның атауы

Ұйымның басшысы _______________________________ _________________
                      қолы мен күні,              тегі, аты-жөні
                      Есептің шығарылған орны, жылы

Қазақстан Республикасы    
Жер қойнауын геологиялық зерттеу
туралы есептерді ресімдеу жөніндегі
нұсқаулыққа          
3-қосымша          

Геологиялық есепке графикалық қосымшалардың тізімі

р/с №№

қосымшаның атауы

қосымшаның нөмірі

қосымша парағының нөмірі

қосымшаның масштабы

қосымшаның құпиялылық деңгейі

1

2

3

4

5

6

_____ графикалық қосымшалар ___ парақ, құпиялылық деңгейі

Қазақстан Республикасы     
Жер қойнауын геологиялық зерттеу
туралы есептерді ресімдеу жөніндегі
нұсқаулыққа          
4-қосымша           

Есепке графикалық қосымшаға бұрыштама мөртабан

Есеп жасалған ұйымның атауы

Есептің, бағдарламаның/кіші бағдарламаның, тақырыптың атауы және т.б.

Жауапты орындаушы, қолы, аты-жөні

Есепті тапсырған жыл

Қосымша парақ

Қосымшаның атауы

Қосымшаның масштабы


Құрастырды:
Рәсімдеді:

Лауазымы, қолы                              Аты-жөні
Лауазымы, қолы                            Аты-жөні,



Қазақстан Республикасы    
Жер қойнауын геологиялық зерттеу
туралы есептерді ресімдеу жөніндегі
нұсқаулыққа          
5-қосымша           

Геологиялық барлау техникасының объектісі бойынша патенттік
зерттеулер туралы

Бағдарлама/кіші бағдарлама, тақырып ______________________________
                                          атауы, нөмірі
__________________________________________________________________
Жауапты орындаушы ________________________________________________
Патенттанушының қорытындысы ______________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

күні 20 __ жылғы «____»__________________

патенттанушы __________________ _________

Қазақстан Республикасы    
Жер қойнауын геологиялық зерттеу
туралы есептерді ресімдеу жөніндегі
нұсқаулыққа          
6-қосымша           

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті
___________________________________________
Геология және жер қойнауын пайдалану
аумақтық органының атауы

____________________________________________________________ бойынша
есеп жасалған жұмыстың атауы

геологиялық есептің
ФОРМУЛЯРЫ

Есеп                                                 авторы
______________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты

р/с№

Жазу күні

Жазудың мазмұны

Жазған тұлғаның атқаратын лауазымы және қолы

1.


Есеп Республикалық геологиялық қорға сақтауға қабылданды

Аға сарапшы
____________________

2.


Есепті уәкілетті орган қарады, қабылдады және Республикалық геологиялық қорға сақтауға жіберді

Уәкілетті орган
басқармасының басшысы
____________________

3.


Есепті қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссия қарады және қабылдады (қорлар есептелетін есептер үшін).

Жер қойнауын сараптау басқармасының басшысы
____________________

4.


Есепті қорлар жөніндегі аумақтық комиссия қарады және қабылдады (қорлар есептелетін есептер үшін).

Қорлар жөніндегі аумақтық комиссияның басшысы
____________________

5.


Есепті аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану аумақтық органы қарады және қабылдады:
геологиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық зерттеу жөніндегі карточкалар тапсырылды;
пайдалы қазбалар, жерасты сулары, геофизикалық ауытқулар кадастрына карточкалар тапсырылды.

Аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану аумақтық органының
басшысы ____________________

6.


Есепті жер қойнауын пайдаланушы қарады және қабылдады

Басшы ____________________

7.


Есепті кәсіпорын-мердігері қарады және қабылдады

Басшы ____________________

Формуляр есептің әрбір данасына қоса беріледі және оның ажырамас
бөлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасы    
Жер қойнауын геологиялық зерттеу
туралы есептерді ресімдеу жөніндегі
нұсқаулыққа          
7-қосымша           

«БЕКІТЕМІН»           
Аумақтық геология және жер    
қойнауын пайдалану органының басшысы
_________________ _________________
қолы          аты- жөні   
___________________ ________________
күні           жылы       

Бастапқы материалдарды аумақтық геология және жер қойнауын
пайдалану органның геологиялық қорына тапсыру актісі

р/с

Бастапқы материалдың атауы

Тасымалдаушының түрі (қағаз/электрон.)

Бастапқы материалдың түрі (мәтін/графика)

Парақ саны

Ескерту

1

2

3

4

5

6

Тапсырды:                                      Есептің авторы
Қабылдады:                                     Аумақтық геологиялық
               _________________________       қор қызметінің басшысы
                  қолы        аты-жөні

Қазақстан Республикасы    
Жер қойнауын геологиялық зерттеу
туралы есептерді ресімдеу жөніндегі
нұсқаулыққа          
8-қосымша           

Келісімшарттық аумақтың зерттелген бөлігін мемлекетке
қайтару актісінің нысаны

«БЕКІТЕМІН»        
Геология және жер қойнауын
пайдалану комитеті төрағасының
орынбасары         
_________ ______________ Аты-жөні
201 __ ж. «_____»___________________

________________________________ барлау
пайдалы қазбаның түрі      
(барлау және өндіру) жүргізуге арналған ____________________________________________________________
әкімшілік облыс
___________________ алаңы (________ 20 ___ж. № ___ келісімшарт
бойынша келісімшарттық аумақтың бір бөлігін қайтару
АКТІСІ

Астана қ.
201 __ ж. «_____» _______________

1. Кәсіпорын:_______________________
2. ________________ облысында ___________алаңдағы _______________ жүргізуге арналған келісімшарт (20 ___ ж. № ____________ жер қойнауын
пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісі).
3. Аумақты қайтару: (қайтару негізі).
3.1. Қайтаруға жататын аумақтың географиялық координаттары:

Бұрыштық нүктелер

Бұрыштық нүктелердің

координаттары


солтүстік ендік (градустар, минуттар, секундтар)

шығыс бойлық (градустар, минуттар, секундтар)




3.2. Қайтарылатын аумақтың алаңы ________________ құрайды.
3.3. Қорытынды: __________ келісімшарттық аумақ жалпы пайдалануға қайтарылады. (Қайтарылатын аумақта жүргізілген геологиялық және геофизикалық жұмыстар кешені; жүргізілген қалпына келтіру жұмыстары мен жер учаскесін одан әрі пайдалану үшін (______ ж. № _____) актісі бойынша жергілікті атқарушы органға беру туралы мәліметтер көрсетіледі.
      Географиялық координаттары:

Бұрыштық нүктелер

Бұрыштық нүктелердің

координаттары


солтүстік ендік (градустар, минуттар, секундтар)

шығыс бойлық (градустар, минуттар, секундтар)




жер қойнауын пайдаланушы қайтаратын ____________ келісімшарттық аумақты халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайға келтіруге және жоспарлы қайтаруға байланысты ________ км көлемде жалпы пайдалануға қабылдансын.
      4. Одан әрі жер қойнауын пайдалануға қалған _______ шаршы шақырым алаң бұрыштық нүктелердің координаттары шегінде:

Бұрыштық нүктелер

Бұрыштық нүктелердің

координаттары


солтүстік ендік (градустар, минуттар, секундтар)

шығыс бойлық (градустар, минуттар, секундтар)




      Барлық жұмыстар аяқталған және аумақты қайтару аяқталған жағдайда түпкілікті тапсыру актісінің нөмірі көрсетіледі.
      5. 20 ____ж. ___________ № _____ келісімшарт бойынша жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары бойынша бастапқы материалдар (далалық құжаттама, зертханалық зерттеулердің нәтижелері) келісімшарттық аумақта барлау түпкілікті аяқталғаннан кейін ________ ӨД-нің аумақтық геологиялық қорының мұрағатына тапсырылады.
      6. ___________ қайтарылатын аумақта жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары жөніндегі есеп оны бекіткеннен кейін ______________ ӨД-нің және «Қазгеоақпарат» РГАО-ның геологиялық қорына сақтауға тапсырылады.

Кәсіпорын басшысы                         ӨД ММ басшысы
Аты-жөні __________________               Аты-жөні __________________
20 __ жылғы «____» ________               20 __ жылғы «____» ________

«Қазгеоақпарат» РГАО ММ
басшысы

Аты-жөні _________________
20 __ жылғы «____» _______

Қазақстан Республикасы    
Жер қойнауын геологиялық зерттеу
туралы есептерді ресімдеу жөніндегі
нұсқаулыққа         
9-қосымша          

________________________________________________________________
объектінің, бағдарламаның/кіші бағдарламаның атауы, лицензияның/келісімшарттың сериясы мен нөмірі, жұмыстарды орындау мерзімдері

объектісі бойынша орындалған геологиялық барлау жұмыстарының түрлері
мен көлемдері және есептен шығаруға жататын шығындар туралы
АНЫҚТАМА

р/с №

Жұмыстардың атауы

Өлшем бірлігі

Жоба бойынша бекітілді

Орындалды

Қаржыландырылды, теңге







1

2

3

4

5

6

7

8

9

А

ГБЖ (орындалған жұмыстар)


























Б

Қосымша жұмыстар

















Шығындарды есептен шығаруға (сома жазумен) жатады.

Тапсырыс берушіден:            Орындаушыдан:
лауазымы,тапсырыс беруші       лауазымы, орындаушы
ұйымның атауы                  ұйымның атауы
_______________ Аты-жөні       ________________ Аты-жөні

М. О.                          М.О.

Тапсырыс беруші                Орындаушы ұйымның
ұйымның қаржы-                 қаржы-экономика
экономика қызметінің           қызметінің
басшысы                        басшысы
_______________ Аты-жөні       ________________ Аты-жөні

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады