"Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 600 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 06 ақпанда № 9133 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 240 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 21.05.2014 № 240 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 249 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7718 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесінде:
      5 және 6-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Тиiмдiлiктi бағалау жүргiзу үшiн мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттi атқару жөнiндегi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың уәкiлеттi органына және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктеріне ұсынымдар мен қаулылардың негізіндегі бақылау нәтижелерi және олардың орындалуы туралы ақпаратты 15 ақпаннан кешіктірмей ұсынады.
      6. Тиімділікті бағалау:
      1) субвенциялардан, бөлінетін бюджеттік бағдарламалардан, төмен тұрған бюджеттерге бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттерден басқа, облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың барлық бюджеттік бағдарламалары бойынша;
      2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.»;
      910 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдіктері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органына мынадай ақпаратты:
      1) Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу» критерийі бойынша талдау нәтижелері туралы ақпаратты;
      2) Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылыс және реконструкциялау объектілері құнының қымбаттауы туралы ақпаратты;
      3) түсіндірме жазбаны ұсынады.
      10. Түсіндірме жазба, бұдан алдыңғы жылмен салыстырғанда күшті және әлсіз тараптарын көрсете отырып, облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламалары/ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының бюджеттік даму бағдарламаларының әкімшілері қызметінің тиімділігіне жүргізілген талдау нәтижелерін мынадай критерийлер бөлінісінде қамтуы тиіс:
      1) «Бюджетті жоспарлау және атқару сапасының деңгейі» критерийі бойынша:
      тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджеттік бағдарламалар, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламалары/ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы бюджеттік даму бағдарламалары әкімшісінің бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының атқарылу пайызы;
      қалыптасқан мемлекеттік сатып алу жоспарынан мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша есепті кезеңде қалыптасқан үнемдеу сомасы;
      облыстық бюджеттік бағдарламалар, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламалары/ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджетінің жалпы көлемінде бюджетті нақтылау кезінде бюджеттік бағдарламалар арасында бөлінген қаражаттың ара қатынасының үлесі;
      бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын ұлғайту фактілерінің болуы және бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнын ұлғайту себептері;
      дебиторлық және кредиторлық берешектердің пайда болу себептерін және оны қысқарту жөнінде қабылданған шараларды көрсете отырып, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың/ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің ағымдағы жылды және өткен жылдарды бөле отырып, дебиторлық және кредиторлық берешектердің болмауы/болуы немесе өзгеруі көрсетіледі;
      2) «Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының тексеру қорытындылары бойынша бюджеттiк және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы» критерийi бойынша:
      тексеру жүргiзiлген мемлекеттiк қаржылық бақылау органы;
      есептi кезеңдегi тексерулер саны;
      бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемі;
      есептi кезеңдегi анықталған бюджеттiк және өзге де заңнаманы бұзушылықтар, оның iшiнде:
      бюджетке қаражаттың түсуi кезiнде (кiрiс бөлiгi);
      мемлекеттiң бюджет қаражаты мен активтерiн пайдалану кезiнде;
      бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктi жүргізу кезiнде;
      бюджеттiк рәсiмдер мен мемлекеттік сатып алу туралы рәсімдердің белгiленген мерзімдерінің, орындалу тәртібінің сақталмауы.
      Одан әрi есептi кезеңдегi бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемiнен бұзушылықтардың үлесi келтiрiледi.
      Мемлекеттiк органда анықталған бюджеттiк және өзге заңнаманы бұзушылықтардың жалпы сомасы қаржылық бақылау органдары анықтаған бұзушылықтарды қосу жолымен айқындалады.
      Бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының көлемi қаржылық бақылау органдары бақылаумен қамтыған қаражат көлемдерiн қосу жолымен айқындалады.
      Мемлекеттік органдар шығыстарының жалпы көлемінде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған тиімділік қағидатына сәйкес келмейтін шығыстар;
      3) «Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген нұсқамалар мен қаулыларды орындау бойынша қабылданған (iске асырылған) шаралар» критерийi бойынша:
      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының нұсқамаларына және қаулыларына сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасының көлемi;
      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының енгізген нұсқамаларына және қаулыларына сәйкес бюджет кірісіне қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасының жалпы көлеміне белгiленген мерзiмде бюджетке қайтарылған бұзушылықтар сомасының көлемi;
      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша енгізген нұсқамалары мен қаулыларына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алуда көрсету жолымен қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасы;
      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген нұсқамалары мен қаулыларына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алуда көрсету жолымен бюджетке қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасына қарағандағы белгiленген мерзiмде қалпына келтiрiлген бұзушылықтар сомасының көлемi.
      «Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бағалау кезеңіндегі тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы» және «Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген ұсынымдар мен қаулыларды орындау бойынша қабылданған (iске асырылған) шаралар» критерийлері бойынша ішкі бақылау қызметінің іс-әрекеті бойынша ақпарат жеке көрсетіледі.
      4) «Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу» критерийі бойынша:
      облыстық бюджеттік бағдарламалар, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттік бағдарламалары бөлінісінде тікелей нәтижелердің қол жеткізу көрсеткіштері келтіріледі, ал ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттік бағдарламалары бойынша тікелей нәтижелер көрсеткіштері бюджеттік инвестициялық жобалар бөлінісінде көрсетіледі. Сондай-ақ себептерін көрсете отырып, тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген бюджеттік бағдарламалар тізбеленеді;
      бағаланып отырған кезең үшін барлық бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижесінің іс жүзінде қалыптасқан орташа баллын өткен жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстыру жүзеге асырылады;
      мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының құрамында бекітілген бюджеттік бағдарламалардың нәтижелілік көрсеткіштерін олардың болуына немесе болмауына талдау жүзеге асырылады;
      объектiлердi белгiленген мерзiмде беру (iске қосу), объектілерді беру (енгізу) көзделген бюджеттік бағдарламалардың саны және есептi кезеңде пайдалануға беру жоспарланған объектiлердiң саны көрсетіледі. Уақтылы пайдалануға берiлмеген объектiлер бойынша объектiлердiң жалпы санынауақтылы пайдалануға берiлмеген объектiлердiң үлесi келтiрiледi, сондай-ақ пайдалануға берудiң кешiгу себептерi көрсетіледі;
      5) «Бюджеттік бағдарламаны орындау тиімділігі» критерийі бойынша бюджеттік бағдарламалардың орындалу тиімділігі бюджетттік бағдарламалар бойынша игерілу пайызымен бірге бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижесіне жеткізудің пайыз қатынасымен айқындалады.
      11. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органы дайындаған мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытындылар Әдістемеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына беріледі.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына берілетін облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері туралы жалпы қорытындылар мыналарды қамтуы тиіс:
      жүргізілген бағалау туралы қорытынды есеп;
      оң жақтары мен кемшіліктері көрсетіле отырып, бағалау критерийлері бойынша нәтижелерді талдау;
      тұрақты сипаттағы бюджетті орындау кезінде анықталған жүйелі кемшіліктер мен түйткілді мәселелер;
      мемлекеттік органдардың қызметін жақсарту бойынша қорытындылар мен ұсынымдар;
      жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша бөле отырып, бастапқы бекітілген, нақтыланған және түзетілген бюджеттерді көрсете отырып, облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының игерілуі жөніндегі және аудан (облыстық маңызы бар қала) жергілікті атқарушы органдары бюджеттік даму бағдарламаларының игерілуі жөніндегі ақпарат;
      «Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бағалау кезеңіндегі тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы» және «Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген ұсынымдар мен қаулыларды орындау бойынша қабылданған (iске асырылған) шаралар» критерийлері бойынша талдамалы мақсатта пайдаланылатын ішкі бақылау қызметінің іс-әрекеті бойынша ақпарат жеке көрсетіледі.
      3-тарау атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. «Бюджетті жоспарлау және атқару сапасының деңгейі» критерийі бойынша бағалау»;
      3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. «Бюджетті жоспарлау және атқару сапасының деңгейі» критерийі бойынша бағалау
      13. «Тиісті қаржы жылына бөлінген қаражатты игеру» көрсеткіші бойынша бағалау тиісті қаржы жылындағы облыстық бюджеттік бағдарламалар, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламалары/ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы бюджеттік даму бағдарламалары әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының атқарылу пайызын көрсетеді.
      Осы көрсеткіш бойынша бағалау жүргізу кезінде мемлекеттік органның игерілмеген қаражат сомасынан мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу сомасы алынып тасталады.
      «Мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қаражатты үнемдеу» көрсеткіші бойынша іс жүзінде қол жеткізілген үнемдеудің есепті қаржы жылына түзетілген бюджет қатынасы жолымен жүзеге асырылады.
      «Мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қаражатты үнемдеу» өлшемі бойынша бағалау бюджетік бағдарлама шеңберінде мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша іс жүзінде қол жеткізілген үнемдеудің есепті қаржы жылына түзетілген бюджет қатынасы жолымен жүзеге асырылады.
      Бір бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі тікелей нәтиженің балы Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген мәндерге сәйкес айқындалады.
      Облыстық бюджеттік бағдарламалар, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламалары/ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының бюджеттiк даму бағдарламалар бойынша барлық бюджеттiк бағдарламалар бойынша тиiстi балл берiлетiн тиiмдiлiктiң орташа баллы әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша баллдарды қосу және алынған соманы бюджеттік бағдарламаның жалпы санына бөлу жолымен айқындалады.
      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының бюджеттiк даму бағдарламалар бойынша осы критерий бойынша бағалау барлық әкiмшiлерi жөніндегі бюджеттiк бағдарламаларды орташа баллы түрiнде айқындалады.
      «Шығыстардың бекітілген көлеміне қарағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қайта бөлінген қаражатының көлемі» көрсеткіші бойынша бағалау, бюджет қаражатының азаюы бөлігінде облыстық бюджеттік бағдарламалар, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламалары/ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының бекітілген бюджетінің жалпы көлеміндегі бюджеттік бағдарламалар арасындағы бюджетті нақтылау кезінде қайта бөлінген қаражаттың ара қатынасының үлесін анықтауға негізделеді.
      Қайта бөлінген қаражаттың көлемі бекітілген жоспарлы тағайындаулар мен есепті кезеңнің аяғына түзетілген жоспар арасындағы айырма жолымен есептеледі. Бұл ретте азайтылған жоспарлы тағайындаулар сомасы есепке қабылданады.
      Осы көрсеткіш бойынша бағалау жүргізу кезінде мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) кезінде, Қазақстан Республикасы шығыстардың бірыңғай бюджеттік сыныптамасына өзгерістер енгізу кезінде бюджеттік бағдарламалардың ақшасын қайта бөлу, бюджетті нақтылау және түзету кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне қосымша ақша қаражатын бөлу жағдайлары ескерілмейді.
      «Бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын ұлғайту фактілерінің болмауы немесе болуы» көрсеткіші бойынша бағалау бюджеттік инвестициялық жобаның құнын ұлғайтуға ұшыратқан бюджеттік инвестициялық жобалардың жобалау-сметалық құжаттамасын түзету жағдайларының бар не жоқ екендігін көрсетеді.
      Бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын ұлғайту фактілері болған жағдайда облыстық бюджеттік бағдарламалар, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламалары/ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы бюджеттік даму бағдарламалары әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобасы құнын қымбаттату пайызы есептеледі.
      Бұл ретте бюджеттік инвестициялық жобаның құнын қымбаттату пайызы инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасында көзделген оның бастапқы құнына қатысты есептеледі.
      Бұл ретте, облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдары Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпаратты ұсынады.
      «Дебиторлық және кредиторлық берешектердің болмауы» көрсеткіші бойынша бағалау облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттік бағдарламалары/ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының әкімшісінің дебиторлық/ кредиторлық берешектерінің болмауы/болуы немесе өзгеруін көрсетеді.
      Дебиторлық берешекте келесі жылдың қаңтарында өтеуге жататын қызметтерді берушілердің растау құжаттарын уақтылы ұсынбауы себепті бағаланатын жылдың аяғында пайда болған көрсетілген коммуналдық қызметтер және байланыс қызметтері бойынша ағымдағы дебиторлық берешек ескерілмейді.
      Дебиторлық берешектің жалпы сомасында жалғастырылатын халықаралық және инвестициялық жобалар бойынша пайда болған дебиторлық берешек сомасы ескерілмейді.
      Кредиторлық берешекте мердігердің орындаған жұмыстарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұсталған орындалған жұмыстар көлемінің 5% мөлшерінде кредиторлық берешек ескерілмейді.
      Егер мерзімі өтіп кеткен берешек жалпы бершектің ұлғаюы сомасына тең болган жағдайда жалпы берешек болғаны үшін балл алынбайды.
      Дебиторлық/кредиторлық берешектің өзгеруін бағалау өткен және бағаланатын жылдың көрсеткіштерін салыстыру арқылы жүзеге асырылады және Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген мәндерге сәйкес қойылады.
      14. Ақпарат көздері Қазақстан Республикасының есепті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңы, облыстың, республикалық маңызы бар қала, астананың бюджеті туралы мәслихат шешімі, Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңын және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың қаулылары және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарлары, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы талдамалы есеп, жыл қорытындылары бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінің атқарылуы туралы есеп, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің есепті қаржы жылына дебиторлық берешегі туралы есеп, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің есепті қаржы жылына дебиторлық/кредиторлық берешектері туралы есеп.
      15. Облыстық бюджеттік бағдарламалар, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттік бағдарламалары/ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы бюджеттік даму бағдарламалары әкімшілерінің тиісті қаржы жылына арналған бюджетті жоспарлау және атқару сапасының деңгейін талдау нәтижелері бойынша Әдістемеге 7-қосымшаға сәйкес тиісті балл беріледі.»;
      16 және 17-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тексеріс қорытындылары жөніндегі бюджеттік және өзге де заңнаманы бұзушылықтардың болмауы» критерийі бойынша бағалау жүргізу кезінде:
      тексеріс жүргізген мемлекеттік қаржылық бақылау органы;
      есепті кезеңде бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының тексерістердің саны;
      бағаланатын кезеңге бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемі;
      есептi кезеңде анықталған бюджеттiк және өзге заңнаманы бұзушылықтар, оның iшiнде:
      бюджетке қаражаттың түсуi кезiнде (кiрiс бөлiгi);
      мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтерін пайдалану кезінде, оның ішінде сатып алу қорытындысына ықпал ететін мемлекеттік сатып алу бойынша;
      бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде;
      бюджеттiк рәсiмдер мен мемлекеттік сатып алу туралы рәсімдерді орындаудың белгiленген мерзімін, тәртібін сақтамау көрсетіледі;
      мемлекеттік органдар шығыстарының жалпы көлемінде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған тиімділік қағидатына сәйкес келмейтін шығыстар;
      17. Бақылау объектісінің Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге заңнамасының талаптарына, шынайылығына, негізділігіне және қаржылық есептілікті уақтылы жасау және ұсынуға және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру барысында тікелей және түпкі нәтижеге қол жеткізу тиімділігіне сәйкестік мәніне өткізілген тиісті мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау материалдары ақпарат көзі болып табылады, сондай-ақ мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау актілеріне сот шешімдері болып табылады.»;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. «Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген нұсқамалар мен қаулыларды орындау бойынша қабылданған (iске асырылған) шаралар» критерийi бойынша бағалау:
      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасының көлемiн;
      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасына қарағандағы белгiленген мерзiмде бюджетке қайтарылған бұзушылықтар сомасының көлемiн;
      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасының көлемiн;
      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алу бойынша көрсету жолымен бюджетке қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасына қарағанда белгiленген мерзiмде қалпына келтiрiлген бұзушылықтар сомасының көлемiн.»;
      6-тарау «Мемлекеттiк органның iшкi бақылау қызметiнiң жұмысы» критерийi бойынша бағалау» алынып тасталсын;
      7-тарау «Шығыстардың бекітілген көлеміне бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қаражатының қайта бөлінген көлемі» критерийі бойынша бағалау» алынып тасталсын;
      8-тарау «Бюджетті атқару жөніндегі ұйымдастыру шаралары» критерийі бойынша бағалау» алынып тасталсын;
      9-тарау «Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу» критерийі бойынша бағалау» мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. «Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу» критерийі бойынша бағалау
      34. «Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу» көрсеткіші бойынша бағалау:
      Осы бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік қаражат шегінде көзделген орындалатын мемлекеттік функциялардың, өкілдіктер мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасын көрсететін көрсеткіштер тікелей нәтиже көрсеткіштері болып табылады.
      35. Бір бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей нәтижеге қол жеткізуді бағалау мақсаттарымен және міндеттерімен бюджет қаражатын тікелей алушылардың іс жүзінде қол жеткен іс-шараларын салыстыру жолымен әрбір іс-шараның іс жүзінде қол жеткізілген сандық көрсеткіштерінің жоспарланғанымен ара қатынасы арқылы жүзеге асырылады.
      Жарғылық капиталдың артуын көздейтін бағдарламалар бойынша нәтижелерге қол жеткізуді бағалау іске асырылуы бағаланатын қаржы жылында көзделген техникалық-экономикалық негіздемеде көрсетілген іс-шаралар бойынша жүзеге асырылады.
      36. Егер бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей нәтижелердің көрсеткіштері тікелей нәтижеге қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік бермейтін сандық сипаттамалардың орнына іс-шараларды көздеген жағдайда, онда осы бюджеттік бағдарлама тікелей нәтижеге қол жеткізілмеген және сапасыз жоспарлаудың нәтижесі ретінде бағаланады.
      37. Бір бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі тікелей нәтижелердің барлық көрсеткіштерінің орташа мәні барлық көрсеткіштердің нәтижелерін, оның ішінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі объективті, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне тәуелсіз себептерге (форс-мажорлық жағдайлар) байланысты қол жеткізбеген көрсеткіштерді ескере отырып шығарылады.
      Жергілікті атқарушы орган бойынша бір инвестициялық жоба шеңберіндегі тікелей нәтижелердің барлық көрсеткіштерінің орташа мәні барлық көрсеткіштердің нәтижелерін, оның ішінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі объективті, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне тәуелсіз себептерге (форс-мажорлық жағдайларға) байланысты қол жеткізбеген көрсеткіштерді ескере отырып шығарылады, одан әрі бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде барлық инвестициялық жобалар бойынша орташа мән шығарылады.
      38. Бір бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі тікелей нәтиженің балы Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген мәндерге сәйкес айқындалады.
      39. Одан әрі барлық облыстың жергілікті атқарушы органы, республикалық маңызы бар қала, астана әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының тікелей нәтижелері көрсеткіштерінің орташа балы айқындалады.
      40. Барынша жоғары балл Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілгеннен аса алмайды.
      41. Бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде осы критерийдің көрсеткіштері артық орындалған жағдайда «100%» көрсеткіші бойынша балл беріледі.
      42. «Бюджеттік бағдарламалардың нәтижелігінің көрсеткіштерін жоспарлау сапасы» көрсеткіші бойынша бағалау облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспары құрамында бекітілген бюджеттік бағдарламалар мен аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары нәтижелігінің көрсеткіштерін талдау жолымен жүзеге асырылады.
      Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органның барлық бюджеттік бағдарламаларында мемлекеттік органның тиісті мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары мен бағалауына жататын сандық өлшемді болып табылатын нәтижелік көрсеткіштерінің болған жағдайда ең жоғары балл беріледі.
      Тiкелей және/немесе түпкiлікті нәтижелер болмаған не тiкелей нәтижеге қол жеткiзудi бағалауға мүмкiндiк бермейтiн сандық сипатының орнына, түпкiлікті нәтижелерi бар тiкелей нәтижелердi қайталайтын түпкі нәтижелерімен тікелей нәтижелерді қайталайтын іс-шаралардың болуы, басқа бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштерімен бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерін қайталау, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мақсаттары мен міндеттеріне және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің сәйкес келмеуі болған жағдайда 0 балл беріледі.
      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша оларға байланысты тиісті балл берілетін барлық бюджеттік бағдарламалар жөнінде осы көрсеткіш бойынша орташа балл анықталады.
      Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары бойынша тиісті балл беріліп отырған осы көрсеткіш бойынша бағаланатын барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша орташа балл анықталады.
      Баға Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген мәндерге сәйкес қойылады.
      43. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарының 7 «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімі және оны іске асыру жөніндегі есеп, ал стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша бекітілген бюджеттік бағдарламалар мен оларды іске асыру жөніндегі есептер, сондай-ақ есепті кезеңдегі тікелей көрсеткіштерге қол жеткізудің іс жүзіндегі мәнін растайтын құжаттар, оның ішінде орындалған жұмыстардың актілері, объектілерді қабылдап алу, мемлекеттік сараптама қорытындылары, жүкқұжаттар, қабылдап алу-беру актілері және т.б. туралы актілер ақпарат көзі болып табылады.»;
      10-тарау «Бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижесінің серпіні» критерийі бойынша бағалау алынып тасталсын;
      11-тарау «Бюджеттік бағдарламалардың нәтижелігі көрсеткіштерін жоспарлау сапасы» критерийі бойынша бағалау алынып тасталсын;
      13-тарау «Дебиторлық берешектің болмауы» критерийі бойынша бағалау алынып тасталсын;
      14-тарау «Кредиторлық берешектің болмауы» критерийі бойынша бағалау алынып тасталсын;
      54-8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «54-8. Жүктеме индексі – бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік органға арналған жүктеменің деңгейін айқындайтын көрсеткіш.
      Жүктеме индексі мемлекеттік органның бағаланатын бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының (есепті кезеңдегі түзетілген бюджет) көлемі бойынша есептеледі, мың теңге,»
      54-9-тармақ алынып тасталсын;
      54-10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жекелеген мемлекеттік орган үшін жүктеме индексі мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

Si = bi

      мұнда,
      Si – осы көрсеткіштің мәні;
      bi – салыстырмалы түрге келтірілген, мемлекеттік органдардың бағаланатын бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет қаражаты көлемінің көрсеткіші (i).»;
      54-12-тармақ алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 54-13-тармақпен толықтырылсын:
      «54–13. Алынған баға нәтижесіне сәйкес облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органның қызметінің тиімділігі дәрежесі мен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары айқындалады. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органның тиімділігі мен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары тиімділігінің жоғары дәрежесі 80-нен 100 баллға дейін, орташа дәрежесі – 55-тен 79,99 баллға дейін, төмен дәрежесі – 35-тен 54,99 баллға дейін баға көрсеткішіне сәйкес болады. Бағалау нәтижесі бойынша 34,99 баллдан кем алған мемлекеттік органның қызметі тиімсіз деп танылады.»;
      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «73. Бағаланатын мемлекеттік орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға Әдістеменің 9-тармақшасында көрсетілген толық және дәйекті ақпаратты Бағалау жүргізу кестесінде белгіленген мерзімде ұсынады.»;
      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшасына сәйкес жазылсын;
      25-қосымшалар алынып тасталсын;
      6-7-қосымшалар осы бұйрыққа 2-3-қосымшаларына сәйкес жазылсын.
      2. Есептілік және мемлекеттік қаржы-қаражат статистикасы департаменті (А.Т. Бектұрова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрық оның Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрінің
      міндетін атқарушы                                    Р. Дәленов

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің    
міндетін атқарушы    
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 600 бұйрығына     
1-қосымша        

Мемлекеттік органның бюджет қаражатын  
басқарудың тиімділігін бағалау әдістемесіне
1-қосымша                 

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдардың бақылау нәтижелері
және нұсқамалар мен қаулылардың орындалуы туралы ақпарат
_______________ жылғы

р/н

ББӘ атауы

Бюджеттік бағдарлама атауы

Тексеру кезеңі

Бақылаумен қамтылған қаражат көлемі

оның ішінде бағалатын кезеңде

бағалатын кезеңде анықталған бұзушылықтар көлемі

Өтеуге анықталғаны

Сомада өтелгені

Қалпына келтіруге анықталғаны

Сомада қалпына келтірілгені

барлығы

оның ішінде:



тиімсіз пайдалану

қаражат бюджетке түскен кезде (кіріс бөлігі)

бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану кезінде

бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде

мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру кезінде

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

Бақылау нәтижелері бойынша құқық қорғау органдарына істі қарауға туралы мәлімет

Жауапкершілікке тарту туралы ақпарат

Нұсқамалар мен қаулылар жіберілді

оның ішінде белгіленген мерзімде толық көлемде орындалғаны

барлығы жіберілген (фактілер бойынша көрсету)

қозғалған қылмыстық істердің саны

тәртіптік жазалар бойынша саны

тексеру нәтижелері бойынша жұмыстан босатылған

әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қозғалған істер саны

17

18

19

20

21

22

23

Мемлекеттік қаржылық бақылау органының басшысы   ____________________
                                                       (қолы)
_______________________
(қолын толық жазу)

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің    
міндетін атқарушы    
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 600 бұйрығына     
2-қосымша        

Мемлекеттік органның бюджет қаражатын 
басқарудың тиімділігін бағалау әдістемесіне
6-қосымша                 

Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар
қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы
органдардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражатын басқару
жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері туралы
қорытынды _____________________________________________________________
((облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана
бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органның/ауданның
(облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының
атауы)

__________________________________
(есепті кезең)

Бағалау критерийлері

Нақты орындалуы

Әрбір критерийдің баллдары

1

Бюджетті атқару және жоспарлау сапасының деңгейі



1-1

Тиісті қаржы жылына бөлінген қаражатты игеру



1-2

Мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қаражатты үнемдеу



1-3

Шығыстардың бекітілген көлеміне бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қайта бөлінген қаражатының көлемі



1-4

Бюджеттiк инвестициялық жобалардың сметалық құнын ұлғайту фактiлерiнiң болмауы/болуы



1-5

Дебиторлық және кредиторлық берешектердің болмауы



2

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы



2-1

Бұзушылықтардың болмауы/болуы



2-2

Мемлекеттік органдар шығыстарының жалпы көлемінде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған тиімділік қағидатына сәйкес келмейтін шығыстар



3

Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген нұсқамалар мен қаулыларды орындау бойынша қабылданған (iске асырылған) шаралар



3-1

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген нұсқамалар мен қаулыларға сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасына шаққанда белгiленген мерзiмде бюджетке қайтарылған бұзушылықтар сомасының көлемi



3-2

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген нұсқамалар мен қаулыларға сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алуда көрсету жолымен бюджетке қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасына қарағандағы белгiленген мерзiмде қалпына келтiрiлген бұзушылықтар сомасының көлемi



4

Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу



4-1

Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу



4-2

Бюджеттік бағдарламалардың нәтижелілігінің көрсеткіштерін жоспарлау сапасы



5.

Бюджеттік бағдарламаларды орындаудың тиімділігі



Жалпы баға:



Орталық мемлекеттік органның/жергілікті атқарушы органның қызметінің тиімділігін бағалау критерийлері бойынша талдау:

      1. "Бюджетті атқару және жоспарлау сапасының деңгейі" критерийі бойынша:
_____________________________________________________________________
      2. "Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы" критерийі бойынша:
_____________________________________________________________________
      3. "Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген нұсқамалар мен қаулыларды орындау бойынша қабылданған (iске асырылған) шаралар" критерийі бойынша:
_____________________________________________________________________
      4. "Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу" критерийі бойынша:
_____________________________________________________________________
      5. "Бюджеттік бағдарламаларды орындаудың тиімділігі " критерийі бойынша:
_____________________________________________________________________

      Қорытындылар мен ұсынымдар
_____________________________________________________________________
      Пост-аудит нәтижелері
_____________________________________________________________________

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
      астананың бюджетті атқару жөніндегі
      уәкілетті органының бірінші басшысы,
      немесе оның міндеттерін атқарушы тұлға ________________________
                                            (қолы) қолын таратып жазу
                                            "_______" ________ 20 _ ж

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің    
міндетін атқарушы    
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 600 бұйрығына     
3-қосымша        

Мемлекеттік органның бюджет қаражатын
басқарудың тиімділігін бағалау әдістемесіне
7-қосымша

Критерийлер мен көрсеткіштердің баллдары

р\р

Критерийдің/көрсеткіштің атауы

балл

1

Бюджетті атқару және жоспарлау сапасының деңгейі - 28 балл


1-1

Тиісті қаржы жылына бөлінген қаражатты игеру

12


100%

12


99,9 – 99,7%

11


99,6 – 99,4%

10


99,3 – 99,1%

9


99,0 – 98,8%

8


98,7 – 98,5%

7


98,4 – 98,2%

6


98,1 – 97,9%

5


97,8 – 97,6%

4


97,5 – 97,3%

3


97,2 – 97,0%

2


96,9 – 96,7%

1


96,6 % және одан кем

-1

1-2

Мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қаражатты үнемдеу

4


Болмауы

0


3 %-ға дейін

4


3,1 - 5%

-1


5,1 - 10%

-2


10,1 - 20%

-3


20,1%-дан астам

-4

1-3

Шығыстардың бекітілген көлеміне бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қайта бөлінген қаражатының көлемі

4


Бекітілген бюджеттен қаражатты қайта бөлудің болмауы

4


Қайта бөлінген қаражаттың көлемі



5%-ға дейін

3


5,1 - 7%

2


7,1 - 10%

1


10,1%-дан астам

0

1-4

Бюджеттiк инвестициялық жобалардың сметалық құнын ұлғайту фактiлерiнiң болмауы/болуы

0


Бюджеттiк инвестициялық жобалардың құжаттамасының сметалық құнын ұлғайту фактiлерiнiң болмауы

0


Бюджеттiк инвестициялық жобаның сметалық құнының ұлғаюы



10%-ға дейін

0


10,1 – 30 %

-2


30,1 – 50 %

-3


50,1%-дан астам

-4


Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнде бюджеттiк инвестициялық жобалардың болмауы

0

1-5

Дебиторлық және кредиторлық берешектердің болмауы

8


Дебиторлық берешектің болмауы

4


Дебиторлық берешектің өзгерістері:



азаю жағына қарай

1


ұлғаю жағына қарай

-1


Кредиторлық берешектің болмауы

4


Кредиторлық берешектің өзгерістері:



азаю жағына қарай

1


ұлғаю жағына қарай

-1

2

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы – 8 балл

2-1

Бұзушылықтардың болмауы/болуы

8


Бұзушылықтардың болмауы

8


Есепті кезеңде қаржылық бақылау органдарының тексерулер жүргізбеуі

0


Бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемінен бұзушылықтардың болуы (тиімсіз шығыстары қоспағанда) мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінде айқындалған бұзушылықтардың сыныптауышына сәйкес


5%-ға дейін

-1


5,0 – 9,9%

-2


10,0 – 14,9%

-3


15,0 – 19,9%

-4


20,0 – 24,9%

-5


25%-дан астам

-6

2-2

Мемлекеттік органдар шығыстарының жалпы көлемінде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған тиімділік қағидатына сәйкес келмейтін шығыстар

0


тиімділік қағидатына сәйкес келмейтін шығыстардың болмауы

0


1.1 көрсеткіштің игерілген бюджет қаражаты сомасынан мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған тиімділік қағидатына сәйкес келмейтін шығыстар


1-3%

-1


3,1 - 5%

-2


5,1 - 7%

-3


7,1 -10 %

-5


10,1%-дан жоғары

-10

3

Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген нұсқамалар мен қаулыларды орындау бойынша қабылданған (iске асырылған) шаралар – 14 балл

3-1

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген нұсқамалар мен қаулыларға сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасына шаққанда белгiленген мерзiмде бюджетке қайтарылған бұзушылықтар сомасының көлемi

7


100% немесе бюджетке қайтарылатын соманың болмауы

7


70,0 – 99,9%

3


70%-ға дейін

0

3-2

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген нұсқамалар мен қаулыларға сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алуда көрсету жолымен бюджетке қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасына қарағандағы белгiленген мерзiмде қалпына келтiрiлген бұзушылықтар сомасының көлемi

7


100% немесе бюджетке қалпына келтірілетін соманың болмауы

7


70,0 – 99,9 %

3


70,0 %-ға дейін

0

4

Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу - 28 балл


4-1

Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу

20


100%

20


99,9 – 99,3%

19


99,2 – 98,6%

18


98,5 – 97,9%

17


97,8 – 97,2%

16


97,1 – 96,5%

15


96,4 – 95,8%

14


95,7 – 95,1%

13


95,0 – 94,4%

12


94,3 – 93,7%

11


93,6 – 93,0%

10


92,9 – 92,3%

8


92,2- 91,6%

6


91,5 – 90,9%

4


90,8 – 90,2%

2


90,1% және одан кем

0

4-2

Бюджеттік бағдарламалардың нәтижелілігінің көрсеткіштерін жоспарлау сапасы

8


Бюджеттік бағдарламада мемлекеттік органның тиісті мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары мен бағалауына жататын сандық өлшемді болып табылатын нәтижелік көрсеткіштерінің болуы

8


Бюджеттік бағдарламада тиімділік көрсеткіштерінің бірінің болмауы, тікелей нәтижеге қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік бермейтін сандық сипаттаманың орнына түпкі нәтижелерімен тікелей нәтижелерді қайталайтын іс-шаралардың болуы, басқа бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштерімен бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерін қайталау, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мақсаттары мен міндеттеріне тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің сәйкес келмеуі

0

5

Бюджеттік бағдарламаларды орындаудың тиімділігі - 22 балл



100%

22


99,9 – 99,3%

21


99,2 – 98,6%

20


98,5 – 97,9%

19


97,8 – 97,2%

18


97,1 – 96,5%

17


96,4 – 95,8%

16


95,7 – 95,1%

15


95,0 – 94,4%

14


94,3 – 93,7%

12


93,6 – 93,0%

10


92,9 – 92,3%

8


92,2- 91,6%

6


91,5 – 90,9%

4


90,8 – 90,2%

2


90,1% және одан кем

0


"100%" бюджет қаражаты игерілген жағдайда тікелей нәтижеге жету:



90,1 - 99,9%

-1


80,1 - 90%

-2


70,1 - 80%

-3


60,1 - 70%

-4


60%-ға дейін

-5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады