"Трикотаж, тоқыма, галантерея бұйымдарының технологиясы" кәсіби стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 457 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 мамырда № 9395 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 60 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.01.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексiнiң 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген "Трикотаж, тоқыма, галантерея бұйымдарының технологиясы" кәсіби стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Б.А. Қасымбеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Индустрия және жаңа технологиялар


министрінің міндетін атқарушы

А. Рау


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрі

      _____________ Т. Дүйсенова

      2013 жылғы 26 нарурыз

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің міндетін атқарушының
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 457 бұйрығымен бекітілген

"Трикотаж, тоқыма, галантереялық бұйымдар технологиясы"
(Трикотаж өндірісі) кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Трикотаж, тоқыма, галантереялық бұйымдар технологиясы" кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:

      1) еңбек нарығының қазіргі заман қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға, кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды белгілеуге;

      2) қызметкерлерді басқару саласында кең шеңбердегі міндеттерді шешуге;

      3) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;

      4) кәсіби даярлықтарын бағалауды жүргізуге және мамандардың біліктілік сәйкестігін растауға арналған.

      2. КС негізгі пайдаланушылары:

      1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

      2) ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың қызметкерлерді басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

      3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

      4) кәсіби даярлықтарын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы мамандар.

      3. КС негізінде қызметтің, лауазымның, біліктілікті арттырудың, қызметкерлерді аттестаттаудың, еңбекті ынталандыру жүйесінің және т.б. функционалдық модельдеріне қатысты ішкі, корпоративтік стандарттары әзірленеді.

      4. Осы КС-да келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір қызмет түрі шеңберінде еңбек міндеттерін сапалы орындауға дайын болу дәрежесі;

      2) біліктілік деңгейі – орындалатын жұмыстардың күрделілігін, дербестігі мен жауапкершілігін сипаттайтын қызметкердің біліктілігіне (құзыреттеріне) қойылатын талаптар деңгейі;

      3) еңбек мәні - белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;

      4) еңбек құралдары – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;

      5) еңбек қызметінің түрі – кәсіби қызмет саласының еңбек функцияларының тұтастай жиынтығынан және оларды орындауға қажетті құзыреттерден қалыптасқан құрамдас бөлігі;

      6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріс арқылы анықталатын және оларды еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының біріктірілген және салыстырмалы түрде дербес жиынтығы;

      7) кәсіби қызмет саласы – жалпы ықпалдасқан негізі (ұқсас және мақсаттылығы жақын объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін ұқсас құзыреттер мен еңбек функцияларының жинағын көздейтін саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

      8) КС – кәсіби қызметтің нақты саласындағы қызметкердің еңбек мазмұнына, сапасына, жағдайына және біліктілік деңгейіне, құзыреттеріне қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

      9) КС бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;

      10) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

      11) құзырет – қызметкердің еңбек қызметінде білімін, білігі мен тәжірибесін қолдану қабілеті;

      12) лауазым – жұмыс берушінің лауазымдық өкілеттіліктер мен лауазымдық міндеттер шеңбері жүктелген құрылымдық бірлігі;

      13) міндет - нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып, еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимылдар жиынтығы;

      14) сала - өнім шығаруда, өндіріс технологиясы, жұмыс істейтіндердің негізгі қорлары мен кәсіптік дағдыларында ортақ мақсаты бар кәсіпорындар мен ұйымдар жиынтығы;

      15) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

      16) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

      17) функционалдық карта – еңбек қызметінің белгілі түрі қызметкерінің кәсіби қызметтің сол немесе өзге саласы шеңберінде орындайтын еңбек функциялары мен кәсіби міндеттерінің құрылымдалған сипаттамасы.

2. КС паспорты

      5. Экономикалық қызметтің түрі: Трикотаж, тоқыма, галантереялық бұйымдар технологиясы.

      6. Кәсіби қызмет саласы: Трикотаж, тоқыма, галантереялық бұйымдар технологиясы.

      7. Кәсіби саланың негізгі мақсаты: трикотаж бұйымдарын өндіру.

      8. Кәсіби қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшасында көрсетілген.

Еңбек қызметі (кәсіп) түрлерінің карточкасы
1-параграф. Тоқу-тігу жабдығының операторы

      9. СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 3.

      10. Мүмкін болатын лауазым атауы:

      тоқу-тігу жабдығының операторы.

      11. Орындалатын еңбек функциясының жалпыланған сипаттамасы – трикотаж бұйымдар өндіру.

      12. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

      13. Тоқу-тігу жабдығы операторының еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

      14. Тоқу-тігу жабдығының операторы орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі осы КС 2-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілген.

      15. Тоқу-тігу жабдығының операторы орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 2-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

      16. Тоқу-тігу жабдығы операторының құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілген.

2-параграф. Лекало жаюшы

      17. СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 2-3.

      18. Мүмкін болатын лауазым атауы:

      лекало жаюшы.

      19. Орындалатын еңбек функциясының жалпыланған сипаттамасы – лекало жаю.

      20. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

      21. Лекало жаюшының еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

      22. Лекало жаюшы орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілген.

      23. Лекало жаюшы орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 3-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

      24. Лекало жаюшының құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілген.

3-параграф. Техник-технолог

      25. СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 4.

      26. Мүмкін болатын лауазым атауы:

      техник-технолог.

      27. Орындалатын еңбек функциясының жалпыланған сипаттамасы – бұйымдарды тоқудың технологиялық параметрлерін әзірлеу, тоқу жабдығын толықтыру параметрлерін есептеу, учаскелердің жұмысын ұйымдастыру.

      28. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 4-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

      29. Техник-технологтың еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 4-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

      30. Техник-технолог орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі осы КС 4-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілген.

      31. Техник-технолог орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

      32. Техник-технологтың құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 4-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілген.

4-параграф. Механик

      33. СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 4.

      34. Мүмкін болатын лауазым атауы:

      механик.

      35. Орындалатын еңбек функциясының жалпыланған сипаттамасы – жаңа жабдықты күйге келтіру және қолданыстағы жабдықтың ақауларын жою.

      36. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 5-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

      37. Механиктің еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 5-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

      38. Механик орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі осы КС 5-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілген.

      39. Механик орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 5-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

      40. Механиктің құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 5-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілген.

5-параграф. Кеттельші

      41. СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 3.

      42. Мүмкін болатын лауазым атауы:

      кеттельші.

      43. Орындалатын еңбек функциясының жалпыланған сипаттамасы – бұйым түйіндерін кетлеу.

      44. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 6-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

      45. Кеттельшінің еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 6-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

      46. Кеттельші орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі осы КС 6-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілген.

      47. Кеттельші орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 6-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

      48. Кеттельшінің құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 6-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілген.

4. КС әзірлеушілері

      49. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі КС әзірлеушісі болып табылады.

      50. Келісу парағы, КС сараптамасы мен тіркелуі осы КС 7-қосымшасында келтірілген.

  "Трикотаж, тоқыма және
галантереялық бұйымдар технологиясы"
кәсіби стандартына 1-қосымша

Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері

Реттік №

Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының үрдістері ескерілген кәсіп атауы

01-2005 Қазақстан Республикасы қызметтердің мемлекеттік жіктеуішіне сәйкес кәсіп атауы

СБШ сәйкес біліктілік деңгейі

1

Трикотаж бұйымдарды өндіру

Тоқу-тігу жабдығының операторы

Тоқу-тігу жабдығының операторы

3

2

Лекал жаю

Лекал жаюшы

Жаюшы

2-3

3

Бұйым түйіндерін кетлдеу

Кеттельші

Кеттельші

3

4

Бұйымдарды тоқудың технологиялық параметрлерін әзірлеу, тоқу жабдығын толықтыру параметрлерін есептеу, учаскелердің жұмысын ұйымдастыру

Техник-технолог

Техник-технолог

4

5

Жаңа жабдықты күйге келтіру және қолданыстағы жабдықтың ақауларын жою

Механик

Тоқу жабдығының механигі

3-4

  "Трикотаж, тоқыма және
галантереялық бұйымдар технологиясы"
кәсіби стандартына 2-қосымша

      1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы:

Қазақстан Республикасы Кәсіптердің мемлекеттік жіктеуіші (КМЖ)

Базалық топ

8252 – Тоқыма және іліп тоқу машиналарының операторлары

Жұмыс және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА)

БТБА бойынша кәсіп

44-шығарылым

(Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы "26" ақпандағы № 73-ө-м бұйрығымен бекітілген)

СБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разрядтар

3

-


      2-кесте. Тоқу-тігу жабдығы операторының еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Трикотаж кәсіпорындарындағы жабдықталған және аттестатталған жұмыс орындары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы

жоқ

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Медициналық қарсы көрсетілімдерінің жоқтығы (086 нысанындағы анықтама)

Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамадан өту

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім алу мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

3

Практикалық тәжірибе немесе жалпы орта білім немесе негізгі орта білімнің негізінде техникалық және кәсіби білім немесе практикалық тәжірибесіз жалпы орта білім болған кезде кәсіби даярлау (білім беру мекемелерінің негізінде бір жылға дейін кәсіби даярлау бағдарламалары бойынша курстар немесе корпоративті оқыту).

Талап етілмейді


      3-кесте. Тоқу-тігу жабдығының операторы орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі

Еңбек функциясының №

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1

Материалды таңдау және дайындау, шикізаттың сапасын тексеру, қолданылатын жабдықты толықтыру және оның ұсақ ақауларын жою

2

Тоқу

3

Өңделген бұйымның сапасын тексеру


      4-кесте. Тоқу-тігу жабдығының операторы орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы

Еңбек функциясы №

Еңбек мәні

Еңбек құралдары

Міндеттер (еңбек іс-қимылдары)

1

Иірілгенжіп

Құралдар

1-1) Материалды таңдау және дайындау

Иірілгенжіп

Құралдар

1-2) Шикізаттың сапасын тексеру

Иірілгенжіп

Сан алуан түрлі және сыныпты тоқыма машиналары

1-3) Жабдықты таңдау, толықтыру және оның ұсақ ақауларын жою

2

Иірілгенжіп

Сан алуан түрлі және сыныпты тоқыма машиналары

2-1) Түрлі әдіспен тоқылған трикотаж үлгілері мен кенеп тоқу

Иірілгенжіп

Сан алуан түрлі және сыныпты тоқыма машиналары

2-2) Жеке бөлшектер мен түйіндер тоқу

Иірілгенжіп

Тігін жіптері

Сан алуан түрлі және сыныпты тоқыма машиналары

2-3) Бұйым тоқу

3

Бұйым

Құралдар

3-1) Өңделген бөлшектің сапасын тексеру

Бұйым

Құжат

Техникалық өлшеу тәбілі

3-2) Өңделген түйіннің, бұйымның сапасын тексеру


      5-кесте. СБШ бойынша 3-біліктілік деңгейіндегі тоқу-тігу жабдығы операторының құзыреттеріне қойылатын талаптар

Міндет №

Жеке және кәсіби құзыреттер

Біліктері мен дағдылары

Білімі

1-1)

Өз бетінше жоспарлауды, иірілген жіп түрін анықтау кезінде жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Иірілген жіп түрін, тоқу бізінің, тоқу ілгегінің түрін анықтай білу

Иірілген жіптің қасиетін мен сұрпын, тоқу бізінің, тоқу инесінің нөмірлерін білу

1-2)

Өз бетінше жоспарлауды, иірілген жіп ақауларын анықтау кезінде жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Иірілген жіп ақауларын анықтай білу

Иірілген жіп ақауларын, шикізаттың технологиялық қасиеттерін білу. Өңделетін иірілген жіптің түрлерін, тығыздығын және қасиеттерін білу

1-3)

Өз бетінше жоспарлауды, жабдықтың ұсақ ақауларын жою кезінде жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Тоқыма машинасын толықтыру және жабдықтардың ұсақ ақауларын жою;

Шпуля, бобина, копстарды ауыстыру; Инелерді, ине жүргізушілерді, ілгек реттеушілерді, деккерларды жөндеу және ауыстыру

Қолданылатын тоқу жабдығы жұмысының негізгі принциптері, арнайы толықтырулар үшін механизмдер мен құрылғылардың қызметі.

Технологиялық жабдықтың қызметі, жұмыс істеу принципі және қызмет көрсету тәсілдері, Кенептердің, бұйымдардың есептеу тізбегін алмастырумен үзілуін болдырмау. қызмет ететін машиналар мен жабдықтарды тазарту және майлау тәсілдері мен жиілігі

2-1)

Түрлі әдіспен тоқылған трикотаж үлгілері мен кенеп тоқу кезіндегі шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін болжайтын норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Түрлі әдіспен тоқылған трикотаж үлгілерін тоқу, тиісті толықтыру карталарын есептеу, кенеп тоқу

Түрлі тәсілдермен жіп құраудың негізгі процестерін, тоқылулар түрлерін білу, түптеу түрлері бойынша толықтыруларды есептеу; жіп немесе иірілген жіптің сызықтық тығыздығын, трикотаж бұйымдардың артикулы мен өлшемдерін, технологиялық операциялардың орындалуының ұтымды әдістерін, тоқу тығыздығын реттеу ережелерін білу

2-2)

Трикотаж бұйымдарды немесе бөлшектер мен түйіндерді технологиялық тоқу кезіндегі шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін болжайтын норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Барлық түрдегі және сыныптағы бағдарламамен басқарылатын машиналарда трикотаж бөлшектер мен түйіндерді технологиялық тоқу

Трикотаж машиналарының түрлі тәсілдермен жіп құрау процесін, тоқылулар түрлерін білу

2-3)

Өз бетінше жоспарлауды, соңғы шыққан жабдықты қолданумен трикотаж бөлшектерді технологиялық тоқу үшін жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Трикотаж бұйымды бағдарлама арқылы басқарылатын машиналарда технологиялық тоқу. Бұйым тоқу бойынша толықтыру карталарын орындау

Трикотаж бұйымды тоқу процесі

3-1)

Өз бетінше жоспарлауды, тоқылған бөлшектің, түйіннің сапасын тексеру үшін жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Тоқылған бөлшектің, түйіннің сапасын тексеру

Бөлшек, түйін сапасының негізгі көрсеткіштері

3-2)

Өз бетінше жоспарлауды, тоқылған дайын бұйымның сапасын тексеру нәтижесі үшін жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Тоқылған дайын бұйымның сапасын тексеру

Дайын бұйым сапасының негізгі көрсеткіштері мен ақаулары. Трикотаж бұйымдарды және кенепті сұрыптау жөніндегі мемлекеттік стандарттарды, техникалық талаптар мен нұсқаулықтарды білу

  "Трикотаж, тоқыма және
галантереялық бұйымдар технологиясы"
кәсіби стандартына 3-қосымша

      1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы:

Қазақстан Республикасы Кәсіптердің мемлекеттік жіктеуіші (КМЖ)

Базалық топ

7443 - Лекало жаюшы

Жұмыс және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА)

БТБА шығарылымы, бөлімі

46-шығарылым

(Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы "24" желтоқсандағы № 493-ө-м бұйрығымен бекітілген)

БТБА бойыншакәсіп

Лекало жаюшы (3-6)

СБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разрядтар

3

3-4

4

5-6


      2-кесте. Лекало жаюшының еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Трикотаж кәсіпорындарындағы жабдықталған және аттестатталған жұмыс орындары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы

жоқ

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Медициналық қарсы көрсетілімдерінің жоқтығы (086 нысанындағы анықтама)

Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамадан өту

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім алу мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

3

Практикалық тәжірибе немесе жалпы орта білім немесе негізгі орта білімнің негізінде техникалық және кәсіби білім немесе практикалық тәжірибесіз жалпы орта білім болған кезде кәсіби даярлау (білім беру мекемелерінің негізінде бір жылға дейін кәсіби даярлау бағдарламалары бойынша курстар немесе корпоративті оқыту).

Талап етілмейді

4

Жоғары дәрежелі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық) және практикалық тәжірибе.

ҰБШ 3-деңгейінде кем дегенде 3 жыл


      3-кесте. Лекало жаюшы орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі

Еңбек функциясының №

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1

Материалды таңдау және дайындау, шикізаттың сапасын тексеру, қолданылатын жабдықты толықтыру және оның ұсақ ақауларын жою

2

Лекало жаю және жиектерінайналдыраорау

3

Бұйымның бормен сызылған бөлшектерінің сапасын тексеру


      4-кесте. Лекало жаюшы орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы

Еңбек функциясы №

Еңбек мәні

Еңбек құралдары

Міндеттер (еңбек іс-қимылдары)

1

Материал

Құралдар

1-1) Материалды таңдау және дайындау

Материал

Құралдар

1-2) Шикізаттың сапасын тексеру

2

Лекал материалы, пішу столы

Қысқыштар

2-1) Лекалоны алдын ала жаю

Лекал материалы

Қысқыштар

2-2) Лекалды жаю

Лекал материалы

Борлар

2-3) Бөлшектердің жиектерін айналдыра орау

3

Бормен сызылған төсем

Құралдар

3-1) Бұйымның бормен сызылған бөлшектерінің сапасын тексеру

Бормен сызылған төсем

Құралдар

3-2) Бормен сызылған төсем сапасын тексеру


      5-кесте. СБШ бойынша 3-біліктілік деңгейіндегі лекало жаюшының құзыреттеріне қойылатын талаптар

Міндет

Жеке және кәсіби құзыреттер

Біліктері мен дағдылары

Білімі

1-1)

Материалдар түрлерін анықтай білу, матаның ақаулығын анықтау, лекалоны тиімді орналастыру кезіндегі шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін болжайтын норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Материалдар түрлерін анықтай білу, матаның ақаулығын анықтау, лекалоны тиімді орналастыру ережесін білу

Бұйымдардың бөліктері лекалосын тиімді жаю және жиектеу ережесі, материалдардың түрлері мен қасиеттері, жаю тәсілдері, нормативтік техникалық құжаттама, лекалосының аумағын өлшеудің әдіс-тәсілдері, бұйымдағы бөліктердің саны, материалдарды жұмсау нормасы, қызмет көрсетілетін машиналардың жұмыс қағидаты

1-2)

Материалдар түрлерін анықтай білу, матаның ақаулығын анықтау кезіндегі шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін болжайтын норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Материалдар түрлерін анықтай білу, матаның ақаулығын анықтау

материалдардың түрлері мен қасиеттері, жаю тәсілдері, нормативтік техникалық құжаттама

2-1)

Лекалоны тиімді орналастыруды жүргізу кезіндегі шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін болжайтын норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Лекалоны тиімді орналастыруды жүргізу

Лекалоның аумағын өлшеудің әдіс-тәсілдері

2-2)

Лекалоны орналастыруды жүргізу кезіндегі шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін болжайтын норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Лекалоны орналастыруды жүргізу

Бұйымдағы бөліктердің саны, материалдарды жұмсау нормасы


      6-кесте. СБШ бойынша 4-біліктілік деңгейіндегі лекало жаюшының құзыреттеріне қойылатын талаптар

Міндет

Жеке және кәсіби құзыреттер

Біліктері мен дағдылары

Білімі

2-3)

Өз бетінше жоспарлауды, лекало жиектерін айналдыра орау үшін жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Лекало жиектерін айналдыра орау

Лекало жиектерін технологиялық айналдыра орау режімдері мен талаптары

3-1)

Өз бетінше жоспарлауды, бормен сызылған бөлшектердің сапасын тексеру үшін жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Бормен сызылған бөлшектердің сапасын тексеру

Бормен сызылған бөлшектер сапасының негізгі көрсеткіштері

3-2)

Өз бетінше жоспарлауды, өңделген төсем сапасын тексеру үшін жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Өңделген төсем сапасын тексеру

Өңделген төсем сапасының негізгі көрсеткіштері

  "Трикотаж, тоқыма және
галантереялық бұйымдар технологиясы"
кәсіби стандартына 4-қосымша

      1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы:

Қазақстан Республикасы Кәсіптердің мемлекеттік жіктеуіші (КМЖ)

Базалық топ

3111 – техник-технолог

Жұмыс және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА)

БТБА шығарылымы, бөлімі

-

БТБА бойынша кәсіп

-

СБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разрядтар

-

-

Басшылар, мамандар және басқа қызметшілер лауазымдарының

біліктілік анықтамалығы

СБШ біліктілік деңгейі

Санаттар


Техник-технолог

4

-


      2-кесте. Техник-технологтың еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Трикотаж кәсіпорындарындағы жабдықталған және аттестатталған жұмыс орындары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы

жоқ

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Медициналық қарсы көрсетілімдерінің жоқтығы (086 нысанындағы анықтама)

Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамадан өту

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім алу мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4.1

Техникалық және кәсіптік білімнің белгіленген біліктілік деңгейі және практикалық жұмыс тәжірибесі

Жұмыс өтiлiн талаптардың көрсетіліуіз

4.2

Техникалық және кәсіптік білімнің белгіленген біліктілік деңгейі және практикалық жұмыс тәжірибесі

Санатсыз техник лауазымында жұмыс өтілі кем дегенде 2 жыл


      3-кесте. Техник-технолог орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі

Еңбек функциясының №

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1

Материалды таңдау және дайындау, шикізаттың сапасын тексеру, қолданылатын жабдықты толықтыру және оның ұсақ ақауларын жою

2

Жобалық-техникалық құжаттама ресімдеу, тоқымашылардың жұмысын ұйымдастыру

3

Трикотаж бұйымның сапасын тексеру, Еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылау


      4-кесте. Техник-технолог орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы

Еңбек функциясы №

Еңбек мәні

Еңбек құралдары

Міндеттер (еңбек іс-қимылдары)

1

Иірілгенжіп

Құралдар

1-1) Иірілген жіпті, материалды таңдау және дайындау

Иірілгенжіп

Құралдар

1-2) Шикізаттың сапасын тексеру

Иірілгенжіп

Жабдық

1-3) Жабдықты таңдау, толықтыру және оның ұсақ ақауларын жою

2

Иірілгенжіп, карта

Трикотаж жабдық

2-1) Бұйымдарды тоқу жабдықтарын толықтырудың технологиялық параметрлерін әзірлеу

Толықтыру картасы, иірілген жіп

Трикотаж жабдық

2-2) Тәжірибе үлгілерін тоқу процесін ұйымдастыру

Жабдықты жоспарлау схемасы

Трикотаж жабдық

2-3) Учаскелер жұмысын ұйымдастыру

3

Бұйым

Құжат

Техникалық өлшеу тәбілі

3-1) Тоқылған бөлшек сапасын тексеру

3-2) Тоқылған бұйым сапасын тексеру


      5-кесте. СБШ бойынша 4-біліктілік деңгейіндегі техник-технологтың құзыреттеріне қойылатын талаптар

Міндет

Жеке және кәсіби құзыреттер

Біліктері мен дағдылары

Білімі

1-1)

Жабдықтарды таңдау және дайындау үшінбағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз бетімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызметі жауапкершілігінде

Иірілген жіп түрін анықтай білу

Иірілген жіптің қасиетін мен сұрпын білу

1-2)

Жоспарлауды, шикізат сапасын тексеру үшін бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз бетімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызметі жауапкершілігінде

Иірілген жіп ақауларын анықтай білу

Иірілген жіп ақау түрлері

1-3)

Өз бетінше жоспарлауды, жабдықтарды таңдау, олардың ұсақ ақауларын жою үшін жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Тоқыма машинасын толықтыру және жабдықтардың ұсақ ақауларын жою

Қолданылатын тоқу жабдығы жұмысының негізгі принциптері

2-1)

Жоспарлауды, технологиялық параметрлер әзірлеу үшін бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз бетімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызметі жауапкершілігінде

Бұйым тоқу үшін толықтырудың технологиялық параметрлерін әзірлеу

Трикотаж машиналары жұмысының принциптері

2-2)

Жоспарлауды, тәжірибе үлгілерін тоқу үшін бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз бетімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызметі жауапкершілігінде

Тәжірибе үлгілерін тоқу

Жеке түйіндерді өңдеудің технологиялық режімдері

2-3)

Жоспарлауды, учаскелер жұмысын ұйымдастыру үшін бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз бетімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызметі жауапкершілігінде

Учаскелер жұмысын ұйымдастыру

Жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар

3-1)

Міндеттерді өз бетінше анықтауды, бағынышты қызметкерлердің норманы іске асыруын ұйымдастыру мен бақылауды, тоқылған бөлшек сапасын тексеру үшін жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен норманы іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

Тоқылған бөлшек, түйін сапасын тексеру

Тоқылған бөлшек, түйін сапасының негізгі көрсеткіштері

3-2)

Міндеттерді өз бетінше анықтауды, бағынышты қызметкерлердің норманы іске асыруын ұйымдастыру мен бақылауды, тоқылған бұйым сапасын тексеру үшін жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен норманы іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

Дайын бұйым сапасын тексеру

Трикотаж бұйым сапасының негізгі көрсеткіштері

  "Трикотаж, тоқыма және
галантереялық бұйымдар технологиясы"
кәсіби стандартына 5-қосымша

      1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы:

Қазақстан Республикасы Кәсіптердің мемлекеттік жіктеуіші (КМЖ)

Базалық топ

3115 - Механик

Басшылар, мамандар және басқа қызметшілер лауазымдарының

біліктілік анықтамалығы

СБШ біліктілік деңгейі

Санаттар

4

4

КС бойынша лауазымы

механик


      2-кесте. Механиктің еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Трикотаж кәсіпорындарындағы жабдықталған және аттестатталған жұмыс орындары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы

жоқ

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Медициналық қарсы көрсетілімдерінің жоқтығы (086 нысанындағы анықтама)

Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамадан өту

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім алу мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4.1

Техникалық және кәсіптік білімнің белгіленген біліктілік деңгейі және практикалық жұмыс тәжірибесі

Жұмыс өтiлiне талаптардың көрсетіліуіз

4.2

Техникалық және кәсіптік білімнің белгіленген біліктілік деңгейі және практикалық жұмыс тәжірибесі

Санатсыз техник лауазымында жұмыс өтілі кем дегенде 2 жыл


      3-кесте. Механик орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі

Еңбек функциясының №

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1

Жабдықты таңдау және дайындау

2

Жаңа жабдықты күйге келтіру және қолданыстағы жабдықтың ақауын жою

3

Трикотаж жабдығы жұмысының сапасын тексеру


      4-кесте. Механик орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы

Еңбек функциясы №

Еңбек мәні

Еңбек құралдары

Міндеттер (еңбек іс-қимылдары)

1

Жабдық

Құрал-саймандар

1.1: Жабдықты таңдау және дайындау

Жабдық

Құрал-саймандар

1.2: Сапаны тексеру және жабдықтың бөлшектерін жинақтау

2

Трикотаж жабдығы

Құрал-саймандар

2.1: Жаңа жабдықты күйге келтіру

Трикотаж жабдығы

Құрал-саймандар

2.2: Қолданыстағы жабдақтың ақауын жою

3

Иірілген жіп

Құрал-саймандар

Жабдық

3.1: Тәжірибе үлгілерін жасап, жабдық жұмысының сапасын тексеру


      5-кесте. СБШ бойынша 4-біліктілік деңгейіндегі механиктің құзыреттеріне қойылатын талаптар

Міндет

Жеке және кәсіби құзыреттер

Біліктері мен дағдылары

Білімі

1-1)

Өз бетінше жоспарлауды, материалдарды таңдау және дайындау үшін жауапкершілікті көздейтін басшылық етуімен норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Тиісті құрал-саймандар мен материалдарды таңдау және дайындау

Трикотаж жабдығы механизмдерінің жұмыс істеу принципі

1-2)

Өз бетінше жоспарлауды, сапаны тексеру және жабдық бөлшектерін жинақтау үшін жауапкершілікті көздейтін басшылық етуімен норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Жинақ материалдарының саны мен сапасын анықтау және тексеру

Қолданылатын жабдық жұмысының негізгі принциптері

2-1)

Өз бетінше жоспарлауды, жаңа жабдықты күйге келтіру үшін жауапкершілікті көздейтін басшылық етуімен норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Жаңа жабдықты күйге келтіру

Трикотаж машиналарының жұмыс істеу принциптері

2-2)

Өз бетінше жоспарлауды, қолданыстағы жабдықтың ақауын жою үшін жауапкершілікті көздейтін басшылық етуімен норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Қолданыстағы жабдықтың ақауын жою

Трикотаж бұйымдар өндіру технологиясының режімдері

3-1)

Міндеттерді өз бетінше анықтауды, бағынышты қызметкерлердің норманы іске асыруын ұйымдастыру мен бақылауды, тәжірибе үлгілерін жасап, жабдық жұмысының сапасын тексеру үшін жауапкершілікті көздейтін, басшылық етумен норманы іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

Тәжірибе үлгілерін жасап, жабдық жұмысының сапасын тексеру

Жабдық жұмысының негізгі көрсеткіштері мен режімдері

  "Трикотаж, тоқыма және
галантереялық бұйымдар технологиясы"
кәсіби стандартына 6-қосымша

      1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы:

Қазақстан Республикасы Кәсіптердің мемлекеттік жіктеуіші (КМЖ)

Базалық топ

8262 - Кеттельші

Жұмыс және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА)

БТБА шығарылымы, бөлімі

44-бөлім "Зығыр өндірісі"

(Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы "26" ақпандағы № 73-ө-м бұйрығымен бекітілген)

БТБА бойыншакәсіп

Кеттельщик

СБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разрядтар

3

4


      2-кесте. Кеттельшінің еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Трикотаж кәсіпорындарындағы жабдықталған және аттестатталған жұмыс орындары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы

жоқ

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Медициналық қарсы көрсетілімдерінің жоқтығы (086 нысанындағы анықтама)

Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамадан өту

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім алу мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

3

Практикалық тәжірибе немесе жалпы орта білім немесе негізгі орта білімнің негізінде техникалық және кәсіби білім немесе практикалық тәжірибесіз жалпы орта білім болған кезде кәсіби даярлау (білім беру мекемелерінің негізінде бір жылға дейін кәсіби даярлау бағдарламалары бойынша курстар немесе корпоративті оқыту).

Талап етілмейді


      3-кесте. Кеттельші орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі

Еңбек функциясының №

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1

Жабдықты таңдау және дайындау

2

Кеттельді машинада немесе қолдан шұлық, қолғап бұйымдары мен жоғарғы трикотажды кетлеу.

3

Жұмыс сапасын тексеру


      4-кесте. Кеттельші орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы

Еңбек функциясы №

Еңбек мәні

Еңбек құралдары

Міндеттер (еңбек іс-қимылдары)

1

Жабдық

Құрал-саймандар

1-1) Жабдықты таңдау және дайындау

Жабдық

Құрал-саймандар, құралдар

1-2) Жабдықты толықтыру

2

Трикотаж жабдығы

Құрал-саймандар, құралдар

2-1) Бұйымдарды қабылдау және кетлеге дайындау. Токольдар мен ілмектерді өткізбейтін бұйым бөлшектерін бір көлденең қатар, ілмек бағаналары мен қиғаш кесу бойынша бет немесе теріс жағымен бұйым ілмектерін кеттельді машинаның токоль фонтурасына кигізу.

Трикотаж жабдығы

Құрал-саймандар, құралдар

2-2) Кеттельді машинаның тігу механизмін дайындау. Жіптің үзілуін болдырмау. Шпуляны ауыстыру. Өзіндік ернеуі бар кеттельді машиналардан жоғарғы трикотаж бұйымдарын қолдан кетлеу кезінде жемпір жағасын, бортиках, жеңдер мен қырларын ілмек бағаналары бойынша ілмектерді дәл қолдан инемен тігу.

3

Иірілген жіп

Құрал-саймандарЖабдық

3-1) Кетленген бұйымдардың сапасын тексеру, оларды шығару және белгіленген орынға тасымалдау. Кеттельді машиналарды желдету, тазарту және үйкелетін беттерді майлау.


      5-кесте. СБШ бойынша 3-біліктілік деңгейіндегі кеттельшінің құзыреттеріне қойылатын талаптар

Міндет

Жеке және кәсіби құзыреттер

Біліктері мен дағдылары

Білімі

1-1)

Өз бетінше жоспарлауды, материалдарды таңдау және дайындау мен кеттельді машинасын пайдалану үшін жауапкершілікті көздейтін басшылық етуімен норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Тиісті құрал-саймандар мен материалдарды таңдау және дайындау

Кеттельді машиналардың құрылымы және пайдалану ережелері

1-2)

Өз бетінше жоспарлауды, сапаны тексеру және жабдық бөлшектерін жинақтау үшін жауапкершілікті көздейтін басшылық етуімен норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Жинақ материалдарының саны мен сапасын анықтау және тексеру

Қолданылатын жабдық жұмысының негізгі принциптері

2-1)

Өз бетінше жоспарлауды, кетлеу операцияларын орындау үшін жауапкершілікті көздейтін басшылық етуімен норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Түрлі құралдар мен жабдықтарды қолдана отырып, кетлеу операцияларын орындау

Кетлеуге қолданылатын токоль, ине, петлительдердің түрлері мен позициялары, иірілген жіп пен жіптің түрлері мен сызықтық тығыздығы, бұйымдардың артикулдары мен түптеу құрылымы, бұйымдардың сұрыпталуын анықтау әдістері.

2-2)

Өз бетінше жоспарлауды, технологиялық операцияларды орындау үшін жауапкершілікті көздейтін басшылық етуімен норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Жеке түйіндерді кетлеу бойынша есептеулер жасау

Трикотаж бұйымдарды технологиялық өңдеу режімдері

3-1)

Өз бетінше дайын үлгінің сапасын тексеру үшін жауапкершілікті көздейтін басшылық етуімен норманы іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Жұмыс сапасын тексеру

Трикотаж бұйым сапасының негізгі көрсеткіштері

  "Трикотаж, тоқыма және
галантереялық бұйымдар технологиясы"
кәсіби стандартына 7-қосымша

Келісу парағы

Ұйымның атауы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.


      Осы КС ____________________________________________________ тіркелді.

      Кәсіби стандарттар тізбесіне ____________ тіркеу нөмірімен енгізілді.

      Хат (хаттама) № ___________ Күні ____________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады