"Мақта өндірісі" кәсіби стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 475 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 14 мамырда № 9416 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 60 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.01.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріп отырған "Мақта өндірісі" кәсіби стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Б.А. Қасымбеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Индустрия және жаңа технологиялар


министрінің міндетін атқарушы

А. Рау


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрі

      ______________ Т. Дүйсенова

      2014 жылғы 7 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің міндетін атқарушының
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 475 бұйрығымен бекітілген

"Мақта өндірісі" кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Мақта өндірісі" кәсіби стандарты (бұдан әрі - КС) біліктілік деңгейіне, құзыреттікке, еңбек мазмұны, сапасы мен шарттарына қойылатын талаптарды анықтайды және мына мақсаттарға арналған:

      1) кәсіби қызмет мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеуге;

      2) еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға;

      3) персоналды басқару саласында бірқатар міндеттер шеңберін шешуге;

      4) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сондай-ақ тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;

      5) мамандардың кәсіби даярлығына бағалау мен біліктілігінің сәйкестігіне растау жүргізуге арналған.

      2. КС негізгі пайдаланушылары:

      1)білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлері;

      2)ұйым басшылары мен қызметкерлері, ұйымның персоналды басқару бөлімшесінің басшылары мен мамандары;

      3) білім беру стандарттарын әзірлейтін мамандар;

      4) мамандардың кәсіби даярлығына бағалау және біліктілігінің сәйкестігіне растау саласындағы мамандар болып табылады.

      3. КС негізінде қызметтің функционалдық үлгілеріне, лауазымдар, біліктілікті арттыру, қызметкерлерді аттестаттау, еңбекті ынталандыру жүйесі мен басқаларына арналған ішкі, ұжымдық стандарттар әзірлене алады.

      4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің нақты түрі шеңберінде нақты қызметтерді сапалы орындауына даярлығы;

      2) біліктілік деңгей – күрделілігі параметрлері, стандартты емес еңбек шарттары, жауаптылығы және дербестігі бойынша тарамдалатын қызметкердің құзыреттігіне қойылатын талаптар жиынтығы;

      3) еңбек заты – нақты еңбек құралдарының көмегімен өнім құру мақсатында қызметкердің әрекеті бағытталған зат;

      4) еңбек құралы – еңбек затын бастапқы жағдайдан өнімге түрлендіру үшін қызметкер пайдаланатын құралдар;

      5) еңбек қызметінің түрі-еңбек қызметтерінің бүтін жинағымен және оларды орындау үшін қажетті құзыреттіктермен қалыптастырылған кәсіби қызмет саласында құрамдас бөлік;

      6) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты әрекеттер жинағы;

      7) кәсіби қызмет саласы – жалпы біріктірілген негізге ие (балама және жуық арналулар, нысандар, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) және оларды орындау үшін еңбек қызметтері мен құзыреттіктердің ұқсас жинағын болжайтын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

      8) КС – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне, құзыреттілікке, мазмұны, сапасы мен еңбек әрекеттеріна қойылатын талаптарды анықтайтын стандарт;

      9) КС бірлігі – бүтін, аяқталған, салыстырмалы автономды және осы еңбек қызметінің түрі үшін мәнді болып табылатын нақты еңбек қызметінің тарамдалған сипаттамасынан тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;

      10) кәсіп – арнайы теориялық білім мен арнайы даярлық нәтижесінде алынған практикалық дағды, жұмыс тәжірибесінің кешенін иеленуді талап ететін еңбек қызметінің тегі;

      11) құзыреттік – еңбек қызметінде білімін, дағды мен тәжірибесін қолдану қабілеті;

      12) лауазым – ұйымның ұйымдастыру-әкімшілік сатысы жүйесінде функционалдық орын;

      13) міндет – еңбек қызметін іске асырумен және нақты заттар мен еңбек құралдарын пайдаланумен нәтижеге жетумен байланысты әрекеттер жиынтығы;

      14) сала – олар үшін шығарылатын өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыскерлердің кәсіби дағдыларының жалпылығы тән болатын кәсіпорындар мен ұйымдар жиынтығы;

      15) салалық біліктіліктің шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық сипаттау;

      16) ұлттық біліктіліктің шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

      17) функционалдық карта – кәсіби қызметтің сол не басқа саласы шеңберінде қызметкердің нақты түрін орындайтын еңбек қызметтері мен міндеттерін құрылымдық сипаттау.

2. КС паспорты

      5. КС паспорты келесіні анықтайды.

      1) экономикалық қызмет түрі (кәсіби қызмет саласы): ҚР МЖ 03-2007 21.20 Фармацевтиаалық препараттарды өндіру.

      2) экономикалық қызмет (кәсіби сала) түрінің негізгі мақсаты: мақта өндіру КС "Мақта өндірісі" кәсіби қызмет саласында еңбек мазмұны, сапасы, шарттары, қызметкерлер біліктілігі мен құзыреттігіне қойылатын талаптарды белгілейді.

      3) еңбек қызметінің, кәсіптің түрлері, біліктілік деңгейлер осы КС 1-қосымшада келтірілген.

      Стандарт талаптары осы салада "мақта өндіру желісінің операторы, техник-технолог" кәсібіне қатысты болады.

3."Мақта өндіру желісінің операторы" еңбек қызметі (кәсіп)
түрлерінің карточкалары

      6. Еңбектік қызметінің (кәсіптің) түр карточкасы құрайды

      1) СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 2-3

      2) лауазымның мүмкін болатын атаулары:Мақта өндіру желісінің операторы.

      3) "Мақта өндіру желісінің операторы" кәсібі субъектінің маманға мақта дайындау процесін жүргізу негізгі қызметті іске асырумен болатын міндеттерді білу мен орындай білуді міндеттейді.Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс осы КС 2-қосымшаның 1-кестесінде келтірілген.

      4) мақта өндіру желісінің операторының еңбек әрекеттеріна, жұмыс тәжірибесі мен біліміне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген.

      5) КС бірлігінің тізбесі осы КС 2-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген.

      6) мақта өндіру желісінің операторыорындайтын еңбек әрекеттерін, кәсіби стандарт бірлігін сипаттайтын функционалдық қартаосы кәсіби стандартқа 2-қосымшаның 4-кестесінде келтірілген.

      7) мақта өндіру желісінің операторы құзыретіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшаның 5-кестесінде келтірілген.

4."Техник-технолог" еңбек қызметі (кәсіп) түрлерінің
карточкалары

      7. Еңбектік қызметінің (кәсіптің) түр карточкасы құрайды

      1) СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 4-5

      2) лауазымның мүмкін болатын атаулары: Шебер

      3) "Техник-технолог" кәсібі субъектіге жүнді бастапқы өңдеу процесін ұйымдастырумен, өнім сапасын, еңбек өнімділігін және жабдықтарды қамтамасыз етумен байланысты міндеттерді білу мен орындауды міндеттейді. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс осы КС 3-қосымшаның 1-кестесінде келтірілген.

      4) техник-технологеңбек әрекеттеріна, жұмыс тәжірибесі мен біліміне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген.

      5) КС бірлігінің тізбесі осы КС 3-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген.

      6) техник-технолог орындайтын еңбек әрекеттерін, КС бірлігін сипаттайтын функционалдық қарта және құзыреттілікке қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшаның 4-кестесінде келтірілген.

      7) техник-технолог құзыретіне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшаның 5-кестесінде келтірілген.

5. Осы КС негізінде берілетін сертификаттар түрлері

      8. Мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігінің сәйкестігін растау саласындағы ұйымдар осы КС негізінде сертификаттар береді.

      9. Осы кәсіби стандарт негізінде берілетін сертификаттар түрлері игерілуі осы КС 2, 3-қосымшаларының 3-кестесінде қарастырылған сертификат алу үшін қажетті КС бірліктерінің тізіліміне сәйкес анықталады.

6. КС әзірлеушілер, келісу парағы, сараптама
жасау және тіркеу

      10. КС әзірлеуші Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі болып табылады.

      11. Келісу парағы, КС сараптамасы мен тіркелуі осы КС 4-қосымшасында келтірілген.

  "Мақта өндірісі"
кәсіби стандартына
1-қосымша

      Қызмет, кәсіп түрлері, біліктілік деңгейлері

р/с

Еңбек қызметі түрінің атауы

Еңбек нарығы үрдісін есепке ала отырып кәсіп атауы

ҚР Қызметтердің мемлекеттік жіктеуішіне сәйкес кәсіп атауы (ҚР МЖ 01-2005)

Салалық біліктіліктің шеңбері (СБШ) біліктілік деңгейі

1

Талшықты араластыру, тазарту және тарау

Мақта өндіру желісінің операторы (қопсыту-түті агрегатының операторы, тарау-илеу агрегатының операторы)

-

2-3

22

Мақта өндірісін ұйымдастыру және бақылау

Техник-технолог

Техник-технолог

4

  "Мақта өндірісі"
кәсіби стандартына
2-қосымша
1-кесте

      Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсіптердің жіктеуіші (МКЖ)

Базалық топ

7431 Мақта-мата, кенеп, жібек орау, жүн, кеуекті жіп өндірісінде мен мақта өндірісінде талшық дайындаумен айналысатын жұмыскерлер

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА)

БТБА шығарылымы, бөлімі

44-шығарылым, "Мақта өндірісі" бөлімі

БТБА бойынша кәсіп

Қопсыту-түту агрегатының операторы

Тарау-илеу агрегатының операторы

Салалық біліктілік шеңберінің (СБШ) біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разрядтар

3

-

3

4

-


      2-кесте

      Еңбек шарттарына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсіп бойынша мүмкін болатын жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйымдар)

Мақта өндіру цехы

Зиянды және қауіпті еңбек шарттары

Машиналар мен тетіктердің айналатын бөліктері, электр жабдықтар

Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары

Медициналық кері көрсеткіштердің және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау беруден өтудің болмауы

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

3

Жалпы орта білімі немесе негізгі не жалпы орта білімінің негізінде техникалық және кәсіби білімі болуы жағдайда практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби даярлық (бір жылға дейін кәсіби даярлау бағдарламалары бойынша білім беру ұйымының негізінде курстар немесе кәсіпорында оқу)

Талап етілмейді


      3-кесте

      КС бірліктерінің тізбесі

      (кәсіптің еңбек функциялары)

Еңбек қызметінің шифрі

Еңбек функциясының атауы

Ф 1

Шикізат, материалдар, жабдықтарды мақта өндіруге дайындау

Ф 2

Мақтаны қопсыту, түту, тазарту, араластыру, тарау, пакеттеу процесін жүргізу

Ф3

Жабдық және жұмыс орнына күтім жасау


      4-кесте

      КС бірліктерін сипаттау(функционалдық карта)

Еңбек қызметінің шифрі

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

(еңбек әрекеті)

Ф 1

Талшық, шитті мақта

Қоректендіргіш

З 1.1: Бекітілген пропорцияда және бекітілген сапада қоректендіргішке талшық және шитті мақта жүктеу

Қоректендіргіш, көлбеу осьтік тазартқыш, бункер, тарау машинасы, жанышпа

Технологиялық карта, нормативтік көрсеткіштер

З 1.2: Қоректендіргішті, көлбеу осьтік тазартқышты, бункерді, тарау машинасын, жанышпаны жұмысқа дайындау

Ф 2

Мақта

Қоректендіргіш, көлбеу осьтік тазартқыш, бункер, тарау машинасы, жанышпа

З 2.1: Мақта өндіру процесін жүргізу

Қоректендіргіш, көлбеу осьтік тазартқыш, бункер, тарау машинасы, жанышпа с

Бақылау-өлшеу жабдығы, технологиялық карта, нормативтік көрсеткіштер

З 2.2: Технологиялық процесті бақылау

Ф 3

Жабдық тораптары мен тетіктері, жұмысшы орын беті

Жабдыққа күтім жасау ережелері мен графиктері, ауысымды қабылдау және тапсыру ережесі, қауіпсіздік техникасы ережесі

З 3.1: Жабдықты тазарту, жұмыс орнын жинастыру

Шикізат, материалдар шығыны, дайындалған өнім көлемдері

Журналдар, құжаттама, жүргізу ережесі

З 3.2: Шикізат, материалдар, дайындалған өнімге есеп жүргізу, қабылданған құжаттаманы жүргізу


      5-кесте

Мақта өндірісі операторының құзыреттігіне қойылатын талаптар

2-деңгейдегі СБШ

Міндет шифрі

Тұлғалық және кәсіби құзыреттер

Білік пен дағдылар

Білімі

З 1.1

Дербестігі: таныс жағдайларда кейбір Дербестігінің болуы жағдайында басшылықпен жұмыс, басшылық үйретуі

Жауаптылығы: қарапайым тапсырмаларды орындау нәтижелері үшін, өзінің қауіпсіздігі мен басқалардың қауіпсіздігі үшін, қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын орындағаны үшін

Күрделілігі: қарапайым типтік міндеттерді шешу: жабдыққа шикізат жүктеу, қоректендіргіште жұмыс

Шикізат сапасын анықтау дағдысы, шикізаттың қоқыстану сипаттамасы, пневмотасымалдағыш және конвейермен, қоректендіргішпен жұмыс дағдылары

Қоректендіргіш, пневмотасымалдағыш пен конвейер, металл тұтқыштар, ұшқын басқыштар құрылғысын, жұмыс істеу қағидатын білу. Мақта талшығын қопсыту мен түту технологиясын, талшықтың физика-механикалық сипаттамаларын білу

З 1.2

Дербестігі: таныс жағдайларда кейбір Дербестігінің болуы жағдайында басшылықпен жұмыс, басшылық үйретуі

Жауаптылығы: қарапайым тапсырмаларды орындау нәтижелері үшін, өзінің қауіпсіздігі мен басқалардың қауіпсіздігі үшін, қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын орындағаны үшін

Күрделілігі: қарапайым типтік міндеттерді шешу: Қоректендіргішті, көлбеу және осьтік тазартқышты, бункерді, тарау машинасы мен жанышпаны жұмысқа дайындау

Пультте, мониторде жұмыс желісінің қажетті параметрлерін белгілей білу

Барлық желі машиналарында технологиялық режимдер, құрылғыларын білу

З 3.1

Өзіндік әрекет: типтік жағдайда Дербестігін және кәсіби қызметтің күрделі жағдайында басшылықпен жұмысын жүзеге асыру, оқуды өзіндік ұйымдастыру

Жауаптылығы: жұмысты орындау нәтижесіне, өзінің және басқалардың қауіпсіздігіне; қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша талаптарды орындауға.

Күрделілігі: типтік практикалық міндеттерді шешу, білім мен практикалық тәжірибе негізінде белгілі әрекет тәсілдерін таңдау: ауысым тапсырылуын қабылдау, бекітілген жабдықты тазарту және жұмыс орнын жинау

Жабдық тораптары мен тетіктерін тазарту дағдысы, жинақтау камерасынан қоқыстарды жою, агрегат, жүйелер, коммуникациялар, жұмысшы органдарды шаю

Жабдыққа күтім жасау ережесі мен кестесін, ауысымды қабылдау және тапсыру ережесін, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздікті, ішкі тәртіп ережелерін білуі керек.

Мақта өндіру желісінің операторы құзыреттігіне қойылатын талаптар

3-деңгейдегі СБШ

Міндет шифрі

Тұлғалық және кәсіби құзыреттер

Білік пен дағдылар

Білімі

З 2.1

Өзіндік әрекет: типтік жағдайда Дербестігін және кәсіби қызметтің күрделі жағдайында басшылықпен жұмысын жүзеге асыру, оқуды өзіндік ұйымдастыру

Жауаптылығы: жұмысты орындау нәтижесіне, өзінің және басқалардың қауіпсіздігіне; қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша талаптарды орындауға.

Күрделілігі: типтік практикалық міндеттерді шешу, білім мен практикалық тәжірибе негізінде белгілі әрекет тәсілдерін таңдау: мақта өндіру процесін жүргізу

Мақта өндіру желісін күйге келтіру және жұмысын іске қосу дағдысы, машиналар жұмысының синхрондығын ұстану

Желі құрылғысы, жұмыс істеу қағидатын, жұмыс параметрлерін, шығатын өнім сапасына қойылатын талаптарды білу

З 2.2

Өзіндік әрекет: типтік жағдайда дербестігін және кәсіби қызметтің күрделі жағдайында басшылықпен жұмысын жүзеге асыру, оқуды өзіндік ұйымдастыру

Жауаптылығы: жұмысты орындау нәтижесіне, өзінің және басқалардың қауіпсіздігіне; қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша талаптарды орындауға.

Күрделілігі: типтік практикалық міндеттерді шешу, білім мен практикалық тәжірибе негізінде белгілі әрекет тәсілдерін таңдау: технологиялық процесті бақылау

Желі пульті немесе мониторында параметрлерді анықтау дағдыларын меңгеру

Желі жұмысының технологиялық режимін, құрылымы мен жұмыс істеу қағидатын, құралдарды немесе компьютерді берілген режимге күйге келтіре білу, қожырау себептері мен оларды жою әдістерін білу

З 3.2

Өзіндік әрекет: типтік жағдайда дербестігін және кәсіби қызметтің күрделі жағдайында басшылықпен жұмысын жүзеге асыру, оқуды өзіндік ұйымдастыру

Жауаптылығы: жұмысты орындау нәтижесіне, өзінің және басқалардың қауіпсіздігіне; қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша талаптарды орындауға.

Күрделілігі: типтік практикалық міндеттерді шешу, білім мен практикалық тәжірибе негізінде белгілі әрекет тәсілдерін таңдау: Шикізат, материалдар, дайындалған өнімге есеп жүргізу, қабылданған құжаттаманы жүргізу

Есеп жүргізу және қабылданған құжатты жүргізу қағидалары

Шикізат, материалдар, асай-мүсей шығындарының нормалары, құжаттама жүргізу ережесі

  "Мақта өндірісі"
кәсіби стандартына
3-қосымша
1-кесте

      Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсіптердің жіктеуіші (МКЖ)

Базалық топ

3111 Техник-технолог

Басшылар, мандар және басқа жұмысшылар лауазымның біліктілік анықтамалығы

БТБА бойынша кәсіп

Техник-технолог

Салалық біліктілік шеңберінің (СБШ) біліктілік деңгейі

Санаттар

4

4


      2-кесте

      Еңбек шарттарына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсіп бойынша мүмкін болатын жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйымдар)

Мақта өндіру кәсіпорындары

Зиянды және қауіпті факторлар, еңбек шарттары

Машиналар мен тетіктердің айналатын бөліктері, электр жабдығы

Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары

Медициналық кері көрсеткіштердің және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау беруден өтудің болмауы

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4

Жоғары деңгейдегі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби даярлық)

Талап етілмейді


      3-кесте

      КС бірліктерінің тізбесі

      (кәсіптің еңбек функциялары)

Еңбек қызметінің №

Еңбек функциясының атауы

Ф 1

Өндірістік-технологиялық

Ф 2

Ұйымдастыру-басқару

Ф3

Тәжірибелік-экспериментальдік


      4-кесте

      КС бірліктерін сипаттау (функционалдық карта)

Еңбек қызметінің шифрі

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

(еңбек әрекеті)

Ф 1

Технологиялық карталар мен өндіріс схемалары

Технологиялық (техникалық) құжатты әзірлеу қағидалары мен талаптары

З 1.1 Технологиялық (техникалық) құжаттаманы, жұмыстың оңтайлы режимдерін, жабдықөа күтім жасау кестелерін, жуғыш ерітінділер рецептілерін және оларды дайындау режимдерін әзірлеу

Өндірістік тәртіп, өнеркәсіптік санитария, үй-жайдың температуралық-ылғал режимі

Бақылау әдістері мен түрлері

З 1.2: Технологиялық және өндірістік тәртіптің сақталуына, өндіріс мәдениеті, өнеркәсіптік санитария, үй-жайдың температуралық-ылғал режимінің сақталуына бақылау

Шикізат пен материалдар, дайын өнім, жуғыш ерітінділер

Сапаны бақылау әдістері мен түрлері

З 1.3: Шикізат пен материалдар, дайын өнім сапасын тексеруді жүзеге асыру

Технологиялық жабдық

Бақылау әдістері мен түрлері

З 1.4: Технологиялық жабдықтың пайдалануына, белгіленген параметрлер сақталуына, сақтандыру, жөндеу, жабдықты тазарту кестелерінің сақталуына бақылау

Ф 2

Тапсырыс, мақсаттар, өндірістік міндеттер

Ұйымдастыру-басқару аспаптары

З 2.1: Орындаушылар ұжымының жұмысын ұйымдастыру, өндірістік жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастыру; жұмыстарды жоспарлау кезінде оңтайлы шешімдер таңдау. Өндіру уақытыныңғ негізделген нормаларын, қызмет көрсету аймақтарын белгілеу

Өндіріс учаскелерінің технологиялық параметрлері

Сапаны бақылау әдістері мен түрлері

З 2.2: Өндірістің барлық учаскелерінде шығарылатын өнім саны мен сапасын бақылау; технологиялық процестердің экономикалық тиімділігін бағалауда, оны арттыру бойынша шаралар әзірлеуге қатысу

Өндіріс учаскелерінің технологиялық параметрлері

Қауіпсіздік және өртке қарсы қауіпсіздік құралдары, қағидалары

З 2.3: Өндірістің барлық учаскелерінде қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Өндірістік процесте қиындықтар, құзыреттік жетіспеушілігі

Біліктілікті арттыру әдістері мен тәсілдері

З 2.4: Өндірістің барлық учаскелерінде жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, олардың жаңа техника және технология игеруін ұйымдастыру

Ф 3

Жаңа технологиялық жабдық

Сынау әдістері, режимдері

З 3.1: Жаңа технологиялық жабдықты сынау, жаңа режимдер, препараттар мен параметрлерді өндірістің барлық кезеңдерінде сынау

Жаңа технологиялық жабдық

Сынау әдістері, режимдері

З 3.2: Жаңа, оның ішінле ресурс үнемдейтін технологияларды, жаңа жабдықтарды енгізу бойынша тәжірибелік-экспериментальдік жұмыстар жүргізу

Өндірістік процесте қиындықтар, құзыреттік жетіспеушілігі

Жаңашылдық және оңтайландыру жұмыстарының әдістері мен тәсілдері

З 3.3: ұжымда жаңашылдық және оңтайландыру жұмыстарын ұйымдастыру


      5-кесте

Техник-технолог құзыреттігіне қойылатын талаптар

4-деңгейдегі СБШ

Міндет шифрі

Тұлғалық және кәсіби құзыреттер

Білік пен дағдылар

Білімі

З 1.1

Өзіндік әрекет: міндетті өзі анықтау, оның қол астындағылардың жұмысты іске асыруын ұйымдастыру мен бақылауды қарастыратын басшылықпен іске асыру бойынша атқарушылық-басқару қызметі

Жауаптылығы: норманы іске асыруда нәтижелік, өзінің және басқалардың қауіпсіздігіне; қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша талаптарды орындауға.

Күрделілігі: жұмысшы жағдайда өзіндік талдауды талап ететін типтік түрлі практикалық міндеттерді шешу: бұйым тораптарын қолмен тігу жұмыстарын орындау: Технологиялық (техникалық) құжаттаманы, жұмыстың оңтайлы режимдерін, жабдықөа күтім жасау кестелерін, жуғыш ерітінділер рецептілерін және оларды дайындау режимдерін әзірлеу

Құжаттама дайындау, кесте құру

Кәсіпорын қызметін ұйымдастыру мен оны басқару негіздерін, жүнді бастапқы өңдеу технологиясын, жабдықтарды техникалық пайдалану ережелерін білу

З 1.2

Өзіндік әрекет: міндетті өзі анықтау, оның қол астындағылардың жұмысты іске асыруын ұйымдастыру мен бақылауды қарастыратын басшылықпен іске асыру бойынша атқарушылық-басқару қызметі

Жауаптылығы: норманы іске асыруда нәтижелік, өзінің және басқалардың қауіпсіздігіне; қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша талаптарды орындауға.

Күрделілігі: жұмысшы жағдайда өзіндік талдауды талап ететін типтік түрлі практикалық міндеттерді шешу: бұйым тораптарын қолмен тігу жұмыстарын орындау: Технологиялық және өндірістік тәртіптің сақталуына, өндіріс мәдениеті, өнеркәсіптік санитария, үй-жайдың температуралық-ылғал режимінің сақталуына бақылау

Өндіріске техникалық бақылауды жүзеге асыру

Кәсіпорынның қолданыстағы стандарттар, техникалық шарттар, технологиялық режимдер, техникалық пайдалану ережелері

З 1.3

Өзіндік әрекет: міндетті өзі анықтау, оның қол астындағылардың жұмысты іске асыруын ұйымдастыру мен бақылауды қарастыратын басшылықпен іске асыру бойынша атқарушылық-басқару қызметі

Жауаптылығы: норманы іске асыруда нәтижелік, өзінің және басқалардың қауіпсіздігіне; қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша талаптарды орындауға.

Күрделілігі: жұмысшы жағдайда өзіндік талдауды талап ететін типтік түрлі практикалық міндеттерді шешу: Шикізат пен материалдар, дайын өнім сапасын тексеруді жүзеге асыру

Шикізат, материалдар, дайын өнімнің сәйкеспеушілігін көзбен шолып және зертханалық талдау негізінде анықтай білу

Мақта мен үліктің физика-механикалық және химиялық қасиеттерін, сәйкеспеушіліктер себептері мен жою әдістерін, стандарттар, сапа жөніндегі нұсқаулықтарды, жіктеу жұмыстарының әдістерін, қоқыстану түрлері мен дәрежесін анықтай білу

З 1.4

Өзіндік әрекет: міндетті өзі анықтау, оның қол астындағылардың жұмысты іске асыруын ұйымдастыру мен бақылауды қарастыратын басшылықпен іске асыру бойынша атқарушылық-басқару қызметі

Жауаптылығы: норманы іске асыруда нәтижелік, өзінің және басқалардың қауіпсіздігіне; қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша талаптарды орындауға.

Күрделілігі: жұмысшы жағдайда өзіндік талдауды талап ететін типтік түрлі практикалық міндеттерді шешу: бұйым тораптарын қолмен тігу жұмыстарын орындау: технологиялық жабдықтың пайдалануына, белгіленген параметрлер сақталуына, сақтандыру, жөндеу, жабдықты тазарту кестелерінің сақталуына бақылау

Жабдық жағдайын талдау және бағалау

Жабдық құрылғысы мен пайдалану ережелерін, оларға күтім жасау ережелерін білу

З 2.1

Өзіндік әрекет: міндетті өзі анықтау, оның қол астындағылардың жұмысты іске асыруын ұйымдастыру мен бақылауды қарастыратын басшылықпен іске асыру бойынша атқарушылық-басқару қызметі

Жауаптылығы: норманы іске асыруда нәтижелік, өзінің және басқалардың қауіпсіздігіне; қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша талаптарды орындауға.

Күрделілігі: жұмысшы жағдайда өзіндік талдауды талап ететін типтік түрлі практикалық міндеттерді шешу: бұйым тораптарын қолмен тігу жұмыстарын орындау: Орындаушылар ұжымының жұмысын ұйымдастыру, өндірістік жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастыру; жұмыстарды жоспарлау кезінде оңтайлы шешімдер таңдау. Өндіру уақытыныңғ негізделген нормаларын, қызмет көрсету аймақтарын белгілеу

Заманауи бағдарламалық және ақпараттық технологиялардың техникалық құралдарын, озық халықаралық тәжірибені пайдалану

Өндірісті ұйымдастыру, үнемдеу, еңбекті нормалауды білу

З 2.2

Өзіндік әрекет: міндетті өзі анықтау, оның қол астындағылардың жұмысты іске асыруын ұйымдастыру мен бақылауды қарастыратын басшылықпен іске асыру бойынша атқарушылық-басқару қызметі

Жауаптылығы: норманы іске асыруда нәтижелік, өзінің және басқалардың қауіпсіздігіне; қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша талаптарды орындауға.

Күрделілігі: жұмысшы жағдайда өзіндік талдауды талап ететін типтік түрлі практикалық міндеттерді шешу: бұйым тораптарын қолмен тігу жұмыстарын орындау: Өндірістің барлық учаскелерінде шығарылатын өнім саны мен сапасын бақылау; технологиялық процестердің экономикалық тиімділігін бағалауда, оны арттыру бойынша шаралар әзірлеуге қатысу

Шығарылатын өнім сапасын, санын анықтау

Жабдықтың өнімделігі мен өнім өндіру стандарттары, нұсқаулықтары, есептеу әдістерін білу

З 2.3

Өзіндік әрекет: міндетті өзі анықтау, оның қол астындағылардың жұмысты іске асыруын ұйымдастыру мен бақылауды қарастыратын басшылықпен іске асыру бойынша атқарушылық-басқару қызметі

Жауаптылығы: норманы іске асыруда нәтижелік, өзінің және басқалардың қауіпсіздігіне; қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша талаптарды орындауға.

Күрделілігі: жұмысшы жағдайда өзіндік талдауды талап ететін типтік түрлі практикалық міндеттерді шешу: бұйым тораптарын қолмен тігу жұмыстарын орындау: өндірістің барлық учаскелерінде қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Өндірістің барлық учаскелерінде қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайын талдау және бағалау, оларды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдай білу

Еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, қауіпсіздік техникасы, өнеркәісіптік санитария мен өртке қарсы жүйе, технологиялық жабдықты автомат басқару жүйелері

З 2.4

Өзіндік әрекет: міндетті өзі анықтау, оның қол астындағылардың жұмысты іске асыруын ұйымдастыру мен бақылауды қарастыратын басшылықпен іске асыру бойынша атқарушылық-басқару қызметі

Жауаптылығы: норманы іске асыруда нәтижелік, өзінің және басқалардың қауіпсіздігіне; қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша талаптарды орындауға.

Күрделілігі: жұмысшы жағдайда өзіндік талдауды талап ететін типтік түрлі практикалық міндеттерді шешу: бұйым тораптарын қолмен тігу жұмыстарын орындау: өндірістің барлық учаскелерінде жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, олардың жаңа техника және технология игеруін ұйымдастыру

Кәсіп негіздерін жұмыскерлердің оқуын жүргізу дағдысы, семинарлар, курстар жүргізу, оқыту бағдарламаларын құрастыру

Өз өндірісінің кәсіптері шеңберінде оқу әдістемелері мен бағдарламаларын білу

  "Мақта өндірісі"
кәсіби стандартына
4-қосымша

Келісу парағы

Ұйым атауы

Келісу күні

1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау миинистрлігі

2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 04-3-1-16/16973


      Осы кәсіби стандарт ________________________________________ тіркелді

      Кәсіби стандарттар кәсіби стандарт тізбесіне енгізілді, тіркеу №

      Хат (хаттама) № _________________ Күні ______________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады