Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 410/54-ІV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 118/14-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2013 жылғы 24 сәуірде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 774 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 250/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «Ережесі», «ережесіне», деген сөздер «Қағидасы», «қағидасына» деген сөздермен ауыстырылды - Астана қаласы мәслихатының 27.03.2014 № 225/31-V (алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 410/54-ІV «Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасы туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 24 қаңтарда № 666 болып тіркелген, 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 11 «Вечерняя Астана», 2011 жылғы 27-29 қаңтардағы № 10, 11 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасына қосымшада:
      49-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      «3) азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай анықтамасы;»;
      57-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      «2) азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай анықтамасы;»;
      82-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      «2) азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай анықтамасы;».
      2. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрайымы                       Э. Суханбердиева

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       С. Есілов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады