Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-III "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 122/14-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2013 жылғы 8 мамырда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 777 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 166/21-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 20.07.2017 № 166/21-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 22-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 23.09.2015 № 413/57-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-III "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 5 мамырда № 326 болып тіркелген, 2004 жылғы 22 мамырдағы № 63-64 "Вечерняя Астана", 2004 жылғы 15 мамырдағы № 62-63 "Астана ақшамы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидаларында:

      41-тармағы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласы мәслихаты


сессиясының төрайымы

Э. Суханбердиева

Астана қаласы


мәслихатының хатшысы

С. Есілов

      Келісілді:

      "Астана қаласының Сәулет

      және қала құрылысы

      басқармасы" (СжҚҚБ) мемлекеттік

      мекемесінің бастығы

      В. Силецкий


      "Астана қаласының Құрылыс

      басқармасы" (ҚБ) мемлекеттік

      мекемесінің бастығы В. Лютов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады