2013 жылға арналған Астана қаласының көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге тыңайтқыштарды, жанар-жағар май материалдары мен тауарлық-материалдық құндылықтарды субсидиялау нормаларын, басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 04 қарашадағы № 102-1874 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2013 жылғы 06 желтоқсанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 793 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 06-134 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 31.01.2014 № 06-134 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 8-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылға арналған:
      1) басым дақылдардың тізбесі 1-қосымшаға сәйкес;
      2) көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргізуге қажеттi жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары 2-қосымшаға сәйкес;
      3) отандық өндірушілер сататын субсидияланатын тыңайтқыш түрлері мен 1 тонна (литр, килограмм) тыңайтқышқа арналған субсидия нормалары  3-қосымшаға сәйкес;
      4) гербицид жеткізушілерден сатып алынған субсидияланған гербицид түрлері және 1 килограмм (литр) гербицидке арналған субсидия нормалары 4-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Қ. Нағаспаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       И. Тасмағамбетов

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      __________________А. Мамытбеков
      2013 жылғы 4 қараша

Астана қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 4 қарашадағы
№ 102-1874 қаулысына 
1-қосымша       

Басым дақылдардың
тізбесі

Р/с № Ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

1.

Дәнді дақылдар (субсидиялардың базалық бюджеттік нормалары)

2.

Жемшөптік дақылдар

3.

Картоп

4.

Өндірістік жағдайындағы жабық топырақтағы көкөністер (бір дақыл айналымы)

Астана қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 4 қарашадағы
№ 102-1874 қаулысына 
2-қосымша      

Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргізуге қажеттi жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары

Р/с № Ауыл шаруашылығы
дақылдарының атаулары
Бюджеттік субсидиялардың
1 гектарға арналған нормасы
(теңге)
Дақыл егістігі үшін ұсынылады

1.

Дәнді дақылдар (субсидияның базалық нормасы)

2 000

2013 жылғы
12 мамырдан
4 маусым аралығында

2.

Жемшөптік дақылдар

2 500

2013 жылғы
12 мамырдан
10 маусым аралығында

3.

Картоп

15 000

2013 жылғы
11 – 25 мамыр аралығында

4.

Өндірістік жағдайындағы жабық топырақтағы көкөністер (бір дақыл айналымы)

1 500 000

2013 жылдың
1 желтоқсанына
дейін

Астана қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 4 қарашадағы
№ 102-1874 қаулысына 
3-қосымша      

Отандық өндірушілер сататын субсидияланатын тыңайтқыш түрлері мен 1 тонна (литр, килограмм) тыңайтқышқа арналған субсидия нормалары

Р/с
Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлері Өлшем бірлігі Бір бірліктің
құнын арзандату пайызы
Бір бірлікке арналған субсидиялау нормасы
(теңге)
Минералдық тыңайтқыштарды қолдану мерзімі

1.

Аммиак селитрасы
(N- 34,4%)

тонна

50

28 900

вегетациялық
кезең ішінде

2.

Аммофос
(N-10%: P2О5- 46%)

тонна

50

45 000

вегетациялық
кезең ішінде

Астана қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 4 қарашадағы
№ 102-1874 қаулысына 
4-қосымша      

Гербицид жеткізушілерден сатып алынған субсидияланған гербицид түрлері және 1 килограмм (литр) гербицидке арналған субсидия нормалары

Р/с
Субсидияланатын гербицидтер түрлері Өлшем бірлігі Бір бірліктің
құнын арзандату пайызы
Бір бірлікке арналған субсидиялау нормасы
(теңге)
Гербицидтерді қолдану мерзімі

1.

Диамин,72%
сулы ерітінді (диметиламиндық
тұз 2,4 –Д)

литр

50

400

вегетациялық
кезең ішінде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады