РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 10-бабына сәйкес, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағын кеңейтудің технико-экономикалық негіздемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2009 жылғы 21 қазандағы № 299 бұйрығының негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы № А-2/22 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3217 болып тіркелген, «Арқа ажары» газетінде 2007 жылғы 20 наурызда және «Акмолинская правда» газетінде 2007 жылғы 10 сәуірде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағының жерлерін шаруашылық аралық жерге орналастыру бойынша бекітілген жобаға сәйкес, жалпы аумағы 377 166 гектар, оның ішінде 152 182 гектар Бурабай ауданындағы, 216 222 гектар Еңбекшілдер ауданындағы, 8762 гектар Бұланды ауданындағы жер телімдері шекарасында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің айналасында қорғалу аймағы белгіленсін.»;
келесі мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 28-бабына сәйкес, Ақмола облысындағы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағы аумағында шаруашылық қызметті реттейтін режим белгіленсін.»;
2-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«2. Қоса ұсынылып отырған «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағы аумағында табиғатты пайдалану қағидалары бекітілсін.»;
Аталған қаулымен бекітілген «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында табиғатты пайдаланудың тәртібі мен режимін белгілеу қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі Қ. Айтмұхаметов
Ақмола облысы әкімдігінің
2013 жылғы 14 мамырдағы
№ А-4/201 қаулысына
қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің
2007 жылғы 23 қаңтардағы
№ А-2/22 қаулысымен
бекітілген
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағы аумағында табиғатты пайдалану қағидалары
1. Осы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында табиғатты пайдаланудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында табиғатты пайдалану тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидалар Ұлттық парктің қорғалу аймағының құрамына енгізілген барлық жерлерге тарайды, атап айтқанда:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге;
елді мекендердің жерлеріне;
көлік, байланыс және энергетика жерлеріне;
сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы жерлерге;
орман қорының жерлеріне;
су қорының жерлеріне;
қосалқы жерлерге.
3. Ұлттық паркі қорғалу аймағының аумағында:
1) жаңа елдi мекендер құруға және бар елдi мекендердi кеңейтуге;
2) Ұлттық парктің экологиялық жүйелерiне зиянды әсер ететiн объектiлердi орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологиялар енгiзуге;
3) өсiмдiктер мен жануарлар әлемі үшiн зәрлi улы химикаттар, тыңайтқыштар мен гербицидтер қолданылатын ауыл шаруашылығының және орман шаруашылығының қарқынды нысандарын енгiзуге;
4) атмосфераға және ашық су көздерi мен рельефке ластаушы заттар шығаруға және сарқынды суларды төгуге, қалдықтарды орналастыруға;
5) пайдалы қазбалар өндiруге;
6) әуесқойлық (спорттық) және кәсiпшiлiк аң аулауға;
7) радиоактивтi материалдар мен өнеркәсiп қалдықтарын көмуге;
8) мемлекеттiк табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiнiң гидрологиялық режимiн өзгертетiн қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға әкеп соғатын басқа да объектiлер салуға);
9) жабайы жануарлар мен жабайы өсiмдiктердiң бөтен түрлерiн жерсiндiруге;
10) Ұлттық паркі экологиялық жүйелерiне зиянды әсер ететiн басқа да қызметке тыйым салынады.
4. Ұлттық паркі қорғалу аймағының аумағында:
1) орман шаруашылығы қызметi;
2) мал жайылымы және шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлi жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық саналуандықты ұзақ мерзiмдi сақтау мен оның берiктiгiн қамтамасыз ету аясында өзге де қызмет;
3) туристiк және рекреациялық қызмет;
4) минералды суларды, жер астының жылы суларын және климаттық ресурстарды пайдалану;
5) кәсiпшiлiк және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
6) орман және дала өрттерiн сөндiру жөнiнде жердегi және авиациялық жұмыстарды жүргiзу;
7) бүлiнген жерлердi рекультивациялау;
8) орман және өзге де өсiмдiк қауымдастықтарын қалпына келтiру;
9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтiру;
10) жер учаскелерiн туристер болатын жерлердi жайластыру, өсiмдiктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетiн және құрып бара жатқан түрлерiн жасанды жолмен көбейту, өсiру, өндiру үшiн питомниктер салу, Ұлттық парк қызметкерлерiнiң тұруы үшiн қызметтiк үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызмет бабындағы жер үлестерiн беру үшiн пайдалану.
5. Ұлттық парктің қорғалатын аймағында осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде өсiмдiктер мен жануарлар әлемі объектiлерiнiң мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөнiндегi iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретiнде ерекше құнды учаскелерге, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи қорық қорының өзге объектiлерiне қол сұғылмауы қамтамасыз етiлуге рұқсат етіледі.