РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 506 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса берілгендер:
1) Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың өз қажеттіліктері үшін орман ресурстарын жинау нормалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес;
2) Ақмола облысының мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында шайыр және ағаш шырынын дайындауға төлем ставкалары осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес;
3) Ақмола облысының мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында екінші дәрежелі сүрек ресурстарын дайындауға төлем ставкалары осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес;
4) Ақмола облысының мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында жанама орман пайдалануға төлем ставкалары осы шешімнің 4 қосымшасына сәйкес;
5) Ақмола облысының мемлекеттік орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының телімдерін аңшылық шаруашылығы қажеттілігі үшін, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарына пайдаланғаны үшін төлем ставкалары осы шешімнің 5 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Ақмола облыстық мәслихатының 2011 жылғы 15 наурыздағы № 4С-31-3 «Ақмола облысының мемлекеттік орман қорының аумағында өз қажеттіліктері үшін жеке тұлғалардың орман ресурстарын жинау нормаларын және мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында орманды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын бекіту туралы» (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3389 тіркелген, «Арқа ажары» газетінде 2011 жылдың 5 мамырында № 52 және «Акмолинская правда» газетінде 2011 жылдың 5 мамырында № 61 жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы Н.Ысқақов
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы Н.Дьячек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі Салық
комитетінің Ақмола облысы
бойынша салық департаменті»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Д.Н.Нұрмолдин
Ақмола облыстық мәслихатының
2013 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 5С-20-7 шешіміне
1 қосымша
Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың өз қажеттіліктері үшін орман ресурстарын жинау нормалары
№ р/с |
Орман пайдалану және ресурстар түрінің атауы |
Бір адамның жинау нормасы, килограмм |
1 |
Екінші дәрежелі сүрек ресурстарын жинау |
|
1.1 |
Қабық |
10 |
1.2 |
Бұтақтар |
200 |
1.3 |
Жапырақтар |
10 |
1.4 |
Бүршіктер |
10 |
1.5 |
Түбірлер |
500 |
1.6 |
Тамырлар |
200 |
2 |
Дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізат жинау |
|
2.1 |
Шөптер |
20 |
2.2 |
Гүлдер |
10 |
2.3 |
Жапырақтар, сабақтар мен өркендер |
10 |
2.4 |
Жеміс және жидектер |
20 |
2.5 |
Тамырлар |
10 |
2.6 |
Бүршіктер |
10 |
3 |
Жанама орман ресурстарының жеке түрлерін жинау |
|
3.1 |
Жемістер және жидектер |
30 |
3.2 |
Саңырауқұлақтар |
50 |
3.3 |
Мүк |
50 |
3.4 |
Орман төсеніші және түскен жапырақтар |
50 |
3.5 |
Қамыс |
500 |
Ақмола облыстық мәслихатының
2013 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 5С-20-7 шешіміне
2 қосымша
Ақмола облысының мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында шайыр және ағаш шырынын дайындауға төлем ставкалары
№ р/с |
Орман пайдалану түрінің атауы |
Өлшем бірлігі |
Өлшем бірлігі үшін төлем ставкасы теңге |
1 |
Мемлекеттік орман қоры телімдерін ұзақ мерзімге пайдалануда шайыр және ағаш шырынын дайындау |
||
1.1 |
Шайыр дайындау |
гектар |
923 |
1.2 |
Ағаш шырынын дайындау |
гектар |
462 |
2 |
Дайындалған шайыр мен ағаш шырынының әрбір центнері үшін |
||
2.1 |
Шайыр дайындау |
центнер |
1000 |
2.2 |
Ағаш шырынын дайындау |
центнер |
600 |
Ақмола облыстық мәслихатының
2013 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 5С-20-7 шешіміне
3 қосымша
Ақмола облысының мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында екінші дәрежелі сүрек ресурстарын дайындауға төлем ставкалары
№ р/с |
Екінші дәрежелі сүрек ресурстары |
Өлшем бірлігі |
Өлшем бірлігіне АЕК (айлық есептік көрсеткіш) түрі бойынша |
||
қайың |
көктерек, терек, ағашқа ұқсас тал |
қарағай |
|||
1 |
Қабық |
тонна |
0,016 |
0,011 |
0,021 |
2 |
Бұтақтар |
тонна |
0,032 |
0,022 |
0,042 |
3 |
Жапырақтар |
тонна |
0,024 |
0,016 |
0,031 |
4 |
Бүршіктер |
килограмм |
0,016 |
0,011 |
0,021 |
5 |
Түбірлер |
тонна |
0,008 |
0,005 |
0,010 |
6 |
Тамырлар |
тонна |
0,048 |
0,033 |
0,063 |
Ақмола облыстық мәслихатының
2013 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 5С-20-7 шешіміне
4 қосымша
Ақмола облысының мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында жанама орман пайдалануға төлем ставкалары
№ р/с |
Орман пайдалану түрінің атауы |
Өлшем бірлігі |
Өлшем бірлігі үшін төлем ставкасы, теңге |
1 1.2 1.3 |
Шөп шабу, соның ішінде шабындық жерлердің сапалық жай-күйінің топтары бойынша: |
гектар гектар |
900 675 |
2 |
Мал жаю |
|
|
3 |
Дәрілік өсімдіктер және техникалық шикізат: |
|
|
4 |
Орман ресурстарының жеке түрлерін дайындау: |
||
4.1 |
Жидектер |
килограмм |
24 |
4.2 |
килограмм |
18 |
|
4.3 |
центнер |
60 |
|
4.4 |
тонна |
700 |
|
4.5 |
центнер |
40 |
|
5 |
Аң өсіру мен марал өсіру |
гектар |
270 |
6 |
Ара балұясын және омартаны орналастыру |
араның балұясы |
750 |
7 |
Көкөніс өсіру, бақша өсіру және аңшылық шаруашылығы қажеттілігі үшін басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру |
гектар |
Қазақстан Республикасы Салық кодексімен анықталған жер салығы деңгейінде |
Ақмола облыстық мәслихатының
2013 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 5С-20-7 шешіміне
5 қосымша
Ақмола облысының мемлекеттік орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының телімдерін аңшылық шаруашылығы қажеттілігі үшін, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарына пайдаланғаны үшін төлем ставкалары
№ р/с |
Орман пайдалану түрінің атауы |
Өлшем бірлігі |
Өлшем бірлігі үшін төлем ставкасы, теңге |
Ұзақ мерзімге пайдалану |
|||
1 |
Мемлекеттік орман қоры телімдерін аңшылық шаруашылығы қажеттілігіне пайдалану |
гектар |
0 |
2 |
Мемлекеттік орман қоры телімдерін ғылыми-зерттеу және сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану |
гектар |
375 |
3 |
Мемлекеттік орман қоры телімдерін рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану |
гектар |
270 |
Қысқа мерзімге пайдалану (1 жылға дейін) |
Төлем ставкасы, АЕК (айлық есептік көрсеткіш) |
||
1 |
Мемлекеттік орман қоры телімдерін ғылыми-зерттеу және сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану |
1 күн |
0,1 |
2 |
Мемлекеттік орман қоры телімдерін рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану |
1 күн |
0,1 |