Ақмола облысының мемлекеттік орман қорының аумағында өз қажеттіліктері үшін жеке тұлғалардың орман ресурстарын жинау нормаларын және мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында орманды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облыстық мәслихатының 2011 жылғы 15 наурыздағы № 4С-31/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 26 сәуірде № 3389 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 5С-20-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 13.12.2013 № 5С-20-7 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 506 бабына, Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса берілгендер бекітілсін:
      1) Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың өз қажеттіліктері үшін орман ресурстарын жинау нормалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес;
      2) Ақмола облысының мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында шайыр және ағаш шырынын дайындауға төлем ставкалары осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес;
      3) Ақмола облысының мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында екінші дәрежелі сүрек ресурстарын дайындауға төлем ставкалары осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес;
      4) Ақмола облысының мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында жанама орман пайдалануға төлем ставкалары осы шешімнің 4 қосымшасына сәйкес;
      5) Ақмола облысының мемлекеттік орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының телімдерін аңшылық шаруашылығы қажеттілігі үшін, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, туристік, рекреациялық және спорттық мақсаттарына пайдаланғаны үшін төлем ставкалары осы шешімнің 5 қосымшасына сәйкес.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       С.Авдеюк

      Ақмола облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Ө.Мұсабаев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі Салық
      комитетінің Ақмола облысы
      бойынша салық департаменті»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Д.Н.Нұрмолдин

Ақмола облыстық мәслихатының
2011 жылғы 15 наурыздағы
№ 4С-31-3 шешіміне 1 қосымша

Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры аумағында
жеке тұлғалардың өз қажеттіліктері үшін орман
ресурстарын жинау нормалары


р/с

Орман пайдалану және ресурстар түрінің атауы

Бір адамның жинау нормасы, килограмм

1

Екінші дәрежелі сүрек ресурстарын жинау


1.1

Қабық

10

1.2

Бұтақ

200

1.3

Жапырақ

10

1.4

Бүршік

10

1.5

Түбір

500

1.6

Тамыр

200

2

Дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізат жинау


2.1

Шөптер

20

2.2

Гүлдер

10

2.3

Сабақтар және өркендер, жапырақтар

10

2.4

Жеміс-жидектер

20

2.5

Тамыр

10

2.6

Бүршік

10

3.

Орман ресурстарының кейбір түрлерін жинау


3.1

Жеміс-жидектер

30

3.2

Саңырауқұлақтар

50

3.3

Мүк

50

Ақмола облыстық мәслихатының
2011 жылғы 15 наурыздағы
№ 4С-31-3 шешіміне 2 қосымша

Ақмола облысының мемлекеттік орман қорында және
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында шайыр және
ағаш шырынын дайындауға төлем ставкалары


р/с

Орман пайдалану және ресурстар түрінің атауы

Өлшем бірлігі

Өлшем бірлігі үшін төлем ставкасы теңге

1

Мемлекеттік орман қоры телімдерін ұзақ мерзімге пайдалануда шайыр және ағаш шырынын дайындау



1.1

Шайыр дайындау

гектар

913

1.2

Ағаш шырынын дайындау

гектар

456

2

Дайындалған шайыр мен ағаш шырынының әрбір центнері үшін



2.1

Шайыр дайындау

центнер

1000

2.2

Ағаш шырынын дайындау

центнер

600

Ақмола облыстық мәслихатының
2011 жылғы 15 наурыздағы
№ 4С-31-3 шешіміне 3 қосымша

Ақмола облысының мемлекеттік орман қорында
және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында
екінші дәрежелі сүрек ресурстарын дайындауға
арналған төлем ставкалары

№ р/с

Екінші
дәрежелі
сүрек ресурстары

Өлшем бірлігі

Өлшем бірлігіне АЕК (айлық есептік көрсеткіш) түрі бойынша

қайың

көктерек,
терек, ағашқа ұқсас тал

қарағай

1

Қабық

тонна

0,016

0,011

0,021

2

Бұтақ

тонна

0,032

0,022

0,042

3

Жапырақ

тонна

0,024

0,016

0,031

4

Бүршік

килограмм

0,016

0,011

0,021

5

Түбір

тонна

0,008

0,005

0,010

6

Тамыр

тонна

0,048

0,033

0,063

Ақмола облыстық мәслихатының
2011 жылғы 15 наурыздағы 
№ 4С-31-3 шешіміне 4 қосымша

Ақмола облысының мемлекеттік орман қорында және
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында жанама
орман пайдалануға төлем ставкалары


р/с

Орман пайдалану түрінің атауы

Өлшем бірлігі

Өлшем бірлігі үшін төлем ставкасы теңге

1



1.1


1.2


1.3

Шөп шабу, соның ішінде шабындық жерлердің сапалық жай-күйінің топтары бойынша:

жақсы (өнімділік – 3,5-5,0 цн/га),

қанағаттанарлық (өнімділік – 2,0-3,5 цн/га),

нашар (өнімділік – 0,8-2,0 цн/га)




гектар


гектар


гектар




743


557


433

2

2.1

2.2

2.3

2.4

2.5

2.6

2.7

Мал жаю

Ірі мал:

Түйе

Ірі қара мал

Жылқы

Ұсақ мал:

Жас ірі қара мал

Есек

Ешкі

Қой



бас

бас

бас


бас

бас

бас

бас


813

650

650
 

325

325

569

163

3

Дәрілік өсімдіктер және техникалық шикізат



3.1

Шөптер, гүлдер, жапырақтар

килограмм

12

3.2

Сабақтар және өркендер

килограмм

12

3.3

Бүршіктер

килограмм

8

3.4

Тамырлар

килограмм

8

3.5

Жемістер және жидектер

килограмм

12

4

Орман ресурстарының кейбір түрлерін дайындау



4.1

Жидектер

килограмм

24

4.2

Саңырауқұлақтар

килограмм

18

4.3

Мүк

центнер

60

4.4

Қамыс

тонна

700

4.5

Орман төсеніші және түскен жапырақтар

центнер

40

5

Аң өсіру мен марал өсіру

гектар

235

6

Ара балұясын және омартаны орналастыру

араның балұясы

619

7

Көкөніс өсіру, бақша өсіру және аңшылық шаруашылығы қажеттілігі үшін басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру

гектар

Қазақстан Республикасы Салық кодексімен анықталған жер салығы деңгейінде

 Ақмола облыстық мәслихатының
2011 жылғы 15 наурыздағы
№ 4С-31-3 шешіміне 5 қосымша

Ақмола облысының мемлекеттік орман қорының және
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының телімдерін
аңшылық шаруашылығы қажеттілігі үшін, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, туристік, рекреациялық және
спорттық мақсаттарына пайдаланғаны үшін
төлем ставкалары

№ р/с

Орман пайдалану түрінің атауы

Өлшем бірлігі

Өлшем бірлігі үшін төлем ставкасы,теңге

Ұзақ мерзімге пайдалану

1

Мемлекеттік орман қоры телімдерін аңшылық шаруашылығы қажеттілігіне пайдалану

гектар

0

2

Мемлекеттік орман қоры телімдерін ғылыми-
зерттеу және мәдени-
сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану

гектар

310

3

Мемлекеттік орман қоры телімдерін рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану

гектар

235

Қысқа мерзімге пайдалану (1 жылға дейін)

Төлем ставкасы, АЕК (айлық есептік көрсеткіш)

1

Мемлекеттік орман қоры телімдерін ғылыми-
зерттеу және мәдени-
сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану

1 күн

0,1

2

Мемлекеттік орман қоры телімдерін рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану

1 күн

0,1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады