Степногорск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № а-4/142 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 қазандағы № а-10/405 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 6 қарашада № 3874 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № а-4/138 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 01.04.2014 № а-4/138 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18238 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, «Степногорск қалалық мәслихатының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 4С-46/11 «Жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру, мәдениет саласының қызметшілер лауазымдарының тізбесін келісу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 5 қыркүйегінде № 5С-21/5 шешімі негізінде Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Степногорск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № а-4/142 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-2-163 болып тіркелген, «Степногорск ақшамы», «Вечерний Степногорск» газеттерінде 2012 жылғы 10 мамырда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын:
      «Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;
      1 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      «1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.»;
      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.В.Тарасоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қаласының әкімі                М.Тақамбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      «Степногорск қаласының
      мәдениет және тілдерді
      дамыту бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің басшысы                        И.Ковцур

      «Степногорск қаласының
      білім бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің басшысы                        Т.Семенюк

Степногорск қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 11 қазандағы   
№ а-10/405 қаулысына     
қосымша            

Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекемесінің басшысы;
      2) мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;
      3) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
      4) психолог;
      5) тәрбиеші;
      6) медициналық бике;
      7) жетекші;
      8) әдістемеші;
      9) үйірме жетекшісі;
      10) кітапханашы;
      11) музыкалық жетекші.
      2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) клуб меңгерушісі;
      2) кітапханашы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады