Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 01.04.2014 № а-4/138 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 11.10.2013 № а-10/405 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18, 238 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, «Жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру, мәдениет саласының қызметшілер лауазымдарының тізбесін келісу туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 4С-46/11 шешімінің негізінде, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 11.10.2013 № а-10/405 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.Ә. Сәдуақасоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Степногорск
қаласының әкімі А.Никишов
«КЕЛІСІЛГЕН»
«Степногорск қаласының
мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі»
мемлекеттік
мекемесінің бастығы И.Ковцур
«Степногорск қаласының
білім бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Т.Семенюк
Степногорск қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 9 сәуірдегі
№ а-4/142 қаулысына
қосымша
Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 11.10.2013 № а-10/405 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекемесінің басшысы;
2) мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;
3) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
4) психолог;
5) тәрбиеші;
6) медициналық бике;
7) жетекші;
8) әдістемеші;
9) үйірме жетекшісі;
10) кітапханашы;
11) музыкалық жетекші.
2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) клуб меңгерушісі;
2) кітапханашы.