Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 10.02.2015 № 03-46ш/379 хатымен).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылға арналған, Степногорск қаласы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың, қосымша тізбесі белгіленсін:
1) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін елу жастан үлкен жастағы ер адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалғанда);
2) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін қырық бестен үлкен жастағы әйел адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалғанда);
3) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтіндер (үш айдан артық);
4) жиырма бір жастан бастап жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
5) орта және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
6) бұрын жұмыс істемегендер;
7) емдеу курсынан өткен туберкулезбен ауыратын науқастар;
8) мүгедектік есебінен шығарылғандар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Э.Р. Салықоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қаласының әкімі М.Тақамбаев