РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2)-тармақшасына сәйкес, Аршалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 08.10.2013 № А-337 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. 2013 жылға Аршалы ауданындағы халықтың мақсатты топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) ұзақ уақыт жұмыс істемеген тұлғалар (үш ай және одан артық);
2) 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
3) маусымдық және уақытша жұмыстардың мерзімінің аяқталуына байланысты босатылған тұлғалар;
4) техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарын бітіруші түлектер санатындағы жастар;
5) адам ағзасындағы қорғаныс қабілеті жетіспейтін және қорғаныс қабілетінің төмендеуі салдарының қоздырғышын жұқтырғандар;
6) әлеуметтік-психологиялық оңалту курсынан өткен есірткіге тәуелді тұлғалар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Е.А.Садырбаевқа жүктелсін.
3. Аршалы ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аршалы ауданының әкімі | Т.Мұханбеджанов |