Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 15.01.2015 № 02-09/53 хатымен).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес, нысаналы топтар құрамына кіретін және әлеуметтік қорғауда неғұрлым мұқтаж тұлғалардың жұмыспен қамтылуына көмек көрсету мақсатында, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесі белгіленсін:
1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жасты қоса алғанда;
2) көп уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық);
3) отбасында бірде бір жұмыс істейтін адамдары жоқ тұлғалар;
4) бұрын жұмыс істемеген тұлғалар;
5) елу жастан зейнеткерлік жасқа дейін жеткен тұлғалар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
6) техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының түлектері.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Ш.Е.Бекмағанбетоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Атбасар ауданының әкімі Ж.Нұркенов