Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 10.04.2014 № а-04/105 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан астам);
жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар қоса алғанда;
жұмыс істейтін адамы жоқ отбасылар;
кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған әйелдер;
маусымдық жұмыстардың аяқталуына байланысты еңбек шартының мерзімі аяқталған тұлғалар;
техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітірушілер.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.К.Есмурзинаға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұланды ауданының әкімі М.Балпан