Бұланды ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № А-04/166 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 13 мамырда № 3730 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № а-04/105 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 10.04.2014 № а-04/105 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12 тармағына сәйкес, "А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 265 қорытындысының негізінде, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бұланды ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Қ. Смағұловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бұланды ауданының әкімі                    М.Балпан

Бұланды ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 24 сәуірдегі
№ А-04/166 қаулысына  
қосымша         

Бұланды ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

№ р/р

Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Оңтайлы себу мерзімдері

Субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдері

1.

Орташа кеш пісетін жаздық бидай

15 мамырдан 23 мамырға дейін

24 мамырға дейін

2.

Орташа пісетін жаздық бидай

18 мамырдан 26 мамырға дейін

27 мамырға дейін

3.

Орташа ерте пісетін жаздық бидай

22 мамырдан 30 мамырға дейін

31 мамырға дейін

4.

Арпа

27 мамырдан 5 маусымға дейін

6 маусымға дейін

5.

Сұлы

25 мамырдан 30 мамырға дейін

31 мамырға дейін

6.

Қарақұмық

25 мамырдан 5 маусымға дейін

6 маусымға дейін

7.

Бұршақ

15 мамырдан 28 мамырға дейін

29 мамырға дейін

8.

Нут

15 мамырдан 17 мамырға дейін

18 мамырға дейін

9.

Жасымық

18 мамырдан 28 мамырға дейін

29 мамырға дейін

10.

Тұқымға арналған күнбағыс

15 мамырдан 20 мамырға дейін

21 мамырға дейін

11.

Рапс

15 мамырдан 23 мамырға дейін

24 мамырға дейін

12.

Зығыр

18 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

13.

Картоп

15 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

14.

Бақша және көкөніс дақылдары

10 мамырдан 15 маусымға дейін

16 маусымға дейін

15.

Біржылдық шөптер

17 мамырдан 29 мамырға дейін

30 мамырға дейін

16.

Көпжылдық дәнді және ірі бұршақты дақылдардың көктемгі егісі

10 мамырдан 17 мамырға дейін

18 мамырға дейін

17.

Судан шөбі

17 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

18.

Сүрлемге арналған күнбағыс

15 мамырдан 20 мамырға дейін

21 мамырға дейін

19.

Сүрлемге арналған жүгері

17 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады