Егіндікөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 5С19-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 қазанда № 3839 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 5С32-10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 26.12.2014 № 5С32-10 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына сәйкес, Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Егіндікөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       И.Шарафутдинов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Р.Муллаянов

      КЕЛІСІЛДІ

      Егіндікөл ауданының әкімі                  А.Тайжанов

Егіндікөл аудандық мәслихаттың
2013 жылғы 20 қыркүйектегі 
№ 5С19-3 шешімімен      
бекітілді          

Егіндікөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары

      Осы Егіндікөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін ұсыну ережесіне, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2011 жылғы 5 қазандағы № 353-ө бұйрығымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарға жатқызу критерийлерін айқындау қағидаларына сәйкес әзірленді және Егіндікөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) ұсынылатын тұрғын үй көмегінің мөлшері мен тағайындау тәртібін белгілейді.
      Ескерту. Қағиданың кіріспесі жаңа редакцияда - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 29.09.2014 № 5С 30-4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен Егіндікөл ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) төлеуге:
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 29.04.2014 № 5С26-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға тұрғын үйді күтіп-ұстауға коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 10 % мөлшерінде белгіленеді.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 29.04.2014 № 5С26-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган болып «Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі анықталды (бұдан әрі – уәкілетті орган).
      4. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына, тұрғын үй-жайларды қолданғаны үшін жалға алу ақысының тарифтері және тұрғын үй көмегін есептеу үшін олардың өзгерістерін уәкілетті органның сұранымы бойынша қызмет көрсетуші ұсынады.
      5. Коммуналдық қызмет тұтынуға есеп жүргізу құралдары бар тұтынушылар үшін есептеуге алынатын шығындар, есеп жүргізу құралдары көрсеткіштерінің негізінде, қызмет толық көрсетілген өткен тоқсанның нақты шығындары бойынша, бірақ коммуналдық қызметті тұтыну тарифтері мен нормативтерінің белгіленген тарифтерінен аспай анықталады.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      6. Қатты отынмен жергілікті жылытылатын үй құрылыстарында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегінің мөлшерін есептеу үшін, қатты отын сатып алғанын растайтын құжаттар болмаған кезде, жылу беру маусымына тұрғын ғимараттың 1 шаршы метр аумағын жылыту үшін қатты отынның келесі нормативтері белгіленеді (жылу беру маусымына 5 (бес) тоннадан артық емес):
      пайдалануға берілу мерзімі 1985 жылға дейінгі бір қабатты құрылысқа 161 (бір жүз алпыс бір) килограмм көлемінде;
      пайдалануға берілу мерзімі 1985 жылдан кейінгі бір қабатты құрылыстың тұрғын ғимараты үшін 125 (бір жүз жиырма бес) килограмм көлемінде.
      Қатты отынның құны Қазақстан Республикасы статистика органдары ұсынған статистикалық деректерге сәйкес, өткен тоқсанда қалыптасқан орташа бағамен қабылдансын.
      7. Өтемақылық нормалар белгіленеді:
      1) газды тұтыну – отбасының әрбір мүшесіне айына 4 (төрт) текше метр;
      2) электр қуатын тұтыну – әрбір адамға айына 50 (елу) киловатт;
      3) тұрғын үй-жайдың пайдалы аумағын жылыту ақысына:
      отбасының әр мүшесіне – 18 (он сегіз) шаршы метр;
      жалғызілікті тұратындар үшін – 30 (отыз) шаршы метр;
      4) суды тұтыну – әрбір адамға 1,5 (бір жарым) текше метр.
      8. Аумақтың бекітілген нормасынан артық тұрғын үй-жайды ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну ақысын төлеу жалпы негіздерде жүргізіледі.
      9. Тұрғын үй көмегін тағайындау берілген өтініштің күніне қарамай, ағымдағы тоқсанда жүргізіледі.
      10. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына, тұрғын үй-жайларды қолданғаны үшін жалға алу ақысының тарифтері өзгерген кезде, отбасының табыстары өзгерген кезде, уәкілетті орган бұрын есептелген тұрғын үй көмегіне қайта есептеу жүргізеді.
      11. Коммуналдық қызмет тұтынуға тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш білдіреді және келесі құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;
      4) отбасының (азаматтың) табысын растайтын құжаттар;
      5) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 29.04.2014 № 5С26-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      12. Тұрғын үйді күтіп-ұстау шығындарының өтемақысына құқықтары бар отбасылар (азаматтар), жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасылар (азаматтар) осы Қағидалардың 11 тармақтарында қарастырылған құжаттардан басқа:
      тұрғын үй-жайды (ғимаратты) күтіп-ұстауға ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін анықтайтын сметаға сәйкес тұрғын үй-жайды (ғимаратты) күтіп-ұстау шотының көшірмесін ұсынады.
      13. Коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтері ақысы шығындарының өтемақысына құқықтары бар отбасылар (азаматтар) осы Қағидалардың 11 тармақтарында қарастырылған құжаттардан басқа:
      телекоммуникация қызметі үшін түбіртек-шоттың көшірмесі немесе байланыс қызметін көрсету шартының көшірмесін ұсынады.
      14. Жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу шығындарына өтемақы алуға құқығы бар отбасылар (азаматтар) осы Қағидалардың 11 тармақтарында қарастырылған құжаттардан басқа:
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган ұсынған жалға алу ақысының мөлшері туралы шоттың көшірмесін ұсынады.
      15. алынып тасталды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 29.04.2014 № 5С26-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      16. Ұсынылған ақпараттың растығына күдік туылған жағдайда уәкілетті орган құзырлы органдарға күдік туғызған деректі растайтын немесе теріске шығаратын ақпарат алу үшін сауал жолдайды немесе құжаттарды өтініш беруші мен отбасының материалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссияға жолдайды.
      17. Уәкілетті органға жалған мәліметтер ұсыну салдарынан жоғарылатылған немесе заңсыз тұрғын үй көмегі тағайындалған жағдайда, тұрғын үйдің меншік иесі (жалдаушылар) заңсыз алынған соманы ерікті түрде, бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарады.
      18. Уәкілетті орган тиісті шешім қабылдағаннан кейін, өтініш берушіге қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлайды.
      19. Уәкілетті орган келесі жағдайларда тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады:
      1) отбасының (азаматтың) шығындары айына тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысы отбасы бюджетіндегі тұтыну нормаларының шектеуінде осы мақсатқа арналған отбасы табысының жиынтық үлесінен бекітілген он пайыздан аспағанда;
      2) өтініш берушілер анық емес мәліметтер ұсынғанда.

3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасылардың (азаматтардың) жиынтық табысын есептеу

      20. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) табысын уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасының негізінде және талаптарына сәйкес есептейді.
      21. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер немесе сәйкес келетін банктік операциялар жасауға лицензиялары бар ұйымдары арқылы алушылардың жеке шотына тағайындалған тұрғын үй көмегінің сомасын аудару жолымен жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады